DATA HUB Қазақша – Telegram
DATA HUB Қазақша
203 subscribers
718 photos
1 video
403 links
DATA HUB Powered by FCBK

Қаржылық, қаржыға жақын және әлеуметтік тақырыптар бойынша ең өзекті деректері бар аналитикалық арна.
Осында барлық нарықтық талдаулар бар.

Иесі – Бірінші кредиттік бюро.

Байланысу үшін - @DataHubFCBK_bot
Download Telegram
Қазақстандықтар ресми түрде тылсым дүниеге ондаған миллион теңге жұмсаған

2023 жылы ҚР-дағы астрологтардың, спириттердің және көріпкелдердің табысы 39,1 млн тг жетті, ҚР СЖРА ҰСБ деректерінен барлық сома ЖК-ға түскенін көруге болады.

Әрине, шын мәнінде, бұл көріпкелдердің барлығы әлдеқайда көрнекті сомаға ие болған болар: мұндай сектордың толығымен таза және ресми түрде жұмыс істеуі екіталай әрі зерттеу де барлық жеке кәсіпкерлерді қамтымаған.

Бірақ ресми сандар қызық болып тұр. Мәселен, қызметтердің жалпы көлемінен халық 38,1 млн төлеген, сонда тағы бір миллионды эзотериктерге ұйым (немесе бірнеше) төлеген. Қайсысын немесе қайсыларын төлегенін білмейміз, бірақ қызметтер Атырау облысында, ауылда көрсетілген.

Іріктемелі зерттеу ресми түрде жұмыс жасайтын астрологтарды тапқан жалғыз қала - Астана. Елордаға 25,3 млн тиесілі болды, дегенмен бұған дейін мұндай қызметтер 2019 жылдан бері тіркелмеген еді.

P. S. Астрологтар мен көріпкелдерден басқа статистикада тағы бір эзотерикалық категория бар, экстрасенстер. 2023 жылы олардың ресми табысы тек 426 мың тг құрады, барлығы — Абай облысында.

@DataHUB_KZ
👍1🥰1
👍1🥰1
Қазақстанның қай жерінде тоқ өмір сүруге болады?

ҚР СЖРА ҰСБ мәліметіне сенсек, Түрікстан облысында. 2023 жылы мұндағы орта тұрғын күніне 3 873 ккал тұтынған, бұл минималды тұтынушылықтан екі есе көп (1 852 ккал). Жалпы, тұтынған калорий мөлшері барлық аймақта жеткілікті минимумнан асады, бірақ ешқайсысында айырмашылық осылай қатты көзге түспейді (ел бойынша орташа деңгей - 69%).

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейі төмен халық үлесі бойынша дәстүр бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр десек, Американы ашпаймыз (2023 жылы – 7,9%). Ең «кедей» аймақтың тұрғындары қалайша ең тоқ болып шықты?

Мұны жартылай Түркістан облысы халқы тұтынатын тағамның құрамында көмірсулардың тым көп болуымен түсіндіруге болады. Аталған нутриент олардың рационының 63% құрайды, ал норма 52% болып саналады. Ал нан және картоп секілді қымбат емес азық-түлік түрлері көмірсуларға бай. Тұтынылған калорийлердің 25% майлар (норма – 33%) құрайды. Ақуыздар үлесі 12% (норма – 15%) құрайды.

@DataHub_KZ
👍2🥰1
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарлары қолжетімділігін жоғалтуда

2 шілдеге қарай ӘМАТ бағасы 25 маусыммен салыстырғанда 0,1%-ға қымбаттаған. Қазіргі өсуі - 17 аптадағы немесе шамамен 4,5 айдағы біріншісі. ҚР СЖРА ҰСБ деректеріне сүйенсек, соңғы рет бағаның жоғарыға қарай қозғалуы 2023 жылдың маусымынан қазанына дейін болмаған.

Бір қызығы, жалпы теріс динамика үшін жауапкершілікті әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауарының алтауы ғана алып тұр. Көп жағдайда бұл көкөністер: қырыққабат (+3,2%), пияз (+1,7%), сәбіз (+0,7%) және картоп (+0,3%), олардың бағасының өзгеруі, көбінесе, маусымдыққа байланысты. Қымбаттауға кінәлі қалған екеуі - нан (+0,6%) мен тұз (+0,1%).

Зерттелген қалалар бөлінісінде ӘМАТ бағасының өсуі 20-ның сегізінде байқалады. Ең көп өскені - Павлодар (+0,7%) және Қарағанды (+0,5%). Бірінші қалада пияз (+7,3%), сәбіз (+6,8%) және картоп (+4,9%) бағалары күрт өскен. Екіншісінде - нан (+8,7%) және қырыққабат (+5%).

@DataHUB_KZ
👍1🥰1
ҚР-да жаңа көліктердің сатылымы екі есе өсті

Кәсіпорындарды іріктеу байқауының негізінде алынған ҚР ҚР СЖРА ҰСБ мәліметіне сүйенсек, 2023 жылы бөлшек сауда ұйымдары сомасы 1,9 трлн теңге болатын жаңа жеңіл көліктерді сатты, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 105% артық.

Жылдық көлемнің 60% Астана мен Алматы қалалары құраған және олар жылдық динамикаға айтарлықтай үлес қосқан.

ҰСБ қанша бірлік автокөлік сатылғанын көрсетпеді. Бірақ ауқымды түсіну үшін сәл басқаша болса да, Қазақстанның автокөлік одағының бағалауын алайық. 2023 жылы ресми дилерлерден 199 мың жаңа жеңіл және коммерциялық көліктер сатып алынған, 2022 жылға дейінгі өсім 60% құрады.

Ал пайдаланылған көліктер ше?

Мұнда кәсіпорындардың жеңіл көлік сатылымдарының да көлемі 51%-ға өсіп, 363 млрд теңгеге жетті. Қайталама нарық сауда орындарына қарағанда кеңірек екендігін айта кеткен жөн. Салалық бағалауларға сәйкес, бұл сегменттегі мәмілелердің жалпы саны жаңа автокөліктерге сұраныстың қайта бағдарлануына байланысты тоқырауға ұшырады.
🥰21
Қазақстанда ұзақ уақытқа созылған бәсеңсуден кейін жаңартылатын энергия көздеріне (ЖЭК) инвестициялар өсті

2023 жылы жаңартылатын энергия көздеріне инвестицияланған қаражат көлемі 199,8 млрд теңгені құрады. Ағымдағы бағамен есептегенде бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 4,5 есе (154,9 млрд теңге) көп. Қазіргі өсім – ҚР СЖРА ҰСБ мәліметіне сәйкес төрт жылдағы алғашқы өсім.

Көрсеткіш Ақмола облысының арқасында осыншама ұлғайды. Бұл аймақ жалғыз өзі құйылған барлық қаражаттың 61% (122 млрд теңге) және жалпы жылдық өсімнің 72% (111 млрд теңге) қамтамасыз етті. Жамбыл облысы ЖЭК-не тартылған инвестициялар сомасы бойынша екінші орында – 40 млрд теңге. Одан кейінгі орындарда Қостанай (19,7 млрд теңге) және Түркістан облыстары (16,3 млрд теңге) тұр.

ЖЭК-не инвестиция ағынын сезінген тағы үш аймақтың көлемі жалпы фонда елеусіз көрінеді: Қарағанды облысы – 1,3 млрд теңге, Алматы облысы – 490,5 млн теңге, Алматы – 1,7 млн теңге.


Айтарлықтай өсімге қарамастан, ЖЭК дамытуға байланысты шығындар теңіздегі тамшыдай болып қалады. 2023 жылы олар инвестицияның жалпы көлемінің тек 1% құраған.

@DataHUB_KZ
🥰2
Қазақстандағы әрбір оныншы жаңа пәтер 5 бөлмеден асады

2023 жылы елімізде 160 мыңға жуық пәтер пайдалануға берілді, оның ішіне жеке, яғни бір пәтерліде, үйлерде орналасқандары да кіреді. ҚР СЖРА ҰСБ деректері бойынша осы пәтерлердің шамамен 11%-да 5 және одан да көп бөлме.

Үлкен пәтерлердің ең елеулі үлесі, әрине, жаңа жеке тұрғын үйдің үлесі жоғары жерде. Бұл орайда екі оңтүстік аймақ ерекшеленеді. Мәселен, Қызылорда облысында бөлме саны 5 және одан да көп пәтер пайдалануға берілгендердің 51%-ын құрайды.

Жамбыл облысында да ұқсас жағдай: жаңа пәтерлердің 48%-да 5 және одан да көп бөлме бар, оның үштен екісі - кемінде сегіз бөлмелі. Бөлме саны 8 және одан көп пәтерлердің мұндай жоғары үлесі, жалпы санның 31%-ы, елімізде басқа ешқандай жерде жоқ.

Жаңа үйлердің барлығы дерлік көппәтерлі астаналарда жағдай қалай? Оның жартысына жуығы бір бөлмелілер: Астанада - 43%, Алматыда – 46%. Екі қалада да кем дегенде үш бөлмесі бар пәтерлердің үлесі - шамамен 20% деңгейінде.
🥰2
Қазақстандықтар жарты жыл ішінде БЖЗҚ-дан 200 млрд теңгеге жуық ақша алды

Қаңтар-маусым айларында барлығы 176,7 мың өтініш орындалды, нақты сомасы 199,4 млрд тг құрады. БЖЗҚ деректеріне сүйенсек, салымшылар бұл қаражаттың шамамен 60%-ын тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін алған.

2023 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда көрсеткіштердің динамикасы айқын болды: қаражат алудың жалпы сомасы 2,6 есе, өтініштер саны 3,7 есе өсті. Мұндай елеулі айырмашылық бір жыл бұрын қабылданған заңнамадағы өзгерістермен байланысты.

Жаңа Әлеуметтік кодекс қаражатты жеке басқаруға беру мүмкіндіктерін кеңейтті, сондай-ақ қызмет атқарған жылдары бойынша зейнеткерлерге міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтарының 100%-на дейін тұрғын үй үшін және емделу үшін алуға мүмкіндік берді.

Алайда болашақта қаражатты алу жағдайы қайтадан өзгеруі мүмкін, енді басқаша бағытта: маусымда сарапшылар тобы тұрғын үй мен емделуге қаражат алуды шектеуді ұсынды. Еңбек министрлігі, тұтастай алғанда, бұл ұсынысты мақұлдап, оны болашақты ойлау деп түсіндірді, кейінірек мерзімінен бұрын қаражатты алуға толық тыйым қарастырылмайтынын айтып өтті.

@DataHUB_KZ
1
1
ҚР-да бірінші нарықтағы үйлер бағасы тоқсандық құлдырауды алғаш рет көрсетті, кем дегенде 2021 жылдың басынан бері

ҚР СЖРА ҰСБ деректері бойынша 2024 жылдың II тоқсанында ҚР бойынша жаңа тұрғын үйдің сатылу бағасы алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 0,2%-ға төмендеген. Барлық кезең бойынша бюроның мұндай динамиканы есептеп тұрғанына қарағанда тоқсаннан тоқсанға қарай алғаш рет құлдырап тұр, кем дегенде 2021 жылдың І тоқсанынан бері.

Қалалар бойынша бағалар Атырауда айтарлықтай төмендеді, I тоқсанға қарай 3,2%-ға. Алматы да өз үлесін қосты, онда бағалар қаңтар-наурыздағы бағадан 1,3%-ға төмен болды. Бірақ Астанада бағалар 0,5%-ға өскен.

Екінші нарықтағы үйлер сегментінде республикалық деңгейдегі бағалар I тоқсанмен салыстырғанда 1,7%-ға өсті. Динамиканы Астанадағы өсім құрады, бірден 5,8%-ға, зерттелген қалалардың ішіндегі ең елеулісі. Алматыда, айтпақшы, екінші нарықтағы үйдің бағасы бірінші нарықтағы үйдікімен бірдей төмендеді - 1,3%-ға.

ҚР бойынша пәтерлерді жалға алу І тоқсанға қарсғанба 0,4% қосты, қалалар бөлінісінде тағы да Астанада баға өсті (+3%), ал Алматыда (-2%) төмендеді. Ал пәтерді жалға берудің бағасы көбірек қымбаттаған қала Орал болды (+10,8%).

@DataHUB_KZ
1👍1🥰1
👍1🥰1
Еуро бағамы - екі жыл ішіндегі ең жоғары деңгейде, доллар 9 айда алғаш рет 480 теңгеден асты

Ұлттық банк белгілеген ертеңге арналған американдық валютаның ресми бағамы - 480,77 тг. Доллар соңғы рет 480 тг болатын психологиялық белгіден жоғары 2023 жылдың қыркүйегінің соңында болды және ол кезде бұл деңгейде бір күн ғана тұрды.

10 шілдедегі еуро бағамы 520,19 тг құрайды және бұл 2022 жылдың сәуір айының басынан, яғни валюта нарығы қатты көтерілген кезден бергі ең жоғары деңгей.

Рубль бағамы - 5,51 тг, мұнда енді аса бір рекорд жоқ: маусымның соңында бұдан да жоғары болды. Естеріңізге сала кетейік, жергілікті орталық банк Мәскеудегі долларлық сауда-саттық тоқтатылғаннан кейін Ресей валютасының бағамын банктердің мәліметтері бойынша белгілейді.

Теңгемен не болып жатыр?

Ұлттық валюта мамыр-маусым айларында айтарлықтай құлдырауға бет алды, жаздың бірінші айында екі жылдағы рекордтық қарқынмен долларға қатысты әлсіреді. Ұлттық банк маусымның соңында мұндай жайтты өткен айларда Ұлттық қордан шетелдік валютаны белсенді сатудың аясында теңге нығайғаннан кейінгі "бастапқы мәнге" бағамның қайта оралуы деп санайтынын мәлімдеді.

Ұлттық банктің түсініктемесі кезінде доллар бағамы 460 тг айналасында ауытқып отырды, ал қазір, тиісінше, теңге тағы әлсіреді. Енді қосымша фактор ретінде қазір халық тарапынан (мысалы, сапарлар үшін) және кәсіпорындар тарапынан импорт пен сыртқы міндеттемелерді төлеу үшін сұраныстың артуын атауда.

@DataHUB_KZ
👍2🥰1
Нан өндірісі соңғы ширек ғасырдағы ең төменгі деңгейде

2023 ж. нәтижесі бойынша Қазақстанда 513 мың тонна нан пісірілген. Бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 8,3 мың тоннаға аз, сонымен қатар, 1999 ж. бергі ең нашар көрсеткіш болып табылады.

Ресми статистика нан өндірісін Қазақстан тәуелсіз болған уақыттан сәл ұзағырақ, 34 жыл бойы бақылап келеді. Бұл кезеңнің ең басында ол 1,5 млн тоннадан жоғары болғаны қызық. Алайда 90-шы жылдардың соңына қарай 450,3 мың тоннаға дейін азайған. Одан кейінгі 14 жылда көрсеткіш 742,5 мың тоннаға жеткенге дейін баяу өсті. Сол кезден бері көрсеткіш тағы төмендеуде. Мысалы, 2013 жылы төмендеу 229,5 мың тоннаға жетті.

Неге нан өндірісі төмендеуде? Бұл үрдіс сұраныстың азаюымен байланысты болуы мүмкін. Өзіңіз ойлаңыз: егер 10 жыл бұрын ортастатистикалық қазақстандық жылына 45,3 кг нан жеген болса, қазір бұл көрсеткіш – 28,4 кг.

Тағы бір қызықты дерек. 2023 жылы нан өндірісімен айналысатын кәсіпорындар қуатының тек 38% пайдаланған.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері бойынша

@DataHub_KZ
👍3🥰1
Су басқан аймақтарда тұрғын үй нарығында дүрлігу басталды

Маусымда су тасқынынан зардап шеккен төрт аймақта тұрғын үй сатып алу-сату мәмілелерінің саны өсті.

Сонымен БҚО үшін қазіргі нәтиже 30 айда ең үздігі болып шықты - 1 709 мәміле. Басқаша айтқанда, қазір аймақтағы тұрғын үйге сұраныс 2022 жылдың басындағыдан жоғары, бұл кезде зейнетақы жинақтарын алудың шегі төмен болып тұрған еді.

Сонымен қатар Атырау облысы 26 айда ең жоғары деңгейге жетті - 1 218 мәміле. Ақтөбе облысында 1 743 мәміле тіркелді, бұл 21 айлық рекорд болды. Ал СҚО-да 10 айдағы ең жоғары деңгейге қол жеткізілді – 967 мәміле.

Бір қызығы, аталған барлық өңірлердің ішінде ЖТҚ үлесі Атырау (40%) және Солтүстік Қазақстан (37%) облыстарында ғана елеулі болды.

Бір айда Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 32 943 мәміле тіркелді, бұл жыл басынан бері ең жоғары нәтиже. Әдеттегідей, жалпы көлемнің үштен бірі Астана мен Алматыға тиесілі болды.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHUB_KZ
2👍1🥰1
Түркияға жолдамалар рекордтық қарқынмен қымбаттады. Бағалар барлық жерде өсті, тек бір қаланың тұрғындары үшін емес

2024 жылғы маусымда Түркияда ұйымдастырылған демалыстың құны ҚР бойынша 2023 жылғы сол аймен салыстырғанда, орта есеппен, 28,5%-ға өсті. ҚР СЖРА ҰСБ деректеріне сүйенсек, бұлай қымбаттауы жылдық деңгейде ең қатты сезілгені болды, кем дегенде 2011 жылдың басынан бері есептегенде.

Өңірлер бойынша бағалар Қызылорда облысында айтарлықтай көтерілді – бірден 82%-ға, ал Астана мен Алматыда, мысалға, баға шамамен үштен біріне өсті. Алайда, айтып өткеніміздей, статистика жолдама бағасының төмендеуін тіркеген бір қала бар.

Ерекшеленген қай қала екен? Шымкент.

Ресми мәліметтерге сәйкес, мұнда Түркиядағы демалыс бір жыл бұрынғыға қарағанда 20%-ға арзанға түскен. Сонымен қатар 2023 жылдың маусымында да статистикада бірден жартысына дейін жылдық құлдырау тіркелген. Десе де, бұл жоғары базаның әсерінен болуы мүмкін: 2022 жылдың маусымында Шымкенттегі жолдамалардың бағасы жылдан жылға екі есе өскен болатын.

P.S. Ал біздің білмейтінімз - өңірлердің әрқайсысында жолдама бағасының нақты қанша тұратыны. Статистикада орташа баға келтірілмеген.

@DataHUB_KZ
👍31🥰1
👍1🥰1
Жаз – тек Түркиядағы демалыс маусымы ғана емес, сонымен қатар, жөндеу жұмыстарының уақыты. Ал қай қалаларда құрылыс материалдары ең арзан тұрады?

Сонымен, ең қолжетімді цемент Тараз қаласынан табылды (50 кг үшін 1 611 тг), ең қымбаты Петропавлда (2 548 тг). Айырмашылық – 1,6 есе.

Құрылыс қоспаларының ең тартымды бағасы Атырауда (25 кг үшін 3 215 тг). Павлодарда баға тартымдылығы мүлде керісінше (5 009 тг). Айырмашылық бірдей, 1,6 есе.

Суэмульсиялық бояуларды Көкшетауда сатып алған тиімді (1 кг үшін 738 тг). Ал Астанада оны сатып алу мүлде тиімсіз (1 342 теңге). Айырмашылық – 1,8 есе. Дәл осылай ең жоғары және ең төмен бағалы кафель де ерекшеленеді – шаршы метріне 3 762тг (Тараз) және 6 898 тг (Ақтау).

Сонымен қатар, тұсқағаздарды Атыраудан (10 метр үшін 14 630 тг) емес, Ақтөбеден (10 041 тг) сатып алу 40% үнемдеуге мүмкіндік береді.

Неге сізге бұл ақпарат керек? Сіз жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан боларсыз және экономикалық тұрғыдан тиімді болса, басқа қалаға баруға қарсы емес шығарсыз😉

@DataHub_KZ
👍2🥰2
Онлайн алаяқтықтың ең көп таралған түрі сатып алушыларды алдау болып шықты

2024 жылдың I жарты жылдығында елімізде интернет алаяқтықтың 9936 жағдайы тіркелген, ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректеріне сүйенсек, бұл 2023 жылдың I жарты жылдығына қарағанда 4,1%-ға артық.

Мұндай құқық бұзушылықтардың төрттен бір бөлігі, яғни 2417 жағдай, маркетплейстердегі, хабарландыру тақталары мен интернет аукциондардағы онлайн-сатып алулармен байланысты: алаяқтар ақшаны алып алады да, тауармен алдайды. Фишинг, яғни құпия деректерді "ұрлап алу" сияқты алаяқтық түрі де қалыспай келеді (2393 жағдай).

Айтпақшы, өңірлердің ішінде интернет алаяқтық жағдайлары ең көп қала - Астана (2204 жағдай), ал екінші орында - Алматы (1048 жағдай). Егер 10 мың тұрғынға шаққандағы құқық бұзушылық деңгейін бағалайтын болсақ, онда тағы да елорда көш бастайды (жартыжылдықта шамамен 15 жағдай), ал одан кейін Павлодар облысы тұр (шамамен 9 жағдай).

❗️Бұл орайда тек тіркелген фактілер туралы айтылып тұр - зардап шеккендер хабарламаған жағдайлар статистикаға кірмейді.

@DataHub_KZ
1👍1😢1
👍1🥰1