DATA HUB Қазақша – Telegram
DATA HUB Қазақша
202 subscribers
711 photos
1 video
396 links
DATA HUB Powered by FCBK

Қаржылық, қаржыға жақын және әлеуметтік тақырыптар бойынша ең өзекті деректері бар аналитикалық арна.
Осында барлық нарықтық талдаулар бар.

Иесі – Бірінші кредиттік бюро.

Байланысу үшін - @DataHubFCBK_bot
Download Telegram
Channel created
Channel photo updated
Channel name was changed to «DATA HUB Қазақша»
Сауда базарларының саны рекордтық деңгейде төмендеді

2024 жылы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 644 сауда базары болды. Бір жылдың ішінде олардың саны 11%-ға немесе 78-ге азайды. Қазіргі деңгей - 16 жыл ішіндегі ең төменгісі.

Жалпы, жылдан-жылға базарлар санының азаюы жаңа құбылыс емес. Бұл тренд 2011 ж. бастау алады. Мұны ірі сауда орталықтарының қызметтеріне сұраныстың артуымен түсіндіруге болады.

Осы тұрғыда, назар аударатын жайт, ағымдағы азаю кем дегенде 2008 ж. бері ең елеулі көрсеткіш болып тұр. Және бұл салыстырмалы түрде де, абсолютті түрде де.

Себебі неде?

2023 жылы жазда Сауда базарларының қызметін ұйымдастырудың жаңа ережелері бекітілді. Мұндай объектілердің иелерінен іс жүзінде теңгерімдегі мүлікті жаңарту талап етілді. Бұл ретте талаптарды орындамау сауда базарының ликвидацияға ұшырау қаупін төндірді. Астана, Алматы және Шымкентте базарларды жаңарту 2023 жылдың соңында, ал басқа қалаларда 2025 ж. соңында аяқтау жоспарланған болатын.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHUB_KZ
👍1
Алтын бағасы Украинадағы әскери қақтығыс басталғалы бері ең жоғары деңгейге көтерілді

3 сәуірде бір грамм алтынның құны 32 583,3 теңге деңгейінде болды. Бұл өткен күнмен салыстырғанда 2,8%-ға немесе 896,9 теңгеге көп. Қазіргі бағасы - 2022 жылдың наурыз айының ортасынан бастап, яғни Украинадағы әскери қақтығыс басталғаннан бері ең жоғары көрсеткіш.

Алтын бағасы наурыздың басынан бері тоқтаусыз өсіп жатыр. Жалпы, өткен айдың қорытындысы бойынша бағалы металдың бір граммы 7,6%-ға (2,3 мың теңге) қымбаттады.

Айта кету керек, кеше Нью-Йорктегі Comex-те алтынның спот бағасының да, бағалы металл фьючерстерінің биржалық құнының да рекордтары жаңартылды.

Алтын инвесторлардың инфляцияның өсуі мен геосаяси шиеленіске қатысты қауіптерінің аясында қымбаттауда. Бағалы металл әдетте қорғаныс құралы ретінде қолданылады.

ҚР Ұлттық банкі деректері.

@DataHUB_KZ
👍2
Қазақстанда бір аптаның ішінде қант қатты қымбаттады

26 наурыз бен 2 сәуір аралығында қант бағасы 1,4%-ға өсті. Соңғы рет мұндай жоғары қарқын 2022 ж. тамыз айының басында болған.

Жалпы, 2022 ж. тапшылық жылы болғанын ешкім ұмыта қоймаған шығар. Көктемде Ресей қант экспортына 6 айға тыйым салды. Ал ресейлік импортқа тәуелділік жоғары Қазақстанда баға шарықтап кетті.

❗️Соңғы уақытта Қазақстанға ресейлік қантты экспорттауға тыйым салынбады. Сол себепті қазіргі таңдағы бағаның өсуін жергілікті өндірістің төмендеуімен байланыстыруға болады.

Жалпы, қант 7 апта қатарынан қымбаттап келеді (орташа қарқыны - 0,7%). Ал бұған дейін 70 аптаға жуық уақыт ішінде арзандаған болатын.

Айтпақшы, қант бағасының өсу мүмкіндігі туралы өткен жылы хабарланды. 2022 ж. өндірушілер шикізатты сатып алуға мемлекеттен жеңілдікті несие алды және оларға бағаны бір деңгейде ұстап тұру міндеті қойылды. Алайда шикізат бағасының өсуіне байланысты кейіннен келісімді сақтау қиынға соқты.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHUB_KZ
Көші-қон жағдайы жақсарып келеді

☝️Ақпанның қорытындысы бойынша Қазақстанға тұрақты тұруға келгендер мен кеткендердің арасындағы айырмашылық 1,9 мың адамды құрады. Бұл - кем дегенде 2018 жылдың басынан бері жоғары көрсеткіш.

Бұған дейін Қазақстан ұзақ уақыт бойы адамдардан айырылды, көші-қон сальдосы теріс болды. 2022 ж. қазанынан бастап жағдай өзгере бастады. Ал 2023 ж. қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 12 жылда алғаш рет оң бағытқа өзгерді.

❗️Алайда жағдай бүкіл Қазақстанда емес, тек жекелеген өңірлерде ғана жақсы жүріп жатыр. Әрине, олардың ішінде Алматы (5,2 мың адам*) мен Астана (4,1 мың адам) бар. Тізімді Шымкент және тағы 3 облыс – Алматы, Маңғыстау және Атырау (барлығы 1,7 мың) толықтырады.

Басқа аймақтардың барлығында халықтың тек қана кетуі байқалады. Ең көбі - Түркістан облысы (-2 мың) мен СҚО-да (-1,5 мың). Біріншісі - халқы ең көп, ал екіншісі - қартаю индексі ең жоғары аймақтардың бірі.

*бұл жерде және әрі қарай ішкі және сыртқы деректер ағыны көрсетілген

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHub_KZ
👍5👏1
Қазақстандықтар бір тоқсанның ішінде БЖЗҚ-дан 95 млрд теңгеден астам ақша алды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының статистикасы бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында жалпы сомасы 95,1 млрд теңгеге 82,2 мың өтініш орындалған.

Алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда өтініш саны 15%-ға өскен, бірақ көлемі аса қатты өзгере қоймаған. Жылдық деңгейде елеулі өсім байқалады, бұған заңнамадағы өзгерістер септігін тигізіп отыр. 1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодекстің күшіне енуі қазақстандықтарға, атап айтқанда, жинақтарды жеке басқарушыға беру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Айтпақшы, 2024 жылдың І тоқсанында сыртқы басқарушыға бір тоқсан бұрынғыға қарағанда 25%-ға көп қаражат, 18,8 млрд теңге жұмсалды. Емделуге 25,9 млрд теңге (өткен тоқсанмен салыстырғанда -6%), тұрғын үй жағдайын жақсартуға 50,4 млрд теңге (өткен тоқсанмен салыстырғанда -4%) алынған. Соның ішінде соңғы аталғаны әдеттегідей негізгі болып қала береді. I тоқсанда сол мақсатта зейнетақы жинағын алғандардың көлемі 53%-ды құрады.

@DataHUB_KZ
👍31🔥1🤔1
Қазақстанда балық аулау бес жыл ішінде ең төменгі деңгейге дейін төмендеді

2023 жылы 42,6 мың тонна балық ауланды. ҚР СЖРА ҰСБ статистикасы бойынша 2018 жылдан бері ең төменгі мән болып отыр.

2022 жылмен салыстырғанда 15,7%-ға төмендеген. 2018 жылдан бері бірінші рет төмендесе де, салыстырмалы түрде, кем дегенде онжылдықтағы ең күрт өзгеріс болды.

Теңіз балықтарын аулау жылдан-жылға айтарлықтай - бірден 30%-ға, 17,8 мыңнан 12,4 мыңға қысқарған. Аулау көлемі Каспийде (-24%) және құрғап бара жатқан Аралда (-38%) едәуір азайған. Алайда Аралға бұрынғыдай барлық ауланған балықтың едәуір бөлігі тиесілі - 2023 жылдың жалпы көлемінің 11%-ы.

Балық аулау азайып бара жатқанымен, өсіру артып келеді. Кем дегенде 2011 жылдан бері есептегенде рекорд: бір жылда 17,1 тонна тауарлық балық өсірілген. 2022 жылғы өте жоғары көрсеткіш 81%-дан кейінгі жыл сайынғы өсім 29%-ды құрады. Соңғы онжылдықта, 2020 және 2014 жылдарды қоспағанда, көрсеткіш үздіксіз өсіп отырды. 2013 жылдың деңгейінен 21 есеге өскен.

@DataHUB_KZ
👍41🥰1🐳1
Қазақстанда бес жылда алғаш рет дәретхана қағазы арзандады

🧻Наурыздың қорытындысы бойынша тауардың құны ақпанмен салыстырғанда 0,1%-ға төмендеген, ҚР СЖРА ҰСБ статистикасы бойынша 2019 жылдан бері алғаш рет ай сайын төмендеу байқалады.

Дәретхана қағазының арзандауы - өте сирек кездесетін жайт. Қазіргі жағдай 2011 жылдан бергі қолжетімді статистика бойынша төртінші рет болып жатыр. Аталған 2019 жылдың наурызынан басқа бағасы екі рет қана төмендеген - 2018 жылдың сәуір және мамыр айларында.

Біздің нарықтағы дәретхана қағазының көп бөлігі Қазақстанда жасалады. Бірақ әлі толық қамтамасыз ете алмайды. 2023 жылдың толық деректері бойынша өзіміздің өнімнің көлемі барлық қолда бар ресурстардың 63%-ын құрады.

Абсолютті түрде біз өткен жылы 28,4 мың тонна дәретхана қағазын шығардық. 2022 жылмен салыстырғанда өсім өте қарапайым - 3,3% құрады, бірақ биыл өндірушілердің белсенділігі артып келе жатқан сияқты. Қаңтар-ақпан айларында көлем 5,1 мың тоннаға жетіп, жыл сайынғы көрсеткішке 11% қосылды.

@DataHUB_KZ
3👍1😁1
Кезекті жер сілкінісінен кейін Алматыда тұрғын үй арзандай ма, жоқ па деп болжап отырғанда, баға Астанада түсе бастады - ұзақ уақыт бойы болмаған сегментте.

Наурызда елордада бірінші нарықтағы үйлер арзандады, ақпан айына қарай 1,1%-ға. Жаңа үйлердің бұлай арзандауы алғаш рет 2017 жылдың жазынан бері байқалып келеді. Ал екінші нарықтағы үйлер (бір айда +1,2%) мен жалдау құнының бағасы (+0,5%) көтерілді.     

Ал Алматыда жағдай қалай? Жаңа үйлер 0,2%-ға қымбаттады, қолданыстағы тұрғын үйлер мен жалдау тағы да арзандауда (-0,9% және тиісінше -1,7%). Екінші нарықтағы үйдің арзандауы қатарынан үшінші рет болып тұр, жылдық деңгейде баға наурызда 6,7%-ға төмендеді.

Жалпы ҚР бойынша динамикаға тоқталайық:

🔸Жаңа тұрғын үйлердің бағасы ақпан айына қарай 0,4%-ға төмендеді, әсіресе Атырауда (-4,8%) көбірек
🔸Екінші нарықта баға 0,2%-ға өсті, күрт өсім Жезқазғанда (+4,8%) болды
🔸Жалдау құны 0,6%-ға арзандаған, зерттелген қалалардың ішінде бағаның елеулі түрдегі құлдырауы Алматыда болды

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHUB_KZ
🔥3👍1