Жұмыртқа бағасы соңғы екі жылда барынша жоғары қарқынмен шарықтап барады
Орта есеппен алғанда, 10-17 қыркүйек аралығындағы апта ішінде ҚР бойынша І санаттағы жұмыртқа бағасы 2%-ға өсті. Қазіргіден жоғары қарқыны соңғы рет 2022 жылғы қыркүйектің соңында тіркелді.
Жалпы, күзде жұмыртқа бағасының өсуі – қалыпты құбылыс, бірақ қазір оның бүкіл ҚР бойынша жоғары қарқыны ғана емес, сонымен қатар жеке қалаларда да бағаларының өскені назар аудартып отыр. Мәселен, Семейде, Павлодарда, Қарағандыда жұмыртқа бір аптада 6%-дан аса қымбаттады.
Жезқазғанда жеті күннің ішінде бағаға 11,7% қосылды. Ұлытаудың өзін-өзі қамтамасыз етуінің мәз емес екенін айтпақ керек: кейбір бағалауларға сай өңірге жылына 60 млн дана жұмыртқа қажет, ал 2023 жылы өндіріс 20 млн-ға да жеткізе алмады. Расында, жергілікті құс фабрикаларының жұмысын қайта қалпына келтіруге орай жағдай өзгеруі тиіс еді.
Жалпы, биыл ҚР бойынша жұмыртқа өндірісі былтырғыға қарағанда әзірге жақсы жүргізіліп отыр. Өндірушілерді қолдау үшін мамырдан бастап қазан айының соңына дейін шетелден алып келуге шектеу салынғаны – жеке мәселе.
ҚР СЖРА ҰСБ деректері
@DataHub_KZ

👍3🥰1
БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляциядан асып түсуде
Жыл басынан бері ҚРҰБ басқаруындағы активтердің номиналды кірістілігі 10,3%-дан асты, бұл сол уақыттағы тұтыну бағаларының өсуінен 5 п.т. көбіне артық. Қазіргі нақты нәтижесі 4,8% 2023 ж. сол кезеңіндегі шамамен нөлдік көрсеткіштен әлдеқайда жақсы.
Жыл басынан бері инвестициялық табыс 1,9 трлн тг асты, бұл 2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі 1,1 трлн тг едәуір көп.
Бір ғана тамыз айының нәтижесі 538 млрд тг болды. Бұл соманың негізгі бөлігін бағалы қағаздардың қайта бағалануынан түскен табыс (218,7 млрд тг) құрады. Жалпы, бағалы қағаздар бойынша сыйақыдан да (131,8 млрд тг), сыртқы басқарудан да (122,5 млрд тг) түскен табыс көңіл көншітерлік болды. Ал 64,4 млрд тг теңгенің әлсіреуі «сыйлады», бұл ретте шетел валютасын қайта бағалау арқылы табыс түсті. Тағы 0,6 млрд тг басқа табыстар құрады.
Нәтижесінде, 538 млрд тг деңгейіндегі көрсеткіш басқа айларға қарағанда жаман емес, алайда маусым айындағы көрсеткіштерден төмен.
БЖЗҚ деректері

✈️💰Туроператорлардың табысы аспанға ұшты
Алғашқы жартыжылдығында қазақстандық туроператорлар 285,7 млрд теңге тапқан. Номиналды мәнде бұл өткен жылдағыдан шамамен 40%-ға көп.
2023 ж. қаңтар-маусым айларына инфляцияға түзетусіз көрсеткіш тіпті 3,2 есе өсті. Белгіленген кезеңнің қорытындысы бойынша мұндай жоғары деңгей бұрын-соңды болмағаны белгілі.
Әдетте жылдың бірінші жартысы туроператорларға екінші жартысына қарағанда әлдеқайда аз табыс әкеледі. Бұл тұрғыдан алғанда, ағымдағы аса жоғары табыстар одан сайын таңғалдырады.
🕵️♂️Мұндай қарқынды өсудің себебін анықтау қиын. Бір ғана «кінәрат» - ресми статистиканың шағын кәсіпорындарды іріктеп зерттеу қорытындысы бойынша алған деректерінің салыстыруға келмейтіндігі. Бірақ бұл жерде бәрі дұрыс – соңғы уақытта респонденттердің саны айтарлықтай өзгермеген.
Соған қарағанда, қазақстандықтар демалысқа ақша аямайтын болды. Бірақ бұл өз еріктерімен емес, себебі Түркияға жолдамалар айтарлықтай қымбаттаған сияқты 😭
Дереккөз – ҚР СЖРА ҰСБ

👍5🥰1
Несиелеу қалай жүріп жатқанына назар аударатын уақыт келді. Тамызда қандай қызықтар болды?
🧍🏻♂️🧍🏻♀️ Алдымен жекелеген несиелерден бастайық. Мінеки, бірнеше мәлімет:
↘️ Жеке тұлғаларға берілетін жалпы несие көлемі тежеліп тұр – 1,4 трлн тг, өткен айға қарағанда минус 7,6%. Шілдеге қарай рәсімделген келісімдер саны 10,5%-ға, 3,66 млн бірлікке дейін төмендеді, бұл - 2023 жылдың сәуірінен бергі ең төменгі көрсеткіш.
🛍 Тұтынушылық кепілсіз несиелердің көлемі 9,6%-ға, 888 млрд тг дейін төмендеп, бір айда төмендеуге үлкен үлесін қосты. Өткен жылдың тамызымен салыстырғанда көлемі номиналды түрде сәл өскен, бірақ тұтынушылық инфляцияны ескеретін болсақ, онда төмендеген. Ал тұтынушылық несие саны бір айда 12,4%-ға, 2,76 млн келісімге дейін төмендеді (айтпақшы бұл 2023 жылдың қыркүйегінен бергі ең төмен көрсеткіш).
🏘 Ипотека, керісінше, жақсы жүріп жатыр. Келісім саны бір айда 7,1%-ға, берілген несие көлемі 15%-ға өсті. Абсолюттік сандармен 232,3 млрд тг болатын 13,7 мың несие. Нәтижесінде, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 574 мың қазақстандықтың ипотекасы бар, олардың жалпы қарызы - 6,2 трлн тг.
👛 Жалақыға дейінгі қарыз да, яғни PDL, әлі де тежеліп тұр. Тамызда көлемі 8,6%-ға, айдан айға 43,4 млрд тг дейін төмендеді, ал несие саны сәл аздау, 4,1%-ға, 657 мың бірлікке төмендеді. Атап өткен жөн болар, тамыздың соңында осындай қарыздарға қойылатын жаңа талаптар күшіне енді: олардың көлемі енді 50 емес, 45 АЕК (ағымдағы жылы 166,1 мың тг) шегінде шектеледі.
💼 Ал бизнесте не болып жатыр?
📉 Жалпы берілу көлемі тежелуде, шілдеге қарағанда бірден 22,8%-ға, 1,4 трлн тг дейін. Келісім саны бір айда аз ғана төмендеді, сондықтан ақшалай көрсеткіштер қарыздардың мөлшері кішірейгендіктен азайып бара жатыр. Заңды тұлғалардың келісімінің орташа сомасының төмендеуі қатты білінді – шілдедегі 138 млн тг-ден тамызда 105,5 млн тг дейін.
Бірінші кредиттік бюро деректері
Тағы да қосымша мәліметтерді келесі посттағы суреттерден таба аласыздар

👍4❤1🥰1
Қазақстандықтар Түркияға сапар бойынша рекорд орнатты
Естеріңізде ме, жазда біз ҚР-да түрік жағалауларындағы демалыс бағасының өсуіне таң қалып едік? Маусымда баға жылдық есепте 28,5%-ға артты, шілдеде – 35,5%, тамызда – 39,3%.
Жолдамалардың қатты қымбаттауы қазақстандық тұтынушыларды үркітуі тиіс еді.
Алайда бұлай болмаған сыңайлы. Жақында Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі елге шетелден келушілер жайлы жаңа статистиканы жариялады. Оған сәйкес, маусым-тамыз аралығында Қазақстан азаматтары Түркияға 440,4 мың рет кірген.
Қазіргі көрсеткіш өткен жылдың деңгейінен 7% жоғары болып қана қойған жоқ, сондай-ақ 2014 жылдан бері жаз айларындағы ең жоғары нәтиже болды. Мәселен, 2019 жылы, яғни пандемияға дейін, жыл бойғы көрсеткіш сәл ғана жоғары болды.
Атап өтейік, бұл тек қазақстандықтардың Түркияға өтулерінің статистикасы: олардың не үшін және қанша уақытқа барғаны бізге аян емес. Дегенмен, 2022 және 2023 жылдардың нақты деректері негізінде ең танымал бағыт Анталия деп ұйғаруға болады.

👍2🥰1
Айырбастау пунктеріндегі еуроға таза сұраныс антирекордқа дейін құлдырады
Тамызда еуропалық валютаның нетто-сатылымдары (сатылымнан сатып алуды алғанда) 1,2 млрд тг құрады, бұл номиналды түрде шілдеге қарағанда 88%-ға, 2023 жылдың тамызына қарағанда 92%-ға аз. Қазіргі мәні кем дегенде 2018 жылдың басынан бері ең төменгі көрсеткіш болып тұр.
Мұнда еуро бағамы да әсер еткен болуы мүмкін: тамызда, орта есеппен, шілдеге қарағанда 2,2%-ға жоғары болды. Қалай болғанда да, қазір еуропалық валютаға таза сұраныс рубльге қарағанда төмен, мұндай жағдай 2022 жылдың наурызынан бері болмаған еді.
Айтпақшы, халық рубльден жарты жылда алғаш рет құтылуды тоқтата бастады: наурыз бен шілде аралығында олардың таза сұранысы теріс мәнде болды, ал қазір - 5,5 млрд тг көлемінде. Дегенмен, бұл 2023 жылдың тамызымен салыстырғанда номиналды түрде 57%-ға аз.
Долларға таза сұраныс шілдеге қарағанда жақсырақ: 110,6 млрд тг (+14%), бірақ өткен жылдың тамызымен салыстырғанда көңіл қоншытарлық емес (инфляцияны есепке алмағанда -26%). Айтпақшы, доллардың орташа бағамы да өткен айда өсті, бірақ еуроға қарағанда аздау (+0,7%).

Несие бойынша мөлшерлемелер төмендеді, ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша мөлшерлемелер тұрақты, кей жерлерде тіпті рекордтарды жаңартуда
Тамыз айында ЕДБ берген жеке тұлғалар мен ЖК-ге арналған теңгелік несиелердің орташа өлшенген мөлшерлемесі шілдемен салыстырғанда 0,1 п.т. төмендеп, 20,2%-ды құрады. Сегменттегі ең қымбаты – 1 айға дейінгі мерзімдегі несиелер (36,9%), ең тиімдісі – 5 жылдан асатын мерзімдегі несиелер (19,4%). Заңды тұлғаларға берілген несиелер бойынша мөлшерлемелер де шілде деңгейіне дейін біраз төмендеді: 0,1 п.т., 17,6%-ға дейін.
Ал біздегі депозиттер жағдайы қалай?
🔸Тамыз айында жеке тұлғалар үшін орташа өлшенген мөлшерлемесі шілдемен салыстырғанда сол деңгейде қалып, 13,5%-ды құрады. Ең тартымды шарттар 1-ден 3 айға дейінгі депозиттер сегментінде болды: көрсеткіш 15,6%-ға жетіп, шілдемен салыстырғанда сәл өсті. Сәл ғана, 0,2 п.т. өсті, бірақ бұл сегмент бойынша ағымдағы деңгей бәрібір 2000 жылдың күзінен берi техникалық тұрғыдан ең жоғары көрсеткіш болып саналады.
🔸Заңды тұлғалар үшін орташа өлшенген мөлшерлеме 0,1 п.т. төмендеп, 13,1%-ды құрады. Ең тартымды сегмент – 3 айдан 1 жылға дейінгі салымдар (13,2%).
ҚР Ұлттық банктің деректері

РФ-ның Қазақстанға шетелден аударымдардағы үлесі 2022 жылдың көктемінен бергі ең төменгі деңгейге түсті
2024 жылдың тамызында халықаралық ақша аударымдары жүйелері (ХААЖ) арқылы Қазақстанға Ресейден 5,1 млрд тг түсті, бұл, инфляцияны есепке алмағанда, өткен аймен салыстырғанда 12%-ға және өткен жылмен салыстырғанда шамамен үштен біріне төмен.
Бұл көрсеткіш номиналды түрде 2022 жылдың наурызынан бергі, ал бағалардың өзгеруін ескергенде 2022 жылдың ақпанынан бергі ең төменгі деңгей болып тұр. Инфляцияны ескергенде 2024 жылдың тамызындағы деңгейі 2021 жылдың соғысқа дейінгі тамыздағы деңгейінен төмен.
РФ-ның жалпы құрылымдағы үлесі қазіргі уақытта 25,6%-ды құрайды. Шілдемен салыстырғанда айырмашылық аса көп емес, минус 1,3 п.т., бірақ техникалық тұрғыдан алғанда бұл - 2022 жылдың наурызынан бергі ең төменгі мән. Дегенмен, егер 2021 жылғы мәндерді «норма» ретінде алсақ, үлестің әлі де төмендеуге мүмкіндігі бар – сол кезде бұдан төмен болған еді.
Айта кетейік, әзірлеушісі санкцияға ұшыраған ресейлік «Золотая корона» көрсеткіштері де шілдеде төмендеді, бірақ күрт емес. Шетелге аударымдар құрылымында үлесі 89,3%-дан 86,4%-ға, шетелден келетін аударымдарда 55,4%-дан 51,7%-ға төмендеді.

🥰1👌1
Айдың қорытындысы бойынша теңге сәуірден бері алғаш рет долларға қатысты нығайды
1 қазандағы американдық валютаның бағамы – 481,19 тг, бұл 1 қыркүйекке қарағанда 0,1%-ға немесе 0,44 тг төмен. Әрине, динамикасы аса көп емес, бірақ бұл - соңғы төрт ай бойы нығайып келген доллардың алғаш рет әлсіреуі.
Бір қызығы, осындай аз ғана динамика Ұлттық банктің валюта нарығындағы айтарлықтай жоғары белсенділігінен болды (бұрын уәде еткендеріндей). Ұлттық қордан трансферттер үшін $945 млн сатылды, ал тамызда 546 млн сатылған болатын. Одан бөлек, өткен айдағыдай, Қазатомөнеркәсіп акциялары бойынша келісім-шарт аясында $241,5 млн сатылды. Сонымен қатар БЖЗҚ мүддесіне валюта сатып алуды 2,5 есе өсірді, яғни $550 млн дейін. Бірақ, соған қарамастан, таза сатылымдар тамызбен салыстырғанда көбірек болды: $687 млн тамыздағы $565 млн қарсы.
Қазанда жағдай қалай болады? Трансферттер үшін көбірек сатады: $1,3-дан $1,4 млрд дейін, бірақ БЖЗҚ үшін де біраз сатып алады: $850–950 млн. Сонымен қатар Қазатомөнеркәсіппен келісім-шарт бойынша саудаға түскенде ($240–260 млн) таза нәтиже шамамен осы айдағыдай шығып қалады.

Жалпы инфляция баяулауда, бірақ ақылы қызметтер де берілер емес
Қыркүйектің қорытындысы бойынша жылдық деңгейдегі тұтынушылық баға 8,3%-ға өсті, бұл тамызбен салыстырғанда 0,1 п.т., жақсы жаққа өзгерді. Азық-түлік (тамыздағы 5,5%-дан 5,1%-ға дейін) және азық-түлік емес тауарлардың (7,7%-дан 7,6%-ға дейін) қымбаттау қарқыны бәсеңдеді. Тек ақылы қызметтердің көрсеткіші сол деңгейінде қалды – 13,6%.
Сәйкесінше, қазіргі таңда баға өсіміне дәл осы ақылы қызметтер айрықша үлес қосуда. Алайда өткен жылы қыркүйекте инфляцияның негізгі қозғаушы күші азық-түлік болған еді. Қазір қызметтер жалпы көрсеткіштің 8,3%-ның 3,8 п.т. құрап тұр, оның 2 п.т. - тұрғын үй саласы/коммуналдық қызметтер. Мысалы, бір жылда жылу құны үштен бір бөлікке қымбаттады, сондай-ақ басқа бағыттар бойынша да айтарлықтай өсім байқалады: демалысты ұйымдастыру қызметтері +19,3%, байланыс +15%...
Айтпақшы, бір айда ақылы қызметтер де (1%) азық-түлік емес тауарларға қарағанда (0,6%) жылдамырақ қымбаттады. Ал азық-түлік болса, айлық мәнде екінші ай қатарынан қымбаттамаған сияқты.