DATA HUB Қазақша – Telegram
DATA HUB Қазақша
203 subscribers
718 photos
1 video
403 links
DATA HUB Powered by FCBK

Қаржылық, қаржыға жақын және әлеуметтік тақырыптар бойынша ең өзекті деректері бар аналитикалық арна.
Осында барлық нарықтық талдаулар бар.

Иесі – Бірінші кредиттік бюро.

Байланысу үшін - @DataHubFCBK_bot
Download Telegram
👍1🥰1
Қазан айының қорытындысы бойынша теңге долларға қатысты айтарлықтай құлдырады

1 қарашадағы жағдай бойынша доллар бағамы ресми түрде 488,26 теңге деңгейінде белгіленді. Бұл бір ай бұрынғыға қарағанда 1,5%-ға немесе 7,07 теңгеге артық. Соңғы жарты жылда ұлттық валюта аймен есептегенде бесінші рет әлсіреді (қыркүйекте аздап нығаю тіркелді). Бұдан бұрынғы бақылаулар аясында қазіргі әлсіреу айтарлықтай байқалады.

Тұтастай алғанда, қазан айы теңге үшін ай бастала салысымен айтарлықтай қиын болды. Бірінші аптаның соңында доллар бағамы 2022 жылдың наурыз айының соңынан бергі максимумға көтерілді (484,37 теңге). Тағы екі күннен кейін ол 490 теңгелік психологиялық белгіден өтті. Осы аясында Ұлттық банк БЖЗҚ үшін валюта сатып алуды уақытша тоқтатты. Дегенмен кейіннен американдық валюта бағамы әрдайым 485 теңгеден жоғары болды, және әсіресе қызықтысы – айдың соңына қарай тағы да 490 теңге шегінен өтті.

РБ-ге трансферттер үшін және "Қазатомөнеркәсіп" акцияларымен мәміле шеңберінде валютаны сату әсерлі болғанын ($1,59 млрд: тиісінше $1,34 млрд және $253 млн), ал БЖЗҚ үшін валютаны сатып алу –керісінше, қарапайым ($228 млн) болғанын ескерсек, американдық валюта бағамының мұндай динамикасы кем дегенде таң қалдырады.

Қараша айында валюта сатылымы $1,2-1,3 миллиардтан асатын деңгейде күтілуде, бұл да айтарлықтай көп. Бұл теңгеге қолдау көрсете ме екенін көре жатармыз. 🤔

Деректер - ҚР Ұлттық Банкі

@DataHub_KZ
👍2🥰1
Әдеттегідей, иллюстрацияларды ұсынамыз. Графикте американдық валютаның бағамы соңғы жылы қалай әрекет еткені көрсетілген.
👍2🥰1
Қазандағы бағаның өсуі туралы аса қуанышты емес мәліметтер де келіп жетті. Айлық инфляцияның жеделдеуі 2022 жылдың көктемінен бері ең көрнектісі болды, жылдық көрсеткіш те өсуде.

ҚР СЖРА ҰСБ-ның жаңа деректерін ретімен талдайық:

🏃🏻‍♂️ Қазанда айлық инфляция қыркүйектегі 0,4%-дан 0,9%-ға жетті. Мұндай 0,5 п.т. бірден өсуі 2022 жылдың наурызынан бергі қатты сезілген өсім болды. Ал азық-түлік тауарлары айдан айға 0,4%-ға қымбаттаса, азық-түлік емес тауарлар 1%-ға, ақылы қызметтер 1,4%-ға өскен.

📈Жылдық инфляция өткен айдағы 8,3%-дан 8,5%-ға жетті. Ең жоғары өсім тағы да ақылы қызметтерде байқалды: жылдан жылға +14,3% (қыркүйекте 13,6%). Азық-түлік емес тауарлардың бағасы бір жылда 7,8%-ға қымбаттап, қыркүйекпен салыстырғанда қарқыны 0,2 п.т. өсті. Тек азық-түлік қана жылдық көрсеткіште қыркүйекке қарағанда аз өскен: қыркүйекте жылдан жылға 5,1% болса, қазанда 4,9% болды.

🏡Сәйкесінше, тарифтік реформа аясында жылдық инфляцияға ең үлкен үлесті тұрғын үй қызметтері қосуды жалғастыруда: жалпы көрсеткіш 8,5%-дан 2,1 п.т. Бұл үлес бір айда 0,08 п.т. өскен. Сонымен қатар байланыс қызметтерінің үлесі көбірек өскен - 0,12 п.т. Қазірні таңда жалпы көрсеткіште 0,6 п.т. алады. Салыстырмалы түрде қарасаш, 2023 жылғы қазанда бұл тек 0,05 п.т. еді.

Жылдық бағаның өсу құрылымы туралы толығырақ ақпаратты төмендегі суретте жариялаймыз👇🏼

@DataHub_KZ
👌2🥰1😡1
Жылдық инфляцияның құрылымы көрнекі ақпаратта

@DataHub_KZ
🥰1👌1
ЕДБ қаржы көрсеткіштері туралы жаңа мәліметтер пайда болды, демек, банктердің III тоқсанды қалай өткізгені және 1 қазандағы жағдай бойынша қандай көрініс қалыптасқаны туралы сөйлесетін уақыт келді.

🤔 Сонымен, не қызық бар:
🔸 Жыл басынан бергі пайданың жағдайы жақсы: шығынды ойыншылар жоқ, үш тоқсанның қорытындысы бойынша жүйе бойынша көрсеткіш 1,85 трлн теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 17%-ға артық. Нақты III тоқсанда өсім жақсы – шамамен 700 млрд теңге, ал I және II тоқсанда 600-ден аз болды.
🔸Активтер плюс-минус екінші тоқсандағыдай қарқынмен өсуде: үш айда +5%, қазіргі деңгей 58,1 трлн теңге. Айтпақшы, несиелік қоржын жалпы активтерге қарағанда баяу өсті, +4,4%, 33,4 трлн теңгеге дейін.
Салымдар заңды тұлғаларда да, жеке тұлғаларда да ұқсас қарқынмен 3%-дан жоғары өсті. Ағымдағы көрсеткіштер – тиісінше 16,3 және 22,4 трлн теңге. II тоқсанмен салыстырғанда жеке тұлғалардың салымдарының өсуі баяулады (6,9% болды), заңды тұлғаларда – жеделдеді (1,8% болды).

Тағы бірнеше мәліметтерді посттың иллюстрацияларынан таба аласыз 👇🏼 Айтпақшы, графиктердегі ADCB банкі жаңа ойыншы емес, бұл бұрынғы Al Hilal

ҚР Ұлттық Банкі деректерi

@DataHub_KZ
👍2🥰1
🔑 Тұрғын үйге зейнетақы ақшасын алуға өтінімдер саны қайтадан секірді

Қазан айында тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында зейнетақы жинақтарын біржолғы төлеуге 45,3 мың өтініш орындалды, бұл қыркүйектегіден 15%-ға артық.

Естеріңізге сала кетейік, белсенділіктің күрт өсуі шілде айында қоғамдық алаңда ақшаны одан әрі алудың ықтимал шектеулері туралы тезис пайда болғаннан кейін басталды. Содан бері бұл белсенділік басыла қойған жоқ. «Тұрғын үй» туралы өтініштердің қазіргі саны алдыңғы үш қарқынды айдағыдан да көп болып шықты.

БЖЗҚ орындаған өтініштердің жалпы сомасы қазан айында 37,4 млрд теңгені құрады. Қыркүйек айына қарай бұл жағдай өзгере қойған жоқ, дегенмен шілде айындағы 45,1 миллиард теңгені құраған шыңмен салыстырғанда қарапайымдылау болып шықты.

Өткен айда өңделген әрбір үшінші өтініш одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіндегі салымды толықтырумен байланысты болды. Ал сомасы бойынша тұрғын үй сатып алу кезінде соңғы есептеудің үлесі ең елеулі (38%).

🦷 Ал емделу мақсатында ақша алу не болып жатыр?

Қазан айында орындалған өтініштердің жалпы саны 13,2 мың бірлікке жетті (+20% а/а, бірақ шілдедегі 20,8 мыңнан айтарлықтай аз), сома 13,2 млрд теңгені құрады (сол +20% а/а және шілдедегі шыңдық 25,1 млрд-тан бәрібір аз). Мұнда барлығы дерлік – стоматологиялық қызметтерге алу (бір айдағы өтініштер саны бойынша 98%, сомасы бойынша 99%). Қаражатты пайдаланудың дәл осы түрін бастапқыда уақытша тоқтата тұруды ойластырған, содан кейін оны қиындатқысы келді, бірақ әзірге соңғы шешім туралы хабарланған жоқ.

БЖЗҚ деректері (есептеулердегі сомада ЖТС есепке алынбаған)

@DataHub_KZ
👍2🥰1
Көрініс динамикада былайша болды. Биылғы жылы ақшаны қарқынды шешіп алу қандай оқиғаға байланысты болғанын анықтадық, ал өткен жылғы шілдедегі жандану жаңа Әлеуметтік кодекстің күшіне енуімен байланысты болғанын естеріңізге саламыз

@DataHub_KZ
👍2🥰1
🇺🇸🇰🇿 Барлығы АҚШ президентінің сайлауындағы дауыстар санағын қадағалап отырғанда (кім жеңіп жатқанын сіздер бізсіз-ақ көріп отырсыздар), біз соңғы онжылдықтан сәл астам уақытта - 2013 жылдың басынан бері Америкамен экономикалық байланыстарымыздың қалай құрылғанын қарап шықтық.

Осы уақыт ішінде Ақ үйде екі демократ (Барак Обама екінші президенттігі кезінде және қазіргі көшбасшы Джо Байден) және бір республикашыл (Дональд Трамп) отырып үлгерді. Мемлекет басшысы лауазымындағы жұмыс мерзімі күнтізбелік жылмен толық сәйкес келмесе де (инаугурация қаңтардың екінші жартысында өтеді), түсіну оңайырақ болуы үшін біз Обаманың жұмыс кезеңі 2013-2016 жж, Трамптың кезеңі - 2017-2020 жж және Байденнің кезеңі 2021-2024 жылдар деп қарастырамыз.

Сонымен, қайсысының кезінде біз жақсы өмір сүрдік? 🙃

🔵ҚР мен АҚШ сауда-саттығы демократтар кезінде қарқындырақ болды: Обама кезіндегі тауар айналымы – $8,7 млрд, толық емес төрт жыл ішіндегі Байденнің кезінде – $12,6 (2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша). Ал Трамптың кезінде $7,8 млрд болды.
🔴АҚШ-тан тікелей инвестициялардың жалпы ағыны республикашыл кезінде жақсырақ болды – орташа жылдық деңгей $4,2 млрд болып шықты. Обама кезінде $3,2 млрд болса, Байден кезінде толық үш жыл ішінде орта есеппен – шамамен $3 млрд. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша небәрі 177 млн. қалыптасты.
🔵Доллар/теңге бағамына келетін болсақ, біздің ұлттық валютамыз демократтарды көбірек ұнататын сияқты. Рас, мұнда тек Байден мен Трамп бойынша бағалау керек: теңгенің құбылмалы бағамына біз 2015 жылдың тамызында көштік. Сонымен, егер біз доллардың орташа бағамы әр президенттің билігінің соңғы жылында ол келгенге дейінгі соңғы жылмен салыстырғанда қалай өзгергенін қарастыратын болсақ, әзірге Байден жеңіп тұр. Трамп кезінде 2020 жылдың қорытындысы бойынша орташа бағам 2016 жылмен салыстырғанда 21%-ға жоғары болып шықты, Байден кезінде 2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша орташа мән 2020 жылмен салыстырғанда 12%-ға ғана жоғары екен.

⚠️Өздеріңіз түсініп отырғандай, барлық осы заңдылықтарды байыпты қабылдаудың қажеті жоқ: мұнда жай ғана биліктің ауысуынан гөрі факторлар әлдеқайда-а-а көп. Доллардың өзі үшін Трамптың қазіргі жеңісі шын мәнінде басқа маңызды әлемдік валюталарға қатысты нығаюына себеп болуы мүмкін.

Экономистердің мұндай болжамдары Трамп бағдарламасы инфляцияның үдеуіне ықпал етуі мүмкін екендігіне және сәйкесінше мөлшерлеменің өсу перспективасына негізделген. Импорттық тауарларға қосымша баж салығын енгізу де долларды нығайтуы мүмкін. Рас, Трамптың өзі, керісінше, американдық валютаның әлсіздеу болғанын қалайды (бұл экспортқа көмектесуі тиіс). Бірақ ақырында не болатынын төрт жылдан кейін көреміз 😉

ҚР ҚМ МКК, ҚР Ұлттық банкі деректері

@DataHub_KZ
👍1🥰1
Қосымша, осы кезеңде екі елдің саудасы қандай болғанын еске салайық. Биылғы жылы, айтпақшы, біздің экспорттың көрінісі ерекше жақсы: жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ол толық 2023 жылды басып озды.

@DataHub_KZ
👍2🥰1
💰Қазанда Ұлттық қордан пайдаланылған қаражат көлемі түскен қаражаттан 2,5 есе асып түсті

Өткен айда Ұлттық қорға 256,6 млрд тг түскен, оның негізгі бөлігін мұнай секторының тікелей салықтары құрайды. Ал шығын 641,3 млрд тг жетті делінген Қаржы министрлігінің деректерінде.

Бұл қаражаттың аз ғана бөлігі, 1,3 млрд тг, қорды басқару шығындарына жұмсалса, 640 млрд тг мақсатты трансферттерге бағытталған. Номиналды түрде бұл – кем дегенде соңғы екі жылдағы ең айқын айлық көлем, бірақ инфляцияны ескерсек, 2024 жылдың қаңтарындағы (сол кездегі бағамен 601,6 млрд тг) деңгеймен шамалас.

🫰🏽 Алайда бір нюанс бар: жылдың алғашқы айында қаражат негізінен кепілдендірілген трансферттерге бағытталған болса, қазір қосымша сұралған мақсатты трансферттер туралы сөз болып отыр. Биыл бастапқыда мақсатты трансферттер 1,6 трлн тг көлемінде белгіленген болатын, бірақ 1 қазанға қарай бұл көрсеткішті асып түсті. Қазанның ортасында Ұлттық банк үкіметтің қосымша 2 трлн тг алуды жоспарлағанын мәлімдеді. Қаржы министрлігінің айтуынша ол қаражат, негізінен, «аймақтардың инфрақұрылымын нығайтуға» бағытталады.

Жыл соңына дейін, сәйкесінше, мақсатты трансферттер үшін тағы шамамен 941 млрд тг алулары керек, бұл Ұлттық қордан пайдаланылған қаражаттың жиынтық көлемін 2024 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 5,6-5,7 трлн тг жеткізеді (2023 жылы 4,1 трлн тг). Нақты сома басқару шығындарына байланысты болады, шын мәнінде, ол аса үлкен сома емес.

Әзірге, жыл басынан 1 қарашаға дейін Ұлттық қордан 4,7 трлн тг жұмсалған, бұл өткен жылмен салыстырғанда номиналды түрде төрттен біріне артық. Кірістер де артқан - 30%-ға, 5,8 трлн тг дейін. Жақсы емес пе? Солай сияқты.

☝🏼Алайда бұл өсімді бірінші жартыжылдықтағы инвестициялық кіріс қамтамасыз етіп отыр. 2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша бұл қаражатты есепке алмасақ, кіріс көлемі номиналды түрде өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға төмендеген.

Ұлттық қордағы қазіргі қаражат көлемі шамамен 31 трлн тг, қатарынан екінші айдың қорытындысы бойынша азаюда. Десе де, 2023 жылдың 1 қарашасымен салыстырғанда өсім бар: номиналды түрде +12,7% (инфляция 8,5% болғанда). Теориялық тұрғыдан, бұл жағдай жыл соңына қарай инвестициялық кіріс есебінен жақсаруы тиіс, бірақ онсыз, өздеріңіз де түсінгендей, жағдай мәз емес.

@DataHub_KZ
👍2🥰1
👍2🥰1
📈 Қазақстандық банктер биржадан тыс нарықта рубль сатып алуды күрт арттырды

Қазан айында жалпы сомасы 71,6 млрд рубль сатып алынды – мәмілелердің орташа бағамы бойынша бұл шамамен 361,6 млрд теңге. Бұл соманың негізгі бөлігі, 67,9 млрд рубль, бейрезидент банктермен операцияларға тиесілі.

↗️ Өткен аймен салыстырғанда рубльді сатып алудың жалпы көлемі 3,6 есе өсті, қаңтар-қыркүйектің орташа деңгейімен салыстырғандағы айырмашылық - алты есеге жуық. Қазіргіден артық көрсеткіш соңғы рет 2022 жылдың сәуірі мен желтоқсанында болды, бірақ бұл қалыптан тыс ауытқуларды түсіндіруге болады. Ол кезде ресейлік банктердің ҚР-дағы еншілес филиалдарына жасалған санкциялар аясында сомалар «бас ұйымнан қолдау алу шеңберіндегі» операцияларды қамтыды. Санкцияға дейінгі 2021 жылы максималды сома небәрі 2,5 млрд рубльді құрады, 2019-2020 жылдары да қазіргі көлемге ұқсас ештеңе болған жоқ.

🇨🇳 Биржадан тыс нарықта тағы не қызық бар? Бейрезидент банктер жүргізген юань сату операциялары бас айналатындай сомаға дейін болмаса да, жанданды. Бұл сома 32,9 млн юаньды (шамамен 2,3 млрд теңге) құрады, ал жылдың алдыңғы 9 айында дәл осындай мәмілелер небәрі 6,3 млрд юаньға жетті, бүкіл 2023 жылы 4,2 млрд юань болды.

Биылғы жылы тағы бір юаньдық аномалия, айтпақшы, шілдеде тіркелді: ол кезде сатып алу көлемі, негізінен резиденттер арасындағы операциялар бойынша 3,9 млрд юаньға жетті, а/а 30 есе дерлік ұшты. Ол кезде бұл белсенділік Мосбиржаға қарсы санкциялардан кейін біздің нарыққа ресейлік компаниялардың келуімен байланысты болуы мүмкін деген нұсқалар айтылды.

ҚР Ұлттық банкі деректері

@DataHub_KZ
👌2🥰1
🥰1👌1
Астанада жалдамалы тұрғын үй бағасы соңғы бір жарым жылда алғаш рет арзандады

Қазанның қорытындысы бойынша елордада жалдау ақысы қыркүйекке қарағанда 1,2%-ға төмендеген. Айлық көрсеткіш өткен жылдың сәуірінен бері алғаш рет төмендеп тұр.

Сондай-ақ екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы да арзандады: айдан айға -1,1%. Ал жаңа пәтерлердің бағасы, керісінше, түспей тұр, айдан айға +0,5%. Жалпы алғанда, елордада бірінші нарықтағы бағалар айтарлықтай төмендемей тұр – соңғы рет мұндай жағдай осы жылдың наурызында болған еді, ал оған дейін 2017 жылы болған. Сонымен қатар Астанадағы сатылатын және қайта сатылатын тұрғын үйдің орташа бағасы Қазақстанда ең жоғарысы болып тұр, бірақ жалдау ақысы Алматыдан арзандау.

Алматыда жалдау ақысы алтыншы ай қатарынан қымбаттап келеді, осы айдағы қарқыны +1,5%. Естеріңізге сала кетейік, жылдың басында қаңтар мен наурыз айларындағы жер сілкіністерінен кейін баға төмендеген еді. Бірақ енді, қыркүйекке дейін жалғасқан 2023 жылдың желтоқсанына қарағандағы төмендеу толық қалпына келді. Қарашадағы жаңа жер сілкінісі жалға алушыларға қалай әсер еткенін бір айдан кейін білетін боламыз 😉

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHub_KZ
👍2🥰1