Қазақстандағы ең жоғары жалақы – сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру салаларында.
Ресми статистика деректеріне сәйкес, 2024 жылдың I тоқсанында мұнда жалақының орташа мөлшері айына 1 372 158 тг құрады! Бір жылда (2023 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда) көрсеткіш 562 мың тг өсті (бұл өсімнің 70%-ға жуығы). Ал қазір сақтандыру компанияларының қызметкерлері орташа статистикалық қазақстандықтан орта есеппен 3,6 есеге көп жалақы алады.
АЛ ҚАЛҒАНДАРЫНЫҢ ЖАЛАҚЫСЫ ҚАНДАЙ?
🔶 IT саласындағы орташа жалақы - 938,4 мың тг (бір жылда көрсеткіш 147,8 мың тг өсті)
🔶 Тау-кен өнеркәсібінде - 864 мың тг (+97,5 мың тг)
🔶 Қаржы секторында (сақтандыру мен зейнетақымен қамсыздандыруды қоспағанда) – 698,3 мың тг (+126,1 мың тг)
🔶 Жолаушыларды әуе жолымен тасымалдауда - 927,3 мың тг (-14,7 мың тг)
Сонымен қатар, консалтингтегі (1,1 млн тг), теңіз және жағалаудағы жүк көлігіндегі (1,03 млн тг) және жылжымайтын мүлік саудасы саласындағы жалақы жоғары болып келеді. Бірақ соңғысында келесі маңызды ақпаратты ескерген жөн:
🔶 Өз мүлкін сататындардың (шартты түрде тұрғын үй кешендерін салушылар) орташа жалақысы 973,9 мың тг құрайды. Бұл жерде бір жылдағы орташа жалақы 4,3 есеге өскен: қазір олар 2023 жылдың басындағыдан 750 мың тг көп алады.
🔶 Жылжымайтын мүлікті жалға беретіндердікі (шартты түрде сауда орталықтары) - 366,1 мың тг.
🔶 Сыйақы үшін қызмет атқаратындардікі (шартты түрде риэлторлар) - 184,6 мың тг.
ТАҒЫ ДА ҚАНДАЙ ҚЫЗЫҚТЫ АҚПАРАТТАР БАР?
🔶 Жарнама мен нарықты зерттеудегі жалақы айтарлықтай өскен - 326,7 мыңнан 767,8 мың тг дейін. Қазір мұнда айлық, мысалы, телекомға (599,7 мың тг) қарағанда жоғары
🔶 Білім саласынбағы орташа жалақы – 328,9 мың тг, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсетуде – 294,4 мың тг.
🔶 Әкімшілік жұмысты атқаратын кеңсе қызметкерлерінің еңбекақысының орташа мөлшері бір жылда 20%-дан астамға төмендеген - 405,9 мың тг дейін
🔶“Кино, бейнефильмдер мен телевизиялық бағдарламалар өндірісі, дыбыс жазу және музыкалық шығармалар шығару саласындағы қызмет” санатындағы жалақы көбірек (үштен біріне) қысқарған - 359,5 мың тг 243,4 мың тг дейін.
@DataHUB_KZ

👍2❤1🥰1
Бірінші тоқсандағы сыртқы сауда: экспорт сақталып тұр, импорт дүмпуі азаюда
Қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша ҚР шетелге 18,5 млрд сомаға тауар жеткізді, бұл өткен жылмен салыстырғанда небәрі 2%-ға төмен. Шетелден келетін тауар көлемі, өз кезегінде, $12,7 млрд-қа бағаланады. ҚР СЖРА ҰСБ деректері бойынша өткен жылғы деңгейден бірден 11%-ға төмендеген.
Сандар қалай сөйлейді екен, тоқталып кетейік. Экспорттан бастайық:
🔸Негізгі тауар болып саналатын шикі мұнай экспортының күрт төмендеуіне байланысты Кореяға жеткізілім $1,3 млрд–тан 0,55 млрд-қа дейін төмендеді. Бұл мемлекет қыста хуситтердің Қызыл теңіздегі кемелерге жасаған шабуылының әсерінен біздің өнімдерімізді сатып алуды тежеген болатын.
🔸 РФ-на сатылымдар да айтарлықтай төмендеді, $2,5 млрд-тан $1,8 млрд-қа дейін. Алайда күрт өскендері де бар, мысалы, Қытай. Мұнда 23%-ға, $3,2 млрд-қа дейін өсім байқалады. Негізгі өсім қайтадан сол шикі мұнай және мыстың есебінен болып тұр.
🔸 Тауарлар бойынша бидай мен меслин сатылымы айтарлықтай төмендеген. 2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында бар болғаны 281,7 млн долларға сауда жасадық, бұл бір жыл бұрынғыдан екі есе аз.
Ал импорт туралы не айтуға болады?
🔸Біріншіден, қазіргі құлдырауы тоқсандық көрсеткіші 44%-ға көтерілген өткен жылдың жоғары базасы аясында есептеліп тұр. Көрсеткіштің кері қарай елеулі түрде кетіп жатқанына қарамастан, бұл 2022 жылдың I тоқсанының деңгейіне қарағанда әлі де 29%-ға жоғары.
🔸 Біздің негізгі жеткізушілерден, Қытай және РФ-нан, импорт абсолютті түрде төмендеді, дегенмен жалпы сомаларының жоғары болуы есебінен пайыздық көрсеткіш көп болмады: сәйкесінше, -7% және -4%.
🔸Жеткізілімдер төмендеген антиүздіктердің үштігіне Мексика да кірді. Өткен жылы көлемі күрт өсіп, өзіне назар аудартқан болатын, ал қазіргі уақытта импорт жартысынан көбіне төмендеп тұр. Мәселе мынада, 2023 жылы біз қорғасын кендерін сатып алуды едәуір арттырдық, ал көлемдерін қайтадан қысқарттық.
🔸 Айтпақшы, қорғасын кендері абсолютті мәнде сомасы едәуір қысқарған тауарлардың алғашқы үштігіне кіріп тұр: көлемдері $208 млн-нан $86,2 млн-ға дейін төмендеді.
🔸 Сондай-ақ жеңіл автомобильдер ($675,9 млн-нан $536 млн-ға дейін) және телефондар ($514,4-тен $394,3 млн-ға дейін) импорты айтарлықтай қысқарған.

❤1👍1🥰1
«Пайдасыз ақпарат сәті» тұрақсыз айдары. ЕАЭО-дан тыс жерлерден Қазақстанға әкелінген 1 кг шегеге балғалар мен зілбалғалардың 17 кг импорты тең келеді. ҚР ҚМ МКК деректері бойынша біріншісінен 3 айда 15,7 тонна, екіншісінен 263 тонна әкелінген.
Айтпақшы, егер ЕАЭО елдерін қосатын болсақ, онда жағдай айтарлықтай өзгермейді: ол жақтан аталған уақытта 20,5 тонна шеге мен 68,3 тонна балға мен басқа да зілбалға әкелінді. Бұл ретте арақатынас шамамен 1:9 болады.
Тағы бірнеше фактілерге тоқталайық. 3 айда Қазақстан ЕАЭО-дан тыс елдерден импорттады:
🔶 4,4 млрд (!!!) қауіпсіз ұстара жүзі (және Ресейден тағы 264 млндай)
🔶 5,2 тонна қарындашқа арналған грифель
🔶 2 тонна қаламсап өзегі
🔶 7,8 тонна түйме
🔶 3,5 тонна есту аппараты
🔶 1,5 тонна жасанды тіс
🔶 22,5 тонна балық аулау ілмектері
🔶 24,4 тонна балық аулау катушкасы
🔶 197 тонна шұжық тысы
🔶 3,1 млн ойын картасы (бұл жерде жиынтық па әлде картаның өзі ме, түсініксіз)
🔶 15 тонна оятқыш
🔶 39 тонна мекенжай (және ұқсастары) тақтайшасы
🔶 48 тонна конверт
🔶 300 тоннаға жуық күрек
Міне, осындай ақпараттар)

😁2❤1🥰1
Импорттың жаңа статистикасын зерделеуді жалғастырайық: Қазақстанға автокөліктерді арзанға әкеле бастады
Кеше сыртқы сауда жайлы қысқаша шолуда біз жеңіл автокөліктер импортының ақшалай көлемінің төмендеуіне назар аудардық. Сонымен 2024 жылдың I тоқсанында импортталған өнімнің жалпы құны бір жыл бұрынғыдан 21%-ға төмен болды.
Алайда заттай көрініс басқаша: әкелінген автокөліктер саны 14%-ға, 31,3 мың бірлікке дейін өскен. Демек, орта есеппен, арзанырақ автокөліктер әкеліне бастаған: 2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында бір автокөлікке $17,1 мың сома келсе, бір жыл бұрын $24,7 мың сома келген.
Айтпақшы мұндай айырмашылық тек жылдық мәнде байқалады: 2023 жылдың IV тоқсанымен салыстырғанда бір көліктің орташа құны өзгермеген деуге болады. Шын мәнінде, 2022 жылдың IV тоқсанында соңғы бес жылдағы ең жоғары көрсеткішке, яғни $31,9 мыңға жеткеннен кейін, өткен жыл бойы көрсеткіш тоқсан сайын біртіндеп төмендей берді.

🥰4❤2
ҚР-да Өзбекстанның бизнесі қарқынды түрде көбеюде
1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда түп-тамыры Өзбекстаннан болып саналатын 4595 заңды тұлға тіркелген, бұл жыл басындағыдан бірден 706 данаға және 18%-ға артық. ҚР СЖРА ҰСБ деректері бойынша 2023 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда бұл республиканың біздің еліміздегі ұйымдарының саны жарты есе өскен.
Биыл біздің оңтүстік көршілеріміз тіркелген компаниялардың жалпы саны бойынша көрсеткіші әлдеқайда бәсеңдеу Қытайды (1 қаңтардан бері +204 ұйым) үздік үштіктен сәтті ығыстырды. Өзбекстан бірінші үштікке 1 ақпанда-ақ орныққан болатын және содан бері "бәсекелесінен" тек алшақтай берді.
Өзбекстандық кәсіпорындар туралы не айтуға болады?
🔸Олардың екеуінен басқасының барлығы дерлік шағын бизнеске жатады
🔸Шамамен әрбір үшінші ұйым сауда-саттықпен айналысады
🔸Күші бар компаниялардың үлесі тіркелген компаниялар санының 79%-ын құрайды, бұл 10 үздік серіктес елдер үшін орташа көрсеткіштен сәл жоғары және жоғарыда аталған Қытайдан (64%) әлдеқайда көп.

❤2🥰1
ҚР-дағы он жаңа пәтердің сегізі Астана мен Алматыда
ҚР СЖРА ҰСБ деректері бойынша сәуірде екі қалада көппәтерлі үйлерден 6,5 мың пәтер пайдалануға берілді, оның 4 мыңы Астанаға тиесілі.
ҚР бойынша барлығы 8 мың пәтер пайдалануға берілген, яғни мегаполистердің жиынтық үлесі 81%-ға жетіп тұр. Салыстырмалы түрде, бір жыл бұрын 75%, ал 2023 жылдың орташа айлық деңгейі 60% болған. Қазіргі көрсеткіш кем дегенде 2019 жылдың басынан бері кез келген айдың ең жоғары көрсеткіші болып тұр.
Сәуірде Астанада пайдалануға берілген пәтерлер саны жылдан жылға 36%-ға, Алматыда екі есеге артқан. Жалпы еліміз бойынша, екі астананы қоспағанда, пайдалануға беру көрсеткіші де өскен, бірақ аса көп емес - 8%.
Енді жыл басынан бергі сандарды қарастырайық. ҚР бойынша 4 айда көппәтерлі үйлерден барлығы 33,4 мың пәтер пайдалануға берілген, оның ішінде Алматыдан - 7,3 мың, Астанадан - 15,2 мың. Екі қаланың үлесі бірге 67%-ды құрады, бұл да кем дегенде соңғы бес жылдағы осы кезең үшін ең жоғары көрсеткіш болып тұр.

3 жыл ішінде негізгі капиталға салынған инвестициялар ең жоғары қарқынмен төмендеді
Өткен айда салыстырмалы бағалардағы инвестициялар көлемі 2023 жылдың сәуірімен салыстырғанда 16,8%-ға төмендеді. Бұлай екінші рет түсіп жатыр (наурызда -13,3% болған), сондай-ақ бұл - ҚР СЖРА ҰСБ деректері бойынша 2021 жылдың ақпанынан бері ең елеулі түрде құлдырауы.
Қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша сома жылдан жылға 5,3%-ға төмендеген. Салыстырмалы кезеңде неғұрлым қарқынды төмендеу соңғы рет 2021 жылы (-6,6%) болған еді. Қазір әдетте салымдардың ең елеулі үлесін құрайтын сектор сенімді ақтамайтын тұр – тау-кен өнеркәсібі.
Мұнда жыл басынан бері инвестициялардың нақты көлемі 2023 жылдың қаңтар-сәуір айларына қарағанда 29%-ға төмен болды. Әсіресе, тағы да негізгі сектордың бірі мұнай мен газдың нәтижесі теріс болып тұр, жылдан жылға -37,7% (айтпақшы, өткен жылы да, аз болса да, құлдыраумен аяқталған).
Инвестициялардың төмендеуі болашақта саланың мүмкіндіктеріне қалай әсер ететінін көрейік. Дәл қазір өндіріс көлемінде өзгеріс жоқ - 4 айдың қорытындысы бойынша барлығы бір жыл бұрынғы сияқты, тек аздап төмендеген.

ҚР-да қант өндірісі құлдырап бара жатыр. Наурызда 98%-ға төмендеді
Айдың қорытындысы бойынша небәрі 276 тонна шақпақ қант пен химиялық таза сахароза дайындалған, бұл ҚР СЖРА ҰСБ деректері бойынша 2023 жылғы наурыздағы көрсеткіштен 56 есе немесе 98,2%-ға төмен.
Қаңтар мен ақпанда да көлем қуантарлық болмады, бірақ шамалы белсендірек болды. Сонда тоқсанның қорытындысы бойынша көрсеткіш "тек" жылдан жылға 89%-ға, 7,5 мың тоннаға дейін төмендеген. Бір қызығы, жыл басынан бері 33 мың тонна экспортталған, ал бір жыл бұрын ол нөлге жақын болды деуге болады.
Ал импорт ресми түрде небәрі жылдан жылға 2,6%-ға, 96,6 мың тоннаға дейін өскен. Алайда өзіндік нюанстары бар: салада соңғы кездері Ресейден сұр жеткізілімдерге шағымдануда, бұл біздің зауыттардың жұмысына сол жылдан бері қысым көрсетіп келеді.
Айтпақшы, РФ-нан ресми сатылымдарға шектеу қойылмақ болған: Мәскеу айдың басында өз себептерімен жаздың соңына дейін 120 мың тоннаға дейін квота жариялады. Бірақ жақында квотаны тағы 100 мың тоннаға көбейту туралы алдын-ала келісім жасалды.

👍1🥰1
Жақында болған астаналардағы жылжымайтын мүлік туралы жайтты жалғастырайық: Астана мен Алматыда ипотекаға сұраныс жанданды.
І тоқсанның қорытындысы бойынша екі қалада осы мақсаттағы қарыздарды алуға берілген кредиттік өтінімдер саны 47,2 мың бірлікке жетіп, тоқсаннан тоқсанға 13%-ға ұлғайғанын ҚРҰБ жүргізген банктердің сауалнамасынан көруге болады.
Астана мен Алматыдан тыс жерлерде өтінімдер саны, керісінше, аздап төмендеген, нәтижесінде, жиынтық көрсеткіш 1% шамасында, 216,2 мың бірлікке дейін өсті. Ал жалпы сұраныстағы екі қаланың үлесі, тиісінше, аздап өскен - 19,5%-дан 21,8%-ға дейін.
Егер өтінім бергендердің емес, өтінімі мақұлданғандардың көрсеткіштеріне қарайтын болсақ, онда астаналардың үлесі айтарлықтай басып озады және 46,8%-ға жетеді. Бұл - кем дегенде 2019 жылдың басынан бері ресми жоғары көрсеткіш, бірақ айтарлықтай өзгеріс болған жоқ: тоқсан бұрын 43% болған.
Айтпақшы, Астана мен Алматыда ипотеканы мақұлдау деңгейі, әдеттегідей, жоғары деңгейде қалып отыр. Өткен тоқсанда ол 71,7%-ға жетті, бұл соңғы үш жылдың орташа мәнімен шамалас. Сондай-ақ жиынтық көрсеткіштердегі мақұлданған өтінімдердің үлесі 33,4%-ды құрайды.

Сіз білмеген боларсыз, бүгін маңызды мереке - Халықаралық шай күні. Мерекені елеулі деңгейде атап өту туралы шешім шығарылған - қаулыны БҰҰ Бас Ассамблеясы 2019 жылдың соңында қабылдады.
Мұндай құрметке шай ішуге жағымды және пайдалы болғасын ғана емес, шай өнеркәсібі бірқатар мемлекеттердің экономикасында маңызды рөл атқаратындықтан, сонымен бірге дамушы елдердегі көптеген кедей отбасыларды табыспен қамтамасыз ететіндіктен ие болған.
Жалпы, мұндай күні дәстүрлі тақырыптық статистикамен бөлісуге себеп бар:
🫖2022 жылы шай өндірісі 6,7 млн т құрады, оның 50%-ы Қытайға, ал тағы 20,5%-ы Үндістанға тиесілі болды.
🫖 Соңғы жылдары өндірістің жалпы көлемі жақсы өсіп келеді: 2013 жылы шамамен 5 млн т тіркелді.
🫖 2022 жылы шайды тұтыну 6,5 млн т жетті, мұнда да Қытай мен Үндістан көш бастап тұр – тиісінше 46% және 18%
🫖 Жан басына шаққанда шайды ең белсенді түрде тұтынатын ел - Түркия, 2020 жылғы соңғы мәліметтер бойынша шамамен 3,9 кг болды. Ал барлық басқа елдер айтарлықтай артта қалып тұр: мысалы, Қытайда - 1,8 кг.
🫖 Қазақстанда, халықаралық деректер бойынша, шамамен Әзірбайжандағыдай (1,5 кг-ға дейін), бірақ РФ-дан (шамамен 1 кг) көбірек шай ішіледі.
* Отандық статистикаға сәйкес, 2023 жылы ҚР-да жан басына шаққандағы қара шайды тұтыну тоқсанына орта есеппен 0,36 кг, ал жасыл шайды тұтыну небәрі 0,023 кг құраған.
Осымен аяқтайық. Енді шай ішейік🙃
Халықаралық деректер - БҰҰ ФАО-ның Шай жөніндегі үкіметаралық тобы, ФАО-ның нарық жөніндегі баяндамасынан; қазақстандық деректер - ҚР СЖРА ҰСБ-дан

👍3❤1🥰1
БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі барлық басқарушыларда дерлік бағаның өсуінен артта қалып бара жатыр
4 айдың қорытындысы бойынша Ұлттық банктің басқарушы ретіндегі көрсеткіші 3,1% инфляциямен 2,87%-ға жетті. Нақты кірістілік, сәйкесінше, теріс, -0,2%.
Төрт жеке басқарушы кірістілігi да теріс нәтиже көрсетіп тұр. Активі ең аз "Сентрас Секьюритиз” ғана оң нәтижеде. Шыны керек, барлық сыртқы компаниялардың басқаратын активтері әлі де аз - ақша аударымының жақында өсуі ештеңені өзгертпейді.
Сондықтан, әдеттегідей, Ұлттық банктің жұмысы қалай жүріп жатқанын көрейік. 1 мамырдағы инвестициялық табыс 530,3 млрд тг құрады, бұл 1 сәуірдегіден 51 млрд тг аз.
Өткен айда, тиісінше, шығынға ұшырады, бұл соңғы кездері сирек кездеседі (кестені қараңыз). Бұл жолы теңгенің нығаюы әсерін тигізді (валютаны қайта бағалауда -36 млрд), тағы 26 млрд тг сыртқы басқаруда жоғалтты. Оған қоса, бағалы қағаздар бойынша сыйақы олардың нарықтық қайта бағалауын есепке алғанда аса көп болмады – барлығы 11 млрд.
БЖЗҚ деректері
@DataHub_KZ

❤4🥰1
Қазақстандықтар бір жылда 5 млрд гигабайттан астам мобильді интернет-трафикті тұтынған. Он жыл ішінде бұл көрсеткіш 107 есе өсті
2023 жылғы нақты көлем 5 111 681 156.4 ГБ құрады, бұл ҚР СЖРА ҰСБ-ның жаңа, толық статистикасы бойынша, өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға көп.
Тұтыну көлемінің өзі, әрине, рекордтық деңгейде. Соңғы онжылдықта көрсеткіштер үнемі өсіп келеді, бірақ қазір өсу қарқыны баяулауда. Сонымен, 2013 жылы тұтыну деңгейі қазіргі көрсеткіштің 1%-нан аз болды, бірақ 2014 жылы 3,5 есе өсті.
Көлемі бойынша мобильді трафик сымды кең жолақты интернеттің көрсеткіштерімен шамалас болып қалған. Ол 2023 жылы, жылдан жылға 18%-дық өсіммен, шамамен 6,8 млрд ГБ-қа жетті. Айтпақшы, трафиктің бұл түрі 10 жыл ішінде баяу өсіп келеді, 2013 жылғы деңгейге қарағанда "бар болғаны" 19 есе өскен.
Ал прогрестің құрбанына SMS-тер айналып келе жатыр. 2023 жылы 280,6 мың SMS жіберілген, бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 60%-ға аз және 2013 жылмен салыстырғанда 10 есе аз.

DATA HUB Қазақша
Қазақстандықтар бір жылда 5 млрд гигабайттан астам мобильді интернет-трафикті тұтынған. Он жыл ішінде бұл көрсеткіш 107 есе өсті 2023 жылғы нақты көлем 5 111 681 156.4 ГБ құрады, бұл ҚР СЖРА ҰСБ-ның жаңа, толық статистикасы бойынша, өткен жылмен салыстырғанда…
Байланыс статистикасын зерттеуді жалғастырамыз: интернет өз алдына, офлайн шынайы әлем де бір орында тұрмайды. 2023 жылы қазақстандықтар хат алмасуды кенеттен жандандырып, сәлемдемелер мен бандерольдер бойынша рекорд орнатты және 8 жылда алғаш рет бір жыл бұрынғыға қарағанда көбірек газет алды.
Толығырақ қарастырайық:
📩 2023 жылы ҚР-ға 62,2 млн бірлік жазбаша корреспонденция жіберілген болатын. Жылдан жылға өсімі, кем дегенде 2010 жылдан бері рекордтық көрсеткішке ие болып, 50% құрады. Хаттардың шамамен 37%-ы Алматыға, тағы 18%-ы көрсеткіші бір жылда 4 есе өскен Түркістан облысына тиесілі болды.
📦 2023 жылы сәлемдемелер мен бандерольдер бір жыл бұрынғыға қарағанда 89%-ға көп жіберілді (24,9 млн бірлік). Бұл кем дегенде 2009 жылдан бері ең жоғары көрсеткіш және бұған тек ҚР бойынша жөнелтілімдер кіреді.
🗞 Қазақстандықтар алған газеттер мен басқа да мерзімді басылымдардың саны 111,8 млн бірлікке жетті. Мұндағы жылдық динамика аса көп емес, +13%. Бірақ бұған дейін көрсеткіштер 2015 жылдан бастап үздіксіз түсе берген болатын. Айтпақшы, 2023 жылғы көлемнің 50%-ы Түркістан облысы мен Шымкентке тиесілі болды, ал қалада көрсеткіш 91%-ға өсті.