DATA HUB Қазақша – Telegram
DATA HUB Қазақша
203 subscribers
718 photos
1 video
403 links
DATA HUB Powered by FCBK

Қаржылық, қаржыға жақын және әлеуметтік тақырыптар бойынша ең өзекті деректері бар аналитикалық арна.
Осында барлық нарықтық талдаулар бар.

Иесі – Бірінші кредиттік бюро.

Байланысу үшін - @DataHubFCBK_bot
Download Telegram
Теңгенің ай сайынғы әлсіреуі антирекордтарды бұзуда

1 шілдедегі жағдай бойынша доллардың ресми бағамы 471,46 тг құрап, 1 маусымға қарай 5,4%-ға немесе 24,21 тг өсті. ҚР ҰБ деректеріне сүйенсек, бұл - екі жылдан астам уақыттағы ең күшті айлық серпіліс.

Өткен ай теңге үшін оңай болмады. Мамырдың ортасында басталған әлсіреу маусымда айтарлықтай қарқын алды. Нәтижесінде ұлттық валюта 2023 жылдың қазан айының соңынан бергі ең төменгі деңгейге дейін түсті.

Теңге Ұлттық банктан валютаның нетто-сатылымының төмендеуі аясында арзандауда. Мамырға қарағанда олардың көлемі 2,4 есе ($127 млн дейін) төмендеп, 17 айда ең төменгі деңгейге жетті. Шілдеде көрсеткіш қазіргіге жақын деңгейде қалады деп күтілуде. Алайда теңге қайтадан қолдауға ие болуы мүмкін, мұндай болжам "Қазатомөнеркәсіптің" акцияларын Ұлттық қор қаражаты есебінен сатып алу жөніндегі жоспарлардан туындайды.

Еуро бағамы бір айда 504,79 тг (+4% немесе 19,61 тг), рубль бағамы 5,53 тг (+11% немесе 0,57 тг) дейін көтерілгенін атап өтейік. Бірінші жағдайда бір айлық серпіліс 2022 жылдың қарашасынан, екіншісінде 2022 жылдың маусымынан бері есептегенде рекорд орнатты.

@DataHUB_KZ
🥰2
Қазақстандық компьютер ойындарының жасаушылары келесі деңгейге көтерілген сияқты

ҚР СЖРА ҰСБ деректеріне сүйенсек, тиісті секторда көрсетілген қызметтер көлемі 2023 жылы 21,3 млрд тг құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 11 есе көп.

Қазіргі соманың 75%-ы шетелден келген тапсырыс берушілер есебінен қамтамасыз етілді: резидент еместерге 15,9 млрд тг тиесілі болды, ал бұл соманың 92%-ын бір ғана ел құрады - Ирландия. Ол екінші жыл қатарынан ерекшеленуде: 2022 жылы 1,9 млрд тг жуық ойын құру бойынша қызметтердің жалпы көлемінен ирландықтарға 1 млрд тг жуығы тиесілі болды. Оларға бәрі ұнаған болу керек, 2023 жылы тапсырыстар көп болды 🤔

Алайда өзінің жетістіктеріне қарамастан, ҚР-дағы IT сала ішіндегі гейм-сектордың өзі өте қарапайым болып тұр: оның 2023 жылы айти қызметтері көлеміндегі үлесі небәрі 2%-ды құрады. Негізгі сегмент – бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, онда айтпақшы, бір жыл ішінде ақшалай көрсеткіштер де жақсы өсті - 50%-ға, 383,9 млрд тг дейін.

@DataHUB_KZ
🔥1🥰1
Азық түлік бағасының төмендеуі тоқтады

Маусымның қорытындысы бойынша азық-түлік тауарларының бағасы мамырға қарай өзгерген жоқ, ал бір ай бұрын 4 жылдағы алғашқы төмендеуі байқалған болатын.

Егер бағаның айтарлықтай ауытқуының белгілі бір тауарлар тобына әсер етуі жайлы айтар болсақ, онда тек жемістер мен көкөністерді айтамыз. Таңқаларлық ештеңе жоқ - маусымдық құбылыс. Сонымен қияр бір айлық мәнде 18,7%-ға, қырыққабат 18%-ға, тәтті бұрыш 17,9%-ға, ал картоп 10,7%-ға, жүзім 3,6%-ға, алма 2,1%-ға арзандады.

Сонымен қатар азық-түлік емес тауарлар мен қызметтер өткен айға қарағанда бірдей қымбаттады - 0,6%. Осылайша айлық инфляция қарқыны өзгеріссіз қалды - 0,4%.

Маусымда жылдық инфляция 0,1 п.т., айдан айға 8,4%-ға дейін қысқарды. Қазіргі баяулау қарқыны көрсеткіші төмендеп жатқан барлық 16 айдағы ең әлсізі болып тұр. Жылдық мәнде азық-түлік 5,4%-ға қымбаттады. Азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы сәйкесінше 7,4% және 13,8%-ға өсті.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHUB_KZ
👍1🥰1
😶‍🌫️Алматыда үш жыл ішінде ауаның ластануы бойынша рекорд жаңартылды

2023 жылы кәсіпорындар Алматының атмосферасына 44 мың т ластаушы заттарды тастаған. Өткен жылға қарағанда көрсеткіш 6%-ға немесе 2,5 мың т өскен.

Барлық шығарындылардың жартысына жуығын күкіртті ангидрид құрады (SO2) – 20,2 мың т. Мұны қаладағы ЖЭО Екібастұздың күлі көп көмірді қолданатындығымен түсіндіруге болады, оны жаққанда жоғарыда аталған зат көп мөлшерде түзіледі. Тағы 36%-ды бірлесе отырып, азот оксидтері (NO2-ге айналдырылған) мен қатты бөлшектер құрады – 8,7 мың және 7 мың т. Жалпы көріністе көміртек тотығының (СО) шығарындылары да елеулі түрде байқалып тұр – 5,7 мың т (13%). Бұл заттар да көмірді жағу өнімдері болып табылады.

Жылдық өсімнің негізгі үлесі күкіртті ангидрид пен қатты бөлшектерге тиесілі – 60%-дан астам. Бірінші жағдайда өсім 930 т болса, екінші жағдайда 613 т құрады. Шығарындылардың құрылымын ескере отырып, мұндай жағдай таңқаларлық жайт емес.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHUB_KZ
😁2🥰1
Алматыда мейрамханалар саны күрт азайды да, асханалар күрт көбейді

2023 жылдың соңына қарай қалада 351 мейрамхана жұмыс істеген, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 44% аз. ҚР СЖРА ҰСБ мәліметіне сәйкес, асханалар саны 697 бірлікке дейін 48% өскен.

Сонымен қатар, сонау 2022 ж. мейрамханалар мүлде басқа динамика көрсеткен еді, олардың саны 2 есе дерлік өсіп, кемінде 2010 ж. бергі максимумға жеткен. Кейбір жаңа мекемелер 2023 жылдан аман шықпады деп күдіктенуге болады, алайда жабылулары туралы статистика жоқ.

Ал асханалар саны 2020 пандемия жылы күрт төмендегеннен кейін соңғы жылдары өсуде, бірақ ол 2012 жылғы рекорд – 711 бірлікке жетпеді. Алайда асханалардағы орын саны 2010 жылдан бері максималды деңгейге жетті: 73,8 мың бірлік, жылдық өсу бірден 84% құрады.

Ал ақша жағы қалай? Алматыда қоғамдық тамақтанудан түскен жалпы табыс 310 млрд тг құрады, ал нақты асханалар мен мейрамханалар бойынша 2023 жылдың көрсеткіштері әзірге жоқ. Бірақ шамамен есептегенде: соңғы 5 жылда мейрамханалардың жалпы табыстағы үлесі орташа есеппен 38%, ал асханалардың үлесі 12% құрады.

@DataHUB_KZ
🥰1😁1
🥰1😁1
Шетелдік кәсіпорындардағы жалақы ҚР-дағы экономика бойынша орташа жалақыдан екі есе көп

2023 жылы шетелдік меншік нысанындағы кәсіпорындардағы орташа жалақы барлық меншік нысанындағы компаниялардағы жалақыдан 1,7 есе жоғары болды - 604,1 мың тг қарсы 364,3 мың тг.*

Қай салада ең үлкен айырмашылық байқалады? Мүмкін жалақы деңгейі ең жоғары салалардың бірі болып табылатын тау-кен өндіруде шығар? Жоқ, таппадыңыз. Аталған салада шетелдік кәсіпорындар өз қызметкерлеріне орташа деңгейден тек 14% ғана жоғары жалақы төлейді - 877,6 мың тг қарсы 771 мың тг. Тағы бір жалақы деңгейі жоғары IT салада айырмашылық 58%-ды құрайды - 1,35 млн тг қарсы 857,1 мың тг. Бірақ бұл да емес.

🥁Сонымен қай жерде жалақы ең үлкен айырмашылықпен ерекшеленеді? Ал, назар аударамыз! Орта білім беруде. Шетелдік кәсіпорындарда жұмыс істейтін мұғалімдердің жалақысы орташа деңгейден 3,2 есе жоғары - 1 млн тг қарсы 316,5 мың тг. Дегенмен, бақытты жандардың үлесі өте аз - 706,3 мың адамның 15 ғана.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері бойынша

@DataHUB_KZ
👍1🥰1
Қазақстандықтар ресми түрде тылсым дүниеге ондаған миллион теңге жұмсаған

2023 жылы ҚР-дағы астрологтардың, спириттердің және көріпкелдердің табысы 39,1 млн тг жетті, ҚР СЖРА ҰСБ деректерінен барлық сома ЖК-ға түскенін көруге болады.

Әрине, шын мәнінде, бұл көріпкелдердің барлығы әлдеқайда көрнекті сомаға ие болған болар: мұндай сектордың толығымен таза және ресми түрде жұмыс істеуі екіталай әрі зерттеу де барлық жеке кәсіпкерлерді қамтымаған.

Бірақ ресми сандар қызық болып тұр. Мәселен, қызметтердің жалпы көлемінен халық 38,1 млн төлеген, сонда тағы бір миллионды эзотериктерге ұйым (немесе бірнеше) төлеген. Қайсысын немесе қайсыларын төлегенін білмейміз, бірақ қызметтер Атырау облысында, ауылда көрсетілген.

Іріктемелі зерттеу ресми түрде жұмыс жасайтын астрологтарды тапқан жалғыз қала - Астана. Елордаға 25,3 млн тиесілі болды, дегенмен бұған дейін мұндай қызметтер 2019 жылдан бері тіркелмеген еді.

P. S. Астрологтар мен көріпкелдерден басқа статистикада тағы бір эзотерикалық категория бар, экстрасенстер. 2023 жылы олардың ресми табысы тек 426 мың тг құрады, барлығы — Абай облысында.

@DataHUB_KZ
👍1🥰1
👍1🥰1
Қазақстанның қай жерінде тоқ өмір сүруге болады?

ҚР СЖРА ҰСБ мәліметіне сенсек, Түрікстан облысында. 2023 жылы мұндағы орта тұрғын күніне 3 873 ккал тұтынған, бұл минималды тұтынушылықтан екі есе көп (1 852 ккал). Жалпы, тұтынған калорий мөлшері барлық аймақта жеткілікті минимумнан асады, бірақ ешқайсысында айырмашылық осылай қатты көзге түспейді (ел бойынша орташа деңгей - 69%).

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейі төмен халық үлесі бойынша дәстүр бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр десек, Американы ашпаймыз (2023 жылы – 7,9%). Ең «кедей» аймақтың тұрғындары қалайша ең тоқ болып шықты?

Мұны жартылай Түркістан облысы халқы тұтынатын тағамның құрамында көмірсулардың тым көп болуымен түсіндіруге болады. Аталған нутриент олардың рационының 63% құрайды, ал норма 52% болып саналады. Ал нан және картоп секілді қымбат емес азық-түлік түрлері көмірсуларға бай. Тұтынылған калорийлердің 25% майлар (норма – 33%) құрайды. Ақуыздар үлесі 12% (норма – 15%) құрайды.

@DataHub_KZ
👍2🥰1
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарлары қолжетімділігін жоғалтуда

2 шілдеге қарай ӘМАТ бағасы 25 маусыммен салыстырғанда 0,1%-ға қымбаттаған. Қазіргі өсуі - 17 аптадағы немесе шамамен 4,5 айдағы біріншісі. ҚР СЖРА ҰСБ деректеріне сүйенсек, соңғы рет бағаның жоғарыға қарай қозғалуы 2023 жылдың маусымынан қазанына дейін болмаған.

Бір қызығы, жалпы теріс динамика үшін жауапкершілікті әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауарының алтауы ғана алып тұр. Көп жағдайда бұл көкөністер: қырыққабат (+3,2%), пияз (+1,7%), сәбіз (+0,7%) және картоп (+0,3%), олардың бағасының өзгеруі, көбінесе, маусымдыққа байланысты. Қымбаттауға кінәлі қалған екеуі - нан (+0,6%) мен тұз (+0,1%).

Зерттелген қалалар бөлінісінде ӘМАТ бағасының өсуі 20-ның сегізінде байқалады. Ең көп өскені - Павлодар (+0,7%) және Қарағанды (+0,5%). Бірінші қалада пияз (+7,3%), сәбіз (+6,8%) және картоп (+4,9%) бағалары күрт өскен. Екіншісінде - нан (+8,7%) және қырыққабат (+5%).

@DataHUB_KZ
👍1🥰1
ҚР-да жаңа көліктердің сатылымы екі есе өсті

Кәсіпорындарды іріктеу байқауының негізінде алынған ҚР ҚР СЖРА ҰСБ мәліметіне сүйенсек, 2023 жылы бөлшек сауда ұйымдары сомасы 1,9 трлн теңге болатын жаңа жеңіл көліктерді сатты, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 105% артық.

Жылдық көлемнің 60% Астана мен Алматы қалалары құраған және олар жылдық динамикаға айтарлықтай үлес қосқан.

ҰСБ қанша бірлік автокөлік сатылғанын көрсетпеді. Бірақ ауқымды түсіну үшін сәл басқаша болса да, Қазақстанның автокөлік одағының бағалауын алайық. 2023 жылы ресми дилерлерден 199 мың жаңа жеңіл және коммерциялық көліктер сатып алынған, 2022 жылға дейінгі өсім 60% құрады.

Ал пайдаланылған көліктер ше?

Мұнда кәсіпорындардың жеңіл көлік сатылымдарының да көлемі 51%-ға өсіп, 363 млрд теңгеге жетті. Қайталама нарық сауда орындарына қарағанда кеңірек екендігін айта кеткен жөн. Салалық бағалауларға сәйкес, бұл сегменттегі мәмілелердің жалпы саны жаңа автокөліктерге сұраныстың қайта бағдарлануына байланысты тоқырауға ұшырады.
🥰21
Қазақстанда ұзақ уақытқа созылған бәсеңсуден кейін жаңартылатын энергия көздеріне (ЖЭК) инвестициялар өсті

2023 жылы жаңартылатын энергия көздеріне инвестицияланған қаражат көлемі 199,8 млрд теңгені құрады. Ағымдағы бағамен есептегенде бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 4,5 есе (154,9 млрд теңге) көп. Қазіргі өсім – ҚР СЖРА ҰСБ мәліметіне сәйкес төрт жылдағы алғашқы өсім.

Көрсеткіш Ақмола облысының арқасында осыншама ұлғайды. Бұл аймақ жалғыз өзі құйылған барлық қаражаттың 61% (122 млрд теңге) және жалпы жылдық өсімнің 72% (111 млрд теңге) қамтамасыз етті. Жамбыл облысы ЖЭК-не тартылған инвестициялар сомасы бойынша екінші орында – 40 млрд теңге. Одан кейінгі орындарда Қостанай (19,7 млрд теңге) және Түркістан облыстары (16,3 млрд теңге) тұр.

ЖЭК-не инвестиция ағынын сезінген тағы үш аймақтың көлемі жалпы фонда елеусіз көрінеді: Қарағанды облысы – 1,3 млрд теңге, Алматы облысы – 490,5 млн теңге, Алматы – 1,7 млн теңге.


Айтарлықтай өсімге қарамастан, ЖЭК дамытуға байланысты шығындар теңіздегі тамшыдай болып қалады. 2023 жылы олар инвестицияның жалпы көлемінің тек 1% құраған.

@DataHUB_KZ
🥰2
Қазақстандағы әрбір оныншы жаңа пәтер 5 бөлмеден асады

2023 жылы елімізде 160 мыңға жуық пәтер пайдалануға берілді, оның ішіне жеке, яғни бір пәтерліде, үйлерде орналасқандары да кіреді. ҚР СЖРА ҰСБ деректері бойынша осы пәтерлердің шамамен 11%-да 5 және одан да көп бөлме.

Үлкен пәтерлердің ең елеулі үлесі, әрине, жаңа жеке тұрғын үйдің үлесі жоғары жерде. Бұл орайда екі оңтүстік аймақ ерекшеленеді. Мәселен, Қызылорда облысында бөлме саны 5 және одан да көп пәтер пайдалануға берілгендердің 51%-ын құрайды.

Жамбыл облысында да ұқсас жағдай: жаңа пәтерлердің 48%-да 5 және одан да көп бөлме бар, оның үштен екісі - кемінде сегіз бөлмелі. Бөлме саны 8 және одан көп пәтерлердің мұндай жоғары үлесі, жалпы санның 31%-ы, елімізде басқа ешқандай жерде жоқ.

Жаңа үйлердің барлығы дерлік көппәтерлі астаналарда жағдай қалай? Оның жартысына жуығы бір бөлмелілер: Астанада - 43%, Алматыда – 46%. Екі қалада да кем дегенде үш бөлмесі бар пәтерлердің үлесі - шамамен 20% деңгейінде.
🥰2
Қазақстандықтар жарты жыл ішінде БЖЗҚ-дан 200 млрд теңгеге жуық ақша алды

Қаңтар-маусым айларында барлығы 176,7 мың өтініш орындалды, нақты сомасы 199,4 млрд тг құрады. БЖЗҚ деректеріне сүйенсек, салымшылар бұл қаражаттың шамамен 60%-ын тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін алған.

2023 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда көрсеткіштердің динамикасы айқын болды: қаражат алудың жалпы сомасы 2,6 есе, өтініштер саны 3,7 есе өсті. Мұндай елеулі айырмашылық бір жыл бұрын қабылданған заңнамадағы өзгерістермен байланысты.

Жаңа Әлеуметтік кодекс қаражатты жеке басқаруға беру мүмкіндіктерін кеңейтті, сондай-ақ қызмет атқарған жылдары бойынша зейнеткерлерге міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтарының 100%-на дейін тұрғын үй үшін және емделу үшін алуға мүмкіндік берді.

Алайда болашақта қаражатты алу жағдайы қайтадан өзгеруі мүмкін, енді басқаша бағытта: маусымда сарапшылар тобы тұрғын үй мен емделуге қаражат алуды шектеуді ұсынды. Еңбек министрлігі, тұтастай алғанда, бұл ұсынысты мақұлдап, оны болашақты ойлау деп түсіндірді, кейінірек мерзімінен бұрын қаражатты алуға толық тыйым қарастырылмайтынын айтып өтті.

@DataHUB_KZ
1
1
ҚР-да бірінші нарықтағы үйлер бағасы тоқсандық құлдырауды алғаш рет көрсетті, кем дегенде 2021 жылдың басынан бері

ҚР СЖРА ҰСБ деректері бойынша 2024 жылдың II тоқсанында ҚР бойынша жаңа тұрғын үйдің сатылу бағасы алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 0,2%-ға төмендеген. Барлық кезең бойынша бюроның мұндай динамиканы есептеп тұрғанына қарағанда тоқсаннан тоқсанға қарай алғаш рет құлдырап тұр, кем дегенде 2021 жылдың І тоқсанынан бері.

Қалалар бойынша бағалар Атырауда айтарлықтай төмендеді, I тоқсанға қарай 3,2%-ға. Алматы да өз үлесін қосты, онда бағалар қаңтар-наурыздағы бағадан 1,3%-ға төмен болды. Бірақ Астанада бағалар 0,5%-ға өскен.

Екінші нарықтағы үйлер сегментінде республикалық деңгейдегі бағалар I тоқсанмен салыстырғанда 1,7%-ға өсті. Динамиканы Астанадағы өсім құрады, бірден 5,8%-ға, зерттелген қалалардың ішіндегі ең елеулісі. Алматыда, айтпақшы, екінші нарықтағы үйдің бағасы бірінші нарықтағы үйдікімен бірдей төмендеді - 1,3%-ға.

ҚР бойынша пәтерлерді жалға алу І тоқсанға қарсғанба 0,4% қосты, қалалар бөлінісінде тағы да Астанада баға өсті (+3%), ал Алматыда (-2%) төмендеді. Ал пәтерді жалға берудің бағасы көбірек қымбаттаған қала Орал болды (+10,8%).

@DataHUB_KZ
1👍1🥰1
👍1🥰1
Еуро бағамы - екі жыл ішіндегі ең жоғары деңгейде, доллар 9 айда алғаш рет 480 теңгеден асты

Ұлттық банк белгілеген ертеңге арналған американдық валютаның ресми бағамы - 480,77 тг. Доллар соңғы рет 480 тг болатын психологиялық белгіден жоғары 2023 жылдың қыркүйегінің соңында болды және ол кезде бұл деңгейде бір күн ғана тұрды.

10 шілдедегі еуро бағамы 520,19 тг құрайды және бұл 2022 жылдың сәуір айының басынан, яғни валюта нарығы қатты көтерілген кезден бергі ең жоғары деңгей.

Рубль бағамы - 5,51 тг, мұнда енді аса бір рекорд жоқ: маусымның соңында бұдан да жоғары болды. Естеріңізге сала кетейік, жергілікті орталық банк Мәскеудегі долларлық сауда-саттық тоқтатылғаннан кейін Ресей валютасының бағамын банктердің мәліметтері бойынша белгілейді.

Теңгемен не болып жатыр?

Ұлттық валюта мамыр-маусым айларында айтарлықтай құлдырауға бет алды, жаздың бірінші айында екі жылдағы рекордтық қарқынмен долларға қатысты әлсіреді. Ұлттық банк маусымның соңында мұндай жайтты өткен айларда Ұлттық қордан шетелдік валютаны белсенді сатудың аясында теңге нығайғаннан кейінгі "бастапқы мәнге" бағамның қайта оралуы деп санайтынын мәлімдеді.

Ұлттық банктің түсініктемесі кезінде доллар бағамы 460 тг айналасында ауытқып отырды, ал қазір, тиісінше, теңге тағы әлсіреді. Енді қосымша фактор ретінде қазір халық тарапынан (мысалы, сапарлар үшін) және кәсіпорындар тарапынан импорт пен сыртқы міндеттемелерді төлеу үшін сұраныстың артуын атауда.

@DataHUB_KZ
👍2🥰1