DATA HUB Қазақша – Telegram
DATA HUB Қазақша
203 subscribers
718 photos
1 video
403 links
DATA HUB Powered by FCBK

Қаржылық, қаржыға жақын және әлеуметтік тақырыптар бойынша ең өзекті деректері бар аналитикалық арна.
Осында барлық нарықтық талдаулар бар.

Иесі – Бірінші кредиттік бюро.

Байланысу үшін - @DataHubFCBK_bot
Download Telegram
Алтын бағасы алғаш рет 35 мың тг асты

24 маусымдағы бағалы металдың 1 граммының құны – 35,3 мың тг, бұл - 2017 жылдан бері Ұлттық банктің қол жетімді статистикасындағы ең жоғары көрсеткіш.

Әрине, ұзақ уақыт аралығындағы мұндай есептер теңгенің құнсыздануын ескерсек, шартты болып табылады, бірақ ресми түрде рекорд бар. Жыл басымен салыстырғанда 1 граммның бағасы 16%-ға, ай басымен салыстырғанда 6%-ға өскен. Рас, теңге бағамы қазір сол кездегіден біршама төмендеп кетті.

Айтпақшы, әлемдік биржалардағы алтын бағасы қазір долларға шаққанда осы көктемде тіркелген рекордтардан төмен. Дегенмен, жыл басымен салыстырғанда айтарлықтай жоғары.

@DataHUB_KZ
👍1🥰1
Қазақстан халқы бірқалыпты "қартайған"

2023 жылы еліміздегі халықтың қартаю индексі 29,5 құрады. Бұл 15 жастан кіші 100 балаға 65 жастан асқан 29,5 адамнан келеді дегенді білдіреді.

2022 жылмен салыстырғанда ҚР бойынша индекс 1,3 тармақ қосқан, бұл орайда көрсеткіш барлық өңірлерде өскен. Кем дегенде 2010 жылдан бері есептегенде алғаш рет көрсеткіш үнемі төмендеп келе жатқан жалғыз аймақта “жасаруды" тоқтатты.

Әңгіме индексі 35,2 болған Алматы туралы болып отыр. Бір жылда ол 2022 жылдың салыстырмалы төмендеуін кесіп өтіп, 7 тармақ қосты. Қазір қалада туу көрсеткіштері төмендеуде: 2022 жылы да, 2023 жылы да тиісті коэффициент соңғы жылдардағы орташа деңгейден төмен болды, ал 2023 жылы 20 жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткіш тіркелді.

Ал, басқа аймақтарда қартаю қалай жүріп жатыр?

🔸Көрсеткіші онсыз да жоғары болған индекстің ең күрт өсімі болды – СҚО-да (қазір 72,9) және ШҚО-да (71,8).
🔸Бәрінен азырақ "қартайған" ең жас Маңғыстау облысы: +3,5 тармақ, 14,3-ке дейін.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHUB_KZ
👍1🥰1
Долларға деген таза сұраныс жанданды, көлемнің үштен бір бөлігін Шымкент қамтамасыз етті

Мамырдың қорытындысы бойынша елдің айырбастау пункттеріндегі американдық валютаның нетто-сатылымы (сатылымнан сатуды алғанда) 152,8 млрд тг құрады, бұл сәуірмен салыстырғанда 5%-ға және бір жыл бұрынғыға қарағанда 49%-ға артық.

Өңірлер бөлінісінде ең елеулі сомалар Шымкентке (43,6 млрд тг) тиесілі болды, бір өзі жиынтық көрсеткіштің 29%-ын қамтамасыз етті. Бұл күтпеген жайт болып көрінуі мүмкін, бірақ, жалпы алғанда, мұндай көшбасшылық сиректік емес. 2020 жылдың басынан бері Шымкент көрсеткіштері ҚР-да жағдайлардың шамамен төрттен бірінде ең жоғары болды.

Ал басқа валюталардың жайы қалай?

🔸Еуроның нетто-сатылымы - 17,6 млрд тг, бұл айдан айға 47%-ға аз, ал жылдан-жылға 36%-ға аз. Ал ай сайынғы мәнде негізгі динамиканы Алматы көрсетті және бұл жерде жоғары база әсер еткен сыңайлы: сәуірде көлемі әдеттегіден тыс көп болды.

🔸Қазақстандықтар рубльден құтылуды жалғастыруда. Таза сұраныс осымен үшінші ай теріс мәнде қалып отыр, қазіргі көрсеткіші – минус 5 млрд тг.

ҚР Ұлттық банк деректерi

@DataHUB_KZ
👍1
Жеке тұлғалардың банктік несиелері бойынша мөлшерлемелер төмендеді, заңды тұлғалардың несиелері бойынша екінші ай қатарынан өсуде

Мамырда жеке тұлғалар мен ЖК теңгелік кредиттері бойынша орташа алынған мөлшерлеме 20,4%-ды құрап, сәуірмен салыстырғанда 0,4 тармақтан айырылғаны ҚР Ұлттық банкінің деректерінен байқалады.

Әр түрлі мерзімді қарыздардың ішінде ең төменгі деңгей 3 айдан бір жылға дейінгі сегментте (19,6%), ал ең жоғары деңгей 1 айға дейінгі қысқа мерзімді несиелерде (34,7%) тіркелді.

Заңды тұлғалардың теңгелік кредиттері бойынша орташа алынған мөлшерлеме мамырда 18,1%-ды құрап, өткен айға қарағанда 0,2 п.т. өсті. Сәуірде, естеріңізге сала кетейік, өсім аз болды – ол өткен қыркүйекте басталған жеті айлық құлдырау сериясын тоқтатты.

Ал депозиттер жайы қалай? Аса қатты өзгеріс жоқ:

🔸Жеке тұлғалар мен ЖК үшін теңгедегі салымдар бойынша орташа алынған мөлшерлеме сәл төмендеді – сәуір деңгейіне 0,1 п.т. минус 13,6%-ға дейін. Ал 1 айдан 3 айға дейінгі депозиттер сегментінде айтарлықтай жоғары болды, 15,3% және өнімнің бұл түріне қатысты 2023 жылдың қарашасынан бері есептегенде ең жоғары деңгей туралы сөз болып тұр.

🔸Заңды тұлғалар сегментінде теңгедегі салымдар бойынша орташа алынған мөлшерлеме сәуірдің деңгейінде қалды – 13,7%. Мерзімі бойынша ең тиімді нұсқа - 1 айға дейінгі депозиттер, дәл сондай мөлшерлемемен - 13,7%.

@DataHUB_KZ
🥰2
Қазақстандықтардың көңілін көтеру жалпы алғанда пайдасыз болып шықты

ҚР СЖРА ҰСБ ұйымдарды іріктеп тексергендегі деректеріне сүйенсек, 2023 жылы «Өнер, ойын-сауық және демалыс» секторының орта және ірі кәсіпорындарының жалпы шығындылығы -0,8%-ды көрсетті, ал басқа барлық секторлар рентабельділікке қол жеткізген болатын.

Шығындылық/рентабельділік көрсеткіші бизнестің тиімділігін немесе тиімсіздігін көрсетеді: бұл салыққа дейінгі шығындардың/пайданың өзіндік құны мен өндірістік емес шығындар сомасына қатынасы.

Ойын-сауық секторы 2023 жылы, сәйкесінше, жалпылама шығынды болғанымен, пайдаға қол жеткізген компаниялар шығынға ұшыраған компаниялардан 2,5 есе көп болды. Дегенмен, табысты жұмыс істегендердің жалпы пайдасы «сәтсіздікке ұшырағандардың» шығындарынан аз болды. Осыдан жалпы теріс нәтиже шығып тұр.

Айтпақшы, бұл саладағы шығындылық - әдеттегідей жағдай. 2012 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде бұл сала 10 жағдайдың 7-де шығын көрсетті және 2022 жылы жалғыз теріс нәтиже көрсеткен сала болды.

@DataHUB_KZ
🥰3
Forwarded from Ösim
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🥰2
Қазақстандық балабақшалар ЖОО-ларды ақша жағынан басып озды

2023 жылы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің табысы 822,9 млрд тг, жоғары білім беру мекемелерінің табысы 804,4 млрд тг құрады. ҚР СЖРА ҰСБ деректеріне сүйенсек, біріншісінің көрсеткіші кем дегенде соңғы онжылдықта алғаш рет екіншісінен асып түсті.

Дәл он жыл бұрын, 2013 жылы, жоғары оқу орындарының кірістері балабақшалардан екі еседен астам болған еді. 2022 жылға қарай жоғары білім беру секторы мектепке дейінгі білім беруді небәрі 19%-ға асып түсті, ал 2023 жылы сәбилерге арналған ұйымдардың табысы күрт өсіп (+41%), айырмашылық жойылды.

Әсіресе, жергілікті бюджеттен мектепке дейінгі мекемелер алған трансферттер көлемі бір жыл ішінде қатты өсті: 332 млрд теңгеден 592 млрд теңгеге дейін.

Бұл ретте ҰСБ-да балаларға арналған білім беру ұйымдарының саны қалай өзгергені туралы деректер жоқ. Бірақ университеттер азайа түсті: 2022 жылдың күзінде, оқу жылының басында, 116 мекеме болса, 2023 жылдың күзінде 112 болғанын айтып отырмыз.

@DataHUB_KZ
👍21🥰1
ЕДБ жағдайы қалай екенін қарастыратын кез келді: Ұлттық банктің жаңа мәліметтері шықты

Сонымен, қысқаша, мамырдың қорытындысы бойынша қандай жаңалықтар бар?

🔸 5 айдағы барлық ойыншылардың жиынтық пайдасы триллионға жақындады – 975,4 млрд тг, бұл 2023 жылдың осы кезеңіне қарағанда 11%-ға жоғары
🔸 Басқа көрсеткіштер – активтер, несие портфелі, жеке тұлғалардың депозиттері және заңды тұлғалардың депозиттері – жалпы алғанда жүйе бойынша бір ай бұрынғы деңгейге қарағанда бәрі бірге жұмыла өсімді көрсетті
🔸Несие портфелі мамырда 1,7% қосып, 31,2 трлн тг деңгейіне дейін өсті. Жалпы биыл көрсеткіш қаңтарда ғана төмендеді.
🔸Жеке тұлғалардың салымдары орташа мөлшерлеменің аздап төмендеуіне қарамастан, көлемі төртінші ай қатарынан үздіксіз артуда. Қазіргі қарқыны - +2,1%, 20,9 трлн тг деңгейіне дейін.
🔸Заңды тұлғалардың салымдары мамырда 0,92%-ға өсті, бірақ наурыздың қорытындысы бойынша тіркелген ең жоғары деңгейге әлі оралмады.

Толық ақпарат - суреттерде

@DataHUB_KZ
1👍1🥰1