DATA HUB Қазақша – Telegram
DATA HUB Қазақша
203 subscribers
718 photos
1 video
403 links
DATA HUB Powered by FCBK

Қаржылық, қаржыға жақын және әлеуметтік тақырыптар бойынша ең өзекті деректері бар аналитикалық арна.
Осында барлық нарықтық талдаулар бар.

Иесі – Бірінші кредиттік бюро.

Байланысу үшін - @DataHubFCBK_bot
Download Telegram
Ресейдің электр энергиясын барған сайын қымбатқа сатып алуда

ҚР СЖРА ҰСБ деректеріне сүйенсек, 2024 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша РФ-дан 1,05 млрд кВт•сағ электр энергиясын импорттаппыз, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6%-ға артық, ал бағасы 54%-ға көп - шамамен $62,1 млн.

2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында 1 кВт•сағ орташа құны доллармен 2023 жылдың дәл осы айларындағыдан 45%-ға жоғары болды. Қымбаттағаны бірінші рет байқалып тұрған жоқ, десе де, I тоқсанның қорытындысы бойынша жағдай жақсырақ болған еді, айырмашылығы "бар болғаны" 30%-ды құрады.

Жағдайды сәуірдегі көрсеткіштер ушықтырды - бір жыл бұрынғыға қарағанда орта есеппен 2,3 есе қымбат болды.

Сонымен не болып жатыр?

2023 жылдың жазынан бастап сауда шарттары өзгерді. ҚР енді келесі күнгі жеткізілмнің әрбір сағатына сатып алуды жоспарлауға міндетті, ал жоспардан тыс нәрсенің барлығы қымбатырақ болады.

Ал бізде жоспарлау кезінде мәселелер туындайды: өнеркәсіптік тұтынушылар жүктеме кестесін дұрыс жасамайды, есептеу құралдары жетіспейді. Ресейдің есептеулері бойынша I тоқсанда барлық сатып алынған энергияның 62%-ы жоспардан тыс өткен.

@DataHUB_KZ
🤬2🥰1
🤬2🥰1
Кәрізге екі есе аз ақша жұмсалды. Бұл жақсылықтың нышаны емес

Қаңтар-мамыр айларында кәрізге салынған инвестиция көлемі 20,9 млрд тг құрады. Номиналды түрде өткен жылдың дәл осы кезеңіне қарай ол екі есеге азайып, үш жыл ішінде ең төменгі деңгейге жеткен болатын.

Құлдырауды жоғары базаның әсері деп түсіндіруге болады: бір жыл бұрын көрсеткіш рекордты деңгейде болды - 40,6 млрд тг. Бұған дейін, 2022 ж. қыркүйегінде, «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасын қайта іске асыру туралы шешім қабылданған еді. Бағдарламаның мақсаты - коммуналдық инфрақұрылымның тозу мәселесін шешу. Атап айтқанда, су тарту жүйесіндегі құрылыстардың тозу деңгейі сол кезде 60%-ды құрады. Ішінара тарифтердің қымбаттауымен қамтамасыз етілген инвестициялардың өсуіне байланысты бұл көрсеткішті орта мерзімді перспективада кем дегенде 15 п.т. дейін төмендеткісі келді.

Инвестициялар екі есе төмендесе де, кәріз қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша жылдан жылға 38,5%-ға қымбаттаған.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері бойынша

@DataHUB_KZ
1🥰1
💰 🚬 Темекі өнімдерін өндірушілерге ақша табу қиынға соғуда

Қаңтар-мамыр айларында темекі, сигара және папирос өндірісі 92,6 млрд тг құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда номиналды түрде 17%-ға (18,3 млрд тг) аз. Бес айдың қорытындысы бойынша көрсеткіш екінші жыл қатарынан төмендеп тұр, айтпақшы қазіргі төмендеу қарқыны - 2017 жылдан бергі ең жоғары қарқын.

Бір қызығы, 2020 жылдан 2022 жылға дейінгі кезең өндірістің құндық көлемінің әсерлі өсуімен аяқталды – жылдан жылға орта есеппен 55%.

Не болды? Неліктен көтеріліп тұрып, құлдырап кетті?

Жалғыз болжам - өндірілетін темекі өнімдерінің саны азайды. Бағаның төмендеуін қарастырмаймыз: мұндай өнімдер жыл сайын қымбаттап отырады, соның ішінде акциздердің өсуіне байланысты.

Сонымен, табиғи түрде темекі өнімдерінің өндірісі төмендеді, бірақ құнынан сәл ғана аз – 10%-ға, 5,9 млрд данаға дейін. Дежавю: үш жылдық өсу циклінен кейін екінші жыл қатарынан төмендеп келе жатыр (орташа қарқыны – 11%).

👉 Басқаша айтқанда, соңғы жылдары ақшалай шығару динамикасы даналап шығару динамикасымен тікелей байланысты болып тұр: біреуі өссе, екіншісі де өседі, біреуі төмендесе, екіншісі де төмендейді. Сонымен қатар өсім байқалған кезде ақша көлемі темекі өнімдерінің қымбаттауына байланысты данасына қарағанда әлдеқайда тез өседі.

Айтпақшы, бағаның өсімі қалай жүріп жатыр? Соңғы 10 жылдың қаңтар-мамыр айларының орташа қарқыны жылдан жылға 14,8%-ды құрайды. Нақты айтқанда, 2024 жылы 17,4% туралы сөз болып тұр.

Демек, қазақстандықтар темекі шегуді азайтты ма?

Қаңтар-наурыз айларында* темекі мен папиростың ішкі өндірісі барлық қолда бар ресурстардың жартысын ғана қамтыған - 3,2 млрд дана, бір жылда 11%-ға төмендеді. Осы уақытта импорт 3,7 есеге, 3,4 млрд данаға дейін өсті. Сайып келгенде, темекі мен папиросты ішкі нарықта сату 53%-ға артып, 5,7 млрд данаға жетті. Яғни қазақстандықтар, керісінше, көбірек темекі шеге бастаған.

Темекі өнеркәсібіндегі жағдайға вейптердің/электронды темекілердің, соның ішінде елге контрабандалық жолмен әкелінгендердің үстемдік орнатуы әсер етуі мүмкін екенін айта кету керек. Айтпақшы, мұндай құрылғыларды өндіруге, әкелуге және айналымына тыйым салу туралы заң бүгін, яғни 20 маусымда күшіне енеді. Мұндай шешім балалар мен жастарды никотинге тәуелділіктен қорғау үшін қабылданды.

* қазіргі уақытта статистикасы қол жетімді ең өзекті кезең

ҚР СЖРА ҰСБ деректері бойынша

@DataHUB_KZ
👍21🥰1
Қазақстанда күріш сатылымы өсті

Төрт айда күрішті ішкі нарықта сату 48,1 мың т құрады. 2023 жылдың осы кезеңіне қарағанда 85%-ға өскен.

Мұндай үлкен серпілісте базаның төмен болуы маңызды рөл атқарғанын мойындау керек: бір жыл бұрын күріш сатылымы бірден үштен біріне, жылдан жылға 26 мың т дейін төмендеген. Қалай болғанда да, қазіргі өсім кем дегенде жеті жыл ішінде рекордты жаңартатындай жеткілікті түрде мықты болып тұр.

Жалпы, Қазақстан өзін күрішпен жақсы қамтамасыз етеді – 90%-дан астам. 2023 жылы осы дақылдың егіс алқабы 14%-ға өсіп, жылдан жылға 100,3 мың га жетті. Рас, 2024 жылы оларды азайту жоспарланған болатын. Мәселе мынада, күріш суды көп тұтынады. Ал негізгі дақылдар шоғырланған Қызылорда облысында су жетіспейді.

Тағы не айтайық? Сатылымның өсуі бағаның күрт өсуінің аясында байқалады. Қаңтар-сәуір айларында күріш жылдан жылға 24,8%-ға қымбаттады. Бір қуантарлығы - соңғы алты айда ай сайынғы қымбаттауы баяулап келеді (орташа қарқыны - айына 0,5%).

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHUB_KZ
1👍1🥰1
БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляцияны жоғалтуды жалғастыруда

БЖЗҚ деректеріне сүйенсек, 1 маусымға қарай Ұлттық банк басқармасындағы активтер үшін көрсеткіш жыл басынан бері 3,49%-ға жетті, сол кезеңде инфляция 3,50%-ға жеткен болатын.

Нақты кірістілік, тиісінше, теріс мәнде қалды, 1 мамырдағыдай, бірақ нәтижесі жақсырақ: -0,22% болған еді, қазір -0,1% болды. Шын мәнінде, инвестициялық кіріс сомасы тұрғысынан мамырдың өзі шығынға көп ұшыраған сәуірден жақсы болды, нәтижесі - 116,7 млрд тг.

Жыл басынан бері 5 айдың қорытындысы бойынша инвестициялық табыс 647 млрд тг жетті, бір жыл бұрынғыдан 27%-ға артық. Айтпақшы, кірістер мен шығындардың жекелеген түрлерінің бөлінуінің толық көрінісі ашылды, енді бағалы қағаздарды қайта бағалаудың қалай әсер еткенін білеміз - жыл басынан бергі шығын 57 млрд құрады.

Тағы бір шығынды санат - теңгенің нығаюын сақтап қалатын шетел валютасын қайта бағалау. Ол жыл басынан бастап 1 маусымға қарай минус 47 млрд тг шығынға ұшырады, дегенмен бұл шығын 1 мамырмен салыстырғанда аздау. Ал ұлттық валютаның соңғы күндері қаншалықты әлсіреп бара жатқанына қарап, 1 маусымға қарай басқа нәтижені көреміз.

@DataHUB_KZ
👍1🥰1
👍1🥰1
Теңге қарқынды аптаны бастан өткерді және долларға қатысты 2023 жылдың күзінен бері есептегенде ең төменгі деңгейге түсті

Ұлттық банк белгілеген американдық валютаның демалыс күндеріндегі ресми бағамы 464,72 тг құрайды. Бұл - өткен жылдың қараша айының ортасынан бері есептегенде, яғни 7 айдан астам уақыттағы, ең жоғары көрсеткіш.

Алдыңғы демалыс күндерінің деңгейімен салыстырғанда доллар 3,1%-ға қымбаттады, ал 18 маусымдағы және бүгінгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша ерекше серпіліс болды: екі жағдайда да доллар алдыңғы күнге қарағанда 1,1%-ға өсті.

Демалыс күндеріндегі еуро бағамы – 496,32 тг, бұл қаңтардың ортасынан бері есептегенде ең жоғары мән, ал өткен аптаның деңгейіне +2,9% қосылған.

Рубль 5,4 тг болып тұр, бір апта бұрынғы деңгейімен салыстырғанда бірден +6,9% қосылған. Жақында, айтпақшы, одан да жоғары болған еді – 5,54 тг. Қазіргі таңда Ресей валютасының бағамының жағдайы қызық болып тұр: Мосбиржадағы доллар мен еуро сауда-саттығы санкцияларға байланысты тоқтады, ал РФ ОБ бағамды банктердің мәліметтері бойынша есептей бастады.

Ал теңге басты әлемдік валюталарға қатысты айтарлықтай төмендейтіндей не болып жатыр?

Бүгін Ұлттық банк басшысы айтқандай, теңге қазіргі таңда «бастапқы мәніне» оралуда. Соңғы айларда нығаюы Ұлттық қордан сатылымның артуына байланысты болды, ал қазір олар төмендеп жатыр (бұл туралы айтқан болатынбыз).

Сонымен қатар банк реттеушісінің басшысы журналистерге жыл соңына дейін бір доллардың құны 500 теңге болатынына сенбейтінін жеткізді. Ал сіз ше?

@DataHUB_KZ
👍2🥰1
Бұл ай да аяқталып қалды, демек, несие беру бойынша аралық қорытындыларды шығаратын уақыт келді. Мамырда нарық қалай өзгерді?

📌Жеке тұлғалар

🔸Ипотека айтарлықтай төмендеді. Берілген несиелердің сомасы 14%-ға, ал саны айдан айған 16%-ға азайды. Осылайша, екі көрсеткіш те 2023 жылдың наурызынан бастап ең төменгі деңгейге түсті - 129,4 млрд тг және 8,5 мың бірлік. 1 маусымдағы жағдай бойынша 558 мың қазақстандықтың қолданыстағы ипотекалық несиесі болған. Олардың барлығының қарызы 6 трлн тг болды.

🔸Автокредит беру екінші ай қатарынан төмендеп барады. Сәуірге қарағанда берілген несиелердің сомасы 7%-ға, саны 10%-ға азайған. Абсолютті сандарда бұл 111,8 млрд тг және 14,5 мың бірлік, бұл 2023 жылдың наурыз бен ақпанынан бері ең төменгі көрсеткіштер.

🔸Жалақыға дейінгі несиелер немесе PDL-дің де жағдайы мәз емес. Мамырдың нәтижелері - бір жарым жылдай уақыттағы ең нашар көрсеткіштер. Дегенмен, сәуірге қарағанда төмендеу аса көп емес. Оның қарқыны берілген несиелер сомасы (49,8 млрд тг) және саны (739,5 мың бірлік) бойынша 4%-дан аспады. Жалпы сомасы 50 АЕК-тен және мерзімі 45 күннен аспайтын несиелер өзгерістерді күтіп тұр. Белгілі бір шарттарды, соның ішінде артық төлемді шектеуді сақтағанда, олардың жылдық тиімді мөлшерлемесі жалпы талаптардан өзгеше болуы мүмкін еді, ал енді мұны алып тастайды.

🔸Несие карталарымен жағдай да екіұшты. Бір жағынан, мамырда берілген несиелер сомасы 20 айдағы ең жоғары көрсеткішке жетті - 21,5 млрд тг. Екінші жағынан, берілген несиелер саны 2020 жылдың басынан бері ең төменгі көрсеткіштердің бірі болды - 103,6 мың бірлік. Дегенмен, несие карталары нарыққа айтарлықтай әсер етпейтінін түсіну керек: өткен айда берілген барлық жеке несиелердің жалпы сомасында олар 2%-дан аз үлесті алып тұр.

🔸Тұтынушылық кепілсіз несиеде де әртүрлі динамика байқалады. Айлық көрсеткіш бойынша берілген несиелердің сомасы 4%-ға өсті, ал саны 4%-ға азайды. Абсолюттік көрсеткіштер 855,5 млрд тг және 2,9 млн бірлікті құрайды. Айта кету керек, мұндай несиенің орташа сомасы басқа өнімдермен салыстырғанда әлі де көп емес - 290,9 мың тг.

📌Бизнес

🔸Заңды тұлғалар мен ЖК-ге берілетін несиелер жылдық мәнде қарқынды өсімді көрсетіп тұр. Десе де, әңгіме тек берілген несиелер сомасы туралы болып отыр. Мамырда ол 25%-ға, жылдан жылға 1,66 трлн тг дейін өсті. Осы уақытта жыл ішінде жасалған келісім-шарттар саны 15%-ға, 49,7 мың бірлікке дейін төмендеді. Айлық деңгейде екі жағдайда да өсу байқалады. Нақтырақ айтқанда, сәуірге қарағанда берілген несиелер сомасы 11%-ға, ал саны 4%-ға өсті.

🔸Мамырда берілген несиелердің шамамен 40%-ы сауда және автокөліктерді жөндеуге тиесілі болды - 620,7 млрд тг. Тағы екі сала салыстырмалы түрде жақсы несиеленді: көлік және қоймалау - 190,1 млрд тг (12%), қаржы және сақтандыру қызметі - 144,7 млрд тг (9%). Ал ең жоғары орташа несие сомасы металл кендерін өндіруде тіркелді - 2,75 млрд тг. Алдыңғы аймен салыстырғанда ол екі есе өскен.

🔸Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің несие портфелі 1 маусымда 25,5 трлн тг жетті, жылдың басынан бері өсім 4%-ды құрады.

Көбірек қызықты мәліметтерді төмендегі суреттерден таба аласыз👇

@DataHUB_KZ
👍1🥰1
Алтын бағасы алғаш рет 35 мың тг асты

24 маусымдағы бағалы металдың 1 граммының құны – 35,3 мың тг, бұл - 2017 жылдан бері Ұлттық банктің қол жетімді статистикасындағы ең жоғары көрсеткіш.

Әрине, ұзақ уақыт аралығындағы мұндай есептер теңгенің құнсыздануын ескерсек, шартты болып табылады, бірақ ресми түрде рекорд бар. Жыл басымен салыстырғанда 1 граммның бағасы 16%-ға, ай басымен салыстырғанда 6%-ға өскен. Рас, теңге бағамы қазір сол кездегіден біршама төмендеп кетті.

Айтпақшы, әлемдік биржалардағы алтын бағасы қазір долларға шаққанда осы көктемде тіркелген рекордтардан төмен. Дегенмен, жыл басымен салыстырғанда айтарлықтай жоғары.

@DataHUB_KZ
👍1🥰1
Қазақстан халқы бірқалыпты "қартайған"

2023 жылы еліміздегі халықтың қартаю индексі 29,5 құрады. Бұл 15 жастан кіші 100 балаға 65 жастан асқан 29,5 адамнан келеді дегенді білдіреді.

2022 жылмен салыстырғанда ҚР бойынша индекс 1,3 тармақ қосқан, бұл орайда көрсеткіш барлық өңірлерде өскен. Кем дегенде 2010 жылдан бері есептегенде алғаш рет көрсеткіш үнемі төмендеп келе жатқан жалғыз аймақта “жасаруды" тоқтатты.

Әңгіме индексі 35,2 болған Алматы туралы болып отыр. Бір жылда ол 2022 жылдың салыстырмалы төмендеуін кесіп өтіп, 7 тармақ қосты. Қазір қалада туу көрсеткіштері төмендеуде: 2022 жылы да, 2023 жылы да тиісті коэффициент соңғы жылдардағы орташа деңгейден төмен болды, ал 2023 жылы 20 жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткіш тіркелді.

Ал, басқа аймақтарда қартаю қалай жүріп жатыр?

🔸Көрсеткіші онсыз да жоғары болған индекстің ең күрт өсімі болды – СҚО-да (қазір 72,9) және ШҚО-да (71,8).
🔸Бәрінен азырақ "қартайған" ең жас Маңғыстау облысы: +3,5 тармақ, 14,3-ке дейін.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHUB_KZ
👍1🥰1
Долларға деген таза сұраныс жанданды, көлемнің үштен бір бөлігін Шымкент қамтамасыз етті

Мамырдың қорытындысы бойынша елдің айырбастау пункттеріндегі американдық валютаның нетто-сатылымы (сатылымнан сатуды алғанда) 152,8 млрд тг құрады, бұл сәуірмен салыстырғанда 5%-ға және бір жыл бұрынғыға қарағанда 49%-ға артық.

Өңірлер бөлінісінде ең елеулі сомалар Шымкентке (43,6 млрд тг) тиесілі болды, бір өзі жиынтық көрсеткіштің 29%-ын қамтамасыз етті. Бұл күтпеген жайт болып көрінуі мүмкін, бірақ, жалпы алғанда, мұндай көшбасшылық сиректік емес. 2020 жылдың басынан бері Шымкент көрсеткіштері ҚР-да жағдайлардың шамамен төрттен бірінде ең жоғары болды.

Ал басқа валюталардың жайы қалай?

🔸Еуроның нетто-сатылымы - 17,6 млрд тг, бұл айдан айға 47%-ға аз, ал жылдан-жылға 36%-ға аз. Ал ай сайынғы мәнде негізгі динамиканы Алматы көрсетті және бұл жерде жоғары база әсер еткен сыңайлы: сәуірде көлемі әдеттегіден тыс көп болды.

🔸Қазақстандықтар рубльден құтылуды жалғастыруда. Таза сұраныс осымен үшінші ай теріс мәнде қалып отыр, қазіргі көрсеткіші – минус 5 млрд тг.

ҚР Ұлттық банк деректерi

@DataHUB_KZ
👍1
Жеке тұлғалардың банктік несиелері бойынша мөлшерлемелер төмендеді, заңды тұлғалардың несиелері бойынша екінші ай қатарынан өсуде

Мамырда жеке тұлғалар мен ЖК теңгелік кредиттері бойынша орташа алынған мөлшерлеме 20,4%-ды құрап, сәуірмен салыстырғанда 0,4 тармақтан айырылғаны ҚР Ұлттық банкінің деректерінен байқалады.

Әр түрлі мерзімді қарыздардың ішінде ең төменгі деңгей 3 айдан бір жылға дейінгі сегментте (19,6%), ал ең жоғары деңгей 1 айға дейінгі қысқа мерзімді несиелерде (34,7%) тіркелді.

Заңды тұлғалардың теңгелік кредиттері бойынша орташа алынған мөлшерлеме мамырда 18,1%-ды құрап, өткен айға қарағанда 0,2 п.т. өсті. Сәуірде, естеріңізге сала кетейік, өсім аз болды – ол өткен қыркүйекте басталған жеті айлық құлдырау сериясын тоқтатты.

Ал депозиттер жайы қалай? Аса қатты өзгеріс жоқ:

🔸Жеке тұлғалар мен ЖК үшін теңгедегі салымдар бойынша орташа алынған мөлшерлеме сәл төмендеді – сәуір деңгейіне 0,1 п.т. минус 13,6%-ға дейін. Ал 1 айдан 3 айға дейінгі депозиттер сегментінде айтарлықтай жоғары болды, 15,3% және өнімнің бұл түріне қатысты 2023 жылдың қарашасынан бері есептегенде ең жоғары деңгей туралы сөз болып тұр.

🔸Заңды тұлғалар сегментінде теңгедегі салымдар бойынша орташа алынған мөлшерлеме сәуірдің деңгейінде қалды – 13,7%. Мерзімі бойынша ең тиімді нұсқа - 1 айға дейінгі депозиттер, дәл сондай мөлшерлемемен - 13,7%.

@DataHUB_KZ
🥰2