This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда ер адам мешітте намаз уақытын пайдаланып, ұрлық жасаған
Ол мешітке келген жамағаттан ұялы телефон, әмиян және өзге де жеке заттарын қолды қылған.
Қазіргі кезде күдікті ұсталды.
@sputnik_aitady

«Оның қылмыстық әрекетінің бірнеше эпизоды дәлелденіп, осыған ұқсас басқа да ұрлықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліпжатыр», - дейді Алатау аудандық полициясы.
@sputnik_aitady
😨4😁2❤1🤬1👀1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Залал 821 млн теңге: Павлодарда қаржы пирамидасын ұйымдастырып сотталғандарға тағы 125 адамнан арыз түсті
▪️Бұған дейін сот «HAS» қаржылық пирамидасын ұйымдастырушыларын 6 жылдан 12 жылға дейін соттаған еді.
▪️Сотталушылардан 1,2 млрд теңгеден асатын мүлік (4 пәтер, 18 автокөлік, 3 жер учаскесі, автотұрақ орындары және банк шоттарындағы қаражат) өндіріп алынды.
6 қаңтарда олардың әрекеттері қайта сараланып, оларға ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету, тағы бірнеше бап бойынша айып тағылды.

❤1😱1🤬1👌1😐1👀1
Фицо Словакия Украинаға сарбаз жібермейтінін айтты
«Егер Италия, Чехия және басқа елдерді қоспағанда, бір топ ел өз әскерлерін Украинаға жібергісі келсе, Словакия олардың бұл әрекетіне кедергі келтіре алмайды. Дегенмен үкіметті мен басқарған кезде бірде-бір словак сарбазы Украинаға көпұлтты әскери күштердің құрамында жіберілмейтінін тағы да және батыл түрде қайталаймын», - деді Словакия премьер-министрі Роберт Фицо сәрсенбіде өзінің желідегі парақшасында жарияланған бейнеүндеуінде.

❤2👍2😁1
Белгілі актер Мұрат Бисембин 54 жасқа қараған шағында өмірден озды
Бұл туралы оның қызы желідегі парақшасында жазды.
“Рэкетир” фильмінің жұлдызы қатерлі ісікке шалдығып, ұзақ күрескен болатын.
Актер 21 желтоқсанда инсульт алып, ауруханаға жеткізілген.

😭6🙏3💔1👀1
АҚШ десанты басып алған «Маринера» кемесінің экипажы 28 адамнан тұрады
Sputniklive мәліметінше, олардың 20-сы — Украина, тағы 6-ауы (капитанын қоса алғанда) — Грузия, 2-еуі — Ресей азаматы.
Кемені бастапқыда Гайана туы астында жеке саудагер жалға алған.
АҚШ жағалау күзетінің кемесі Вашингтон Гайана билігінен бұл елдің кемеге өз туын бергені туралы растау алмағанын алға тартып, кеменің АҚШ портына бет алуын талап еткен.
Алайда кеме бұл талапқа бағынбай, бағытын өзгертіп, Венесуэла жағалауынан Атлант мұхитына қарай кеткен. Жолда капитан танкердің атауын өзгертіп, Сочи портының капитанынан Ресей туына ілуге уақытша тіркеу алған. (Сочи портының капитаны мұндай уақытша тіркеу беруге құқылы болған).
Рейс таза коммерциялық сипатта болғанына қарамастан, Ресей тарапы кемеде жүрген РФ азаматтарын қорғауға қатысты барлық мәселемен айналысады.

❤2🤔2
Қазақстандықтарға салық режимін таңдауға 1 наурызға дейін уақыт берілді
2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша арнайы 3 салық режимі қалды:
▪️Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимі,
▪️Жеңілдетілген салық декларациясына негізделген арнайы салық режимі,
▪️Шаруа және фермер қожалықтарына арналған арнайы салық режимі.
Әр кәсіпкер 2026 жылдың 1 наурызына дейін салық органдарына өзі таңдаған режим туралы хабарлауы керек
Мерзімді қалай кешіктіріп алмауға болады, кешіккен жағдайда не болады және қандай салық режимін таңдаған дұрыс екені жөнінде Sputnik мақаласын оқыңыз.

Sputnik Қазақстан
Қазақстандықтарға салық режимін таңдауға 1 наурызға дейін уақыт берілді
Мерзімді қалай кешіктіріп алмауға болады, кешіккен жағдайда не болады және қандай салық режимін таңдаған дұрыс екені жөнінде Sputnik Қазақстан мақаласын оқыңыз
👍3❤2🤗1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Атыраулықтар мәйіті табылған ерлі-зайыпты жұпты жер қойнына тапсырды
Марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салуға туыстары, көршілері және ауыл тұрғындары жиналды.
▪️Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облысында бір отбасы жұмбақ жағдайда жоғалып кеткені хабарланған еді.
Полицияға Атырау тұрғыны 25 желтоқсанда ағасы мен оның отбасы бір айдан астам уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткені туралы арызбен жүгінген.
6 қаңтарда отбасының екі мүшесі ерлі-зайыпты өлі табылған.
Қалған екі адам іздестіріліп жатыр. Күдіктілер анықталды.

😢3😱2❤1🙏1
Атырауда жоғалған отбасы: күдіктіге іздеу жарияланды
Полицияның мәліметінше, күдікті – Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Сондай-ақ өзге де тұлғалардың қатысы бар-жоғы тексерілуде.
▪️Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облысында бір отбасы жұмбақ жағдайда жоғалып кеткені хабарланған еді.
6 қаңтарда ерлі-зайыптының мәйіті табылған.
Қалған екі жоғалған адам іздестіріліп жатыр.

Telegram
Sputnik Қазақстан
Атырау облысында бір отбасы жоғалып кетті
Полиция Атыраудың төрт тұрғынын іздестіруде.
25 желтоқсанда олардың бір айдан астам уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткені туралы арызбен туысы полицияға жүгінген.
Жангелді ауылының тұрғындары қарашада өз үйлерінен…

😱2😢2❤1👍1💯1👀1
Air Astana ұшағының дәретханасы істен шығып, Бейжіңге қонуға мәжбүр болды
Ұшақ бүгін Сеулден Астанаға қарай бет алған еді.
Компания мәліметінше, ұшақ Сеулден сағат 09:25-те ұшып шығып, жергілікті уақытпен 11:50-де Бейжіңге қонуға мәжбүр болды.
Мамандар дәретхананы жөндейтін қосалқы құралдар келгенде, оны жөндейді.
Рейс жергілікті уақыт бойынша 01:00-де қайта ұшады.

🤯2👀2👍1😁1😢1🤣1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Солтүстік Қазақстанда жол апатынан 4 адам көз жұмды: екеуі – кәмелетке толмаған
Қайғылы оқиға 8 қаңтар күні «Астана - Петропавловск» тас жолында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша «Toyota Camry» көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, «Shacman» жүк көлігімен соқтығысқан.
Салдарынан 24 жастағы жеңіл көліктің жүргізушісі мен 63, 17 және 14 жастағы үш жолаушысы қаза тапты.
Қылмыстық іс қозғалды.

😢4❤2🤯2😨2👍1😱1🙏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Атырауда браконьерлерді іздеуге шыққан инспекторлар мұз астына түсіп кетті
Оқиға Жайық өзенінде болған.
Олардың өмірі мен денсаулығына ешқандай зиян келмеген.
Мұз астына түсіп кеткен квадроцикл судан шығарылып, жұмыс істеп тұр, дейді мекеме басшылығы.
@sputnik_aitady
Оқиға Жайық өзенінде болған.
"Инспекторлар тиісті құрал-жабдықпен қамтамасыз етілгендіктен дер кезінде қауіпсіз жерге шықты", - дейді инспекция.
Олардың өмірі мен денсаулығына ешқандай зиян келмеген.
Мұз астына түсіп кеткен квадроцикл судан шығарылып, жұмыс істеп тұр, дейді мекеме басшылығы.
@sputnik_aitady
😁4😱2😢2🙏2👀2👍1🤯1
🇷🇺🇺🇸Ресей сыртқы істер министрлігі АҚШ-ты Маринера танкеріне қарсы заңсыз әрекеттерді дереу тоқтатуға шақырды
Ведомство АҚШ-тың өзінің ұлттық «санкциялар туралы заңнамасына» сілтемелерін негізсіз деп атады.
«Біржақты америкалық шектеулер заңсыз және ашық теңіздегі кемелерді тәркілеуді ақтай алмайды», - делінген мәлімдемеде.
Маринера кемесіне қатысты АҚШ билігінің оның Ресейге тиесілілігі және кеменің азаматтық мәртебесі туралы бірнеше рет сенімді ақпарат алғанын атап өтті.
Ашық теңізде кемені тоқтату және тексеру тек қарақшылық немесе құл саудасы сияқты негіз болған кезде ғана мүмкін болады, бұл Маринераға қатысты емес, деп қосты ведомство.

👍4❤1🔥1🤯1🙏1😇1
Ұлттық қордан балаларға бөлінген ақша есепшотқа қашан түседі?
Кезекті төлем балалардың есепшотына 1 ақпаннан кешіктірілмей аударылады.
Қазіргі таңда төлемнің нақты сомасы бекітілмеген.
Ақшаны 18 жасқа толғаннан кейін білім алуға немесе тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында алуға болады.
▪️Өткен жылы әр балаға 129,4 доллар көлемінде қаржы аударылған.

👍4🥰1👏1🙏1💯1👀1😇1
Елімізде салынатын ойын аймақтарына тек шетелдік туристер кіре алады
Қазақстандықтарға бұл ойын залдарына кіруге тыйым салынады.
Бұл мақсатта Маңғыстау, Жетісу және Алматы облыстары қарастырылып отыр.
Туризм министрлігі бұл өңірлерде өткізген зерттеудің нәтижесін жариялады.
Мәселен, Маңғыстау тұрғындарының 46%-ы, Жетісу – 67%-ы, Алматы облысында 54,5%-ы шетелдіктерге арналған казино салу бастамасын қолдаған.
Зерттеуге сәйкес ойын аймақтарынан жылына 10 млрд теңгеге жуық салық түседі деп болжанып отыр.

👍4❤3💯2🤣2👏1😁1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Шымкентте 1 млрд теңгеден асатын мұнай өнімдерін ұрлап сатқандар ұсталды
Қылмыстық схемаға мұнай өңдеу зауытымен байланысты кәсіпорындардың қызметкерлері тартылған.
Ұрланған отын ұйымдастырушыларға тиесілі бірнеше базаның аумағында сақталған.
Тінту кезінде қомақты ақша мен 17 тоннадан астам жанар-жағармай тәркіленді.
Қылмыстық іс аясында Шымкент мұнай өңдеу зауыты қызметкерлерінің қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

👍4🤯2👏1😱1🤬1👀1
🇧🇪🇺🇦Бельгия Украинаға жіберілетін әскерилердің санын атаудан бас тартты
Корольдіктің премьері Барт де Вевер Бельгия Украинада бейбіт келісім жасалған жағдайда «ниеттестер коалициясы» күштеріне қатысуға дайын екенін мәлімдеді.
«Украинада бейбітшілік орнап, атысты тоқтату режимі енгізілгеннен кейін біз контингент жібереміз. Мен нақты мүмкіндіктер мен сан жөнінде пікір білдірмеймін», - деп жазды ол.

Ақмола облысында пойыз әйелді қағып өлтірді
Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 8 қаңтар күні Көкшетауда болды.
Келіншек теміржол рельстерін рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған.
Полиция қылмыстық іс қозғады.
Тергеу жүріп жатыр.

👍1🤯1😱1😢1💔1😨1
Алматы мектептері елде әзірленген BilimClass электронды журналын пайдаланады
Мектептер оған 2025-2026 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап ауысады, деп хабарлады қаланың білім басқармасы.
BilimClass-ты Қазақстанның 11 өңірінде 2,5 млн оқушы мен 350 мың мұғалім пайдаланады.
Қолданбада сабақ кестесі, қатысуы, оқу үлгерімі және үй тапсырмасы туралы толық ақпарат бар.
Аталмыш жүйеде жұмыс істеу үшін қысқы демалыс кезінде мұғалімдер дайындықтан өткен.

👍2❤1🔥1👏1🙏1💯1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қызылордада ер адам көршісі мен оның 34 жастағы қызын пышақтап тастаған
Екеуі де алған жарақатынан көз жұмды.
Қайғылы оқиға 8 қаңтарға қараған түні болған.
Полицейлер күдіктіні қылмыс орнында ұстады.
Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

😱2😢2😨2👍1🤯1🙏1
Қазақстан мемлекеттік сатып алулар саласын 100% цифрландырды
Бұл туралы «ЕАЭО елдерінің мемлекеттік сатып алулары» атты 2024 жылға арналған аналитикалық шолуда айтылған.
Комиссия мәліметінше, 2024 жылы ЕАЭО шеңберіндегі мемлекеттік сатып алулардың жалпы көлемі 143,5 млрд долларды құрады
@sputnik_aitady
Бұл туралы «ЕАЭО елдерінің мемлекеттік сатып алулары» атты 2024 жылға арналған аналитикалық шолуда айтылған.
«5,6 млн мемлекеттік сатып алу рәсімі өткізілді, олардың шамамен 70%-ы электронды форматта жүзеге асырылды. Бұл ЕАЭО елдерінде жалпы алғанда осы саланың жоғары деңгейде цифрландырылғанын көрсетеді. Ең жоғары көрсеткіш Қазақстан мен Қырғызстанда – 100%, Ресейде – 72,4%», - деп хабарлады ЕЭК.

👍1🔥1😁1🤯1💯1🤣1