DATA HUB Қазақша – Telegram
DATA HUB Қазақша
203 subscribers
718 photos
1 video
403 links
DATA HUB Powered by FCBK

Қаржылық, қаржыға жақын және әлеуметтік тақырыптар бойынша ең өзекті деректері бар аналитикалық арна.
Осында барлық нарықтық талдаулар бар.

Иесі – Бірінші кредиттік бюро.

Байланысу үшін - @DataHubFCBK_bot
Download Telegram
Орташа статистикалық «бай» қазақстандықтар «кедейлерге» қарағанда азық-түлікке 4 есе, ал алкогольге 23 есе көп жұмсайды

Кеше біз сіздермен Қазақстандағы ең «кедей» 10% бен ең «бай» 10% азаматтардың ет тұтынуын талдаған едік, ал бүгін ҚР СЖРА ҰСБ-ның 2024 жылдың II тоқсанындағы олардың жалпы ақшалай шығындарының құрылымы туралы мәліметтері келіп түсті.

🥛 🍞 Сонымен, жаңа мәліметтерге сәйкес, сәуір-маусым айларында ең аз қамтылған* азаматтар айына бір үй шаруашылығының мүшесіне шаққанда, орта есеппен, азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға небәрі 22,8 мың тг жұмсаған, ал ең жағдайы жақсылары – 89,4 мың тг.

❗️Айырмашылық төрт есеге жуық – айтарлықтай, бірақ басқа азық-түлік түрлері бойынша айырмашылық одан да көп. Мысалы, ең аз қамтылған 10% халық темекі өнімдеріне бір адамға айына небәрі 511 тг жұмсайды, ал ең бай 10%-ы – айына 2,9 мың тг.

🥂Алкогольге келетін болсақ, аз қамтылған қазақстандықтар үшін бір адамға айына небәрі 95 тг, ал байлар үшін – 2,2 мың тг. Әрине, жан басына шаққандағы шығындар – өте шартты көрсеткіш (балаларды айтпағанда, ересектердің барлығы бірдей темекі шекпейтіні және ішімдік ішпейтіні түсінікті), бірақ айырмашылық бәрібір таңғалдырады.

Сондай-ақ, азық-түліктен басқа тауарлар мен ақылы қызметтер бойынша да айтарлықтай айырмашылық бар. Төмендегі графикте нақты көрсеткіштер берілген.

*ҚР СЖРА ҰСБ азаматтарды табыс деңгейі бойынша 10%-дық топтарға бөледі, олардың тұтыну деректеріне, оның ішінде табиғи тұтынуға негізделген. Мәліметтер үлкен зерттеу барысында жиналады, кейіннен бүкіл халыққа қолданылады.

Нәтижесінде, 2024 жылдың II тоқсанында ең аз қамтылған 10% қазақстандықтардың қатарына тұтыну деңгейі айына бір адамға 47 мың тг аспайтын үй шаруашылығының мүшелері кірді, орта есеппен – 38,8 мың тг. Ең бай 10%-на тұтыну деңгейі бір адамға 165 мың тг басталатын азаматтар кірді (жан басына шаққандағы орташа деңгей – 236,7 мың тг).

Айта кету керек, «байлар» тобы өте әркелкі. Төменгі шек 165 мың тг болса, зерттеуде анықталған жоғарғы көрсеткіш бір адамға айына 1,5 млн тг құрады. Бұл үй шаруашылығы тіпті осы қамтамасыз етілген топтың басқа қазақстандықтарынан айтарлықтай ерекшеленеді 🙃


@DataHub_KZ
🥰3💯21
👍4🥰1
Қазақстанда ұялы байланыс шығындары айтарлықтай қысқарды

Тамыз айында көрсетілген ұялы байланыс қызметтерінің көлемі 18,8 млрд теңгені құрады. Номиналды түрде, яғни тарифтердің өсуіне түзетусіз, бұл 2023 жылғы сол аймен салыстырғанда 10,6% кем.

Инфляцияны ескерер болсақ, қызметтерінің көлемі одан да қатты төмендеді – 21,3% кем. 8,5 жылдың ішінде мұндай қатты қарқын алғаш рет сезіліп отыр. Іс жүзінде бұған таңқалудың қажет жоқ, өйткені соңғы кезде ұялы байланыс бағасы шарықтап барады. Тамыз айының өзінде ол 20,9% (ж/ж) өсті.

Күткеніміздей, сегіз айдағы нәтиже де тым нашар – 156,8 млрд теңге. Салыстырымды бағамен ол былтырғы жылы 11,5%, ағымдағы бағамен – 2,6% жоғалтып отыр.

Иә, жылға шаққанда, нақты шығындар тамыз айында қатты түссе түскен болар. Бірақ басқа жеті айдың нәтижелері бойынша да кемігенін түсінген абзал. Жалпы, төмендеу үрдісі 2022 жылдан бері белең алып келеді.

ҚР СЖРА ҰСБ мәліметтері

@DataHub_KZ
👍2🥰2
Алматылықтардың ойын-сауыққа жұмсайтын орташа шығыны Қазақстан бойынша жалпы көрсеткіштен екі есе асып түсті

🎭 2024 жылдың II тоқсанында қала тұрғындарының бір адамға шаққандағы бос уақытты өткізу және мәдени қызметтерге жұмсаған орташа шығыны 8,6 мың тг құрады, бұл Қазақстан бойынша орташа деңгейден 2,4 есе көп.

Қарағанды облысында да шамамен осындай көрсеткіш (8,6 мың тг), ал Астана тұрғындарын алматылықтар көрсеткіш бойынша төрт біріне басып озды: елордада жан басына шаққандағы орташа деңгей - 7 мың тг. Ал Абай облысының тұрғындары бос уақытында бәрінен азырақ шығындалған – бір адамға небәрі 916 тг.

👩🏻‍⚕️Тағы бір байқағанымыз: алматылықтар тек ойын-сауыққа ғана емес, денсаулыққа да көп шығындалады. Сәуір-маусым айларында денсаулық сақтау қызметтеріне жұмсалған шығын жан басына шаққанда 8,1 мың тг құрады. Бұл да ҚР бойынша орташа деңгейден екі есе көп болды. Алматылықтардан кейінгі орындарда ШҚО мен Астана тұрғындары тұр (әрқайсысында 5,5 мың тг). Ал медицинаға бәрінен азырақ шығындалған - Шымкент тұрғындары (1,7 мың тг).

Әртүрлі аймақтардың тұрғындарының шығындары туралы тағы бірнеше дерек суретте көрсетілген.

ҚР СЖРА ҰСБ мәліметтері

@DataHub_KZ
😁2👍1🥰1
😁2🥰1
🚘Қазақстанда жеңіл автокөліктерді есепке қою жиілеп барады

Шілде айының қорытындысы бойынша жалпы тіркеулер саны 144,2 мың бірлікті құрады. Бұл өткен аймен салыстырғанда 19,3%-ға жоғары және 2023 ж. соңынан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Шетелдік ТҚ легализациялау науқаны аяқталғанына (қабылданған өтінімдер 2023 ж. 31 желтоқсанына дейін қаралды) жарты жылдан астам уақыт өтті, бірақ жеңіл көліктерді тіркеу көрсеткіші ақырындап баяулап бара жатыр. Осы шілдедегі мәні өткен жылмен салыстырғанда 8,4%-ға төмен, десе де, 2023 ж. орташа деңгейімен шамалас – 145,8 мың бірлік.

Жалпы алғанда, жыл басынан бері 923,2 мың жеңіл көлік тіркелді, егер 2023 ж. жеті айындағы жоғары база (1 млн бірлік) болмаса, бұл 13 жылдағы ең жоғары көрсеткіш болуы мүмкін еді. Салыстырыңыз: 2022 ж. қаңтар-шілде айларында 600 мың тіркеу болды.

2024 ж. көрсеткіштің жоғары болуының себебі ретінде барлық шетелдік ТҚ жаңа заңнама бойынша тіркеуге алынуы мен нарықтың жандануын айтып өтуге болады.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHub_KZ
🥰2
Қытайдан импорт қарқыны пандемия кезіндегідей төмендеп барады. Оған себеп – вейптер, ойыншықтар мен желдік генераторлар

2024 ж. қаңтар-шілде айларында ҚХР-дан ҚР-ға әкелінген өнім көлемі 8,1 млрд долларға бағаланды, бұл 2023 жылғы сол айдағы көрсеткіштен 7,5%-ға кем. Жылдың 7 айының нәтижелері бойынша коронавирус жайлаған 2020 жылдан бері мұндай құлдырау алғаш рет байқалып отыр, қазіргі қарқыны одан да қатты.

Мұндай олқылықтың орын алуына не себеп?

⚡️ Электр генераторлар санаты, әсіресе желдік генераторлар санаты бойынша айтарлықтай төмендеді. Егер 2023 жылғы қаңтар-тамыз айларында 135,1 млн доллар сомаға 546 желдік генераторлар әкелсек, ал қазір 21,5 млн долларға 212 дана әкелдік.

👡 «Табаны мен үсті резеңкеден немесе пластмассадан жасалған аяқ киім» импорты да (су өткізбейтіннен басқа) 137,6 млн-нан 48,6 млн-ға дейін едәуір азайды. 19,5 млн дана аяқ киімнің орнына «бар болғаны» 6,8 млн ғана әкелінді. Мұнша пластик тәпішкенің бізге не керегі бар деп таңғалуыңыз да бек мүмкін, әйткенмен бұл санатқа жасанды былғарының да кіретінін ұмытпаңыз.

😮‍💨«Жанбайтын иіскеуге арналған» никотин өнімдерінің де импорты мүлдем азайды. Әдетте бұларға вейптер мен сол сияқты тауарлар жатады: 88,6 млн доллар еді, енді 3,4 млн доллар болды. Оның себебі де айқын, биыл электронды шылымға тыйым салынды, сондықтан қазір оларды заңды түрде әкелуге болмайды. Ал бұрынғы көлемін түсіндіру үшін мысал келтіре кетейік: 2023 ж. шілдеде бұл санаттағылар барлық Қытай импортының ішіндегі ең ірісі саналатын, тіпті көлік импортын да базып озған болатын.

Жалпы құлдыраудың жартысына жуығы аталған «антилидерлердің» үштігіне тиесілі, бірақ сатыпалымы қатты азайған басқа да тауарлар бар.

🧸Мысалы, Қазақстан тұтынушыларының ҚХР-ның түрлі ойыншықтарына деген қызығушылығы да жоғалып бара жатқан сыңайлы. Не болса да, көлік модельдерінен бастап үш дөңгелекті велосипедтерге дейін кіретін ірі санаттағы жалпы импорт 114,3 млн доллардан 40,7 млн долларға дейін бір-ақ түсті. Мысалға алсақ, былтыр 21 млн дана (!) жануарлар түріндегі жұмсақ ойыншықтар әкелінсе, биыл 3 млн-ға жуық әкелінген.

Қорыта айтқанда, Қытай импортының төмендеуі биыл барлық серіктес елдер бойынша да айтарлықтай байқалып отыр. Дегенмен ҚХР бәрібір біздің ең негізгі жеткізушіміз болып қала бермек.

Шығыс көршіні есепке алмағанда, Қазақстан импорты биыл төмендеп кетті, демек, Қытайдың үлесі іс жүзінде былтырғы күйінше қалды. Біз тауар үшін шетелге беріп отырған әрбір төртінші доллар әлі де ҚХР-ға кетіп отыр.

ҚР СЖРА ҰСБ, ҚМ МКК деректері

@DataHub_KZ
👍2🥰1
Қытайдан әкелінген тауар импортының динамикасы

@DataHub_KZ
👍2🥰1
Қытай тақырыбын жалғай түссек: ҚР-да тіркелген ҚХР компанияларының саны күрт өсті

1 қыркүйекте Қазақстанда қытайлық меншік иелері бар заңды тұлғалары мен филиалдар саны 4674 болды, бұл 1 тамыздағыға қарағанда 150 бірлікке көп. Бір айдағы өсім кем дегенде 2022 жылдың басынан бері ең қуатты болды.

Осы уақыт ішінде ай нәтижесі бойынша тіркелген ұйымдардың саны тек бір рет қана 2023 жылғы қарашада кеміді. 2024 жылы өсім қарқындап артып келеді.

Қазір тіркелген ұйымдардың тек үштен екісінің (3062 бірлік) ғана жұмыс істеп тұрғаны рас. Екінші жағынан, Қытайға тиесілі жұмыс істеп тұрған компаниялардың саны бір ай ішінде 122 компанияға артты.

Серіктес елдердің бірде-бірі тамыз айында дәл мұндай нәтижеге қол жеткізбеді, ал жұмыс істеп тұрған компаниялардың жалпы саны бір ай ішінде 221 данаға қысқарды. Динамиканың қатты бәсеңдеуіне РФ-ның көрсеткіштері себеп болып отыр (жұмыс істеп тұрған компаниялардың саны бір ай ішінде 138-ге қысқарды). Сонымен қатар РФ-ға тиесілі тіркелген ұйымдардың саны тағы да кеміді (-31 дана).

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHub_KZ
👍2🥰1
👍1🥰1
Ал енді маңызды қызықты жаңалықтарға көшейік. Статистика бюросы көрпе жасау өндірісінің көлемі жайлы ақпарат жариялай бастады.

ҚР СЖРА ҰСБ-ның өнеркәсіп өндірісінің толық статистикасында «Әр түрлі өлшемдегі мамықтан немесе қауырсыннан жасалған ұлттық көрпелер, көрпешелер» санатындағы тауарлардың өндірілген саны туралы мәліметтер шығатын болыпты.

Қазіргі уақытта шілде мен тамыз айларына арналған мәліметтер қолжетімді. Заңды тұлғаларды да, жеке кәсіпкерлерді де қамтуы тиіс ресми деректерге сәйкес, екі айда да 1,2 мың бұйым өндірілген, олардың шамамен 0,5 мыңы екі айда да бір қалаға тиесілі – Қызылордаға.

Қызылордадан басқа елеулі көлемде Шымкентте де тігіледі – шілдеде де, тамызда да статистикаға 0,2 мың дана өнім тіркелген. Ал Алматыда, мысалға, көрпе тігілмейді (немесе ресми статистика бұл туралы әлі білмейді 😉)

@DataHub_KZ
👍2🥰1
ҚР-да көппәтерлі үйлерді іске қосу жылдам қарыштауда

2024 ж. тамызда осы типтес 265 жаңа ғимарат пайдалануға берілді, бұл 2023 жылғы тамыздағыдан екі есе көп. Бұл көрсеткіш кемі соңғы он жылдағы кез келген тамыз айының ішінде осы жолы ғана осылай өте жоғары болып отыр.

Бұған көктемде тасқыннан зардап шеккен БҚО-ның басты үлес қосқанын айтпақ керек. Мұнда 87 көппәтерлі үй қосылып, бұл аймақ үшін тағы да рекорд болды. Әрі тек тамыз айы үшін ғана емес, жалпы сол онжылдықтың кез келген айы үшін рекорд болды.

Ал, жыл басынан бергі жалпы көрсеткіштерді қайтпек керек? Бүкіл ҚР деңгейі бойынша алсақ, олар кем дегенде 2014 жылдан бері кезең ішінде тағы жоғары болып отыр. 1151 жаңа көппәтерлі үй пайдалануға берілді, ж/ж өсім 46%-ды құрады. Мұнда Алматы бәрінен озып тұр: 8 айдың ішінде 207 үй берілді. Өздеріңіз түсініп отырғандай, бұл кезең үшін тағы да барынша жоғары болып отыр.

Ал, бұл жолы не кеміді, ол – жаңа көппәтерлі үйлердің орташа ауданы. 2024 ж. қаңтар-тамыз айларында ол 5,6 мың шаршы метрді құрады, бұл кемі он жыл кезең ішіндегі үшін ең төменгі көрсеткіш болды.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHub_KZ
👍3🥰1
👍3🥰1
Уран экспорты рекордтық деңгейге жетті

2024 жылдың 7 айында шетелге $2 млрд болатын өңделген табиғи уран экспортталды, бұл 2023 жылдың дәл осы айларымен салыстырғанда 54%-ға артық. Қазіргі мәні - кем дегенде 2015 жылдан бері ең жоғары көрсеткіш.

Барлық өсім бағаның көтерілуімен байланысты болды, себебі физикалық түрде экспорт өзгерген жоқ деуге болады (10,3 млн кг уран, жылдан жылға +1%).

Уранымыз нақты қайда кетіп жатқанын қарайық:

💵Ақша бойынша негізгі үлес – РФ-да (46%). Жылдық деңгейде жеткізілімнің жалпы құны 23%-ға артты, десе де, физикалық түрде экспорт шамамен сондай көлемде төмендеді. 1 кг уранның орташа бағасы, тиісінше, көтерілді (+63%).
⚖️Егер доллармен емес, уранның килограмымен есептесек, биылғы басты сатып алушы Қытай болып шықты, үлесі - 44%. ҚХР бір жылда физикалық түрде де (+21%), ақша түрінде де (+72%) көбірек сатып алды.

Жалпы алғанда, өткен жылғы басқа маңызды серіктестердің барлығы көлемдерін арттырды. Мүлде артта қалғаны 2023 жылдың қаңтар-шілде айларында уранды $27,5 млн долларға сатып алған Румыния және Австрия (оның сомасы тіптен аз).

ҚР СЖРА ҰСБ деректері


@DataHub_KZ
👍3🥰1👏1
👍2🥰1
Жұмыртқа бағасы соңғы екі жылда барынша жоғары қарқынмен шарықтап барады

Орта есеппен алғанда, 10-17 қыркүйек аралығындағы апта ішінде ҚР бойынша І санаттағы жұмыртқа бағасы 2%-ға өсті. Қазіргіден жоғары қарқыны соңғы рет 2022 жылғы қыркүйектің соңында тіркелді.

Жалпы, күзде жұмыртқа бағасының өсуі – қалыпты құбылыс, бірақ қазір оның бүкіл ҚР бойынша жоғары қарқыны ғана емес, сонымен қатар жеке қалаларда да бағаларының өскені назар аудартып отыр. Мәселен, Семейде, Павлодарда, Қарағандыда жұмыртқа бір аптада 6%-дан аса қымбаттады.

Жезқазғанда жеті күннің ішінде бағаға 11,7% қосылды. Ұлытаудың өзін-өзі қамтамасыз етуінің мәз емес екенін айтпақ керек: кейбір бағалауларға сай өңірге жылына 60 млн дана жұмыртқа қажет, ал 2023 жылы өндіріс 20 млн-ға да жеткізе алмады. Расында, жергілікті құс фабрикаларының жұмысын қайта қалпына келтіруге орай жағдай өзгеруі тиіс еді.

Жалпы, биыл ҚР бойынша жұмыртқа өндірісі былтырғыға қарағанда әзірге жақсы жүргізіліп отыр. Өндірушілерді қолдау үшін мамырдан бастап қазан айының соңына дейін шетелден алып келуге шектеу салынғаны – жеке мәселе.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHub_KZ
👍3🥰1
👍2🥰1
БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляциядан асып түсуде

Жыл басынан бері ҚРҰБ басқаруындағы активтердің номиналды кірістілігі 10,3%-дан асты, бұл сол уақыттағы тұтыну бағаларының өсуінен 5 п.т. көбіне артық. Қазіргі нақты нәтижесі 4,8% 2023 ж. сол кезеңіндегі шамамен нөлдік көрсеткіштен әлдеқайда жақсы.

Жыл басынан бері инвестициялық табыс 1,9 трлн тг асты, бұл 2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі 1,1 трлн тг едәуір көп.

Бір ғана тамыз айының нәтижесі 538 млрд тг болды. Бұл соманың негізгі бөлігін бағалы қағаздардың қайта бағалануынан түскен табыс (218,7 млрд тг) құрады. Жалпы, бағалы қағаздар бойынша сыйақыдан да (131,8 млрд тг), сыртқы басқарудан да (122,5 млрд тг) түскен табыс көңіл көншітерлік болды. Ал 64,4 млрд тг теңгенің әлсіреуі «сыйлады», бұл ретте шетел валютасын қайта бағалау арқылы табыс түсті. Тағы 0,6 млрд тг басқа табыстар құрады.

Нәтижесінде, 538 млрд тг деңгейіндегі көрсеткіш басқа айларға қарағанда жаман емес, алайда маусым айындағы көрсеткіштерден төмен.

БЖЗҚ деректері

@DataHub_KZ
👍3🥰1
✈️💰Туроператорлардың табысы аспанға ұшты

Алғашқы жартыжылдығында қазақстандық туроператорлар 285,7 млрд теңге тапқан. Номиналды мәнде бұл өткен жылдағыдан шамамен 40%-ға көп.

2023 ж. қаңтар-маусым айларына инфляцияға түзетусіз көрсеткіш тіпті 3,2 есе өсті. Белгіленген кезеңнің қорытындысы бойынша мұндай жоғары деңгей бұрын-соңды болмағаны белгілі.

Әдетте жылдың бірінші жартысы туроператорларға екінші жартысына қарағанда әлдеқайда аз табыс әкеледі. Бұл тұрғыдан алғанда, ағымдағы аса жоғары табыстар одан сайын таңғалдырады.

🕵️‍♂️Мұндай қарқынды өсудің себебін анықтау қиын. Бір ғана «кінәрат» - ресми статистиканың шағын кәсіпорындарды іріктеп зерттеу қорытындысы бойынша алған деректерінің салыстыруға келмейтіндігі. Бірақ бұл жерде бәрі дұрыс – соңғы уақытта респонденттердің саны айтарлықтай өзгермеген.

Соған қарағанда, қазақстандықтар демалысқа ақша аямайтын болды. Бірақ бұл өз еріктерімен емес, себебі Түркияға жолдамалар айтарлықтай қымбаттаған сияқты 😭

Дереккөз – ҚР СЖРА ҰСБ

@DataHub_KZ
👍5🥰1
Несиелеу қалай жүріп жатқанына назар аударатын уақыт келді. Тамызда қандай қызықтар болды?

🧍🏻‍♂️🧍🏻‍♀️ Алдымен жекелеген несиелерден бастайық. Мінеки, бірнеше мәлімет:

↘️ Жеке тұлғаларға берілетін жалпы несие көлемі тежеліп тұр – 1,4 трлн тг, өткен айға қарағанда минус 7,6%. Шілдеге қарай рәсімделген келісімдер саны 10,5%-ға, 3,66 млн бірлікке дейін төмендеді, бұл - 2023 жылдың сәуірінен бергі ең төменгі көрсеткіш.
🛍 Тұтынушылық кепілсіз несиелердің көлемі 9,6%-ға, 888 млрд тг дейін төмендеп, бір айда төмендеуге үлкен үлесін қосты. Өткен жылдың тамызымен салыстырғанда көлемі номиналды түрде сәл өскен, бірақ тұтынушылық инфляцияны ескеретін болсақ, онда төмендеген. Ал тұтынушылық несие саны бір айда 12,4%-ға, 2,76 млн келісімге дейін төмендеді (айтпақшы бұл 2023 жылдың қыркүйегінен бергі ең төмен көрсеткіш).
🏘 Ипотека, керісінше, жақсы жүріп жатыр. Келісім саны бір айда 7,1%-ға, берілген несие көлемі 15%-ға өсті. Абсолюттік сандармен 232,3 млрд тг болатын 13,7 мың несие. Нәтижесінде, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 574 мың қазақстандықтың ипотекасы бар, олардың жалпы қарызы - 6,2 трлн тг.
👛 Жалақыға дейінгі қарыз да, яғни PDL, әлі де тежеліп тұр. Тамызда көлемі 8,6%-ға, айдан айға 43,4 млрд тг дейін төмендеді, ал несие саны сәл аздау, 4,1%-ға, 657 мың бірлікке төмендеді. Атап өткен жөн болар, тамыздың соңында осындай қарыздарға қойылатын жаңа талаптар күшіне енді: олардың көлемі енді 50 емес, 45 АЕК (ағымдағы жылы 166,1 мың тг) шегінде шектеледі.

💼 Ал бизнесте не болып жатыр?

📉 Жалпы берілу көлемі тежелуде, шілдеге қарағанда бірден 22,8%-ға, 1,4 трлн тг дейін. Келісім саны бір айда аз ғана төмендеді, сондықтан ақшалай көрсеткіштер қарыздардың мөлшері кішірейгендіктен азайып бара жатыр. Заңды тұлғалардың келісімінің орташа сомасының төмендеуі қатты білінді – шілдедегі 138 млн тг-ден тамызда 105,5 млн тг дейін.

Бірінші кредиттік бюро деректері

Тағы да қосымша мәліметтерді келесі посттағы
суреттерден таба аласыздар

@DataHub_KZ
👍41🥰1