Ruslan Zheldibay – Telegram
Ruslan Zheldibay
3.58K subscribers
48 photos
1 video
7 links
ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы

Помощник – Пресс-секретарь Президента РК
Download Telegram
Развитие транспортно-логистического потенциала страны

✔️В фокусе особого внимания Главы государства остается расширение транспортно-логистического потенциала Казахстана и превращение его в крупнейший логистический и транзитный хаб в Евразии.

✔️В 2025 году начата работа по ремонту и строительству 13 тысяч км автомобильных дорог.

✔️Реализуются новые проекты протяженностью 1,9 тысячи км, включая стратегически важную трассу Центр – Запад и участки Караганда – Жезказган, Актобе – Улгайсын, Атырау – Доссор.

✔️По поручению Главы государства строятся три новых аэропорта в Зайсане, Катон-Карагае и Кендерли, начато восстановление аэропорта в Аркалыке.

✔️Президентом поддержана инициатива по созданию первого национального грузового авиаперевозчика для использования транзитного потенциала страны и выхода на мировой рынок.

✔️2025 год ознаменовался приходом новых авиакомпаний и запуском более 35 новых маршрутов, в том числе прямых рейсов в Шанхай, Гуанчжоу и Мюнхен.

✔️Ведется строительство ключевых железнодорожных магистралей – вторых путей Кызылжар – Мойынты, обводной дороги вокруг Алматы, новой линии Дарбаза – Мактаарал и Бахты – Аягоз.

✔️Проводится работа по модернизации 124 вокзалов по всей стране.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Отандық агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін нығайту

🟦Аграрлық саланы дамыту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдықтарының бірі. Президент атап өткендей, «Ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне ауыл-аймақтарды, яғни бүкіл елді дамыту деп қараған жөн».

🟦Мемлекет басшысы қараша айында өткен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің ІІ форумында мал шаруашылығын дамыту, ауылшаруашылық жерлерін оңтайлы пайдалану, судың тиімділігін арттыру, ирригациялық жүйелерді жаңғырту, агроөнеркәсіпті қаржыландыру тәсілдерін жетілдіру, саланы цифрландыру, өнімді терең өңдеу секілді бірқатар негізгі міндеттерді айқындады.

🟦Жыл басынан бері аграрлық саладағы негізгі капиталға құйылған инвестиция 20 пайызға ұлғайып, 790 миллиард теңгеге жетті. Соңғы үш жылда еңбек өнімділігі 37,3 пайызға артты.

🟦Биыл елімізде алғаш рет ауыл шаруашылығына жеңілдікпен берілген несие көлемі 1 триллион теңгеден асты.

🟦Бүгінде ауылшаруашылық техникаларына ішкі сұраныстың 90 пайызын отандық өндіріс қамтамасыз етеді. Еліміздегі 10 зауытта әлемге белгілі брендтердің 19 түрлі техникасы құрастырылады.

🟦Агроөнеркәсіп өнімдері 70 елге экспортталады. Оның жалпы құны 5 миллиард доллардан асады.

🟦Биыл диқандарымыз 27 миллион тонна астық жинады. Ел қамбасын толтыруға барлық өңір атсалысты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Укрепление потенциала отечественного АПК

🟦Развитие аграрной сферы остается одним из стратегических приоритетов государственной политики. Как отметил Глава государства, «Прогресс сельского хозяйства – это развитие сел, регионов, а значит, и всей страны».

🟦В ноябре состоялся II форум работников сельского хозяйства, на котором Президент обозначил ряд основных задач – развитие животноводства, эффективное использование сельскохозяйственных земель, повышение водоэффективности и модернизация ирригационных сетей, совершенствование методов финансирования АПК, цифровизация отрасли, приоритет производства продукции глубокой переработки.

🟦С начала 2025 года инвестиции в основной капитал в аграрной отрасли увеличились более чем на 20%, достигнув 790 млрд тенге. Производительность труда за три года выросла на 37,3%.

🟦В этом году объем льготного кредитования сельского хозяйства впервые в истории страны превысил 1 трлн тенге.

🟦Сегодня 90% внутреннего спроса на сельхозтехнику обеспечивается за счет казахстанского производства.

🟦На 10 заводах страны, в том числе на предприятиях всемирно известных брендов, собирают 19 видов техники.

🟦Продукция АПК экспортируется в 70 стран на общую сумму более 5 млрд долларов.

🟦Отечественными аграриями собран рекордный урожай – 27 млн тонн зерна. Все регионы внесли весомый вклад в пополнение закромов страны.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту

🟦Президент биылғы Жолдауында Қазақстанды алдағы үш жылдың ішінде толық цифрлық мемлекетке айналдыру жөнінде стратегиялық міндет қойған еді.

🟦Еліміздің цифрлық экожүйесін қалыптастыру аясында Президент тапсырмасымен қыруар шаруа атқарылды.

🟦«Жасанды интеллект туралы» Заңның қабылдануы – аталған саладағы жаңалықтың бірі. Осылайша, Қазақстан ЖИ саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге заң жүзінде негіз қалаған әлемдегі алғашқы елдердің қатарына енді.

🟦Аталған саладағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мақсатында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды.

🟦Президент шілде айында Астанада Аlemcloud ұлттық суперкомпьютерін ресми түрде іске қосты. Қараша айындағы тестілеу нәтижесінде аталған жүйе суперкомпьютерлердің әлемдік TOP-500 рейтингінде 86-орынға ие болды.

🟦«Қазақтелеком» АҚ Алматыға екінші Al‑Farabium суперкомпьютерін жеткізді. Ол жаһандық рейтингте 103-орынға табан тіреді.

🟦Президент, ең алдымен, білікті мамандар даярлауға баса мән беру қажет деп санайды. Сондықтан елімізде ЖИ саласындағы арнаулы зерттеу университетін құруды ұсынды.

🟦Астанада Alemai халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылды.

🟦Студенттерге арналған AI-Sana бағдарламасы басталды. Сол арқылы қазірдің өзінде 440 мыңнан астам студент ЖИ саласын меңгерді.

🟦Жасанды интеллект саласындағы алғашқы қазақстандық «сыңармүйіз» стартап – Higgsfield AI пайда болды. Бұл да айтулы уақиға.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Цифровизация и развитие ИИ

🟦В нынешнем Послании Президент поставил стратегическую задачу превратить Казахстан в полноценное цифровое государство в течение трех лет.

🟦В рамках формирования цифровой экосистемы Казахстана по поручению Главы государства в сфере ИИ и цифровизации уже проделан огромный массив работы.

🟦Законодательным прорывом стало принятие Закона «Об искусственном интеллекте». Таким образом, Казахстан стал одной из первых стран в мире, на законодательном уровне закрепивших основы регулирования общественных отношений в сфере ИИ.

🟦В целях усиления координации государственной политики в сфере ИИ Президент учредил Министерство искусственного интеллекта и цифрового развития.

🟦В июле Касым-Жомарт Токаев официально запустил национальный суперкомпьютер Аlemcloud в Астане. По итогам состоявшегося в ноябре тестирования он занял 86-е место в мировом рейтинге суперкомпьютеров TOP-500.

🟦АО «Казахтелеком» осуществило поставку в Алматы второго суперкомпьютера Al‑Farabium, который расположился на 103-й позиции в глобальном рейтинге.

🟦Глава государства считает, что в первую очередь нужно сосредоточить усилия на подготовке квалифицированных специалистов. Поэтому он предложил создать в стране специализированный исследовательский университет в области ИИ.

🟦В Астане открыт Международный центр искусственного интеллекта Alemai.

🟦Для студентов запущена программа AI-Sana, по которой уже прошли обучение более 440 тысяч студентов.

🟦Знаковым событием стало появление первого казахстанского стартапа-единорога в сфере ИИ – Higgsfield AI.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жұмысшы мамандықтары жылы

🟦Президент Жарлығымен жарияланған Жұмысшы мамандықтары жылы кәсіптік білім беру саласын реформалаумен және қарапайым еңбек адамдарын дәріптеумен есте қалды.

🟦Мемлекет басшысы жыл бойы өндірісте және әлеуметтік салада еңбек ететін қызметкерлерді Ақордада қарсы алып, ерекше құрмет көрсетті.

🟦Республика күні қарсаңында өнеркәсіп және құрылыс саласында жұмыс істеп жүрген 500-ге жуық азаматқа жоғары марапат табысталды. Олардың 138-і – еңбек династиясының өкілдері.

🟦Сонымен қатар 130-дан астам педагог пен ғалым, 100-ден аса медицина қызметкері мемлекеттік наградаға ие болды.

🟦Кәсіби мерекелеріне орай көлік, энергетика, мұнай-газ, ауыл және су шаруашылығы, жедел қызметтер, білім, ғылым, мәдениет, журналистика саласының өкілдеріне ерекше сый көрсетілді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Год рабочих профессий

🟦2025 год, объявленный Президентом Годом рабочих профессий, был отмечен реформой профессионального образования и повышением престижа человека труда.

🟦В течение года в Акорде от имени Главы государства чествовали работников производства и социальной сферы.

🟦Ко Дню Республики высокие награды получили около 500 рабочих и тружеников промышленности и строительства. Среди них – представители 138 трудовых династий.

🟦Также наградами были отмечены более 130 педагогов и ученых, свыше 100 медицинских работников.

🟦Особые почести были оказаны работникам транспортной, энергетической, нефтегазовой, сельскохозяйственной отраслей, водного хозяйства, экстренных служб, образования и науки, культуры, журналистики в честь их профессиональных праздников.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Нормативтік-құқықтық актілер

✔️Биыл Мемлекет басшысы 95 Заңға, 388 Жарлыққа, 80 Өкімге, 22 отырыс хаттамасына, 3504 қызметтік құжатқа қол қойды.

✔️Олардың қатарында Бюджет, Салық, Су кодекстерінің жаңа редакциялары мен «Жасанды интеллект туралы» Заңды ерекше атап өтуге болады.

✔️Сонымен қатар Президент «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңға, сондай-ақ «Алатау қаласына даму қарқыны озық қала» арнаулы мәртебесін беру туралы» Жарлыққа қол қойды.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған шешімдері экономикалық өсімнің жаңа ортасын қалыптастыруды, Түркістанды мәдени-туристік орталыққа, ал Алатау қаласын жоғары технологиялық индустриясы бар, іскерлік хабқа айналдыруды көздейді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Нормативно-правовые акты

✔️Главой государства рассмотрено и подписано 95 законов, 388 указов, 80 распоряжений, 22 протокола заседаний, 3504 служебных документов.

✔️Особое значение имеет принятие в новой редакции Бюджетного, Налогового и Водного кодексов, Закона «Об искусственном интеллекте».

✔️Кроме того, Глава государства подписал Закон «Об особом статусе города Туркестана», а также принял Указ о придании городу Алатау специального статуса города опережающего развития.

✔️Эти решения Президента призваны создать новые точки экономического роста: превращение Туркестана в культурно-туристический центр, Алатау – в высокотехнологичный индустриальный и деловой хаб.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан

✔️Бір жыл ішінде Мемлекет басшысы 23 рет шетелге шықты.

✔️Оның ішінде Ресейге және Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды. ҚХР, Иордания, Түркия, Қырғызстан және Жапония секілді елдерге 5 ресми сапар ұйымдастырылды. Ресей (екі рет), АҚШ (екі рет), Түрікменстан (екі рет), БАӘ, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан және Қырғызстан сияқты мемлекеттерге 16 мәрте жұмыс сапарымен барды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Казахстан в системе международных отношений

✔️В течение года Президент совершил 23 зарубежных визита, включая 2 государственных визита в Россию и Узбекистан, 5 официальных визитов в КНР, Иорданию, Турцию, Кыргызстан и Японию, а также 16 рабочих визитов в Россию (дважды), США (дважды), Туркменистан (дважды), ОАЭ, Узбекистан, Азербайджан, Таджикистан и Кыргызстан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✔️Шетелдік сапарларда сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және инвестициялық ықпалдастықты нығайтуға айрықша мән берілді.

✔️Халықаралық кездесулер кезінде жалпы сомасы 70 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдер жасалды.

✔️Президент шет мемлекеттердің үкімет басшыларымен, басқа да жоғары лауазымды тұлғаларымен, халықаралық құрылымдар жетекшілерімен, іскерлік топ өкілдерімен және сарапшылармен 186 кездесу өткізді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✔️Особое внимание уделялось укреплению торгово-экономического, транспортно-логистического и инвестиционного сотрудничества.

✔️В целом по итогам международных встреч были подписаны коммерческие соглашения на сумму более 70 млрд долларов.

✔️Президент провел 186 встреч с главами правительств и другими высокопоставленными лицами зарубежных стран, руководителями международных структур, представителями деловых и экспертных кругов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✔️Қазақстан халықаралық диалогтың белсенді алаңына айналды. 2025 жылы шет мемлекеттердің басшылары Қазақстанға 30 рет cапармен келді.

✔️Олардың арасында ҚХР, Италия (екі рет), Грузия, Өзбекстан, Словения, Вьетнам, БАӘ, Руанда, Солтүстік Македония, Болгария, Словакия, Иордания, Конго Демократиялық Республикасы, Мьянма, Мажарстан, Әзербайжан, Финляндия, Эстония, Армения, Түрікменстан, Швейцария және Иран елдерінің мемлекет және үкімет басшылары бар.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев өзге де президенттермен 43 мәрте телефон арқылы сөйлесті. Бұдан бөлек, 4 ресми рәсім барысында 30 мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✔️Казахстан стал активной площадкой для международного диалога. В 2025 году главы иностранных государств совершили в нашу страну 30 визитов.

✔️Среди них лидеры и главы правительств таких стран, как КНР, Италия (дважды), Грузия, Узбекистан, Словения, Вьетнам, ОАЭ, Руанда, Северная Македония, Болгария, Словакия, Иордания, Демократическая Республика Конго, Мьянма, Венгрия, Азербайджан, Финляндия, Эстония, Армения, Туркменистан, Швейцария, Иран.

✔️Президент провел 43 телефонных разговора с руководителями зарубежных государств. Кроме того, в ходе 4 официальных церемоний Глава государства принял верительные грамоты от 30 послов иностранных государств.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🟦Бір жыл ішінде Президент өңірлерге және шет мемлекеттерге жасаған сапары барысында 168 960 шақырым жол жүрді.

🟦252 сағат уақытын ұшақта өткізді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🟦За год Президент в ходе своих визитов в регионы страны и за рубеж преодолел 168 960 километров.

🟦Время, проведенное в самолете, составило 252 часа.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Маңызды жұмыс бағыттарының бірі – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру

🟦2025 жылы Президент Әкімшілігіне 82,5 мың өтініш келіп түсті. Бүгінде азаматтардың талап-тілегін сапалы қарау үшін eOtinish жүйесінде толық цифрлық инфрақұрылым жасақталды. Оған 50 мың ұйым және 320 мың қызметкер қосылды.

🟦Өтініштерді қарау үдерісі ұдайы жетілдіріліп отырады: жасанды интеллект элементтері енгізіліп, АҚШ, Оңтүстік Корея және Сингапур секілді озық елдердің цифрлық үкімет тәжірибесі зерделенуде.

🟦Диалог офлайн-форматта да жүреді. Өңірлерде азаматтардан өтініш қабылдайтын 150-ден астам орталық жұмыс істейді. Биыл 360 мыңнан аса адамға тиісті көмек көрсетілді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Одним из приоритетных направлений работы остается реализация концепции «Слышащего государства»

🟦В 2025 году в Администрацию Президента поступило 82,5 тысячи обращений.

🟦Сегодня для качественного рассмотрения запросов создана полноценная цифровая инфраструктура: к системе «eOtinish» подключены 50 тысяч организаций и 320 тысяч сотрудников.

🟦Процесс обработки обращений постоянно совершенствуется: внедряются элементы искусственного интеллекта и изучается передовой опыт ведущих цифровых правительств, таких как США, Южная Корея и Сингапур.

🟦Немаловажно, что диалог осуществляется и в офлайн-формате: в регионах создано более 150 центров приема граждан, где квалифицированную помощь уже получили свыше 360 тысяч человек.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
5 қаңтар күні «Turkistan» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған басылымның бас редакторы, белгілі ақын, публицист Бауыржан Бабажанұлына берген кең көлемді сұхбаты жарияланады.

****

5 января в газете «Turkistan» будет опубликовано обширное интервью Главы государства Касым-Жомарта Токаева главному редактору издания Бауыржану Бабажанулы.