DATA HUB Қазақша – Telegram
DATA HUB Қазақша
203 subscribers
718 photos
1 video
403 links
DATA HUB Powered by FCBK

Қаржылық, қаржыға жақын және әлеуметтік тақырыптар бойынша ең өзекті деректері бар аналитикалық арна.
Осында барлық нарықтық талдаулар бар.

Иесі – Бірінші кредиттік бюро.

Байланысу үшін - @DataHubFCBK_bot
Download Telegram
Халықтың алтынға салған инвестициясы екі есеге көбейді

Қаңтар-қыркүйек айларында қазақстандықтар жалпы салмағы 2,1 мың кг болатын алтын құймаларын сатып алған. Бұл 2023 ж. аталған кезеңімен салыстырғанда 90%-ға артық деуге болады және кем дегенде 4 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

Сұраныстың негізгі бөлігін (77%) алғашқы екі тоқсанның көрсеткіші құрады, сондай-ақ екеуінікін де бірдей деуге болады: І тоқсанда – 816,4 кг, ІІ тоқсанда – 779,2 кг. Сәйкесінше, ІІІ тоқсанға тек 23% немесе 475,5 кг тиесілі. Соңғы нәтиже аз болып көрінгенімен, тарихи тұрғыдан алғанда олай емес. Егер тиісті көрсеткіштерді алтынның орташа тоқсандық бағасына көбейтсек, халықтың 9 ай ішінде қымбат металға салған инвестициясы 68,6 млрд тг құрағанын көруге болады. Аталған сома өткен жылмен салыстырғанда номиналды түрде 2,2 есеге көп.

Қызықты ақпарат: қазақстандықтар 50 граммдық құймаларға қызығушылық таныта бастаған сыңайлы. ІІІ тоқсанда олардың сатылымы барлық сатылымның 40%-ын құрады – 5,5 мың дана.

Дереккөз: ҚР Ұлттық банкі

@DataHub_KZ
👍2🥰1
💪БЖЗҚ активтерінің кірістілігі инфляцияны екі есеге озып келеді

ҚР ҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің кірістілігі 9 айда 11,52%-ды құрады, бұл көрсеткіш баға өсімін (5,7%) екі есеге жуық шамада басып озып тұр. Осыған ұқсас жағдай өткен айда да байқалған болатын.

Қазіргі нәтиже былтырғыға қарағанда жақсырақ көрінеді. 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында кірістілік пен инфляция арасындағы айырмашылық әлдеқайда аз болған – 8,89%-ға қарсы 7,2%.

Жыл басынан бергі инвестициялық табыс 2,12 трлн тг жетті (жылдан жылға +51%). Бірақ қыркүйектегі деңгей айтарлықтай жоғары болмады – 170,7 млрд тг. Бұл соманың басым бөлігін бағалы қағаздар бойынша сыйақы (130,1 млрд тг) құрады. Сыртқы басқарудан түскен кіріс те біршама үлес қосты – 76,7 млрд тг. Алайда, бағалы қағаздар мен шетел валютасын қайта бағалау 38,2 млрд тг көлемінде шығын әкелді.

Айта кетейік, қыркүйекте БЖЗҚ портфеліне RBK банкінің облигациялары 79,9 млрд тг сатып алынды. Бұл - биылғы жылдағы осындай екінші жағдай.

БЖЗҚ деректері

@DataHub_KZ
👍2🥰1
«Қызықты демография минуты» тұрақты емес айдары

Қазақстандықтардың көп саны жүз жасқа дейін өмір сүре ме?

2024 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанда 100 және одан үлкен жастағы 702 адам болған. ҚР СЖРА ҰСБ жаңадан жарияланған жинағынан алынған деректерге сәйкес бір жыл ішінде олардың саны 40%-ға артты.

Алайда көрсеткіш үнемі өсіп келеді деп ойлауға негіз жоқ. Мысалы, 2022 жылдың басында ол бірден тоғыз есеге қысқарды – 2 720-дан 315 адамға дейін. Бірақ қуаныштың себебі әлі де бар: динамика екінші жыл қатарынан оң болып қала беруде.

👴👵Жүз жастағы бір атаға жүз жастағы бірден төрт әже келетінін білдіңіз бе? Мұндай диспаритет, әрине, сан айырмашылығына байланысты: егер біріншісі 135 болса, екіншісі – 567. Бұл ретте жынысына қарамастан тиісті жас тобынан қазақстандықты табу мүмкіндігі ауылға қарағанда (223 адам) қалада көбірек (479 адам).

100 жастан асқан адамдардың көпшілігі халықтың қартаю индексі дәстүрлі түрде ең жоғары болатын солтүстік және шығыс аймақтарда тұрады деп болжауға болады. Бірақ айтылған гипотеза ішінара ғана дұрыс. Осындай өңірлердің қатарына жататын Қостанай облысы шын мәнінде үшінші орында (56 адам). Алайда ең жоғары көрсеткіштер ең көп қоныстанған өңірлерге тиесілі, бұл да өз кезегінде заңды. Атап айтқанда, Алматы (162 адам) және Түркістан облысы (75 адам).

🖇Қосымша айта кетейік, әлемдік өлшемдер бойынша қазақстандықтар айтарлықтай жас болып табылады: 2024 жылдың 1 қаңтарында олардың орташа жасы 32,3 жасты құрады. Бәрі жақсы болар еді, бірақ көрсеткіш тек соңғы бес жылда 0,5 жас қосып, біртіндеп өсуде. Сонымен қатар еңбекке қабілетті жастан асқан халықтың үлесі де артып келеді. Егер 2019 жылдың басында ол 7,5%-ды (1,38 млн адам) құраса, 2024 жылдың басында – 8,8%-ды (1,77 млн адам) құрады.

@DataHub_KZ
👍2🥰1
👍1🥰1
🌾🙅‍♂️Рекордтық өнім жиналғанына қарамастан, Қазақстан бидай экспортын арттыруды жоспарламайды

Бүгін Үкімет 2024 жылға арналған бидай экспорттау жоспарын жариялады — 7 млн-нан 7,5 млн тоннаға дейін. Жоспарланған көлем өткен жылғы нақты көрсеткіштермен шамалас (7,2 млн т). Егер болжамдар расталса, шет елдерге бидай сатылымы бұрынғы деңгейінде қалады. Биыл рекордтық өнім жиналғанына қарамастан - 19,8 млн т.

Сонымен, неліктен экспортты арттыру жоспарда жоқ?

Біріншіден, еске түсірейік, бидайдың экспорты қаңтарда бәсеңдей бастаған еді. Кейін жағдай тіптен нашарлап кетті: сегіз айдың қорытындысы бойынша басқа елдерге жеткізу шамамен 40%-ға төмендеп, 3,1 млн т дейін жетті (төрт жылдағы ең төменгі көрсеткіш).

Үкімет бұл жағдайды, ең алдымен, 2023 жылғы төмен өніммен байланыстырады. Алайда, 1 қыркүйекте қалған бидай көлемі айтарлықтай көп болды - 6,3 млн т (соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі).

💡Ал ауыл шаруашылығы саласының мамандары әдеттегі сатып алушылар тарапынан сұраныстың азайғанын атап өтті, олардың ішінде Орта Азия елдері бар. Мұны, жалпы, сандар да растайды. Қаңтар-тамыз айларында төмендеудің негізгі бөлігі Өзбекстан (2,5 млн тоннадан 1,8 млн тоннаға дейін), Түрікменстан (424,5 мың тоннадан 18,5 мың тоннаға дейін) және Ауғанстан (330,5 мың тоннадан 69,2 мың тоннаға дейін) есебінен болды. Ал Тәжікстан, керісінше, аздап арттырды (606,8 мың тоннадан 629,1 мың тоннаға дейін).

Қазақстанның бидайына сұраныс жайдан-жай төмендеп бара жатпағаны анық: Орта Азия нарығы Ресейге қызық бола бастады, ол ауыл шаруашылығы өнімдерінің артығын арзан бағамен жеткізе алады.

Үкімет те бұл мәселелені жоққа шығарып отырған жоқ. Қытай, Иран, Пәкістан, Индонезия, Малайзия және Бразилия сияқты елдерге назар аударып, жаңа өткізу нарықтарын іздестіруде. Әзірге көрсетілген елдердің ішінен қазақстандық бидай тек Қытайға (456,3 мың т*) және Пәкістанға (70 т) жіберілуде.

🥊Қазір қазақстандық экспорттаушылар шетел нарықтарында қалу үшін күресуде. Мұндай жағдайда бұрынғы позицияларды сақтау да жетістік болып саналады.

Сонымен қатар, ел ішінде қалатын үлкен көлемдегі бидайды қалай пайдалануға болатыны туралы сұрақ туындайды (1 қазандағы астық қоры 14,8 млн т бағаланды). Қарапайым шешімі табылды — ішкі нарықтау қайта өңдеу.

*осы жерде және әрі қарай 2024 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы деректер

Дереккөздер: ҚР ҚМ МКК, ҚР СЖРА ҰСБ

@DataHub_KZ
👍1🥰1
Қолма-қол долларға таза сұраныс күрт өсті

Қыркүйекте айырбастау пункттері америкалық валютаны сатып алғаннан гөрі 169,6 млрд тг көп сатқан. Тамызға қарағанда нетто-сатылым 53,3%-ға өсіп, 8 айдағы ең жоғары көрсеткіш болды.

Долларға деген қызығушылықтың артуы күздің басында теңгенің аздап нығаюы аясында байқалады. Қыркүйектің қорытындысы бойынша америкалық валютаның бағамы 0,1%-ға төмендеп, 481,19 тг жетті, бұл 5 айда алғаш рет болып тұр. Жалпы алғанда, биыл доллардың ең жылдам өсуі мамырдың ортасынан шілденің басына дейінгі аралықта байқалды. Нәтижесінде, 8%-ға қымбаттады. Бір қызығы - шілдеде, америкалық валютаның бағамы жаңа шыңға жеткенде (475 тг жоғары), айырбастау пункттерінде оған деген таза сұраныс күрт төмендеді (айдан айға -34%).

Қызық жайт: қолма-қол доллардың негізгі нетто-сатып алушысы атауын бес ай қатарынан Шымкент ұстап тұр. Нақты айтқанда, қыркүйекте бұл қала таза сұраныстың 31%-ын қамтамасыз етті, ал бұл кезде Алматының үлесі 27% болды.

ҚР Ұлттық Банкі деректері

@DataHub_KZ
👍2🥰1
Сіздер үшін несиелеу бойынша жаңа ақпараттарды дайындап қойдық. Қыркүйекте несие беру нарығының жұмысы қалай жүрді?

🧍🏻‍♂️🧍🏻‍♀️Алдымен, жекелеген несие бойынша ақпараттарға тоқталайық:

🗝 Ипотека: Жаз бойы айлық өсімді көрсетіп отырған ипотеканың берілуі тамызбен салыстырғанда бәсеңдеді. Қыркүйекте осындай несие рәсімдеген қарыз алушылардың саны айдан айға 14,9%-ға, 11,5 мың адамға дейін төмендеді. Берілу көлемі 13,3%-ға, 201,2 млрд тг дейін төмендеді. Бірақ мұнда ескеретін маңызды жайт бар. Бұл төмендеуді тамыздың жоғары базасының нәтижесі деген дұрыс шығар: екі көрсеткіш те соңғы 12 айдағы орташа мәннен әлі де жоғары. Ал енді, 1 қазандағы жағдай бойынша жалпы ипотекалық портфель 6,3 трлн тг құрап, 579 мың қарыз алушыға тиесілі болып тұр.

🫰🏽Кепілсіз тұтынушылық несиелер: Қыркүйекте тамызға қарағанда көбірек адам рәсімдеді: 2,4 млн адам, айдан айға +17,9%. Алайда, тамыз көрсеткіштері 2024 жылдың басқа мәндерімен салыстырғанда орташа деңгейден төмен болғанын есте сақтаңыз. Ал берілу көлемін сома бойынша бағаласақ, онда айдан айға динамикасы анағұрлым бірқалыпты болып тұр: +5,5%, 938 млрд тг. Сәйкесінше, бұл қарыз алушылардың, орташа алғанда, мөлшері аз несие ала бастағанын көрсетеді.

👛«Жалақыға дейінгі қарыздардың» сомасы төмендеуді жалғастыруда. Бұл сегментте бір несиенің мөлшері 45 АЕК-пен (биылғы жылы шамамен 166 мың тг) шектелген болатын. Қыркүйекте жалпы несие беру көлемі 13,2%-ға төмендеп, 34,5 млрд теңгеге дейін жетті. Жылдық деңгейде, инфляцияны есепке алмағанның өзінде, көрсеткіш екі есеге азайды. Қарыз алушылар саны 268,6 мың адамды құрады, бұл 2022 жылдың қаңтарынан бергі ең төменгі көрсеткіш.

🏭Бизнестегі жағдай қалай?

📈Тамыздағы айтарлықтай төмендеуден кейін берілу бойынша жалпы көлемі қайта жанданды: +26,8%-ға, 1,8 трлн тг дейін артты. Бұл өсімге негізінен заңды тұлғалар ықпал етті: оларға берілген несиелердің көлемі айдан айға 31,4%-ға өсіп, 1,7 трлн тг құрады. Қарыз алушылар саны сәл төмендеді - 1,5%-ға.

📉Ал ЖК сегментінде несие рәсімдеген қарыз алушылар саны да (6,8%-ға, 29,5 мың субъектіге дейін), несиенің берілу сомасы да (13,8%-ға, 127 млрд тг дейін) азайды. Екі көрсеткіш те осы жылдың қаңтарынан бергі ең төменгі деңгейде.

Көрнекі ақпарат, әдеттегідей, келесі посттағы суреттерде

Бiрінші кредиттік бюро деректері

@DataHub_KZ
👍2🥰1
Халықтың депозиттеріне арналған мөлшерлемелер біртіндеп төмендеуде

Қыркүйекте банктер тартқан теңгедегі депозиттер бойынша орташа алынған мөлшерлеме 13,4%-ға дейін төмендеді. Техникалық тұрғыда бұл көрсеткіш 2022 жылдың желтоқсанынан бергі ең төменгі деңгей болып тұр, бірақ тамызға қарағанда өзгеріс аз - небәрі -0,1 п.т. Ең тиімдісі 1-3 ай мерзімге арналған салымдар болып тұр, бұл мөлшерлеме 15,4%-ды құрады (тамыздағы рекордтық 15,6%-дан кейін).

Заңды тұлғалардың депозиттері, керісінше, орта есеппен, өткен аймен салыстырғанда жақсырақ болып тұр: 13,2%, +0,1 п.т.

Ал несиелер ше?

ЕДБ-ның жеке тұлғалар мен ЖК-ге арналған несие мөлшерлемесі тамыздағы 20,2%-дан кейін 21,6%-ды құрап отыр (қарыздар теңгемен). Мерзімі қысқа несиелер сегментінде (1 айға дейін, 1-3 ай, 3 ай мен 1 жыл) мөлшерлемелер төмендеген, бірақ мерзімі 1 жылдан 5 жылға дейін және 5 жылдан жоғары несиелер үшін мөлшерлемелер, керісінше, өскен. Ең тиімді шарттар 3 айдан 1 жылға дейінгі несиелер үшін болды (19,3%, -0,7 п.т.).

Заңды тұлғаларға арналған несиелер бойынша мөлшерлемелер тамыздағы деңгейінде сақталып тұр: 17,6%. Ең төменгі мөлшерлемелер - 1 айдан 3 айға дейінгі несиелер сегментінде: 16,9%, -1,3 п.т.

ҚР Ұлттық банкі деректері

@DataHub_KZ
🥰1👌1
🥰1👌1
👶🏻👧🏻 Қызықты факт: Маңғыстау облысындағы мектепке дейінгі балалар үшін жаңа орындар Астанадағы орындардан 25 есе арзан болып шықты

2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 17 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары пайдалануға берілді – бұл мекеме түріне дәстүрлі түрде балабақшалар, бөбекжайлар мен шағын орталықтар кіреді.

🔻 Құрылған орындардың жалпы саны 2010 дананы құрады. Айтпақшы, бұл кем дегенде 2011 жылдан бергі кезең үшін минимум, бірақ жылдың қорытындысы туралы алаңдауға ерте: өткен жылы қалған IV тоқсан ең белсенді болып шықты.

🤔 Өңірлер бөлінісінде бұл жолы Маңғыстау облысы назар аударады – енгізу көлемімен емес, бір орынды құрудың төмен өзіндік құнымен. Мұнда үшінші тоқсанда жобалаудан бастап құрылысқа дейінгі жалпы нақты құны 45 млн теңгені құрайтын 200 орындық 1 нысан пайдалануға берілді. Бір орынның құны осылайша небәрі 225 мың теңгені құрады (кем дегенде ресми түрде).

❗️Контраст үшін, ағымдағы жылы бір жаңа орынның ең жоғары орташа құны Астанада (5,7 млн тг) және Алматыда (5,5 млн тг) тіркелді. Айырмашылық, біз айтқанымыздай, екі жағдайда да шамамен 25 есені құрайды. Маңғыстау облысының сандарын тек Жамбыл облысымен салыстыруға болады, онда бір жаңа орын орташа есеппен 885 мың теңгені құрады.

Айта кетейік, соңғы рет Маңғыстау облысында жаңа мектепке дейінгі ұйымдар 2022 жылы салынып бітті.
Ол кезде жылдың қорытындысы бойынша 410 орындық 5 нысан туралы сөз болды. Бір орынның орташа құны қазіргі бағадан тіпті номиналды түрде де жоғары болды (2022 жылғы бағамен 432 мың теңге), бірақ астаналармен салыстырғанда бәрібір айтарлықтай төмен болды – шамамен 9 есе.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHub_KZ
👍2🥰1
Ресейге ХААЖ арқылы жіберілген ақша көлемдері күрт төмендеуде

Қыркүйекте халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы Қазақстаннан Ресейге 14,3 млрд тг жіберілді, бұл инфляцияны ескермегеннің өзінде өткен аймен салыстырғанда төрттен біріне, ал өткен жылмен салыстырғанда үштен біріне аз.

Ағымдағы көрсеткіші – номиналды түрде 2023 жылдың қаңтарынан бері, ал салыстырмалы бағада есептегенде 2022 жылдың ақпанынан бері ең төменгі деңгейде. Бұл ретте көрсеткіш соғысқа дейінгі нормаларға оралып жатыр деп айтуға келмейді: 2021 жылы Ресейге жөнелтілген ақша көлемі қазіргіге қарағанда көп болған.

Ақша аударымдары қарқынды түрде төмендеп жатқан тағы бір бағыт – Өзбекстан. Номиналды түрде айдан айға -23%, жылдан жылға -21% болды, қазіргі көлемі - 22,8 млрд тг. Бұл елге маусымдық сипат тән, сондықтан қыркүйек үшін ағымдағы деңгейі 2020 жылдан бері ең төменгі көрсеткіш.

Нәтижесінде, Қазақстаннан сыртқа жіберілген жалпы ақша аударымдары да едәуір төмендеді: номиналды түрде айдан айға -17% және жылдан жылға -32%, алайда ұзақ мерзімді антирекордтар туралы сөз қозғау әлі ерте.

Айта кететін жайт. Сыртқа жіберілген ақша аударымдары арасында тамызда әзірлеушісі санкцияға ұшыраған «Золотая коронаның» үлесінің төмендеуі назар аудартуда. Қыркүйекте жалпы транзакциялардың 77%-ы осы жүйе арқылы өтті, ал тамызда 91%, шілдеде 93% болған еді (операциялар бойынша есептедік, ақшалай емес). Негізінде, санкциялардың енгізілуіне байланысты біздің банктердің бір бөлігі «Золотая корона» арқылы аударымдарды тоқтатқан болатын, бірақ қазір олардың кейбіреулері қайтадан жұмыс істей бастады.

ҚР Ұлттық банкі деректері

@DataHub_KZ
🥰1👌1
Айтпақшы, қазір ақша аударымдарының негізгі бағыттары осындай көрініс тауып тұр

@DataHub_KZ
🥰1👌1
Қазақстандық карточкаларды шетелде пайдалану жиілігі қарқынды өсуде

2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте қазақстандық эмитенттердің төлем карталарын пайдаланушылар шетелде 162,3 млн қолма-қол ақшасыз операциялар жүргізді, бұл 2023 жылғы сол айларда жасалған операцияларға қарағанда 39%-ға артық.

Бұл операциялардың сомасы 2,5 трлн теңгеге жетті және бұл теңгемен есептегенде өткен жылмен салыстырғанда үштен біріне артық. Айтарлықтай өсім, бірақ 2023 жылдың дәл осы қаңтар-қыркүйегінде ол одан да қарқынды болды: сол кезде трансакциялар саны ж/ж 77%-ға, сомасы 62%-ға өсті. (Динамика туралы кейбір мәліметтерді келесі жазбадағы графиктерден таба аласыз)

Шетелде қазақстандық карталардан қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың негізгі бөлігі қазір онлайн (интернет, ұялы телефон) жүргізілуде, негізінен соның есебінен өсім жүріп жатыр. Біз 110,4 миллион трансакция туралы айтып отырмыз, 2023 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда +48%. Осындай бір операцияның орташа сомасы - 12,3 мың теңге, бір жылда ол өзгерген жоқ.

Айтпақшы, қолма-қол ақшасыз төлемдерден басқа, қазақстандық карталардың иелері, әрине, шетелде қолма-қол ақшаны да шешті. Жылдың 9 айында тиісті операциялардың саны 4,2 млн құрап, ж/ж 19%-ға артты. Ал теңгемен есеп айырысу кезінде жалпы сома небәрі 5%-ға, 318 млрд теңгеге дейін өсті. Орташа алғанда, тиісінше, бір адам 76 мың теңгеден шешті, бұл 2023 жылдың қаңтар-қыркүйегіне қарағанда 11%-ға аз.

ҚР Ұлттық банкі деректері

@DataHub_KZ
👍1🥰1
👍1🥰1
Қазан айының қорытындысы бойынша теңге долларға қатысты айтарлықтай құлдырады

1 қарашадағы жағдай бойынша доллар бағамы ресми түрде 488,26 теңге деңгейінде белгіленді. Бұл бір ай бұрынғыға қарағанда 1,5%-ға немесе 7,07 теңгеге артық. Соңғы жарты жылда ұлттық валюта аймен есептегенде бесінші рет әлсіреді (қыркүйекте аздап нығаю тіркелді). Бұдан бұрынғы бақылаулар аясында қазіргі әлсіреу айтарлықтай байқалады.

Тұтастай алғанда, қазан айы теңге үшін ай бастала салысымен айтарлықтай қиын болды. Бірінші аптаның соңында доллар бағамы 2022 жылдың наурыз айының соңынан бергі максимумға көтерілді (484,37 теңге). Тағы екі күннен кейін ол 490 теңгелік психологиялық белгіден өтті. Осы аясында Ұлттық банк БЖЗҚ үшін валюта сатып алуды уақытша тоқтатты. Дегенмен кейіннен американдық валюта бағамы әрдайым 485 теңгеден жоғары болды, және әсіресе қызықтысы – айдың соңына қарай тағы да 490 теңге шегінен өтті.

РБ-ге трансферттер үшін және "Қазатомөнеркәсіп" акцияларымен мәміле шеңберінде валютаны сату әсерлі болғанын ($1,59 млрд: тиісінше $1,34 млрд және $253 млн), ал БЖЗҚ үшін валютаны сатып алу –керісінше, қарапайым ($228 млн) болғанын ескерсек, американдық валюта бағамының мұндай динамикасы кем дегенде таң қалдырады.

Қараша айында валюта сатылымы $1,2-1,3 миллиардтан асатын деңгейде күтілуде, бұл да айтарлықтай көп. Бұл теңгеге қолдау көрсете ме екенін көре жатармыз. 🤔

Деректер - ҚР Ұлттық Банкі

@DataHub_KZ
👍2🥰1
Әдеттегідей, иллюстрацияларды ұсынамыз. Графикте американдық валютаның бағамы соңғы жылы қалай әрекет еткені көрсетілген.
👍2🥰1