DATA HUB Қазақша – Telegram
DATA HUB Қазақша
203 subscribers
714 photos
1 video
398 links
DATA HUB Powered by FCBK

Қаржылық, қаржыға жақын және әлеуметтік тақырыптар бойынша ең өзекті деректері бар аналитикалық арна.
Осында барлық нарықтық талдаулар бар.

Иесі – Бірінші кредиттік бюро.

Байланысу үшін - @DataHubFCBK_bot
Download Telegram
Қазақстанда еуроға деген таза сұраныс күрт жанданды. Бәрі Алматының әсері

Сәуірдің қорытындысы бойынша еуро айырбастайтын пункттердің нетто-сатылымы (сатылымнан сатып алуды алғанда) 33,4 млрд тг жеткен, бұл - 2023 жылғы ақпаннан бері ең жоғары көрсеткіш. Ұлттың банктің деректері бойынша наурызбен салыстырғанда көрсеткіш 76%–ға, жылдан жылға үш есе өскен.

Жиынтық сұраныстың жартысы Алматыдан туып тұр, мұнда нетто-сатылымдар наурыздан 2,2 есе және 2023 жылғы сәуірден 4 есе жоғары болды. Номиналды түрде қазіргі мәні кем дегенде 2020 жылдан бері ең жоғары болып табылады. Десе де, салыстырмалы бағалардағы инфляция бойынша қайта есептесе, одан да жоғары болған.

Долларға келетін болсақ, мұнда таза сұраныс 145,5 млрд тг жетті, бұл - қыркүйектен бері ең аз көрсеткіш. Наурызға қарай көлемі 8%-ға төмендеді, бірақ 2023 жылдың сәуірімен салыстырғанда екі есе өскен: бір жыл бұрын Алматыда сұраныс әдеттен тыс аз болғандықтан, жалпы көрсеткіш айтарлықтай төмен болды.

Ал рубльден халық бір ай бұрынғыға қарағанда белсендірек құтылуда: сәуірдегі нетто-сатылым нәтижесі теріс болды, -6,9 млрд тг. Наурызда -1,7 млрд тг болған.

@DataHub_KZ
👍3
👍2🥰1
Жұмыс орнында қаза тапқан қазақстандықтардың саны артуда

2023 жылы қызметтік міндеттерін орындау кезінде 246 адам қаза тапқан. Бұл 2022 жылға қарағанда 20%-ға (41 адам) көп, сондай-ақ 9 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. ҚР СЖРА ҰСБ деректері бойынша екінші жыл қатарынан өсім байқалуда.

Жалпы динамиканың артуына тау-кен өндірісі көбірек септігін тигізіп отыр. Бір жылда бұл саладағы өлім саны үш есеге өскен – 27-ден 76-ға дейін. Нәтижесінде 2008 жылдан бері есептегенде ең жоғары деңгейге жетті. Мұндай күрт өсу Қарағанды облысының көмір шахталарында болған өрт және жарылыстармен байланысты екені анық. Екі апатты да кездейсоқ деп айту қиын. Ресми статистикаға сенсек, тау-кен өндірісіндегі негізгі құралдардың үштен екісі тозған.

Сізді таңғалдыруы мүмкін, тау-кен өндірісімен қатар қаза тапқандар санының күрт өсуі мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру саласында байқалады - 4-тен 19 адамға дейін. Мұны, бір жағынан, былайша түсіндіруге болады: жұмыс орнындағы жазатайым оқиғаға қызметтік көлікпен жұмысқа бара жатқанда немесе қайтқанда болатын жол-көлік оқиғасы да жатқызылады.

@DataHUB_KZ
1👍1🥰1
👍1🥰1
Рубль бағамы ақпанның басынан бері алғаш рет 5 теңгеге жетті

Бүгінші таңда Ұлттық банк белгілеген Ресей валютасының ресми бағамы 5 тг тең. Бұл психологиялық межеге рубль шамамен төрт ай бойы жете алмады, яғни 7 ақпаннан бері, ол кезде 5,01 тг болған.

Ұлттық банк Ресей валютасының құнын жанама түрде, кросс-бағамдар арқылы белгілейді, ол қазір биржада қаңтардың аяғынан бері барынша долларға қарай нығаюда.

Ал басқа валюталардың жайы қалай?

🔸Бүгінгі таңда доллардың ресми бағамы - 442,84 тг, бұл дүйсенбіде белгіленген мәннен 0,32 тг-ға аз.

🔸Еуро бағамы – 480,97 тг, бұл кешегі деңгейден 0,58 тг жоғары

@DataHUB_KZ
1👍1🥰1
Заңды тұлғалардың депозиттері мен кредиттері бойынша мөлшерлеме өсті, ал жеке тұлғалардікі – әр түрлі бағытта жылжуда

ҚР Ұлттық банкінің ЕДБ туралы деректері бойынша, сәуірде теңгемен берілген заңды тұлғалардың кредиттері бойынша орташа алынған мөлшерлеме наурызбен салыстырғанда 0,1 п.т. өсті және 17,9%-ға жетті. Депозиттер бойынша компаниялардың мөлшерлемесі де аздап өскен – плюс 0,1 п.т., 13,7%-ға дейін.

Сәуірде жеке тұлғалардың депозиттері бойынша көрсеткіштер де осы шамада болды, яғни 13,7%-ды құрады. Алайда ол өз кезегінде наурызбен салыстырғанда 0,1 п.т. жоғалтты. Мерзімі бойынша бөліп қарастырсақ, халық үшін 1 айдан 3 айға дейінгі қысқа депозиттер ең тиімді болды. Мұнда орташа алынған мөлшерлеме 15%-ға дейін жетті.

Жеке тұлғалар мен ЖК кредиттері бойынша орташа алынған мөлшерлеме сәуірде 20,8%-ды құрады, наурызға қарағанда 0,8 п.т. қосылды. Салыстырмалы түрде, орта есеппен, 19%-дық 3 айдан бастап 1 жылған дейінгі қарыз сегменті тиімдірек болды.

@DataHUB_KZ
👍2
Қазақстан газ экспорттауды тоқтатып жатыр ма?

I тоқсанда шетелдік нарыққа 0,3 млрд текше метр тауарлық газ жеткізілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,1 есе немесе 1,7 млрд текше метрге аз. Қазіргі деңгейі - кедендік статистиканың деректері бойынша, кем дегенде 10 жылдағы, ең төменгі деңгей.

Экспорт тауарлық газ ресурстарының азаюынан құлдырауда. Қаңтар-наурыз айларында олар 20%-ға, 3,5 млрд текше метрге (жылдан жылға) дейін төмендеді. Себебі импорт күрт қысқарды - 65%-ға, 0,6 млрд текше метрге дейін. Ал өндіріс, керісінше, 13%-ға, 2,9 млрд текше метрге дейін өсті.

Экспорттық жеткізілімдердің сиреуінің нәтижесінде тауарлық газдың барлығы дерлік жергілікті нарыққа кетті - 92% (3,2 млрд текше метр). Өткен тоғыз жылда I тоқсанда мұндай жағдай ешқашан болған емес. Жақсы дегенде, Қазақстанда барлық ресурстардың жартысы қалатын, ал жағдай қиын дегені ештеңе қалмағаны болып саналатын.

Негізінде, күтілген нәтиже де осы еді. Үкіметтің мақсаты - 2030 жылға қарай қазақстандықтардың 65%-ын газбен қамтамасыз ету. Алайда бұл нәтижеге экспорттан бас тарту арқылы қол жеткізбек пе?🤔

@DataHUB_KZ
1🥰1
💼Бүгін біз маңызды тақырыпты талқылаймыз – республикалық бюджеттің (РБ) орындалуы. Оның маңызды болу себебі мынада: біздің жалпы жағдайымыз бұл процестің тиімділігімен байланысты. Себебі республикалық бюджет қоғамдық игіліктер барлығына тең дәрежеде қол жетімді болуы үшін жасалған.

Сонымен жаңалықтардан үлкен үміт күтудің қажеті жоқ. Сандарға қарасақ, РБ-ның орындалуы мәз емес. Қысқасы, өзіңіз бағалап көріңіз👇

Қаңтар-сәуір айларында іс жүзінде кірістер 5,59 трлн тг құрады, ал негізі 7,16 трлн тг болу керек еді. Айтарлықтай айырмашылық бар - 21,8% (1,56 трлн тг). Бір жыл бұрын әлдеқайда аз болған - 4,6%. Ал нақты көрсеткіш сол кезде жоғары межесінде болды - 5,6 трлн тг.

Барлық кірістердің негізін құрайтын салық түсімдері үмітті ақтамай тұр. Күтілген 4,2 трлн теңгенің орнына РБ-ға 3,2 трлн тг түсті (22,9%-ға немесе 0,96 трлн тг орындалмаған).

РБ-ға, негізінен, өтеусіз көмегін тигізетін Ұлттық қордан (ҰФ) аударылатын трансферттер бойынша жоспар да толық орындалмаған. Нақты көрсеткіш жоспарланған көрсеткіштен 28%-ға аз - тиісінше 1,95 трлн тг және 2,7 трлн тг. Мұндай үлкен айырмашылық қайдан шығып тұр деген сұрақ туындайды.

ҰФ-дан аударылатын трансферттер кепілдендірілген және нысаналы болып бөлінеді. Біріншісі мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы, зейнетақы, жәрдемақы сияқты РБ-ның ағымдағы шығындарын жабуға арналған. Екіншісі белгілі бір мақсат бойынша бөлінеді, көбінесе, инфрақұрылымдық жобаларға - жолдардың, мектептердің, емханалардың құрылысына. Мәні мынада: ҰФ-дан кепілдендірілген трансферттердің атқарылуы жеңіл өтуде - 1,54 трлн тг (жоспардан айырмашылығы – 3,1%), ал нысаналы трансферттердің атқарылуы баяулап тұр - 0,4 трлн тг (жоспардан айырмашылығы - 63,3%).

Нәтижесінде, қызықты жайтқа куә боламыз. 2,7 трлн тг, яғни төрт айға жоспарланған ҰФ-дан трансферттер түсімі жылдық жоспардың (3,6 трлн тг) 75%-ын құрайды. Сонда РБ қаңтар-ақпан айларының өзінде бір жылға жоспарланған ҰФ-дан аударылатын трансферттердің жартысынан көбісін алған, десе де, одан көп алуға мүмкіндігі бар еді. Нысаналы трансферттер ойдан шықпады. Мұнда да риторикалық сұрақ туындайды. Инфрақұрылымдық жобалар ойдағдай іске асырылып жатыр ма екен?🤔

Жалпы, РБ кірістерінің ҰФ трансферттеріне тәуелділігі бір жылда айтарлықтай өсті. Егер 2023 жылғы қаңтар-сәуірде ҰФ-дан аударылатын трансферттер оның барлық түсімдерінің төрттен бірін құраса, 2024 жылғы қаңтар-сәуірде 35%-ын құрады.

Сонымен қатар республикалық бюджеттің нақты шығыны 6,88 трлн тг тең. Жоспарланған 7,24 трлн теңгеден айырмашылығы көп емес. Барлық жұмсалған қаражаттың 40%-дан астамы үш салаға жұмсалған - денсаулық сақтау (0,72 трлн тг), білім беру (0,31 трлн тг) және әлеуметтік қамсыздандыру (1,79 трлн тг). Әлеуметтік қамсыздандыруға, ең алдымен, зейнетақы мен жәрдемақы төлеу (1,78 трлн тг) кіретінін түсіну керек.

📍Республикалық бюджет тапшылығына, яғни оның кірісі мен шығыны арасындағы теріс айырмашылыққа келетін болсақ, ол 1,4 трлн тг құрады. Бұл жоспарланғаннан әлдеқайда көп (0,2 трлн тг). Нәтижесінде, РБ тапшылығын қаржыландыруға қажет қарыздар түсімі бойынша жоспар 15,4%-ға көбірек орындалған. 2,16 трлн тг қарыз алу жоспарланған болатын, ал іс жүзінде 2,49 трлн тг алынды. Қарыздардың өтелуі 1,15 трлн тг құрады. Орындалуы - 100%.

ҚР Қаржы министрлігінің деректері

@DataHUB_KZ
1👍1🥰1
👍1🥰1
Қазақстандық авиакомпаниялар онжылдық рекордқа дейін ұшты

Өткен жылы біздің тасымалдаушылардың әуе кемелері 236,4 мың сағатты әуеде өткізген деп еліміздің көлік саласының жұмысы туралы соңғы егжей-тегжейлі статистикасында көрсетілген. Қазіргі деңгейі кем дегенде 2013 жылдан бері ең жоғарғысы болып тұр, өткен жылға қарағанда өсім 15%-ды құрады.

Бұл ретте барлық дерлік өзгеріс халықаралық тасымалдау есебінен болды деуге келеді. Мұнда көрсеткіш 100,1 мың сағаттан 129,4 мыңға дейін өскен, бұл - тағы да сол кезеңдегі ең жоғары көрсеткіш. Бірақ ішкі рейстерде іс жүзінде ешқандай өзгеріс болған жоқ (2022 жылы - 106,3 мың, өткен жылы - 106,5 мың). Десе де, бұл - ресми түрде он жылдық рекорд.

Айтпақшы, халықаралық жолаушылар рейстері авиакомпанияларға ішкі рейстерге қарағанда екі есе көп табыс әкелді. Нақтыланған мәліметтер бойынша 2023 жылы компаниялар клиенттерді тасымалдаудан 723,5 млрд тг табыс тапқан, оның 464,3 млрд шетелдік рейстерден түскен. Алайда саяхатшылар саны, керісінше, республика бойынша көбірек - 9,2 млн адам, ал халықаралық рейстерде - 4,1 млн. Шетелдік рейстер тасымалдаған бір жолаушыдан, орта есеппен, 112,7 мың тг, ішкі рейстерден 28,2 мың тг табыс түскен.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHUB_KZ
👍21🥰1
👍1🥰1
Қазақстандықтардың Түркияға ақша аударуы азайып барады

Сәуірде халықаралық ақша аударымдары жүйесі (ХААЖ) арқылы бұл елге 12,6 млрд тг жіберілген, өткен жылмен салыстырғанда 23%-ға аз. Наурызға қарай көлемі 15%-ға азайғаны ҚР Ұлттық банкінің деректерінен байқалады.

Сондай-ақ биыл 2023 жылғы деңгейге қарағанда түрік елінің көрсеткіштері әр ай сайын төмендеп отырды, сондықтан қаңтар-сәуір айларының жалпы нәтижесі 2023-ші кезеңмен салыстырғанда 20%-ға аз болды.

Бұл құлдырау ХААЖ арқылы шетелге аударылған ақшаның жалпы көлеміне айтарлықтай әсер етті. Сәуірде 65,9 млрд тг жетіп, жылдан жылға 14%-ға төмендеді. 4 айдың жиынтық сомасы 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9%-ға аз болды - 236,5 млрд тг.

Айтпақшы, жалпы көрсеткіштер тек Түркия ғана емес, сонымен қатар басқа да маңызды бағыттар бойынша жылдық деңгейде төмендеуде. 4 айда Өзбекстанға 47,7 млрд тг (жылдан жылға -8%), Грузияға 19,8 млрд тг (бірден 28%-ға төмендеді) жіберілді. Десе де, қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша Ресей Федерациясының көлемі айтарлықтай өскен: бір жыл бұрын 69,2 млрд болса, қазір - 79,5 млрд, +15%.

@DataHUB_KZ
1👍1🥰1
ҚР-дан Түркияға ақша аударымдары
👍1🥰1
Электрондық банк қызметтері өмірімізге қаншалықты тығыз енгені туралы ойланғаныңызға көп болды ма?

👉Ұлттық банктің деректеріне сәйкес, сәуірдің қорытындысы бойынша Қазақстанда төлем карталары арқылы 1,01 млрд қолма-қол ақшасыз операция жүргізілген. Сонда күн сайын әр адам, орта есеппен, 1,7 рет төлем жасаған*.

Қолма-қол ақшасыз операциялардың жалпы саны артып келеді. Мәселен, биылғы сәуірдің мәні өткен жылмен салыстырғанда 14%-ға жоғары. Сонымен қатар ол 2023 жылдың соңында тіркелген тарихи ең жоғары деңгеймен шамалас. Айтпақшы, бүкіл бақылау тарихына үңілсек, миллиардтық көрсеткішке төртінші рет қана қол жеткізіліп отыр.

💰Қолма-қол ақшасыз операциялардың жалпы санымен бірге олардың жалпы сомасының да өскені таңқаларлық жайт емес. Нақты алғанда, сәуірде жылдан жылға 15%-ға, 12,29 трлн тг дейін өскен. Бірақ қолма-қол ақшасыз операцияның орташа сомасы өзгеріссіз. Қазір көрсеткіш 12 мың тг құрайды. Осыдан 8 жыл бұрын 2017 жылдың сәуірінде дәл осындай болған еді. Бағаның өсуін ескере отырып, сол кездегі және қазіргі 12 мың тг мүлдем бірдей емес деп айтуға келе ме екен. Қысқасы, ойландыратын нәрсе көп.

Тағы да бір қызықты факт. Қазақстанда он жағдайдың сегізінде қолма-қол ақшасыз операциялар интернет және мобильді банкинг арқылы жүзеге асырылады (бұған QR-код арқылы төлем де кіреді). Ал оннан екеуінде POS терминалы арқылы жасалады.

* Берілген есептеулердің нәтижелері болжалды түрде көрсетілген. Өйткені еліміздің халқының саны туралы ең өзекті ресми деректер сәуір айының басында жасалған, ал қолма-қол ақшасыз операциялар статистикасының өзі тек жергілікті ғана емес, сонымен қатар шетелдік эмитенттердің төлем карталары бойынша жасалған операцияларды қамтиды.

@DataHUB_KZ
👍21🥰1
👍1🥰1
Бағдарламалау және IT-консалтинг қызметтерінің көлемі күрт өсті

I тоқсанында көрсеткіш* 293,3 млрд тг жетіп, жылдық өсім 72%-ды құрады.

Бұл орайда жалпы сегменттегі қызметтер үшін берілген әрбір екінші теңге шетелдік меншіктегі кәсіпорындарға кеткен (137,4 млрд). Қазақстандық жеке бизнес 135,1 млрд тиесілі болды, ал қалғаны мемлекеттік секторға кеткен.

Тапсырмалардың түрлерінің ішінде софт әзірлеуден көп ақша табылған, ол жиынтық көлемнің 48%-ын құрады. IT консультациялары шамамен 19 млрд тг, ал киберқауіпсіздік саласындағы қызмет 8,5 млрд тг қамтамасыз етті.

Жалпы қазіргі 293,3 млрд тг – I тоқсан үшін қол жетімді статистикадағы ең жоғары көрсеткіш. Бірақ кез келген кезеңдегі рекорд туралы айтып тұрған жоқпыз: 2023 жылдың IV тоқсанында көлемі 355 млрд-қа жақындаған. Екінші жағынан, қаңтар-наурызда, әдетте, нәтиже жыл бойынша аса көп болмайды. Сондықтан бағдарламашылар жыл соңына қарай қанша ақша табатынын көрейік.

* Экономиканың бақыланбайтын секторы есепке алынбаған

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHUB_KZ
👍2🥰1
❗️❗️❗️Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,50%-ға дейiн төмендеттi
🔥2🥰1