DATA HUB Қазақша – Telegram
DATA HUB Қазақша
203 subscribers
718 photos
1 video
403 links
DATA HUB Powered by FCBK

Қаржылық, қаржыға жақын және әлеуметтік тақырыптар бойынша ең өзекті деректері бар аналитикалық арна.
Осында барлық нарықтық талдаулар бар.

Иесі – Бірінші кредиттік бюро.

Байланысу үшін - @DataHubFCBK_bot
Download Telegram
РФ-ның Қазақстанға шетелден аударымдардағы үлесі 2022 жылдың көктемінен бергі ең төменгі деңгейге түсті

2024 жылдың тамызында халықаралық ақша аударымдары жүйелері (ХААЖ) арқылы Қазақстанға Ресейден 5,1 млрд тг түсті, бұл, инфляцияны есепке алмағанда, өткен аймен салыстырғанда 12%-ға және өткен жылмен салыстырғанда шамамен үштен біріне төмен.

Бұл көрсеткіш номиналды түрде 2022 жылдың наурызынан бергі, ал бағалардың өзгеруін ескергенде 2022 жылдың ақпанынан бергі ең төменгі деңгей болып тұр. Инфляцияны ескергенде 2024 жылдың тамызындағы деңгейі 2021 жылдың соғысқа дейінгі тамыздағы деңгейінен төмен.

РФ-ның жалпы құрылымдағы үлесі қазіргі уақытта 25,6%-ды құрайды. Шілдемен салыстырғанда айырмашылық аса көп емес, минус 1,3 п.т., бірақ техникалық тұрғыдан алғанда бұл - 2022 жылдың наурызынан бергі ең төменгі мән. Дегенмен, егер 2021 жылғы мәндерді «норма» ретінде алсақ, үлестің әлі де төмендеуге мүмкіндігі бар – сол кезде бұдан төмен болған еді.

Айта кетейік, әзірлеушісі санкцияға ұшыраған ресейлік «Золотая корона» көрсеткіштері де шілдеде төмендеді, бірақ күрт емес. Шетелге аударымдар құрылымында үлесі 89,3%-дан 86,4%-ға, шетелден келетін аударымдарда 55,4%-дан 51,7%-ға төмендеді.

ҚР Ұлттық банктің деректері

@DataHub_KZ
🥰1👌1
🥰1👌1
Айдың қорытындысы бойынша теңге сәуірден бері алғаш рет долларға қатысты нығайды

1 қазандағы американдық валютаның бағамы – 481,19 тг, бұл 1 қыркүйекке қарағанда 0,1%-ға немесе 0,44 тг төмен. Әрине, динамикасы аса көп емес, бірақ бұл - соңғы төрт ай бойы нығайып келген доллардың алғаш рет әлсіреуі.

Бір қызығы, осындай аз ғана динамика Ұлттық банктің валюта нарығындағы айтарлықтай жоғары белсенділігінен болды (бұрын уәде еткендеріндей). Ұлттық қордан трансферттер үшін $945 млн сатылды, ал тамызда 546 млн сатылған болатын. Одан бөлек, өткен айдағыдай, Қазатомөнеркәсіп акциялары бойынша келісім-шарт аясында $241,5 млн сатылды. Сонымен қатар БЖЗҚ мүддесіне валюта сатып алуды 2,5 есе өсірді, яғни $550 млн дейін. Бірақ, соған қарамастан, таза сатылымдар тамызбен салыстырғанда көбірек болды: $687 млн тамыздағы $565 млн қарсы.

Қазанда жағдай қалай болады?
Трансферттер үшін көбірек сатады: $1,3-дан $1,4 млрд дейін, бірақ БЖЗҚ үшін де біраз сатып алады: $850–950 млн. Сонымен қатар Қазатомөнеркәсіппен келісім-шарт бойынша саудаға түскенде ($240–260 млн) таза нәтиже шамамен осы айдағыдай шығып қалады.

ҚР Ұлттық банктің деректері

@DataHub_KZ
👍3🥰1
👍1🥰1
Жалпы инфляция баяулауда, бірақ ақылы қызметтер де берілер емес

Қыркүйектің қорытындысы бойынша жылдық деңгейдегі тұтынушылық баға 8,3%-ға өсті, бұл тамызбен салыстырғанда 0,1 п.т., жақсы жаққа өзгерді. Азық-түлік (тамыздағы 5,5%-дан 5,1%-ға дейін) және азық-түлік емес тауарлардың (7,7%-дан 7,6%-ға дейін) қымбаттау қарқыны бәсеңдеді. Тек ақылы қызметтердің көрсеткіші сол деңгейінде қалды – 13,6%.

Сәйкесінше, қазіргі таңда баға өсіміне дәл осы ақылы қызметтер айрықша үлес қосуда. Алайда өткен жылы қыркүйекте инфляцияның негізгі қозғаушы күші азық-түлік болған еді. Қазір қызметтер жалпы көрсеткіштің 8,3%-ның 3,8 п.т. құрап тұр, оның 2 п.т. - тұрғын үй саласы/коммуналдық қызметтер. Мысалы, бір жылда жылу құны үштен бір бөлікке қымбаттады, сондай-ақ басқа бағыттар бойынша да айтарлықтай өсім байқалады: демалысты ұйымдастыру қызметтері +19,3%, байланыс +15%...

Айтпақшы, бір айда ақылы қызметтер де (1%) азық-түлік емес тауарларға қарағанда (0,6%) жылдамырақ қымбаттады. Ал азық-түлік болса, айлық мәнде екінші ай қатарынан қымбаттамаған сияқты.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHub_KZ
👍2🥰1
👍2🥰1
Жол-көлік оқиғаларынан болған әрбір үшінші өлім жылдамдықты асырумен байланысты

Бүгін ҚР Бас прокуратурасы биылғы жылы апаттардың күрт өскенін атап өтті. Қаңтар-тамыз айлары* аралығында адамдардың қайтыс болуына немесе жарақат алуына себеп болған тіркелген ЖКО саны жылдық есептеуде 8,3 мыңнан 15,9 мыңға дейін артты.

ІІМ
айтқандай, бұл өсімнің бір бөлігі зардап шеккендерді есепке алу критерийлерінің өзгеруіне байланысты, дегенмен жүргізушілердің тәртіпсіздігі мәселесі әлі де бар.

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті биыл жариялай бастаған толық мәліметтерге сүйенсек, жол ережесін бұзудың ең қауіпті түрі – жылдамдықты асыру. Ол жылдың басынан бері тіркелген 1480 өлімнің 452-іне себеп болған.

Өлімге әкелген ЖКО-ларда көбінесе кінәлілер – жүргізушілер (1419 оқиға), бірақ олардың өздері жаяу жүргіншілер мен жолаушыларға қарағанда сирек қаза табады (шамамен төрттен бір жағдайда).

Кінәлі жүргізушілердің ішінде шамамен 90%-ы ер адамдар, бұл көлік айдайтын ерлер мен әйелдердің арақатынасымен байланысты болуы мүмкін. Алайда жиі қаза табатындар да ер адамдар: барлық жағдайлардың 73%-ында.

*Материал жазылған кездегі соңғы қолжетімді мәліметтер

@DataHub_KZ
👍2🥰1
👍2🥰1
Тұздың бағасы күрт өсіп кетті

ҚР бойынша бағасы 24 қыркүйек пен 1 қазан аралығындағы аптада, орта есеппен, бірден 2,4%-ға өсті. ҚР СЖРА ҰСБ деректері бойынша, соңғы рет бір апта ішінде осындай күрт өсу шамамен екі жарым жыл бұрын, 2022 жылдың наурыз айында байқалған болатын.

Зерттелген қалалардың ішінде ең күрт қымбаттағаны Алматыда болды – мұнда тұз бір аптада бірден 13,8%-ға өсті. Бір қызығы, Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында тұз, керісінше, 1,2%-ға арзандаған. Сонда мегаполисте бұл тауардың бағасы қазір Қонаевқа қарағанда, орта есеппен, 10 теңгеге және 12%-ға қымбат, алайда бір апта бұрын Алматыда біршама арзан болған еді. Әрине, орта есеппен және ресми статистика тұрғысынан алғанда.

✍️ Ресми статистика туралы айта кетейік. Бүгін ҚР СЖРА ҰСБ инфляция бойынша жаңа эксперименталды деректерді ресми түрде жариялады – фискалдық түбіртектерден алынған ақпарат негізінде. Есептеулер Астана, Алматы және Қарағанды облысында жүргізіліп, 2023 жылдың басынан 2024 жылдың маусымына дейінгі кезеңде 20 тауарды қамтыды.

Кейбір жағдайларда түбіртектердегі баға өзгерісі, жалпы алғанда, «әдеттегі» деректермен ұқсас болып көрінсе, кейбірінде – сәйкестік аса көп емес: әдістемесі әртүрлі. Кейбір салыстыруларды бюроның өз басылымынан толығырақ қарауға болады, ал біз бүгінгі кейіпкерімізге тұз мысалына қайта оралайық.

Сонымен маусымның соңына қарай Астанада тұздың бағасы жыл басымен салыстырғанда «ресми» түрде 10,8%-ға (!) арзандаса, «эксперименталды» түрде 3,6%-ға қымбаттаған. Басқа екі өңірде айырмашылық айтарлықтай көп емес: Алматыда осы кезеңде тұз дәстүрлі есептеулер бойынша 1,5%-ға, ал эксперименталды түрде 4%-ға қымбаттаған; Қарағанды облысында дәстүрлі есептеулер бойынша 0,1%-ға төмендеп, түбіртектер бойынша 1,1%-ға өскен.

Айтпақшы, дәл қазіргі уақытта, яғни осы аптада, дәстүрлі есептеулерге сәйкес Астанада тұз әлі де жыл басымен салыстырғанда 9,4%-ға арзан, ал Қарағандыда баға 1,3%-ға, Алматыда 23%-ға өскен. Эксперименталды деректер әзірге жоқ, тек өз түбіртектеріңізбен салыстырып көрмесеңіздер🙃

@DataHub_KZ
👍2🥰1
(Көзге түскен) пара алу оқиғалары антирекорд орнатуда

Кеше Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызық сандарды атады: биыл онда 20 мыңнан астам жемқорлық туралы хабарлама түскен екен. Тіпті 76 адам, оның ішінде 33 мемлекеттік қызметші бар, осындай хабарлама жасағаны үшін жалпы сомасы 29 млн тг көлемінде ақшалай сыйақы алған.

Сонымен қатар, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің мәліметтеріне сәйкес, биыл Қылмыстық кодекстің жемқорлық баптары* бойынша тіркелген құқық бұзушылықтар саны азайып келеді. 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 1170 құқық бұзушылық тіркелген, ал 2023 жылы дәл осы кезеңде 1258 болған еді.

Ерекше көзге түсетіні – пара алу және пара беру баптары бойынша көрсеткіштердің айтарлықтай төмендеуі. Бір қызығы, қатарынан төртінші жыл үш тоқсанның қорытындысы бойынша пара алу жағдайлары пара беруден аз тіркелуде. Бұл жолы 451 пара беру және 296 пара алу жағдайы тіркелген. Бұған қоса, пара алу көрсеткіші жылдан жылға 14%-ға төмендеп, 2014 жылдан бергі ең төмен деңгейге жеткен. Параны сирек ала ма әлде сирек ұстала ма😐

Жарайды, бұл - құқық бұзушылықтарды тіркеу жайы, ал парақорлық үшін сот үкімдері қандай?

2024 жылдың үш тоқсанында «Пара алу» бабының түрлі бөлімдері бойынша сотталғандар статистикасына жалпы 183 адам, ал «Пара беру» бабы бойынша 234 адам кірген. Бірінші жағдайда көрсеткіш 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28%-ға, ал екінші жағдайда 15%-ға өскен.

Дегенмен, бұл деректерде бір ескеретін жайт бар: бір адам сотталғандардың статистикасында тек бір рет, басқа баптар бойынша қанша болғанына қарамастан, ең негізгі/ең ауыр бабы бойынша есепке алынуы керек.

*Мемелекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар

@DataHub_KZ
👍3🥰1
Парақорлықты тіркеудің динамикасы осындай 👆🏼

@DataHub_KZ
👍1🥰1
Зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге алу деңгейі осы тоқсан бойы жоғары деңгейде сақталып қалды

🏘 2024 жылдың қыркүйегінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында зейнетақы жинағынан біржолғы төлемді алуға 39,1 мың өтініш орындалды. Жалпы сома 37,1 млрд тг құрады.

Бұл ретте өтініштер саны шілдедегі күрт өсуінен кейін (ол кезде қаражат алуға шектеу қойылуы мүмкін деген әңгімелер болған) үш ай бойы шамамен бір деңгейде сақталып тұр.

Егер өтініштер санының "нормасы" ретінде жылдың бірінші жартыжылдығындағы орташа мәндерді алсақ, яғни жоғарыда аталған күрт өсуге дейінгі кезең, қазіргі көрсеткіш бұл "нормадан" екі есе жоғары. Бір айдағы өтініштердің шамамен 85%-ы ипотеканы жартылай өтеумен немесе әрі қарай қаржы жинау мақсатында тұрғын үй жинақ шотын толықтырумен байланысты.

Зейнетақы жинақтарын алу сомасына келетін болсақ, ол шілдедегі 45,1 млрд тг дейінгі күрт өсуден әлдеқайда артта қалды, алайда тамыз деңгейімен шамалас және бірінші жартыжылдықтағы орташа мәннен 88%-ға жоғары екен. Ағымдағы 37,1 млрд тг 37%-ы тұрғын үйді сатып алу бойынша толығымен есеп айырысуға жұмсалған.

💉 Ал емделуге арналған зейнетақы жинақтарын алу сомалары біртіндеп бірінші жартыжылдықтың "нормасына" жақындап келеді, бірақ мұнда да шілдеде күрт өсім байқалған еді. Ақшалай көлемі 11 млрд тг құрады, бұл қаңтар-маусым деңгейінен 15%-ға жоғары және шілдеге қарағанда 2,3 есе төмен. Орындалған өтініш саны – 11 мың бірлік, тағы да бірінші жартыжылдықтағы орташа көрсеткіштен 44%-ға жоғары, бірақ шілдеге қарағанда 1,9 есе аз.

БЖЗҚ деректері (есептеулердегі сомада ЖТС есепке алынбаған)

@DataHub_KZ
👍2🥰1
👍2🥰1
Доллар бағамы 2022 жылдың наурызынан бергі ең жоғарғы деңгейге дейін жетті

🇺🇸Ұлттық банк 8 қазанға бекіткен американдық валютаның ресми бағамы 484,37 тг құрады, бұл бүгінгі деңгейіне қарағанда 0,5%-ға көп. Соңғы айлары доллар 480 тг шартты түрдегі психологиялық межесінен жиі асатын болған, бірақ техникалық тұрғыдан қазіргі көрсеткіші 2022 жылдың наурызынан бергі ең жоғарысы болып тұр.

🇪🇺Еуроның ертеңгі бағамы - 531,06 тг. Бұл бүгінгіге қарағанда 0,1%-ға ғана аз болса да, кішкентай рекорд болып тұр: қыркүйектің ортасынан бергі ең үздік нәтиже.

🇷🇺Рубль де әлсіреп барады, ертеңгі деңгейі - 5,05 тг. Бұл бүгінгіге қарағанда 0,4%-ға аз, сондай-ақ, шамамен 4 айдағы, яғни маусымның ортасынан бері, ең төменгі деңгейі.

@DataHub_KZ
👍2🥰1
Статистика теледидарлар мен планшеттер бағасының рекордтық төмендеуін көрсетті

📉ҚР СЖРА ҰСБ деректеріне сәйкес өткен айда ҚР-да планшеттердің* құны 9,1%-ға, диагоналі 43-49" теледидарлардың құны – 14,8%-ға төмендеді.

Бірінші жағдайда, кем дегенде 2016 жылдың басынан бері бағаның айлық төмендеуі ең елеулі болды, екінші жағдайда – кем дегенде 2021 жылдың басынан бері (екі тауар үшін де қолжетімді ең алғашқы мәліметтер).

📈Айта кету керек, бюроның есептеуі бойынша планшеттердің де, теледидарлардың да бағасы көктемде күрт көтерілді. Сәуір айында планшеттер 19,3%-ға, теледидарлар 26,9%-ға қымбаттады; бұл ретте сол кезден бері теледидарлар а/а бірінші рет арзандады.

Тиісінше, жылдық деңгейде бағаның төмендеуі болған жоқ. 2023 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда планшеттер 30,1%-ға, теледидарлар 38,9%-ға қымбаттады. Жаман емес.

❗️Бірақ қызықты жайт бар. Жақын уақыттан бері дәстүрлі статистиканың бұл бақылауларын біз баламамен – фискалдық чектер негізінде бағаларды мониторингілеудің эксперименттік деректерімен толықтыра аламыз. Оларды шектеулі кезең мен ҚР үш өңірі үшін де ҰСБ дәстүрліден басқа әдістеме бойынша есептеді.

📺Бұл экспериментке теледидарлар да кірді. Бұл жерде сипаттамалары сәйкес келетін тауарлардың чектері негізінде классикалық әдіске қарағанда басқа көрініс орын алды. Мәселен, сәуір айында бұл тауар Алматыда 1%-ға, Қарағанды облысында – 1,7%-ға, Астанада – 6,4%-ға қымбаттады. Соңғысы, әрине, әсерлі естіледі, бірақ дәстүрлі әдістеме бойынша барлық өңірлер үшін есептелген 26,9%-дан айтарлықтай ерекшеленеді.

Бірақ бюро былай деп ескертеді: эксперименттің аты эксперимент, ФДО мәліметтері бойынша индекстер түпкілікті емес, тіпті әдістеменің өзі де қайта қаралуы мүмкін. Бір нәрсе жұмбақ болып қала береді: ортаңқол теледидарлардың жағдайы шын мәнінде қандай?

* техникалық сипаттамалары нақтыланбаған


@DataHub_KZ
👍1🥰1
Дәстүрлі есептеулер бойынша бұл техника бағасының серпіні мынадай болды

@DataHub_KZ
1🥰1
Астанада тұрғын үйді жалға алу құны тоқсан қорытындысы бойынша қатты қарқынмен секірді

Өткен III тоқсанда елордада абаттандырылған жалдамалы тұрғын үйдің бағасы II тоқсанмен салыстырғанда 7,5%-ға өсті, бұл кем дегенде 2011 жылдан бері осы кезең үшін ең елеулі тоқсандық өсім болды.

2023 жылдың шілде-қыркүйегімен салыстырғанда бағалар бірден 18,8%-ға өсті – бұл 2023 жылдың I тоқсанынан бері ең елеулі жылдық қарқын. Атап айтқанда, қыркүйек, айтпақшы, +17,6% ж/ж көрсетті, бұл шілде (18,4%) мен тамызға (20,6%) қарағанда сәл аздау.

Өткен айда 1 ш.м. құнының өзі орта есеппен 4,7 мың теңгеге бағаланды, бұл ҚР бойынша орташа өлшенген көрсеткіштен 4,7%-ға жоғары. Айтарлықтай ұзақ уақыт бойы, 2022 жылдың тамызынан бастап 2024 жылдың сәуіріне дейін астаналық деңгей орташа республикалық деңгейден төмен болғанына қарамастан, өткен тоқсан бойы осындай алшақтық сақталды.

Ал Алматымен салыстырғанда Астанада жалдау құны бұрынғысынша арзанырақ
: қыркүйекте 12,8%-ға арзан. Соңғы рет қазіргі Астана бұрынғысынан 2022 жылдың мамырында озып тұрды.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHub_KZ
👍2🥰1
👍2🥰1
Бағдарламалау саласында «миллионерлердің» шоғырлануының жоғарылауы анықталды

👨🏽‍💻«Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа да ілеспе қызметтер» сегментінде жұмыс істейтін қызметкерлердің шамамен 31,5%-ы 1 млн теңге және одан жоғары мөлшерде есептелген жалақы алады. Контраст үшін: жалпы экономика бойынша жалақысы миллионнан асатын қызметкерлердің үлесі небәрі 3,3%-ды құрайды.

Мұндай тұжырымдар ірі кәсіпорындарды жаппай зерттеуге, ал орта және шағын кәсіпорындарды* іріктеп зерттеуге негізделген 2024 жылғы ҚР СЖРА ҰСБ жаңа материалдары негізінде жасалған. Бұл зерттеу жылына бір рет, сәуір айының қорытындысы бойынша жүргізіледі.

🏆Сонымен, егер біз осы деректердегі экономикалық қызмет түрлері бойынша ең егжей-тегжейлі бөлуді алсақ, онда жалақы «миллионерлерінің» үлесі бойынша бағдарламашылар алда болады.

Одан кейін «Бас компаниялардың қызметі; басқару мәселелері бойынша кеңес беру» секторының қызметкерлері (жалақысы 1 млн теңгеден басталатын адамдардың үлесі – 24,6%), одан кейін «Теңіз және жағалаудағы жүк көлігінің қызметі» сегменті (22,7%). 20%-дық психологиялық белгі арқылы «Жарнамалық қызмет және нарық конъюнктурасын зерттеу» саласы (20,6%) асып түсті.

❗️Бірақ мұндай рейтингте нюанс бар: бұл деректердегі салалардың жіктелуі дегенмен егжей-тегжейлі емес. Мысалы, өнеркәсіптің ішіндегі бөліну өндіріс, өңдеу және екі коммуналдық секторға бөлінумен шектеледі (электрмен/жылытумен жабдықтау және сумен жабдықтау/су тарту). Сондықтан біз тау-кен (18,4%) немесе өңдеу (бар болғаны 4,4%) секторындағы «миллионерлердің» үлесін келтіре аламыз, бірақ нақты мұнай сегментін немесе біздің шағын сауалнамаға қатысушылар еске түсірген темекі өнімдерін өндіру сегментін келтіре алмаймыз.

🤑Олардың бұл сегментті еске түсіргені таңқаларлық емес: бұрын жарияланған мәліметтерге сәйкес, «темекі» 2024 жылдың II тоқсанында 1,3 миллион теңге көрсеткішімен орташа жалақы бойынша көшбасшылардың қатарында болды (1 миллионға жуық көрсеткішті көрсеткен бағдарламалауға қарағанда көбірек).

Алайда біз темекі саласындағы жалақы қатты сараланған ба екенін нақты білмейміз. Бірақ жаңа материалдардан алынған назар аударуға тұрарлық мәлімет мынадай: темекі өнеркәсібінде ұйым басшыларының жалақысы жоғары. Орташа деңгей – 3,9 млн теңге. Айтпақшы, бағдарламалау сегментінде басшылар біршама қарапайымдау: орташа көрсеткіш – 1,5 млн.

*кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарсыз

@DataHub_KZ
👍1🥰1
❗️❗️❗️Ұлттық банк базалық мөлшерлемені бұрынғы деңгейде қалдырды - 14,25%

Базалық мөлшерлеме деген не?

@DataHub_KZ
👍4🥰1