ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз – Telegram
ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
8.12K subscribers
7.24K photos
848 videos
8 files
3.35K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
Қазгермұнай Қызылорда облысының қажеті үшін газ дайындау қуатын белсенді дамытуда

📍Қызылорда облысына жұмыс сапары кезінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бекзат Абайылданов «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ) кен орындарында болып, өңір үшін маңызы зор негізгі өндірістік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру барысымен танысты.

✔️«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның жан-жақты қолдауының арқасында ҚГМ өз иелігіндегі тауарлық және сұйытылған мұнай газдарын дайындайтын қолданыстағы қондырғыларына сыртқы жер қойнауын пайдаланушыларды қосып жатыр. Аталмыш жобаны іске асыру жергілікті компанияларға қымбат газ өңдеу қондырғыларын салмай-ақ, ілеспе мұнай газын утилизациялау мәселесін шешуге мүмкіндік береді және мұнай өндіру көлемін ұлғайту үшін шектеулерді алып тастайды. Осылайша қоры аз кен орындарды игеру экономикалық тұрғыдан тартымды болмақ.

📊Нұралы мен Ақшабұлақ кен орындарында келісімшарттық міндеттемелер аясында шикі газды процессингке жеткізуді «ҚазПетрол Груп» пен «Тұзкөл Мұнай Газ Оперейтинг» компаниялары орындауда. Аталмыш жер қойнауын пайдаланушылардан шикі газ жеткізудің әлеуетті көлемі жылына шамамен 250 млн м³ құрайды. Одан жылына 220 млн м³ тауарлық газ және 50 мың тоннаға дейін сұйытылған мұнай газы шығарылады.

🗣Б.Абайылдановқа шикі газды өндіру мен жеткізудің болашақтағы өсімін ескере отырып әзірленген газ дайындау қондырғыларын жаңғырту жоспары таныстырылды. Жабдықтарды жаңарту компрессорлық қондырғылар жұмысының сенімділігін арттырады және сұйытылған газ өндірісін жылына 20 мың тоннаға дейін ұлғайтады. Бастапқы кезеңде экономикалық тиімділік жылына 2 млрд теңгеге дейін болады деп жоспарлануда.

↗️Жалпы жобаны іске асыру сұйытылған және тауарлық газ өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік беріп, оны Қызылорда ЖЭО, Шыны зауыты және Ақшабұлақ ГТЭС нысандарын қоса алғанда, еліміздің оңтүстік өңірлеріне тұрақты жеткізуді қамтамасыз етеді.

◾️ҚГМ бас директоры Зияш Қияқбаев биылғы 11 айда мұнай өндіру көлемі 832 мың тоннаға жуықтап, жоспарлы көрсеткіштен 3,3 мың тоннаға артық орындалғанын баяндады.

✔️Кәсіпорында мұнай өндіру деңгейін ұстап тұруға бағытталған геологиялық-техникалық іс-шаралар кешені іске асырылуда, соның ішінде жер қабатын сумен жару, қабылдау профилін теңестіру бар. Қабатты газдинамикалық әдіспен жару технологияларының тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтары, ұңғымалардың өнімділігін жақсарту жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ жөндеу-оқшаулау жұмыстары атқарылып келеді.

🔎 Қорлардың 88% игеріліп қойылғанын ескеріп, ҚГМ Ақшабұлақ және Нұралы кен орындары тобында қосымша барлауды тұрақты негізде жүзеге асырып, жаңа перспективті учаскелерді іздестіру іс-шараларын жүргізіп келеді. Қосымша барлау жұмыстардың және алынған жаңа геологиялық деректердің нәтижелері бойынша қорлар қайта есептелуде. Өндірілетін қорлардың өсімі шамамен 450 мың тонна мұнайды құрайды.

📌ҚГМ алдына операциялық тиімділікті арттыру, жұмыс істеп тұрған кен орындарында қосымша барлауды сапалы жүргізу және ресурстық базаны кеңейту бойынша міндеттер қойылды.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥5👍31
Казгермунай активно развивает мощности по подготовке газа для нужд Кызылординской области

📍Во время рабочей поездки в Кызылординскую область заместитель председателя Правления АО НК «КазМунайГаз» Бекзат Абайылданов побывал на месторождениях ТОО «СП «Казгермунай» (КГМ), где ознакомился с реализацией ключевых производственных и инфраструктурных проектов, имеющих важное значение для региона.

✔️КГМ, обладая действующей инфраструктурой подготовки товарного и сжиженного нефтяного газов, при активной поддержке АО НК «КазМунайГаз», осуществляет подключение сторонних недропользователей к установкам подготовки газа. Реализация данного проекта позволит местным компаниям решить проблему утилизации попутного нефтяного газа без строительства дорогостоящих газоперерабатывающих установок и снимет ограничения для увеличения добычи нефти. Тем самым разработка месторождений с небольшими ресурсами становится экономически привлекательной.

📊На месторождениях Нуралы и Акшабулак поставка сырого газа на процессинг в рамках контрактных обязательств выполняются компаниями «КазПетрол Груп» и «Тузколь Мунай Газ Оперейтинг». Потенциальные объёмы поставок сырого газа от данных недропользователей составляют порядка 250 млн м³ в год с выработкой до 220 млн м³ товарного газа и до 50 тыс.тонн сжиженного нефтяного газа в год.

🗣Б.Абайылданову также представили план модернизации установок подготовки газа, разработанный с учётом будущего роста добычи и поставок сырого газа. Обновление оборудования повысит надежность работы компрессорных установок и увеличит производство сжиженного газа до 20 тыс. тонн в год. Экономический эффект составит до 2 млрд тенге в год на начальном этапе.

↗️В целом реализация проекта позволит увеличить производство сжиженного и товарного газа, обеспечит стабильные поставки в южный регион, включая объекты — ТЭЦ Кызылорды, Стекольный завод и ГТЭС Акшабулак.

◾️Генеральный директор КГМ Зияш Киякбаев доложил, что за 11 месяцев текущего года добыча нефти составила почти 832 тыс. тонны, что выше планового показателя на 3,3 тыс. тонн.

✔️Для поддержания уровня добычи нефти в КГМ реализуется комплекс геолого-технических мероприятий, включая гидроразрыв пласта, выравнивание профиля приемистости. Ведутся опытно-промышленные испытания технологий газодинамического разрыва пласта, мероприятия по улучшению продуктивности скважин, а также ремонтно-изоляционные работы.

🔎 Учитывая высокую степень выработанности запасов — 88%, КГМ на постоянной основе осуществляет доразведку на группе месторождений Акшабулак и Нуралы, а также проводит поиск новых перспективных участков. По результатам доразведочных работ и получения новых геологических данных выполняется пересчёт запасов. Ожидаемый прирост извлекаемых запасов составляет порядка 450 тыс. тонн нефти.

📌Перед КГМ поставлены задачи по повышению операционной эффективности, качественному проведению доразведки на действующих месторождениях и расширению ресурсной базы.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥5👍31🤝1
ҚазТрансОйл Қазақстан мұнайының Германия бағытына транзитін тұрақты қамтамасыз ету үшін Еуропадағы ынтымақтастықты нығайтуда

🗣Бүгін Варшава қаласында ҚазТрансОйл мен PERN компаниясы Польша Республикасының аумағындағы «Адамова Застава» пунктінде мұнайды қабылдау және тапсыру мәселелерін реттейтін ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

🟦Келісім тараптардың мұнайды қабылдау, тапсыру және есепке алу жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды. Құжатта технологиялық рәсімдер мен құжат айналымын жүргізу тәртібі, сондай-ақ үдеріс қатысушылары арасындағы функциялар мен жауапкершіліктері белгіленген. Келісім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

📶Польшаның мұнай құбыры жүйесінің операторы PERN компаниясымен ынтымақтастық Қазақстан мұнайының Германия бағытына тұрақты транзитін қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан аумағынан басталатын бүкіл тасымалдау маршруты бойында магистральды мұнай құбырлары операторлары арасындағы өзара іс-қимылды жолға қою тұрғысынан маңызы зор.

✔️Осылайша ҚМГ-ның еншілес компаниясы — ҚазТрансОйл мұнайды ішкі және сыртқы нарықтарға тасымалдау кезінде ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастыруда.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
4🔥3👍2
КазТрансОйл расширяет сотрудничество в Европе для стабильного транзита казахстанской нефти в Германию

🗣Сегодня в г.Варшава КазТрансОйл и компания PERN подписали договор о сотрудничестве, регулирующий вопросы приёма и сдачи нефти в пункте «Адамова Застава» на территории Республики Польша.

🟦Документ определяет порядок взаимодействия сторон при осуществлении операций по приёму, сдаче и учёту нефти, включая регламентацию технологических процедур, документооборота, а также распределение функций и ответственности между участниками процесса. Договор вступает в силу с 1 января 2026 года.

📶Сотрудничество с PERN, оператором трубопроводной системы Польши, имеет стратегическое значение для обеспечения стабильного транзита казахстанской нефти в направлении Германии и формирования эффективного взаимодействия между операторами магистральных нефтепроводов по всему маршруту транспортировки, начиная с территории Казахстана.

✔️Таким образом, дочерняя компания КМГ — КазТрансОйл продолжает системную работу по обеспечению национальных интересов при транспортировке нефти на внутренние и внешние рынки.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥63👍3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Полиэтилен» жобасы үшін жас мамандарды іріктеу жалғасып жатыр

Полиэтилен өндіретін зауыт құрылысының операторы — «Силлено» компаниясы APEC PetroTechnic колледжінің 4-курс студенттері арасында кезекті пилоттық тестілеу өткізілді.

🎓Тестілеуге «Химиялық технология және өндіріс» мамандығы бойынша білім алып жатқан 32 студент қатысты.

🗣Іріктеуден өткен үміткерлер келесі кезеңге — «Силлено» ЖШС байқау комиссиясымен өткізілетін сұхбатқа шақырылатын болады.

🟦Іс-шара «Силлено» ЖШС мен APEC PetroTechnic арасында жасалған ынтымақтастық меморандум аясында ұйымдастырылды және кәсіпорынның болашақтағы кадрлық резервін қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып саналады.

✔️Бұған дейін осындай іс-шаралар С.Мұқашев атындағы Атырау жоғары политехникалық колледжінде, сондай-ақ С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде өткізілген болатын.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1👍2🔥21🤝1
Отбор молодых специалистов для проекта «Полиэтилен» продолжается

Компания «Силлено» — оператор строительства завода по производству полиэтилена, провела очередное пилотное тестирование для студентов 4-го курса высшего колледжа APEC PetroTechnic.

🎓В тестировании приняли участие 32 студента, обучающихся по специальности «Химическая технология и производство».

🗣Кандидаты, успешно прошедшие отбор, будут приглашены на следующий этап — собеседование с конкурсной комиссией ТОО «Силлено».

🟦Мероприятие проводится в рамках меморандума о сотрудничестве между ТОО «Силлено» и APEC PetroTechnic и является частью системной работы по формированию кадрового резерва для будущего предприятия.

✔️Аналогичные мероприятия ранее были проведены в Атырауском высшем политехническом колледже имени С.Мукашева, а также в Атырауском университете нефти и газа имени С.Утебаева.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1👍6🔥21
Премьер-министрдің кеңесшісі мұнай өнімдері нарығын басқару жөніндегі цифрлық жүйемен танысты

🗣ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Ермек Маржықпаев және Энергетика мен Қаржы министрліктерінің өкілдері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның (ҚМГ) диспетчерлік-талдау орталығында болды.

🗣ҚМГ мұнай өнімдері айналымы процестерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған цифрлық шешімдерді ұсынды.

💻Ұлттық компанияның диспетчерлік орталығының талдау жүйесі өнімдерді шығару мен бөлуден бастап сатуға дейінгі процестердің мониторингін жүргізуге арналған. Осылайша нарықтағы жағдай талданады, бұл өз кезегінде шұғыл шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

✔️Бүгінде ҚМГ зауыттары мен «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның ақпараттық жүйелерімен интеграция жүргізілді. Бұл теміржол инфрақұрылымы арқылы мұнай өңдеу зауыттарынан бастап тұтынатын өңірлерге дейін мұнай өнімдерінің қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді.

✔️Ендігі кезекте мұнай базасы мен жанармай құю станцияларындағы қорды мониторингтеу үшін ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен интеграция жасау жоспарлануда.

📌Барлық жұмыс аяқталғаннан кейін жүйе мұнай өнімдерінің қалдықтарын, оның ішінде өндірістік көрсеткіштерді, импорт пен экспортқа қатысты мәліметтерді, сатылған өнім мен оның қоры туралы деректерді анықтайтын болады. Қазіргі жұмыс KMG.AIAN ЖИ-ассистентінің көмегімен жүргізілуде.

✔️Іс-шара қорытындысы бойынша мұнай өнімдері айналымын одан әрі цифрландыруға бағытталған қажетті шаралар белгіленді.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
3👏3👍2🔥22
Советник Премьер-министра ознакомился с цифровой системой по управлению рынком нефтепродуктов

🗣По поручению Премьер-министра РК Олжаса Бектенова сегодня Ермек Маржикпаев и представители министерств энергетики и финансов посетили Диспетчерско-аналитический центр АО НК «КазМунайГаз» (КМГ).

🗣КМГ представил цифровые решения, направленные на повышение прозрачности и эффективности процессов оборота нефтепродуктов.

💻Аналитическая система Диспетчерского центра КМГ предназначена для сквозного мониторинга процессов — от производства и распределения до конечной реализации. Таким образом, анализируется текущая ситуация на рынке, что позволит принимать оперативные решения.

✔️На сегодняшний день уже проведена интеграция с информационными системами заводов КМГ и АО НК «Қазақстан темір жолы». Это позволяет в режиме реального времени отслеживать передвижение нефтепродуктов от НПЗ до регионов потребления по железнодорожной инфраструктуре.

✔️Следующим этапом планируется интеграция с Комитетом государственных доходов Министерства финансов РК для мониторинга запасов на нефтебазах и АЗС.

📌После завершения данных работ система будет фиксировать остатки нефтепродуктов, включая производственные показатели, данные по импорту и экспорту, сведения о реализации и запасах. Стоит отметить, что текущая работа проводится с применением ИИ-ассистента KMG.AIAN.

✔️По итогам мероприятия определены необходимые меры, направленные на дальнейшую цифровизацию оборота нефтепродуктов.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10🔥2👏221👨‍💻1