Big Data KZ – Telegram
Big Data KZ
128 subscribers
56 photos
11 videos
37 links
Кері байланыс: @BDPMsupport
Парақшамыз: https://bigdataplatform.kz/
Download Telegram
TSARKA компаниясының эксперті Google DevFest Astana 2024 конференциясында!

Google DevFest 2024 конференциясында TSARKA компаниясының ақпараттық қауіпсіздік маманы Әбдіғазизов Диас "LLM чат-боттардың қауіпсіздігі" тақырыбында маңызды баяндама жасады. Жасанды интеллект өмірімізді жеңілдетсе де, қауіпсіздік мәселелері алаңдатады. Prompt Injection сияқты шабуылдар чат-боттарды күтпеген әрекеттерге мәжбүрлеуі мүмкін. Мысалы, танымал дилерлік орталықтың бірінде LLM жасанды чат-боты көлікті $1-ға сатуға «келісті».

Сондай-ақ, жеке деректердің қолды болуы, модельдерді ұрлау, DoS / DoW шабуылдары және шығыс деректерді дұрыс өңдемеу секілді мәселелер жиі кездеседі. Бұл шабуылдар бизнеске үлкен шығын келтіруі мүмкін.

LLM чат-боттар өмірімізді жеңілдетіп, жаңа мүмкіндіктер ашады. Бірақ олардың қауіпсіздігіне аса мән беру қажет. Технологияны дұрыс қолдану ол үлкен жауапкершілік. Қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, AI-ды пайдаға асырып, бизнесіңізде қауіпсіз қолданыңыз! 🚀

#TSARKA #DevFest #AstanaHub
1
Құрметті достар!

5 желтоқсанда Google DevFest Astana 2024 аясында Big Data KZ екінші қазақтілді кездесу өтті, онда ең үздік қазақтілді спикерлер сөз сөйлеу дағдыларын көрсетіп, Big Data және AI өзекті тақырыптары бойынша өз ойларын бөлісті.

Кездесуге «LLM чат-боттардың қауіпсіздігі» баяндамасын ұсынған спикер Диас Әбдіғазизовтің жарқын өнерімен және теңдессіз шеберлігімен қатысушылардың ерекше көзіне түсті.

Сондай-ақ, митап қатысушылары «Spark Structured Streaming пен Kafka-ны пайдаланып нақты уақыттағы деректерді өңдеу» тақырыбымен баяндама жасаған Айғаным Жандәулеттің жоғары біліктілігі мен шешендік шеберлігін атап өтті.

Мұхаммед-Қанапия Жақсылықтың (баяндама тақырыбы «Веб-жобаларды құрудағы ЖИ жаңа стандарт ретінде») және Алпамыс Мақажанның (баяндама тақырыбы - «Жасанды интеллект және машиналық оқыту: олар әлемді жақсы жаққа қалай өзгертеді және олардың дамуындағы үлкен деректердің рөлі») баяндамалары мен жоғары кәсібилігі де жоғары бағаланды.

Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Big Data және AI бойынша қазақ тіліндегі үздік баяндамасы үшін жүлде қоры 50 000 теңгені құрайтын сертификатпен «Spark Structured Streaming пен Kafka-ны пайдаланып нақты уақыттағы деректерді өңдеу» атты баяндама жасаған Айғаным Жандәулет марапатталды.

Осы тамаша шараның барлық қатысушыларына рахмет!

Бас демеушіміз және бірлескен ұйымдастырушымыз Astana Hub компаниясына ерекше алғысымды білдіргім келеді!

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Цифрландыру, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мунға шараны ұйымдастыруға қосқан баға жетпес қолдауы және қосқан үлесі үшін алғысымды білдіргім келеді!

Біздің серіктестеріміз – Google, Big Data KZ, TSARKA, DAMA Kazakhstan, AUES компанияларына ерекше алғыс айтамыз!

Бұл кездесу Big Data және AI бойынша қазақтілді қоғамдастықтың дамуындағы тағы бір белес болады деп сенеміз!

Келесі іс-шараларда кездескенше!

P.S. Записи докладов доступны по ссылке https://www.youtube.com/watch?v=1FVZc6SQZ3Y&t=214s
3🔥2👏1
💡DAMA Kazakhstan, Big Data KZ және BTS серіктестік митабына спикерлерді шақырамыз!

2025 жылғы 25 шілдеде BTS кеңсесінде (ERG құрамындағы IT-компания) өтетін DAMA Kazakhstan және Big Data KZ ұйымдастыратын қазақтілді митапқа спикерлер ізделуде. Іс-шара Data Management және Data Governance тақырыптарына арналады. Біз сарапшыларды өз білімдерімен және тәжірибелерімен бөлісуге шақырамыз!

📅 Күні: 2025 ж. 25 шілде, сағат 10:00–14:00
📍 Өтетін орны: Астана қ., Сарайшық көшесі, 11

🔸 Маңызды талаптар:
-⁠ ⁠Баяндама қазақ тілінде болуы қажет
-⁠ ⁠Біз жобалардан алынған тәжірибелік кейстерді, қиындықтар, шешімдер мен құндылықтарды күтеміз
-⁠ ⁠Тәжірибе, инсайттар, шынайы өмірлік оқиғалар құпталады

🔸 Жүлде қоры:

Ең үздік қазақтілді спикер DAMA-DMBOK2 кітабы мен 100 000 теңге көлеміндегі сертификатты иеленеді!

🖥️ Спикерлерді тіркеу:

Өтінішті мына сілтеме арқылы беруге болады:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSc1Lh67hX_LE8cd9xeIFm-gfIElAbpXUlGEbTZ-BDfdI6Iq7w/viewform?usp=header

Біліміңізбен бөлісіп, тарихи шараның бөлігі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
1