💵 Биржада доллар 518 теңге шамасында сатылып жатыр
📈 Астанадағы айырбастау пункттерінде АҚШ долларының ең жоғары сату бағамы 524 теңгеге, ал Алматыда 522,5 теңгеге жетті.
✅ 26 қараша күні сағат 11:00-дегі жағдай бойынша Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллардың орташа сараланған бағамы 518,22 теңгені құрады.
Ұлттық банктің 26 қарашаға белгілеген ресми бағамы – 1 доллар үшін 518,40 теңге. Теңгенің долларға қатысты келесі күнгі ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша белгіленеді.

👍6❤2🔥2
Алаяқтардың соңғы сәтке дейін алдап-арбау жоспары әшкере болды ☎️
🎭 Олар сіздің сеніміңізге кіру үшін әртүрлі қызметкердің кейіпіне енеді.
💰Мұндайда барлық қаражатыңыздан айырылуыңыз әп-сәтте.
📲Алғашқы қоңырау
Алаяқтар өздерін коммуналдық қызмет өкілі, байланыс операторы, басқа да ұйымдардың қызметкері ретінде таныстырады.
📨 Әдеттегідей, SMS арқылы келген кодты сұрайды. Осылайша, сізге «жеке деректеріңіз тарап кетті» деген ой салады.
☎️ Екінші қоңырау
👀 Енді ХҚКО-дан (ЦОН-нан) хабарласқандай сыңай танытып, жеке деректеріңіз ұрланғанын хабарлайды.
⚡️Сіз үрейлене бастайсыз. Осы арқылы сеніміңізге кіру – олардың басты мақсаты.
☎️ Үшінші қоңырау
💵 Алаяқтар құқық қорғау органдарының атын жамылып, қаражатыңызды дереу «қауіпсіз есепшотқа» аударуға көндіреді.
🙅🏻♂️«Бұл құпия операция» деп, ешкімге айтпау керегін ескертеді.
☎️ Төртінші қоңырау
👔Бейнеқоңырау арқылы костюм киген бәзбіреу хабарласады.
🇰🇿Артында мемлекеттік рәміздер тұрады. Несие алып, оны да «сақтандыру шотына» аударуды ұсынады.
🔄Нәтижесінде, ақшаңызды да, несиеге алынған қаражатты да қылмыскерлерге өз еркіңізбен аударып жіберуіңіз әбден мүмкін 💵
✅💡Алаяқтардың құрығына түспеу үшін цифрлық сауат пен қаржылық сауат қажет-ақ.

❤7👍2🔥1
🚨Такси жүргізушілері мен курьерлер үшін маңызды ақпарат 🚕🛵
🚫Жаңа оңтайлы декларация жүйесіне ауыспаған жандар автоматты түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден шығарылады және өзін жұмыспен қамтушы ретінде қызметін жалғастырады 💁🏻♀️
✅ Жаңа оңтайлы декларация деген не?
📌 Биыл 18 шілдеде жаңа Салық кодексі қабылданды. Нәтижесінде, арнаулы салық жүйесі (режимі) 7-ден 3-ке қысқарды. Енді:
🔸 өзін-өзі жұмыспен қамтуға
🔸 оңтайлы декларацияға
🔸 шаруа қожалықтарына арналған жүйелер қолжетімді.
📊 Оңтайлы декларация — шағын және орта бизнес өкілдері үшін жеңілдетілген салық төлеу жүйесі.
🛑 Ескеру қажет қағида:
2026 жылдың 1 қаңтарына дейін жаңа оңтайлы декларацияға өтуді жоспарласаңыз, декларация жүйесін ауыстыру туралы хабарламаны 2026 жылдың 1 наурызына дейін тапсыру қажет.
⏰ Кешіккен жағдайда автоматты түрде жалпыға ортақ салық жүйесіне көшуге тура келеді
⏳ Содан соң бір жыл жұмыс істегеннен кейін ғана оңтайлы декларацияға ауысу мүмкіндігі беріледі.
📍Алматы қаласына қарасты мемлекеттік кірістер комитетінің мәлімдемесіне сай, егер кәсіпкерлер бұған дейін патентте немесе арнайы мобильді қосымша арқылы жұмыс істеген болса, 2026 жылдың 1 наурызына дейін жаңа оңтайлы декларацияға көшу бойынша өтінім беруге тиіс 📩
🚫Жаңа оңтайлы декларация жүйесіне ауыспаған жандар автоматты түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден шығарылады және өзін жұмыспен қамтушы ретінде қызметін жалғастырады 💁🏻♀️
✅ Жаңа оңтайлы декларация деген не?
📌 Биыл 18 шілдеде жаңа Салық кодексі қабылданды. Нәтижесінде, арнаулы салық жүйесі (режимі) 7-ден 3-ке қысқарды. Енді:
🔸 өзін-өзі жұмыспен қамтуға
🔸 оңтайлы декларацияға
🔸 шаруа қожалықтарына арналған жүйелер қолжетімді.
📊 Оңтайлы декларация — шағын және орта бизнес өкілдері үшін жеңілдетілген салық төлеу жүйесі.
🛑 Ескеру қажет қағида:
2026 жылдың 1 қаңтарына дейін жаңа оңтайлы декларацияға өтуді жоспарласаңыз, декларация жүйесін ауыстыру туралы хабарламаны 2026 жылдың 1 наурызына дейін тапсыру қажет.
⏰ Кешіккен жағдайда автоматты түрде жалпыға ортақ салық жүйесіне көшуге тура келеді
⏳ Содан соң бір жыл жұмыс істегеннен кейін ғана оңтайлы декларацияға ауысу мүмкіндігі беріледі.
❤5🤨4
🏗️ Жамбыл облысында натрий цианидін өндіретін зауыт құрылысы басталды
🔨 Жаңа кәсіпорын Шу ауданындағы «Jibek Joly» атты аймақта бой көтереді
💵 Жалпы құны – 68 млрд. теңгелік жобаны «Altynalmas Reagents» ЖШС жүзеге асырып жатыр.
🔋Мол инвестиция бөлінген жобаның
жылдық қуаттылығы – 25 мың тонна.
🛑 Бұл бастаманың өндіріс үшін тиімді тұсы қандай?
♻️💎 Жаңа зауыт өнімдері Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Моңғолия мемлекеттеріне экспортталады. Жоспар бойынша өндіріс 2027 жылдың төртінші ширегінде пайдалануға беріледі.
💬
– деді «Altynalmas Reagents» ЖШС бас директоры Уәлихан Атагелдиев.
✅ Елімізде фосфор, аммофос және натрий цианидінің 100 пайызы осы өңірдегі химиялық кәсіпорындарда өндіріледі.
🔸Фосфор — тыңайтқыш, жуғыш ұнтақ, сіріңке, тіс пастасы, тағам қоспалары үшін;
🔸Аммофос — тамақ өндірісі, өсімдік өнімділігі үшін;
🔸Натрий цианиді — алтын, күміс зергерлік бұйымдары, электроника, телефон чипі, пластмасса үшін қажет.

Зауыттың іске қосылуы алтын өнеркәсібінің стратегиялық қауіпсіздігін арттырып, ішкі нарықты толық қамтамасыз етуге және импортты алмастыруға мүмкіндік береді.
♻️💎 Жаңа зауыт өнімдері Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Моңғолия мемлекеттеріне экспортталады. Жоспар бойынша өндіріс 2027 жылдың төртінші ширегінде пайдалануға беріледі.
💬
– Жоба шеңберінде 250 жұмыс орны ашылады, оның 96 пайызы – ҚР азаматтары. Жұмысқа тәжірибелі жергілікті мамандарды, сондай-ақ техникалық университет түлектерін тартуды жоспарлап отырмыз,
– деді «Altynalmas Reagents» ЖШС бас директоры Уәлихан Атагелдиев.
✅ Елімізде фосфор, аммофос және натрий цианидінің 100 пайызы осы өңірдегі химиялық кәсіпорындарда өндіріледі.
🔸Фосфор — тыңайтқыш, жуғыш ұнтақ, сіріңке, тіс пастасы, тағам қоспалары үшін;
🔸Аммофос — тамақ өндірісі, өсімдік өнімділігі үшін;
🔸Натрий цианиді — алтын, күміс зергерлік бұйымдары, электроника, телефон чипі, пластмасса үшін қажет.
❤6👏3
📊 Жыл соңына қарай Tele2, Bеeline тарифтары қымбаттайды
Бұған дейін Altel тарифінің бағасы екі есеге өскен еді.
❓Тарифтің қымбаттауына не себеп?
🔹 телекоммуникация инфрақұрылымын жаңарту қажет;
🔹 ҚҚС мөлшерінің өсуі;
🔹 мобильді интернетті пайдалану көрсеткішінің артуы.
📲 Ал сіз қандай абоненттік тарифті қолданасыз? Сіз үшін тариф бағасы қолайлы ма?
🔴 Beeline-ның «Үйдегі интернет» тарифі 8 490 теңгеден 11 249 теңге дейін өседі. Tele2-нің орташа өсімі шамамен 1000 теңге. Мәселен, сіз тарифке 5 490 теңге төлеп жүрсеңіз, қымбаттаған соң 6 490 теңге төлеуіңізге тура келеді.
Бұған дейін Altel тарифінің бағасы екі есеге өскен еді.
❓Тарифтің қымбаттауына не себеп?
🔹 телекоммуникация инфрақұрылымын жаңарту қажет;
🔹 ҚҚС мөлшерінің өсуі;
🔹 мобильді интернетті пайдалану көрсеткішінің артуы.
📲 Ал сіз қандай абоненттік тарифті қолданасыз? Сіз үшін тариф бағасы қолайлы ма?
👎16😐2👍1🔥1
✅ Ұлттық банк базалық мөлшерлемені бұрынғы деңгейінде сақтап қалды
Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 18,0% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Қазіргі шешім болжамды раундтың нәтижесіне, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің жаңартылған бағаларына және инфляциялық тәуекелдердің жалпы балансына негізделген.
Ұлттық банк инфляцияның баяулау қарқынын, ішкі сұраныс реакциясын, сондай-ақ Бағдарламада және Инфляцияны бақылау, төмендету бойынша шаралар кешенінде көзделген бірлескен шараларды іске асыру тиімділігін бағалауды жалғастыра бермек.

«Жекелеген тауар нарықтарында сақталып отырған теңгерімсіздік, орнықты сұраныс, импорттың қымбаттауы және шығындардың өсуі аясында азық-түлік компоненті бұрынғыша инфляцияға көптеп үлес қосты. Сервистік инфляцияның үлесі азайды, алайда бағаның өсу қарқыны баяулағанына қарамастан маңызды күйінде қалып отыр. Азық-түлікке жатпайтын инфляцияда жанармай мен фармацевтикалық өнім бағасының өсуі жеделдегені байқалады. Қазанда айлық инфляция 0,5%-ға дейін айтарлықтай баяулады, алайда базалық инфляция 1% деңгейінде – жоғары күйінде қалды. Бұл бір жылға есептегенде 12,2% сәйкес келеді. Сонымен қатар тұтыну қоржынындағы тауарлар мен қызметтердің шамамен 80%-ы 5% таргеттен жоғары қарқынмен қымбаттайды. Осының бәрі баға қысымының орнықтылығы мен кең қамтуын көрсетеді. Бұл проинфляциялық динамика фискалдық және үдемелі квазифискалдық ынталандырудың, сондай-ақ артқан тұтынушылық сұраныстың әсерінен күшейеді», делінген ҰБ хабарламасында.
Ұлттық банк инфляцияның баяулау қарқынын, ішкі сұраныс реакциясын, сондай-ақ Бағдарламада және Инфляцияны бақылау, төмендету бойынша шаралар кешенінде көзделген бірлескен шараларды іске асыру тиімділігін бағалауды жалғастыра бермек.
«Инфляцияның орнықты баяулау үрдісі қалыптасқанына сенімділік болмаған жағдайда ақша-кредит шарттары қатаңдатылуы мүмкін», делінген мәлімдемеде.
🤨5👍4❤2
💣 Каспий құбыр консорциумына (КТК) шабуыл жасалды.
📍ОҚИҒА
⛴️ Ресми мәліметке сай, 29 қарашада Украинаның экипажсыз қайықтары Новороссийскідегі Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалына шабуыл жасады. ⏰ Жарылыс Астана уақытымен таңғы 06:06-да болған.
🎯 Консорциумның болжамына сәйкес, бұл жайт қасақана террористік шабуыл.
📍САЛДАРЫ
Салдарынан теңіз терминалындағы ВПУ-2 ауыспалы айлақ құрылғысы істен шығып, мұнай тиеу процесі тоқтап, танкерлер акваториядан шығарылды.
✅ Авариялық қорғаныс жүйесі құбырларды дереу жапқан соң мұнай теңізге төгілмеді.
🏭 Алайда, теңіз дрондарынан төнер қауіп сейілген кезде ғана мұнай тиеу ісі қайта басталады.
📍МӘЛІМДЕМЕ
🇰🇿 Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мақсатты шабуылдарға наразылық білдіретінін мәлімдеді.
🇺🇦 Украинаның сыртқы істер министрлігі
🇷🇺 Ал Ресей Украинаның шабуылын террористік әрекетке теңеді. Осылайша, екі ел арасындағы саяси қақтығыс инфрақұрылымға шабуыл арқылы тойтарыс беруге ұласты.
🧨 Айта кетейік, осымен Каспий құбыр консорциумына бір аптада екі шабуыл жасалды.
🚢 Ұзындығы 1,5 шақырым Каспий құбыр консорциумы арқылы Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан мұнайы халықаралық нарыққа жөнелтіледі.
📊 Аталмыш құбыр бойымен Қазақстанның 80% мұнайы экспортқа жол тартады.

Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров «Осы оқиғаны Қазақстан мен Украинаның екіжақты қатынастарына залал келтіретін әрекет ретінде бағалаймыз және украин тарапы мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу бойынша нақты шаралар қабылдайтынын күтеміз», — деп хабарлады.
🇺🇦 Украинаның сыртқы істер министрлігі
«бұл әрекет Қазақстарға немесе үшінші тарапқа бағытталмағанын, шабуыл мақсаты «кең ауқымды ресейлік агрессияны» тоқтату», — деп мәлімдеді.
🇷🇺 Ал Ресей Украинаның шабуылын террористік әрекетке теңеді. Осылайша, екі ел арасындағы саяси қақтығыс инфрақұрылымға шабуыл арқылы тойтарыс беруге ұласты.
🧨 Айта кетейік, осымен Каспий құбыр консорциумына бір аптада екі шабуыл жасалды.
🚢 Ұзындығы 1,5 шақырым Каспий құбыр консорциумы арқылы Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан мұнайы халықаралық нарыққа жөнелтіледі.
📊 Аталмыш құбыр бойымен Қазақстанның 80% мұнайы экспортқа жол тартады.
👍4❤3😱2🤨2
📚 Оксфорд сөздігі 2025 жылдың термині — «rage bait» деп жариялады.
🧐 Мағынасы «ашу-ыза құрбаны» дегенді білдіреді.
⏳ Оксфорд баспасының дерегіне сай, кейінгі 12 айда rage bait сөзінің қолданысы 3 есеге артқан.
📊 Бір қызығы, «rage bait» термині «aura farming», «biohack» терминдерін басып озды.
🧠 Айта кетейік, былтыр 2024-тің жыл сөзі — «brain rot» болды. Мағынасы ми шіруі, зейінді зең басу. Әлеуметтік желіде үздіксіз контент көру салдарынан ойланудан алыстаған, бір нәрсеге зер салуы қиын адам.
✅ Түйін: бұрын әлеуметтік желіде қажетті контентті адам басқарса, қазір түрлі контенттер адамды және эмоционалды жай-күйін де басқаруға көшті.
🤔 Ал сіз рейжбейтсіз бе, яғни, ашу-ыза туындату контентінің құрбанысыз ба, әлде зейінін зең басқан жансыз ба?
🧐 Мағынасы «ашу-ыза құрбаны» дегенді білдіреді.
🛑 Әлеуметтік желіде жұрттың ашу-ызасын, эмоционалды қарсы пікірін туындату арқылы статистикасын, қаралым санын арттыру үшін арнаулы контенттер дайындау — rage bait деп аталады.
⏳ Оксфорд баспасының дерегіне сай, кейінгі 12 айда rage bait сөзінің қолданысы 3 есеге артқан.
📊 Бір қызығы, «rage bait» термині «
📍
aura farming — жасанды образ арқылы жағымды байланыс құру. Яғни, рухани, психологиялық тұрғыдан өзін мінсіз, сенімді адам ретінде көрсету. Сол арқылы көптің ықыласына бөленуге ұмтылыс.
📍
biohack — биологиялық ритмге сай өнімділікті арттыру. Физикалық және интеллектуалды тұрғыдан мықты болу үшін ми мен ұйқы режимін реттеп, ағзаға қажетті витаминдерді толықтыру.
🧠 Айта кетейік, былтыр 2024-тің жыл сөзі — «brain rot» болды. Мағынасы ми шіруі, зейінді зең басу. Әлеуметтік желіде үздіксіз контент көру салдарынан ойланудан алыстаған, бір нәрсеге зер салуы қиын адам.
✅ Түйін: бұрын әлеуметтік желіде қажетті контентті адам басқарса, қазір түрлі контенттер адамды және эмоционалды жай-күйін де басқаруға көшті.
🤔 Ал сіз рейжбейтсіз бе, яғни, ашу-ыза туындату контентінің құрбанысыз ба, әлде зейінін зең басқан жансыз ба?
👍4❤2🔥1
💵 Тұтынушылық несие талаптарына өзгеріс енгізілді
💡Аталмыш реформаның басты мақсаты — халықтың шамадан тыс қарыз алуын азайту, шағын және орта бизнес кәсіпкерлерін несие алуға ынталандыру.
🚫 Яғни, аз сома, жоғары пайызбен қарыз алу азая түседі.
❗️Еске салайық, енді банк несиесін төлерде 1 ай кешіктірсеңіз, ал МҚҰ несиесін 1 күн кешіктірсеңіз, келесі жолы сізге несие берілмейді.
📌 Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің шешіміне сәйкес, 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап жаңа талаптар күшіне енеді және жылдық тиімді мөлшерлеме (ГЭСВ) ең жоғары 40%-дан аспауға тиіс.
💡Аталмыш реформаның басты мақсаты — халықтың шамадан тыс қарыз алуын азайту, шағын және орта бизнес кәсіпкерлерін несие алуға ынталандыру.
🚫 Яғни, аз сома, жоғары пайызбен қарыз алу азая түседі.
✅ Демек, енді банктер, микро-қаржы ұйымдары
🔹
тұрақты ресми табысы бар,
🔹
қарыз көлемі табысының 50%-ынан аспайтын,
🔹
несие тарихы жақсы,
🔹
салық декларациясын уақытылы тапсыратын
азаматтарға ғана несие береді.
❗️Еске салайық, енді банк несиесін төлерде 1 ай кешіктірсеңіз, ал МҚҰ несиесін 1 күн кешіктірсеңіз, келесі жолы сізге несие берілмейді.
👍8🔥1
🏦 Ұлттық банк мәліметі бойынша 2025 жылдың III тоқсанында жалақы өсімі жылдық есепте 10%-ға дейін азайған.
📊 Инфляция деңгейінің артуына әсерінен жалақы сомасы төмендеген.
🔴Демек, экономикалық өсім артса да, еңбекақы сомасының артуы өндіріс тиімділігіне сай емес.

💸 Жалақы мөлшері азайған салалар:
🏗️Құрылыс – 8,7%
💊Денсаулық сақтау – 6,5%
🏠Тұрғын үй және тамақтану қызметі – 5,4%
🪚Өнеркәсіп – 1,2%
🔴Демек, экономикалық өсім артса да, еңбекақы сомасының артуы өндіріс тиімділігіне сай емес.
👍5🤨3🔥1
💰Биржада доллар бағамы 500 теңгеден азайды
🔴 4 желтоқсанда, сағат 15:38-де MIG айырбастау пункттерінде долларды сатып алу, сату 502,1 және 504,7 теңгеге жетті.
🏦 Алматы айырбастау пункттерінде сағат 15:55-те долларды сатып алу бойынша орташа бағам шамамен 501,5 теңге, ал сату бағамы 504,1 теңге.
🟢 4 желтоқсан күндіз 15:30-да Қазақстан қор биржасы (KASE) бағамы бойынша доллар 499,65 теңге болды.
🔴 4 желтоқсанда, сағат 15:38-де MIG айырбастау пункттерінде долларды сатып алу, сату 502,1 және 504,7 теңгеге жетті.
🏦 Алматы айырбастау пункттерінде сағат 15:55-те долларды сатып алу бойынша орташа бағам шамамен 501,5 теңге, ал сату бағамы 504,1 теңге.
❤5🤨2
Forwarded from 🇰🇿 ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ
$1 = 500 теңге
$1 = 1500 вон
Теңгенің түп төркінін танып тұрсыз. Вон — Оңтүстік Корея ақшасы. Долларға шаққандағы екеуінің қазіргі курсы «дөңгелектеп» алынған. Негізі ресми бағамдар соған шамаласады.
Не айтқымыз келді? Біз курс сәл өзгерсе, қатты қобалжитын елміз. Енді салыстырып көріңізші: әлемдегі ең күшті дамыған елдің бірі Оңтүстік Кореяның ұлттық ақшасы доллар алдындағы позициясын 1500 вонға дейін беріп қойған!
Ал! Бұл қалай сонда? Неге олар біз секілді даурықпайды? Неге сонда да экономикасы күшті? Қалай дамып жатыр? Несімен озып тұр?
Мәселе — сапалы экономикада болып тұр. Өсімі жақсы, тұрақты экономикада валюта курсы аса маңызды рөл атқармайды. Біз, мысалы, осы Оңтүстік Кореяны, Жапония мен ЕО елдерін дамыған елдер санатына жатқызамыз. Неге?
Біріншіден, олар ел/халық тұтынатын негізгі тауарларды өздері өндіреді. Екіншіден, импортқа тәуелді емес. Үшіншіден, жалақы тұрақты. Төртіншіден, экономика әртараптанған, бизнестің күні өзге валютаға қарап тұрған жоқ. Бесіншіден, технология, индустрия, бәрі — өз қолында.
Мысалы, корей елінде 1 доллар 1400 вонға тең дедік. Бірақ одан елдің тұрмысы тұралап жатқан жоқ. Неге? Өйткені олардың өмір сапасын долларға қарамайтын мықты экономика ұстап тұр.
Басқасын айтпағанның өзінде, Samsung, Hyundai, LG сияқты алыптарды білеміз. Технологияны өзі шығаратын елдің экспорты да қуатты болады. Көлік, электроника, чип секілді түрлі жабдықтарды көптеп сыртқа шығара алатындығымен күшті. Валюта құнсызданса да, елдің табысы құлдырамайды. Дамыған ел дейтініміз сол.
Ал дамушы елдерде (соның ішінде Қазақстанда) неге курс маңызды? Себебі ел/халық тұтынатын негізгі тауарлардың басым бөлігі — импорт. Өндіріс толық дамымаған. Дәрі-дәрмек, киім-кешек, техника, құрылыс материалы, бәрі — сырттан. Импорт қымбаттаса, курс құбылса, баға бірден өседі. Бизнес те сырттан келетін тауармен жұмыс істейтін болғандықтан, долларға «жалтақтап тұрады».
Курс өзгерсе, ел-жұрттың қобалжып кететін себебі сол. Халық оны бірден сезеді. «Инфляция — қарапайым халықтың қалтасына түсетін жасырын салық» дейтін түсінік сондайдан қалса керек.
Демек, экономикаң сапалы, әртараптанған болса, валютаның қандай болмағы аса маңызды емес, ол жәй ғана техникалық көрсеткіш. Өкінішке қарай, ешкімнен жасыра алмайтын факт — Қазақстанның экономикасы әлі де импортқа тәуелді. Өндіріс өнбегесін, халық тұтынатын тауарлардың бәрі-дерлік сырттан келеді. Сондықтан, курсқа алаңдай бермей, сапалы экономика құруға басымдық берілуі керек. Мәселенің дені айналып келіп бәрібір ішкі өндіріске тіреледі. Әр елдің/халықтың тұтыну «корзинасы» болады. Біз күнделікті не тұтынамыз? Ең болмаса, соған қарап, импорт арқылы келетін тауарлар санын қысқарта алсақ — олжа. Әйтпесе, «осы отырған отырыс...», өз өндірісіміз бен өніміміз болмаса, курсқа алаңдай береміз-ау...
https://news.1rj.ru/str/qarzhylyq_sauat

👍13🔥5❤3👎1
📊 Forbes Kazakhstan 75 үздік жеке компания рейтиңін жариялады.
1️⃣ Екі жыл қатарынан 1-орыннан бой көтерген KAZ Minerals компаниясы.
📍Ақтоғай және Бозшакөл кен орындарын, ШҚО-дағы үш жерасты кенін және Қырғызстанда орналасқан Бозымшақ мыс-алтын кеніндегі қазба байлықтарын өндіру және өңдеу инфрақұрылымы қалыптасқан.
💡 Компанияның акционерлері: Владимир Ким және Олег Новачук.
2️⃣-орынға табан тіреген «Қазақмыс» ЖШС корпорациясы үш өндірістік алаңда біріккен кеніштер мен мыс балқыту зауытын қамтиды.
📍Сонымен қатар, көшбасшы кеніштер Ұлытау, Қарағанды, Абай және Жамбыл облыстарында шоғырланған. Компаниядағы басты қаржы көзі катодты мыс сату арқылы келеді.
💡Кейінгі акционерлер Владисир Ким, Эдуард Огай.
3️⃣-орынға жайғасқан сервистік қызмет, автомобиль жасау саласындағы көшбасшы «Astana motors» компаниясы.
📍Қазақстандағы Hyundai, Subaru, BMW, MINI, BMW Motorrad, Jaguar Land Rover, Haval, TANK, Chery, Changan, BYD, Genesis, Golden Dragon, Foton сынды брендтердің ресми дистрибьюторы,Toyota мен Lexus-тың дилері. Сондай-ақ, Өзбекстандағы Hyundai-дың дистрибьюторы және BYD-дің дилері.
💡 Компанияның мажоритарлық акционері - Нұрлан Смағұлов.
✅ Ел арасында аса танымал «BI Group» 6-орында, «Magnum Cash&Carry» 7-орында, «Qazaq strоу» 16-орында, «Scat» әуекомпаниясы 17-орында, «Galanz Bottlers» 54-орында, «Баян сұлу» кондитерлік компаниясы 65-орында тұр.
🏆 Таза табыс бойынша көш басындағы үштік KAZ Minerals Plc (604,3 млрд тг), BI Group (118,1 млрд тг), «Казахмыс» (63,6 млрд тг).
1️⃣ Екі жыл қатарынан 1-орыннан бой көтерген KAZ Minerals компаниясы.
📍Ақтоғай және Бозшакөл кен орындарын, ШҚО-дағы үш жерасты кенін және Қырғызстанда орналасқан Бозымшақ мыс-алтын кеніндегі қазба байлықтарын өндіру және өңдеу инфрақұрылымы қалыптасқан.
💵 1,12 трлн теңге табыс негізгі өнім концентратты мыстан түседі. Атап айтсақ, бұл жалпы табыстың 61,7%-ы.
💡 Компанияның акционерлері: Владимир Ким және Олег Новачук.
2️⃣-орынға табан тіреген «Қазақмыс» ЖШС корпорациясы үш өндірістік алаңда біріккен кеніштер мен мыс балқыту зауытын қамтиды.
📍Сонымен қатар, көшбасшы кеніштер Ұлытау, Қарағанды, Абай және Жамбыл облыстарында шоғырланған. Компаниядағы басты қаржы көзі катодты мыс сату арқылы келеді.
💵 Дәлірек айтсақ, 983,07 млрд теңге, яғни жалпы табыстың 68,58%-ы. Мыс өнімдері Қытай, Түркияға, күміс өнімі АҚШ-қа жолданады. Ал «Қазақмыс» өндіретін барлық алтын өнімдерін ҚР Ұлттық банкі сатып алады.
💡Кейінгі акционерлер Владисир Ким, Эдуард Огай.
3️⃣-орынға жайғасқан сервистік қызмет, автомобиль жасау саласындағы көшбасшы «Astana motors» компаниясы.
📍Қазақстандағы Hyundai, Subaru, BMW, MINI, BMW Motorrad, Jaguar Land Rover, Haval, TANK, Chery, Changan, BYD, Genesis, Golden Dragon, Foton сынды брендтердің ресми дистрибьюторы,Toyota мен Lexus-тың дилері. Сондай-ақ, Өзбекстандағы Hyundai-дың дистрибьюторы және BYD-дің дилері.
🚘 Astana Motors жыл сайын 120 мың автокөлік құрайды.
💡 Компанияның мажоритарлық акционері - Нұрлан Смағұлов.
✅ Ел арасында аса танымал «BI Group» 6-орында, «Magnum Cash&Carry» 7-орында, «Qazaq strоу» 16-орында, «Scat» әуекомпаниясы 17-орында, «Galanz Bottlers» 54-орында, «Баян сұлу» кондитерлік компаниясы 65-орында тұр.
❤3🔥1
💎 Әлемдегі ең бай адамдардың байлығы жер бетіндегі жалпы кедей халықтың жартысына тиесілі байлықтан 3 есе көп
📈 Жаңа зерттеуге сәйкес, әлемдегі ең бай 0,001% адам әлем халқының төменгі 50%-ы бірігіп иеленген байлықтан үш есе көп қаражатқа ие.
💬 Экономист Джозеф Стиглицтің айтуынша, бұл алшақтықты азайту үшін прогрессивті салықтар мен әлеуметтік инвестицияларды арттыру керек.

💰Мультимиллионерлердің орташа капиталы шамамен 1 млрд еуроға жетсе, тұрмысы төмен 50% халықтың орташа байлығы бар болғаны 6500 еуро шамасында. 🔴 Зерттеу табыс пен байлықтың әділетсіз бөлінгеніне дәлел, яғни, адамдардың 10%-ы ғана ең көп байлыққа иелік етеді.
💬 Экономист Джозеф Стиглицтің айтуынша, бұл алшақтықты азайту үшін прогрессивті салықтар мен әлеуметтік инвестицияларды арттыру керек.
👍5🤨4❤1
Теңгеге не болғаны және не болары хақында
Әлемде пайда болған бір сәттік қазақ арбитражы. ФРС сызған траектория теңгеге қалай әсер етеді?
🌀Күні тым ерте бататын елде өмір сүрудің бір пайдасы бар. Кешке қарай осындай елдердің халқы кенеттен өз болашағына алаңдай бастайды да, салмақты сараптаманы оқуға кәдімгідей кірісетінін байқадым. Мен сияқты авторларға лайфхак - сараптама жазбаңызды кешкі 9-дан кейін жариялаңыз.
АҚШ Федералды резерв жүйесінің ішіндегі біршама тартыстан кейін "көгершіндер" "қырандардан" дауыс саны бойынша асып түсіп, ФРС ставкасы 0,25 пайызға, немесе қаржыгерлер тілімен 25 базисті пунктке төмендейді деген пікір басым. Менің ойымша, дәл осылай болады. Нақтысын ертең біле аламыз.
Әр айтқан терминімді түсіндіріп отырайын. Сонда сізге пайдасы зор болады және көзіңіз ашыла бастайды.
🔸 1 базисті пункт 0,01 пайызға тең. Сонда 25 базисті пункт, кейде оны қаржыгерлер б.п. деп қысқартып айтады, 0,25% дегенді білдіреді. Қазір ФРС ставкасы 3,75-4% диапазонында болса, және ол ертең 0,25 пайызға түссе, онда 3,5-3,75% коридорында болады. Демек, долларлық кредиттер арзандайды, доллардың құны түседі, АҚШ суверенді облигацияларының (трежерис) табыстылығы мен американ банктері депозиттерінің проценті төмендейді. Осы кезде инвесторлар мен спекулянттар керісінше акциялар, алтын, крипта, дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары сынды кірістілігі жоғарырақ құралдар іздей бастайды.
Бағана көгершіндер мен қырандар туралы айттым. Бұл шын құстар емес. Қаржыгерлер тілінде макроэкономиканың бір-біріне қарама-қарсы екі позициясы. Көгершіндік позиция дегеніміз, базалық ставканы төмен ұстап, сол арқылы кредиттерді арзан қылып, ақша жинауды емес, жаратуды тиімді қылу. Сонда бизнес пен тұтынуға ақша көп келеді де, соның есебінен экономика өсе бастайды. Депозиттер мен облигациялар тиімсіз болады. Адамдар бизнеске, компаниялардың акцияларына көбірек жұмсайды. Мұнда бәрі жақсы, бірақ инфляция, яғни қымбатшылықтың күрт арту қаупі бар.
"Қырандар" позициясы тура керісінше. Олар инфляцияны қатаң шекарада ұстау үшін, базалық ставканың жоғары деңгейде болғанын қалайды. Макрорезервтер көп болғанын, қатаң үнемдеу режимін, халық депозитте, ал инвесторлар облигацияларда отырғанын құп көреді. Сонда нарықтан артық ақша кетіп, тұтыну, ысырап азаяды. Инфляция төмен болады.
⏳ Қазір Федералды резерв жүйесінде көгершіндік позиция басым. Бір сөзбен айтқанда олар экономикалық өсім мен тұтыну белсенділігін инфляцияның төмен болуынан жоғары қойып отыр.
ФРС шешімінен кейін әлемнің ірі экономикаларындағы орталық банктер де ақырындап ставкаларын босаңсыта бастамақ. Олардың облигацияларының кірістілігі төмендейді деген сөз. Кеше Әзірбайжан ставкасын сәл түсірді. Дәл осы кезде әлемдегі спекулянт/инвесторлар экономикасы тұрақты, резерві мол, нарығы ашық және валютасы еркін конверттелетін, ең бастысы мемлекеттік облигациялары жақсы табыстылық беретін дамушы ел іздей бастайды. Инфляцияны тұншықтыру үшін базалық ставканы 18 пайыздан түсірмей, қырандар позициясынан айнымай отырған Қазақстан нөмірі бірінші кандидатқа айналып шыға келді. Себебі біздің теңгелік мемлекеттік облигациялардың табыстылығы жылдық 19-20%-ға дейін жетіп отыр. Демек, әлемдік нарықта арбитраж (вилка) пайда болды және инвесторлар бұдан жақсы табыс көре алады. Олардың теңгеге деген сенімі біздің мол халықаралық резервімізбен байланысты. Инвесторлар шок жағдайында Ұлттық Банктің интервенция жасап, теңге бағамын жайлы деңгейде ұстап қалатынын біледі. Теңге сәл құбылса да, 20% кірістілік барлық шығындарды жауып, үстіне доллармен кемінде 7-8% таза кіріс алып келуі тиіс.
✅Сондықтан спеку-инвесторлар теңгелік облигацияларды сатып алу үшін біздің биржаға долларларын алып келіп, оны теңгеге айырбастай бастады. Қазан-қараша айында олар 1,1 миллиард доллар алып келді. Ал желтоқсан-қаңтарда осы сома екі есеге өсуі мүмкін.
📊Теңгеге сұраныс артқан соң, USD/KZT жұбында теңгенің күш алып, курсы нығаятыны заңды. Біз өткенде көрген нығаю фактісі осыған байланысты.

👍7🔥4❤2
Егер ФРС ертең ставканы түсірсе, жаңасын былай қойғанда біздің б/у облигацияларымыздың өзіне шетелдік инвесторлардың сұранысы күрт артатын болады. Қыркүйек айынан бері қайталама нарықтағы мемлекеттік облигациялардың (меукам) кемінде 40 пайызын шетелдіктер иеленіп келеді. Биыл Қаржы министрлігі облигациялар орналастыру арқылы кем дегенде 8 триллион теңге тартты.
Осыған қатысты, нарықтың өзі теңгенің құлдырауына жол бермейтін болады. Бірақ таяқтың екінші ұшы бар. Инвесторлар қарық болып жатқан 20% суперкірістілік банкетінің счетын кім жабады? Әрине, мемлекет. Биыл біз ескі облигацияларды жабу, оның купондық сыйақысын төлеу, басқа да қарыздарды қайтаруға бюджеттен 3,5 триллион теңге жұмсадық. Облигацияның кіріс пайызы жоғары болған сайын, біз қайтаруымыз тиіс қарыз сомасы көбейе береді.
Екіншіден. Антиинфляциялық құрал ретінде мемлекеттік облигациялар ішкі нарықтан артық ақшаны алып тастауға жұмыс істеуі тиіс. Шетелдік ақша сырттан көп келіп, облигацияларға ауыз салса, онда мемлекеттік құнды қағаздардың антиинфляциялық эффектісі әлсіреп қалады. Ол тек теңге курсына жағымды әсер танытпақ.
🔴 Тым күшейген теңге Ұлттық қорды сорлатады. Себебі келесі жылы бюджет қажеттілігі үшін Ұлттық қордан 2,2 триллион теңге алынады деп бекітілген. Үкімет жоспарлаған базалық сценарийде курс 540 деп есептеліп, 2,2 триллион теңге трансфертіне 4,07 миллиард доллар жұмсалады деп есептелді. Ал егер доллар 500 теңге болып орнықса, онда Ұлттық қордан 4,4 миллиард долларды жаратуға тура келеді. Бұл 320 миллион доллар артық шығын.
Міне алыстағы Америкадағы Федералды резерв жүйесінің бір шешімі бізде осындай құбылыстар тудыра алады. Бұл маңызды ма? Әрине маңызды. Енді сізге біршама жайт түсінікті болды деп ойлаймын. Келесі пост мұнай инверсиясына арналады. Ооо, ол феноменалды тақырып. Менімен бірге болыңыздар.
Авторы: Айбар Олжай.

🔥14👍7
🍇 Қазақстанның жеміс-жидек нарығында Қытайдан импортталатын өнім көбейді. Тіпті, Өзбекстанды басып озды.
САЛЫСТЫРУ
🌽 Бұған дейін елімізге көкөніс пен жеміс жеткізуде көшбасты Өзбекстан еді.
🇨🇳 2025 жылдан бастап Қытайдың бәсі басым түсті.
📊Кейінгі 9 айда Қытайдан әкелінетін көкөніс пен жемістің үлесі 39%-ға артып, импорт құны 181,7 млн долларға жетті.
✅Қытайдан импорт 1 жылда 2,2 есе өсіп, көлемі 401 мың тоннаға жетті.
📊 Ал Өзбекстаннан жөнелтілетін өнім деңгейі 12%-ға азайып, құны 128,6 млн доллар болды.
✅1 жылда Өзбекстаннан импорт көлемі 360 мың тоннаға тең.
⚖️ НЕ СЕБЕП?
🔄 ЖАЛПЫ ЖЕМІС ИМПОРТЫ
💵 Еліміздегі көкөніс пен жеміс-жидек импортының құны 3,2%-ға өсіп, 559,7 млн $ болды.
ИМПОРТ VS ЭКСПОРТ
🍋 Биыл қаңтар-қыркүйек аралығында елімізге 100,9 мың тонна цитрус жемістер жөнелтілді.
⚖️ Бұл былтырғы көрсеткіштен 3,2%-ға артқан. Ал импорт құны 49,7 миллион $ жетті.
🇰🇿 Қазақстаннан экспортталатын цитрус өнімдерінің көлемі 7,7 мың тонна.
⚖️ Былтырғыдан 2,6 есе көп, табыс 1,9 миллион $ болды.
💭Ал сіз қандай жеміс, көкөністі және қай елден келген түрін жиі сатып аласыз? 👇🏼
Талдауды толық оқып, комментке сіз қай елден келген жеміс түрін жиі сатып алатыныңызды жаза кетіңіз👇🏼
САЛЫСТЫРУ
🌽 Бұған дейін елімізге көкөніс пен жеміс жеткізуде көшбасты Өзбекстан еді.
🇨🇳 2025 жылдан бастап Қытайдың бәсі басым түсті.
📊Кейінгі 9 айда Қытайдан әкелінетін көкөніс пен жемістің үлесі 39%-ға артып, импорт құны 181,7 млн долларға жетті.
✅Қытайдан импорт 1 жылда 2,2 есе өсіп, көлемі 401 мың тоннаға жетті.
📊 Ал Өзбекстаннан жөнелтілетін өнім деңгейі 12%-ға азайып, құны 128,6 млн доллар болды.
✅1 жылда Өзбекстаннан импорт көлемі 360 мың тоннаға тең.
⚖️ НЕ СЕБЕП?
Қытайдың Өзбекстанды басып озуына әсер еткен басты фактор:
🥔 картоп импорты (33,4 млн $, 136 мың т.),
🍇 жүзім импортының екі есеге артуы (22,8 млн $, 34,9 мың т.).
📊
Жалпы Қазақстан нарығындағы барлық жеміс-жидек және көкөністің
55%-ы
ҚХР мен Өзбекстанның үлесі.
🔄 ЖАЛПЫ ЖЕМІС ИМПОРТЫ
💵 Еліміздегі көкөніс пен жеміс-жидек импортының құны 3,2%-ға өсіп, 559,7 млн $ болды.
🔴Соның ішінде тұтынушылар жиі сатып алатын
🍌банан (49,5 млн доллар),
🥔картоп (46,3 млн доллар), 🍅қызанақ (42,7 млн доллар), 🍇жүзім (34,3 млн доллар), пияз (32,2 млн доллар),
🍏алма (32,1 млн доллар),
🍊цитрустық жемістер (31,2 млн доллар),
🍑шабдалы (26,6 млн доллар) және т.б. өнімдер бар.
ИМПОРТ VS ЭКСПОРТ
🍋 Биыл қаңтар-қыркүйек аралығында елімізге 100,9 мың тонна цитрус жемістер жөнелтілді.
⚖️ Бұл былтырғы көрсеткіштен 3,2%-ға артқан. Ал импорт құны 49,7 миллион $ жетті.
🇰🇿 Қазақстаннан экспортталатын цитрус өнімдерінің көлемі 7,7 мың тонна.
⚖️ Былтырғыдан 2,6 есе көп, табыс 1,9 миллион $ болды.
💭Ал сіз қандай жеміс, көкөністі және қай елден келген түрін жиі сатып аласыз? 👇🏼
🤷♂2🤨1
📲 Мобильді аударымдар бақыланады
📊 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық есепшоттағы мобильді аударымға қатысты жаңа талаптар енеді.
💸 Мобильді аударымдар қандай жағдайда салықтық бақылауға ілігеді?
📍1 адамға 3 ай бойы кем дегенде 100 рет (одан көп) әртүрлі қолданушыдан ақша аударымы келсе;
📍 осы 3 ай аралығында түскен қаражат көлемі 1 миллион жетсе;
🔴 Сондай-ақ ол мобильді аударымдар арқылы 1 миллион теңгеден астам қаражат алғандар міндетті түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс деген ақпараттың жалған екенін ескертті.

💬 Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуына қарағанда, мобильді аударымдарды бақылауға алу, тексеру ісі тек нақты бекітілген ереже бойынша жүзеге асады.
💸 Мобильді аударымдар қандай жағдайда салықтық бақылауға ілігеді?
📍1 адамға 3 ай бойы кем дегенде 100 рет (одан көп) әртүрлі қолданушыдан ақша аударымы келсе;
📍 осы 3 ай аралығында түскен қаражат көлемі 1 миллион жетсе;
✅
Осы жағдайда ғана азамат салықтық бақылауға алынады. Екінші деңгейлі банктер мұндай деректерді фискалдық бақылау үшін ұсынады. Біз жеке тұлғалардың есепшоттарын жаппаймыз. Аталған шығындар бойынша хабарлама жолдап, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажет пе, әлде қайырымдылық көмек басқа жағдайлар бар ма, соның барлығы ескеріледі. Есепшоттарды автоматты түрде жабу қарастырылмаған, - деді қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Үкіметтегі брифинг барысында.
🔴 Сондай-ақ ол мобильді аударымдар арқылы 1 миллион теңгеден астам қаражат алғандар міндетті түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс деген ақпараттың жалған екенін ескертті.
❤4👎1🔥1
📌Зейнетақы жинағындағы қаражатқа тіс, көз емдетуге тыйым салынды.
Зейнетақы жинағынан артық ақша алу үшін есепшотта қанша қаражат болу керек?
🎯 Басты талап – зейнетақы жинағындағы қаражат ең төменгі жеткілікті шектен (ТЖШ) асу қажет.
❓Ең төменгі жеткілікті шек деген не?
Бұл – айлық зейнетақының ең төменгі мөлшерінен төмен емес көлемде қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының ең төменгі мөлшері.
✅ ҚЫСҚАША, ТШЖ – зейнеткердің айлық зейретақысы ең аз зейнетақы сомасынан кем болмауы үшін жинақталуға тиіс қаражат көлемі.
🟢 2026 жылы ТЖШ 10%-ға өседі. Әр жас санаты бойынша ТЖШ мәндері:
2️⃣0️⃣ жас - 3 720 000 теңге
3️⃣0️⃣ жас - 5 120 000 теңге
4️⃣0️⃣ жас - 6 720 000 теңге
5️⃣0️⃣ жас - 8 570 000 теңге
6️⃣0️⃣-6️⃣2️⃣ жас - 10 700 000 теңгеден жоғары
📊 ТЖШ өсуі тұрғын үй нарығына әсер етуі мүмкін. Өйткені, кейінгі жылдары зейнетақы жинағынан ақша алу жылжымайтын мүлік бағасының артуына ықпал еткен.
2021 жылдан бері зейнетақы жинағын
🏡 тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін,
💉медициналық ем алу үшін жұмсауға рұқсат.
🛑 Бірақ кейінгі айларда стоматология мен офтальмология қызметтеріне қаражат алу шектелді.
📑 Бұған себеп – 200 млрд теңгеден астам қаржының жалған медициналық құжаттар арқылы жұмсалуы.

💸 ТЖШ қалай анықталады?
• ең төменгі жалақы сомасына;
• әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге;
• инвестициялық кірістерге сай анықталады.
ҚР “2026-2028 жж республикалық бюджет туралы” заңына сәйкес,
🔹ең төменгі жалақы – 85 000 тг;
🔹зейнетақының ең төмен мөлшері – 69 049 тг;
🔹ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 тг.

❤4😐2👎1