BAQ.kz – Telegram
BAQ.kz
2.68K subscribers
20.3K photos
4.58K videos
8 files
11.2K links
BAQ.KZ сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.

Бізді басқа да әлеуметтік желілерде оқи отырыңыз:

Instagram: https://www.instagram.com/baq.kaz/
Facebook: https://www.facebook.com/baq.kz/?locale=ru_RU
TikTok: https://www.tiktok.com/@baq.kz_
Download Telegram
❗️Қазақстанның оңтүстік өңірінде жер сілкінісі тіркелді.

Деректер орталығының жедел ақпаратына сәйкес, бүгін сағат 10:15-те Жамбыл мен Алматы облыстарының шекара аумағында сейсмикалық дүмпу болды.

Жер сілкінісінің эпицентрі Отар ауылынан солтүстікке қарай 30 шақырым жерде орналасқан, магнитудасы – 3,7.

@baq_kz
⚡️Енді жүргізушілер барлық құжатты алып жүруге міндетті ме?

Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге мессенджерлер арқылы таралып жатқан ақпаратқа байланысты түсініктеме берді.
WhatsApp мессенджерінде жүргізушілер енді барлық құжатты өзімен бірге алып жүруге міндетті деген мазмұндағы дауыстық хабарлама – жалған, – делінген министрлік таратқан ақпаратта.


ІІМ қазақстандықтарды расталмаған мәліметтерді таратпауға және тек ресми дереккөздерге ғана сенуге шақырды.

@baq_kz
⚡️Отбасы банк сервистері уақытша істемей тұр

Банк таратқан мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта мобильді қосымша мен enpf-otbasy интернет-платформасының жұмысы уақытша тоқтатылған.

Бұған банктік сервистерді жаңарту және техникалық қызмет көрсету процесі себеп болған. Аталған жұмыстар бастапқы жоспардан ұзағырақ созылып жатыр.
Осыған байланысты банк бөлімшелерінде қызмет көрсету, Баспана маркет платформасы арқылы операциялар жүргізу, сондай-ақ мобильді қосымша арқылы жасалатын қаржылық әрекеттер әзірге қолжетімсіз, - делінген хабарламада.


@baq_kz
⚡️2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда салық төлеу тәртібі өзгерді. Бұрын қолданылып келген кейбір арнайы салық режимдері алынып тасталды, ал олардың орнына тек үш режим қалды. Олар – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, жеңілдетілген декларациямен жұмыс істейтіндер үшін және шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған режимдер.

Қысқасы, кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексіндегі қолданыста қалған режимдерді қарап, өз қызметін соған бейімдеу немесе қызметін тоқтату мерзімін дұрыс жоспарлау қажет.

🔍 Толығырақ білу

@baq_kz
❗️Клиенттер шағымдануда: Halyk Bank сервистерінде ақау тіркелді

Әлеуметтік желілерде банк клиенттері белсенді түрде шағымданып, қолдау қызметтеріне жүгінуде. Олардың айтуынша, кейбірі өз қаражатын пайдалана алмай отыр.

Halyk Bank баспасөз қызметінің түсіндіруінше, Halyk App интернет-қызметтеріне қолжетімділіктің уақытша шектелуіне байланысты жүктеменің артуынан техникалық ақаулар туындауы мүмкін.

@baq_kz
⚡️Жұмыссыз жүргендер жұмысқа қалай орналаса алады?

Қазақстанда жұмыссыздықтың белең алуына жол бермеу, азаматтардың кәсіби дағдыларын дамыту, жас мамандар мен зейнет жасына таяған адамдарды жұмыспен қамту, сондай-ақ отбасыларды қиын өмірлік жағдайдан шығару мақсатында халықты жұмыспен қамтудың белсенді шаралары жүзеге асырылып жатыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, бүгінгі таңда белсенді шаралардың негізгі түрлері мыналар ⤵️

https://baq.kz/zhumyssyz-zhurgender-zhumysqa-qalay-ornalasa-alady-200028759/

@baq_kz
🛣️ 2026 жылы Қазақстанда ақылы автожолдар желісі кеңейеді

Биыл Қазақстанда республикалық маңызы бар бірқатар автожол ақылы режимге көшеді. Бұл шешім жол инфрақұрылымын ұзақ мерзім бойы сапалы деңгейде ұстау, жөндеу мен қызмет көрсетуге тұрақты қаржы көзін қалыптастыру және мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайту мақсатында қабылданып отыр.

Толығырақ⤵️

https://baq.kz/2026-zhyly-qazaqstanda-aqyly-avtozholdar-zhelisi-keneyedi-200028756/

@baq_kz
⚡️"Бір отбасы ұшты-күйлі жоқ": Атырау облысында төрт тұрғын іздестірілуде

25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына Атырау қаласының тұрғыны ағасы мен оның отбасының бір айдан астам уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткені туралы арызбен жүгінген. Қызылқоға ауданына қарасты Жангелді ауылының тұрғындары қараша айында өз үйлерінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, осы уақытқа дейін қайтып оралмаған.

Қолда бар мәліметтерге сәйкес, ерлі-зайыптылар мен олардың 33 және 35 жастағы екі ересек баласы елдің оңтүстік өңірлеріне бағыт алуы мүмкін. Аталған азаматтардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратқа ие болған барлық азаматтардан құқық қорғау органдарының 98-20-78, 98-20-88, +7 701 304 00 12телефон нөмірлеріне хабарласу сұралады, - деп хабарлады Атырау облысының ПД баспасөз қызметі.


Толығырақ ⤵️

https://baq.kz/bir-otbasy-ushty-kuyli-zhoq-atyrau-oblysynda-tort-turgyn-izdestirilude-200028774/

@baq_kz
🤬1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Газ бен тежегішті шатастырған: Астанада жүргізуші аялдаманы қиратты

Астанада Орталық саябақ аумағындағы автотұрақта жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі кері қозғалысты бастаған сәтте газ бен тежегіш педальдарын шатастырып, нәтижесінде автобус аялдамасының павильонына соғылған. Соққы салдарынан аялдаманың әйнегі сынған. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Мүлікке келтірілген залал заңнамада белгіленген тәртіппен өтеледі.

@baq_kz
1💯1
🇻🇪"Мен – Венесуэланың президентімін": Мадуро сотта мәлімдеме жасады

Венесуэланың бұрынғы президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флорес Нью-Йорктегі федералды сотта өздеріне тағылған барлық айыптар бойынша кінәсін мойындамады.

🇮🇷Иран билігі үкіметке қарсы наразылықтарды басуға тырысуда

Иран билігі үкіметке қарсы наразылықтарды басуға тырысуда, бірақ АҚШ-тың Венесуэладан Николас Мадуроны ұстап әкетуі елдегі алаңдаушылықты одан әрі күшейтті.

🇺🇳БҰҰ Бас хатшысы: АҚШ Венесуэлада халықаралық құқықты бұзды

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш 5 қаңтарда АҚШ-тың Венесуэладағы операциясы халықаралық құқық нормаларын сақтамағанын мәлімдеді.

@baq_kz
⚡️"Өсім баяулайды". Азия даму банкі Қазақстан экономикасына болжам жасады

Азия даму банкі Кавказ және Орталық Азия өңірі бойынша 2025 жылға арналған экономикалық өсім болжамын 5,8 пайызға, ал 2026 жылға 5,0 пайызға дейін қайта қарады. Бұл туралы банктің Asian Development Outlook есебінде айтылған.

Азия даму банкінің мәліметінше, бұл көрсеткіштер 2025 жылғы қыркүйекте жарияланған Asian Development Outlook шолуындағы тиісінше 5,5 пайыз және 4,9 пайыз деңгейіндегі болжамнан жоғары.

Толығырақ ⤵️

https://baq.kz/osim-bayaulaydy-aziya-damu-banki-qazaqstan-ekonomikasyna-bolzham-zhasady-200028768/

@baq_kz
⚡️2026 жылы Қазақстанда ақылы автожолдар саны артады

Жаңа бағыттардың барлығы соңғы жылдары күрделі жөндеуден өтіп, халықаралық және ұлттық стандарттарға сай қайта жаңғыртылған.

Ақылы режим енгізу жоспарланып отырған негізгі автожолдар қатарында:

• Қарағанды - Балқаш бағыты,
• Бұрылбайтал - Күрті учаскесі,
• Ақтөбе - Қандыағаш жолы,
• Талдықорған - Өскемен автожолы,
• Атырау - Астрахань бағыты,
• Меркі - Шу аралығы бар.

Тарифтер қалай өзгереді? Төлем жасау уақыты өзгере ме? Осы жайында біле жүріңіз.

@baq_kz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Президент біздің алдымызға ұзақ мерзімді нәтижеге баса мән бере отырып, даму қарқынын арттыру міндетін қойды. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов мәлімдеді.

@baq_kz
👍1💯1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
❗️Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларға бюджет қаржысын үнемдеп, нақты нәтиже көрсету міндетін қойды.

@baq_kz
👍31💯1
⚡️Мемлекет басшысы Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс кеңесін өткізді

Ерлан Қарин Мемлекет басшысына Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы қызметінің аралық нәтижелері туралы мәлімет берді.

e-Otinish пен Egov-тағы арнайы бөлім арқылы 500-ге жуық ұсыныс келіп түскен, оларды талдау және жүйелеу жалғасуда.

9 қаңтарда өтетін кезекті жиында қалған бағыттар бойынша ұсыныстар қаралады.

Сондай-ақ Ұлттық құрылтайдың секциялық отырыстарының қорытындылары мен алдағы бесінші отырысына дайындық барысы талқыланды.

@baq_kz
1
🌐 Пойыз бен ұшақта интернет қосылады: Қазақстанға жаңа спутник операторлары келеді

Қазір Қазақстанда спутниктік интернет қызметін көрсететін 3 оператор жұмыс істеп тұр. Жақын уақытта тағы 2 шетелдік компания нарыққа шығады. Олар бойынша пилоттық сынақтарды биыл өткізу жоспарланып отыр.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиевтің айтуынша, байланыс жоқ аумақтарда туристік және қолжетімділігі қиын локацияларды спутниктік интернетпен қамтамасыз ету үшін әкімдіктер жергілікті бюджет қаражаты есебінен шара қабылдауы қажет.

@baq_kz
👏8🔥1🎉1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев түсіндірді.

@baq_kz
👍21💯1
⚡️2025 жылдың соңында Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтері орта есеппен 10,99%-ға өскені белгілі. Бұл өсім алдымен инфрақұрылымдық шығындардың артуымен, энергия ресурстарының әлемдік бағасының өзгеруімен байланысты болды.

Осы жағдай қоғамда "2026 жылы тарифтер тағы да қымбаттай ма?" деген сұрақ тудырады. Биыл қандай өзгерістер болады?👇

Біле жүріңіз

@baq_kz
⚡️2026 жылы да елімізде бірқатар ипотекалық бағдарлама жалғасын табады. Бірақ кез келген бағдарламаға қатысу үшін үй алғысы келетіндер алдын ала дайындық жүргізуі керек.

2026 жылы кімдерге жеңілдетілген несие қолжетімді, қандай бағдарламалар қалады және баспана алу үшін нені қазірден ескеру керек?

🔍Толығырақ BAQ.KZ тілшісінің материалында.

@baq_kz
⚡️2026 жылдан бастап мобильді аударымдар қатаң бақыланады

3 айда банк картасына 100+ адамнан ақша түссе немесе 1 020 000 теңгеден асса, ол кәсіпкерлік табыс саналады.

🔹 Жаңа талаптар Қаржы министрлігі бұйрығымен енгізілді
🔹 Күмәнді аударымдар мемлекеттік кірістер органдарына жолданады
🔹 Ереже баршаға ортақ, қайырымдылық пен тойға қатысы жоқ

📄Бизнес белгілері анықталса, Салық комитеті ескерту жібереді.
Келіссе – 30 күнде есеп тапсырып, салық төленеді.

@baq_kz