DATA HUB Қазақша – Telegram
DATA HUB Қазақша
203 subscribers
718 photos
1 video
403 links
DATA HUB Powered by FCBK

Қаржылық, қаржыға жақын және әлеуметтік тақырыптар бойынша ең өзекті деректері бар аналитикалық арна.
Осында барлық нарықтық талдаулар бар.

Иесі – Бірінші кредиттік бюро.

Байланысу үшін - @DataHubFCBK_bot
Download Telegram
🔑 Тұрғын үйге зейнетақы ақшасын алуға өтінімдер саны қайтадан секірді

Қазан айында тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында зейнетақы жинақтарын біржолғы төлеуге 45,3 мың өтініш орындалды, бұл қыркүйектегіден 15%-ға артық.

Естеріңізге сала кетейік, белсенділіктің күрт өсуі шілде айында қоғамдық алаңда ақшаны одан әрі алудың ықтимал шектеулері туралы тезис пайда болғаннан кейін басталды. Содан бері бұл белсенділік басыла қойған жоқ. «Тұрғын үй» туралы өтініштердің қазіргі саны алдыңғы үш қарқынды айдағыдан да көп болып шықты.

БЖЗҚ орындаған өтініштердің жалпы сомасы қазан айында 37,4 млрд теңгені құрады. Қыркүйек айына қарай бұл жағдай өзгере қойған жоқ, дегенмен шілде айындағы 45,1 миллиард теңгені құраған шыңмен салыстырғанда қарапайымдылау болып шықты.

Өткен айда өңделген әрбір үшінші өтініш одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіндегі салымды толықтырумен байланысты болды. Ал сомасы бойынша тұрғын үй сатып алу кезінде соңғы есептеудің үлесі ең елеулі (38%).

🦷 Ал емделу мақсатында ақша алу не болып жатыр?

Қазан айында орындалған өтініштердің жалпы саны 13,2 мың бірлікке жетті (+20% а/а, бірақ шілдедегі 20,8 мыңнан айтарлықтай аз), сома 13,2 млрд теңгені құрады (сол +20% а/а және шілдедегі шыңдық 25,1 млрд-тан бәрібір аз). Мұнда барлығы дерлік – стоматологиялық қызметтерге алу (бір айдағы өтініштер саны бойынша 98%, сомасы бойынша 99%). Қаражатты пайдаланудың дәл осы түрін бастапқыда уақытша тоқтата тұруды ойластырған, содан кейін оны қиындатқысы келді, бірақ әзірге соңғы шешім туралы хабарланған жоқ.

БЖЗҚ деректері (есептеулердегі сомада ЖТС есепке алынбаған)

@DataHub_KZ
👍2🥰1
Көрініс динамикада былайша болды. Биылғы жылы ақшаны қарқынды шешіп алу қандай оқиғаға байланысты болғанын анықтадық, ал өткен жылғы шілдедегі жандану жаңа Әлеуметтік кодекстің күшіне енуімен байланысты болғанын естеріңізге саламыз

@DataHub_KZ
👍2🥰1
🇺🇸🇰🇿 Барлығы АҚШ президентінің сайлауындағы дауыстар санағын қадағалап отырғанда (кім жеңіп жатқанын сіздер бізсіз-ақ көріп отырсыздар), біз соңғы онжылдықтан сәл астам уақытта - 2013 жылдың басынан бері Америкамен экономикалық байланыстарымыздың қалай құрылғанын қарап шықтық.

Осы уақыт ішінде Ақ үйде екі демократ (Барак Обама екінші президенттігі кезінде және қазіргі көшбасшы Джо Байден) және бір республикашыл (Дональд Трамп) отырып үлгерді. Мемлекет басшысы лауазымындағы жұмыс мерзімі күнтізбелік жылмен толық сәйкес келмесе де (инаугурация қаңтардың екінші жартысында өтеді), түсіну оңайырақ болуы үшін біз Обаманың жұмыс кезеңі 2013-2016 жж, Трамптың кезеңі - 2017-2020 жж және Байденнің кезеңі 2021-2024 жылдар деп қарастырамыз.

Сонымен, қайсысының кезінде біз жақсы өмір сүрдік? 🙃

🔵ҚР мен АҚШ сауда-саттығы демократтар кезінде қарқындырақ болды: Обама кезіндегі тауар айналымы – $8,7 млрд, толық емес төрт жыл ішіндегі Байденнің кезінде – $12,6 (2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша). Ал Трамптың кезінде $7,8 млрд болды.
🔴АҚШ-тан тікелей инвестициялардың жалпы ағыны республикашыл кезінде жақсырақ болды – орташа жылдық деңгей $4,2 млрд болып шықты. Обама кезінде $3,2 млрд болса, Байден кезінде толық үш жыл ішінде орта есеппен – шамамен $3 млрд. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша небәрі 177 млн. қалыптасты.
🔵Доллар/теңге бағамына келетін болсақ, біздің ұлттық валютамыз демократтарды көбірек ұнататын сияқты. Рас, мұнда тек Байден мен Трамп бойынша бағалау керек: теңгенің құбылмалы бағамына біз 2015 жылдың тамызында көштік. Сонымен, егер біз доллардың орташа бағамы әр президенттің билігінің соңғы жылында ол келгенге дейінгі соңғы жылмен салыстырғанда қалай өзгергенін қарастыратын болсақ, әзірге Байден жеңіп тұр. Трамп кезінде 2020 жылдың қорытындысы бойынша орташа бағам 2016 жылмен салыстырғанда 21%-ға жоғары болып шықты, Байден кезінде 2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша орташа мән 2020 жылмен салыстырғанда 12%-ға ғана жоғары екен.

⚠️Өздеріңіз түсініп отырғандай, барлық осы заңдылықтарды байыпты қабылдаудың қажеті жоқ: мұнда жай ғана биліктің ауысуынан гөрі факторлар әлдеқайда-а-а көп. Доллардың өзі үшін Трамптың қазіргі жеңісі шын мәнінде басқа маңызды әлемдік валюталарға қатысты нығаюына себеп болуы мүмкін.

Экономистердің мұндай болжамдары Трамп бағдарламасы инфляцияның үдеуіне ықпал етуі мүмкін екендігіне және сәйкесінше мөлшерлеменің өсу перспективасына негізделген. Импорттық тауарларға қосымша баж салығын енгізу де долларды нығайтуы мүмкін. Рас, Трамптың өзі, керісінше, американдық валютаның әлсіздеу болғанын қалайды (бұл экспортқа көмектесуі тиіс). Бірақ ақырында не болатынын төрт жылдан кейін көреміз 😉

ҚР ҚМ МКК, ҚР Ұлттық банкі деректері

@DataHub_KZ
👍1🥰1
Қосымша, осы кезеңде екі елдің саудасы қандай болғанын еске салайық. Биылғы жылы, айтпақшы, біздің экспорттың көрінісі ерекше жақсы: жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ол толық 2023 жылды басып озды.

@DataHub_KZ
👍2🥰1
💰Қазанда Ұлттық қордан пайдаланылған қаражат көлемі түскен қаражаттан 2,5 есе асып түсті

Өткен айда Ұлттық қорға 256,6 млрд тг түскен, оның негізгі бөлігін мұнай секторының тікелей салықтары құрайды. Ал шығын 641,3 млрд тг жетті делінген Қаржы министрлігінің деректерінде.

Бұл қаражаттың аз ғана бөлігі, 1,3 млрд тг, қорды басқару шығындарына жұмсалса, 640 млрд тг мақсатты трансферттерге бағытталған. Номиналды түрде бұл – кем дегенде соңғы екі жылдағы ең айқын айлық көлем, бірақ инфляцияны ескерсек, 2024 жылдың қаңтарындағы (сол кездегі бағамен 601,6 млрд тг) деңгеймен шамалас.

🫰🏽 Алайда бір нюанс бар: жылдың алғашқы айында қаражат негізінен кепілдендірілген трансферттерге бағытталған болса, қазір қосымша сұралған мақсатты трансферттер туралы сөз болып отыр. Биыл бастапқыда мақсатты трансферттер 1,6 трлн тг көлемінде белгіленген болатын, бірақ 1 қазанға қарай бұл көрсеткішті асып түсті. Қазанның ортасында Ұлттық банк үкіметтің қосымша 2 трлн тг алуды жоспарлағанын мәлімдеді. Қаржы министрлігінің айтуынша ол қаражат, негізінен, «аймақтардың инфрақұрылымын нығайтуға» бағытталады.

Жыл соңына дейін, сәйкесінше, мақсатты трансферттер үшін тағы шамамен 941 млрд тг алулары керек, бұл Ұлттық қордан пайдаланылған қаражаттың жиынтық көлемін 2024 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 5,6-5,7 трлн тг жеткізеді (2023 жылы 4,1 трлн тг). Нақты сома басқару шығындарына байланысты болады, шын мәнінде, ол аса үлкен сома емес.

Әзірге, жыл басынан 1 қарашаға дейін Ұлттық қордан 4,7 трлн тг жұмсалған, бұл өткен жылмен салыстырғанда номиналды түрде төрттен біріне артық. Кірістер де артқан - 30%-ға, 5,8 трлн тг дейін. Жақсы емес пе? Солай сияқты.

☝🏼Алайда бұл өсімді бірінші жартыжылдықтағы инвестициялық кіріс қамтамасыз етіп отыр. 2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша бұл қаражатты есепке алмасақ, кіріс көлемі номиналды түрде өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға төмендеген.

Ұлттық қордағы қазіргі қаражат көлемі шамамен 31 трлн тг, қатарынан екінші айдың қорытындысы бойынша азаюда. Десе де, 2023 жылдың 1 қарашасымен салыстырғанда өсім бар: номиналды түрде +12,7% (инфляция 8,5% болғанда). Теориялық тұрғыдан, бұл жағдай жыл соңына қарай инвестициялық кіріс есебінен жақсаруы тиіс, бірақ онсыз, өздеріңіз де түсінгендей, жағдай мәз емес.

@DataHub_KZ
👍2🥰1
👍2🥰1
📈 Қазақстандық банктер биржадан тыс нарықта рубль сатып алуды күрт арттырды

Қазан айында жалпы сомасы 71,6 млрд рубль сатып алынды – мәмілелердің орташа бағамы бойынша бұл шамамен 361,6 млрд теңге. Бұл соманың негізгі бөлігі, 67,9 млрд рубль, бейрезидент банктермен операцияларға тиесілі.

↗️ Өткен аймен салыстырғанда рубльді сатып алудың жалпы көлемі 3,6 есе өсті, қаңтар-қыркүйектің орташа деңгейімен салыстырғандағы айырмашылық - алты есеге жуық. Қазіргіден артық көрсеткіш соңғы рет 2022 жылдың сәуірі мен желтоқсанында болды, бірақ бұл қалыптан тыс ауытқуларды түсіндіруге болады. Ол кезде ресейлік банктердің ҚР-дағы еншілес филиалдарына жасалған санкциялар аясында сомалар «бас ұйымнан қолдау алу шеңберіндегі» операцияларды қамтыды. Санкцияға дейінгі 2021 жылы максималды сома небәрі 2,5 млрд рубльді құрады, 2019-2020 жылдары да қазіргі көлемге ұқсас ештеңе болған жоқ.

🇨🇳 Биржадан тыс нарықта тағы не қызық бар? Бейрезидент банктер жүргізген юань сату операциялары бас айналатындай сомаға дейін болмаса да, жанданды. Бұл сома 32,9 млн юаньды (шамамен 2,3 млрд теңге) құрады, ал жылдың алдыңғы 9 айында дәл осындай мәмілелер небәрі 6,3 млрд юаньға жетті, бүкіл 2023 жылы 4,2 млрд юань болды.

Биылғы жылы тағы бір юаньдық аномалия, айтпақшы, шілдеде тіркелді: ол кезде сатып алу көлемі, негізінен резиденттер арасындағы операциялар бойынша 3,9 млрд юаньға жетті, а/а 30 есе дерлік ұшты. Ол кезде бұл белсенділік Мосбиржаға қарсы санкциялардан кейін біздің нарыққа ресейлік компаниялардың келуімен байланысты болуы мүмкін деген нұсқалар айтылды.

ҚР Ұлттық банкі деректері

@DataHub_KZ
👌2🥰1
🥰1👌1
Астанада жалдамалы тұрғын үй бағасы соңғы бір жарым жылда алғаш рет арзандады

Қазанның қорытындысы бойынша елордада жалдау ақысы қыркүйекке қарағанда 1,2%-ға төмендеген. Айлық көрсеткіш өткен жылдың сәуірінен бері алғаш рет төмендеп тұр.

Сондай-ақ екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы да арзандады: айдан айға -1,1%. Ал жаңа пәтерлердің бағасы, керісінше, түспей тұр, айдан айға +0,5%. Жалпы алғанда, елордада бірінші нарықтағы бағалар айтарлықтай төмендемей тұр – соңғы рет мұндай жағдай осы жылдың наурызында болған еді, ал оған дейін 2017 жылы болған. Сонымен қатар Астанадағы сатылатын және қайта сатылатын тұрғын үйдің орташа бағасы Қазақстанда ең жоғарысы болып тұр, бірақ жалдау ақысы Алматыдан арзандау.

Алматыда жалдау ақысы алтыншы ай қатарынан қымбаттап келеді, осы айдағы қарқыны +1,5%. Естеріңізге сала кетейік, жылдың басында қаңтар мен наурыз айларындағы жер сілкіністерінен кейін баға төмендеген еді. Бірақ енді, қыркүйекке дейін жалғасқан 2023 жылдың желтоқсанына қарағандағы төмендеу толық қалпына келді. Қарашадағы жаңа жер сілкінісі жалға алушыларға қалай әсер еткенін бір айдан кейін білетін боламыз 😉

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHub_KZ
👍2🥰1
👍2🥰1
Қазақстандағы орташа жалақы бойынша көшбасшы салалар қатарынан күтпеген сектор орын алды

Бүгін ҚР СЖРА ҰСБ III тоқсандағы жалақы туралы жаңа деректерді (шағын бизнесті қоспағанда) жариялады. Еліміздегі орташа деңгейі 390,3 мың тг құрады. II тоқсанмен салыстырғанда, инфляцияны ескере отырып, 4,7%-ға төмендесе, 2023 жылдың III тоқсанымен салыстырғанда 2,7%-ға өскен.

Аса бір қатты өзгерістер жоқ: бұл айларда көрсеткіш тоқсандық мәнде үнемі төмендеп тұрады деуге болады, ал жылдық өсім қарқыны да ерекше жайт емес. Алайда жоғары жалақы төленетін «негізгі» секторлардың қатарында қызықты өзгерістер бар.

❗️Орташа жалақысы ең жоғары 10 үздік экономикалық сектордың ішінде 7-орынды бір тоқсан бұрын 33-орында, ал бір жыл бұрын 25-орында тұрған сала иеленді. Соңғы жылдары басқа тоқсандарда да үздіктер қатарынан көрінбеген еді.

⛵️Күтпеген жерден таңғалдырған қай сала? Өзен жүк көлігінің қызметі. Мұнда өткен тоқсанда орташа жалақы 1 млн 44 мың тг асты. ІІ тоқсанмен салыстырғанда номиналды түрде де, инфляцияны есепке алғанда да екі еседен астам өскен. Жылдық көрсеткіштер де осындай қарқында көрсетіп отыр.

🧙🏼‍♂️Бұл не деген сиқыр? Себебі - бұл сегментте кәсіпорындар мен қызметкерлер саны көп емес. Жұмыскерлердің нақты саны 300-ден сәл асады, бұл зерттеудегі жалпы көрсеткіштен 0,01% аз. Ал кәсіпорындардың өзі 6 ғана. Деректерге сүйенсек, орташа жалақының бір тоқсанда күрт өсуі солардың біріне тиесіліү

* Деректер өнеркәсіптің жекелеген секторларын есепке ала отырып жасалған ең нақты жедел статистикадағы жіктеу бойынша келтірілген

P. S. Сондай-ақ экономиканың тағы қандай салалары жалақы бойынша бұл жолы көшбасшылар қатарында екен - төмендегі графиктен көре аласыздар

@DataHub_KZ
🥰1😁1
🥰1😁1
🇨🇳🇲🇳 ➡️ 🇰🇿Моңғолия мен Қытайдан көшіп келу рекордтарды жаңартуда

ҚР СЖРА ҰСБ деректеріне сәйкес, 2024 жылдың алғашқы үш тоқсанында ҚХР-дан ҚР-ға тұрақты тұруға 1451 адам келді, Моңғолиядан – 1088 адам. Екі жағдайда да, 2023 жылдың дәл сол айларымен салыстырғандағы өсім үш есе дерлік: сәйкесінше 177% және 172%.

Бұл ретте Қытайдан көшіп келушілердің саны 2017 жылдан бергі кезең үшін ең жоғары болды, дегенмен, айта кету керек, 2020 жылы небәрі тоғыз адамға аз болды. Ал Моңғолияға келетін болсақ, 2011 жылдан бергі рекорд екенін көреміз және осы уақыт ішінде қазіргі көрсеткіштерге ұқсас ештеңе байқалмады.

Бұл ретте ҚР-дан Қытай мен Моңғолияға кеткендердің саны әдеттегідей айтарлықтай аз, сондықтан көші-қон сальдосы бойынша – келгендер саны минус кеткендер саны – көрініс келумен бірдей.

Бірақ көшіп келушілердің өздеріне оралайық. Олар кім және қай өңірлерге келді?

🔸ҚХР-дан да, Моңғолиядан да келгендердің барлығының дерлік ұлты қазақ (тиісінше 98% және 99%)

🔸Бұл ретте ҚХР-дан көшіп келушілердің жартысы Астанаға немесе Алматыға қоныстанды (Алматыға қарай сәл көбірек), сонымен қатар әрбір бесінші дерлік – Алматы облысында.

🔸Моңғолиядан келгендер үшін ең танымал өңір – Ақмола облысы (33%), ал астаналарға үштен бірінен астамы келеді (Астанаға 23% және Алматыға 13%).

Иә, айтпақшы: биылғы жылы кез келген елден бізге үш тоқсанда 20,4 мың иммигрант келіп үлгерді, бұл 2023 жылдың қаңтар-қыркүйегіне қарағанда 6,5%-ға көп. Шамамен 10,2 мың адам кетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға аз, сондықтан көші-қон сальдосы (келгендер минус кеткендер) бірден 59%-ға өсіп, сәйкесінше шамамен 10,2 мың адамды құрады.

Елдер бойынша бөлгенде сальдо қалай көрінетінін төмендегі кестеден қараңыз. Өзбекстан бұрынғысынша көш бастап тұр, оның бірінші жартыжылдықтағы табыстары туралы бұдан бұрын жазған болатынбыз.

@DataHub_KZ
👍5🥰1
Ал мынау елдерге бөлгендегі көші-қон сальдосы туралы мәліметтер

@DataHub_KZ
3🥰1
Бөлшек сауда күрт алға жылжыды

Қазанда бұл сектордағы ақшалай түсім көлемі 2,16 трлн тг асты, тіпті баға өзгерісін ескергеннің өзінде 2023 жылдың дәл сол айымен салыстырғанда 19,3%-ға көп.

Соңғы он жылда, яғни 2015 жылдың басынан бері, жылдық қарқын қазіргі деңгейден тек екі рет жоғары болды – 2023 жылдың қаңтарында және 2021 жылдың сәуірінде: бұл пандемия мен қаңтардағы оқиғалардан әсерінен болған төмен базадан кейінгі қалпына келу сипатындағы өсуі еді. Алайда қазір ешқандай төмен база туралы айтудың қажеті жоқ, 2023 жылдың қазанында да өсім байқалды.

Жалпы ақшалай түсімнің 37%-дан астамы, яғни 802 млрд тг, қазіргі таңда Алматыға тиесілі. Өсімге ең көп үлес қосқан да дәл осы қала болып тұр. Мегаполистегі жылдық өсім бағалардың өсуімен есептегенде 31%-ға жетті, бұл жерде де төмен база әсері жоқ.

Алматылық сатушылардың ақшалай түсімінің негізгі бөлігі азық-түлікке жатпайтын тауарлар есебінен қалыптасқан – 588 млрд тг. Бағалар өзгерісін ескергеннің өзінде өсім жылдан жылға шамамен 40%-ды құрайды. Алматылық оқырмандар, мойындаңыздаршы, бұл тауарларды сіздер сатып алдыңыздар ма әлде сауда саласы кенеттен көлеңкеден шықты ма? 🙃

@DataHub_KZ
🥰2
🤳🏼Қазақстандықтардың ұялы байланысқа жұмсауға дайындығы айтарлықтай төмендеп бара жатқан сияқты

ҚР СЖРА ҰСБ деректеріне сәйкес 2024 жылғы қазанда халық тиісті қызметтер үшін 10,6 млрд теңге төледі, бұл ретте бұл қызметтердің нақты көлемі 2023 жылғы қазанмен салыстырғанда 39,5%-ға төмендеді.

❗️Кем дегенде 2011 жылдан бері кез келген ай үшін төмендеу қарқыны максималды болды, бірақ бұл жерде кішкене түсініктеме қажет. Нақты көлемдер бағаның өсу факторының әсерін қоспай есептеледі: долбарлап айтқанда, тауарларды немесе қызметтерді сатудың таза динамикасын олардың құнының өзгеруінің әсерінсіз бағалауға болады.

Есептеу үшін белгілі бір сектордағы ресми баға индексі қолданылады, бұл жағдайда ол айтарлықтай жоғары болып шықты. Мәселен, статистика бюросының мәліметі бойынша, қазан айында ұялы байланыс қызметтері тұтынушылар үшін бірден 27% ж/ж қымбаттады және бұл кем дегенде 2011 жылдан бергі ең жоғары қарқын.

🔻Алайда, көріп отырғандарыңыздай, қымбаттау қарқыны нақты көлемнің төмендеу қарқынынан бәрібір де төмен. Яғни халық ұялы байланыс қызметтері үшін бір жыл бұрынғыға қарағанда тіпті номиналды түрде аз төледі: қазан айында -23,2% ж/ж болды, инфляцияны есепке алмағанда жылдық төмендеу қарқыны қыркүйекте де сондай болды.

🆙Халыққа емес, кәсіпорындар мен ұйымдарға көрсетілген байланыс қызметтерінің көрінісі сергектеу көрінеді. Қазан айында көлем шамамен 7 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сол айымен салыстырғанда номиналды түрде 21,7%-ға өсті. Бір жыл ішінде заңды тұлғалар үшін ұялы байланыс бағасы өзгерген жоқ дерлік (ресми түрде +0,1%), яғни көрсетілген қызметтердің нақты көлемі де солай сияқты дерлік қатты өсті.

✔️Нәтижесінде ҚР-да көрсетілген ұялы байланыс қызметтері көлемінің жиынтық номиналды төмендеуі қазан айында 10% ж/ж құрады, сегменттегі бағалардың жалпы индексін ескергенде, нақты көлемдер 22,7%-ға төмендеді. Бұл күшті естілмеуі мүмкін, бірақ қыркүйекте бұл нақты құлдырау тіпті одан да көп болды – 26,5%. Динамик туралы кейбір деректерді төмендегі графиктен таба аласыз 👇🏼

@DataHub_KZ
👍2🥰1
Ұялы байланыс қызметтерінің көлемі және олардың бағаның өсуіне түзетілген өзгеруі соңғы екі жылда осылай көрінді

@DataHub_KZ
👍2🥰1
🇰🇿 Бүгін Қазақстанда Ұлттық валюта күні атап өтілуде: биыл теңгеге 31 жыл толды. Сол себепті сіздерге осы тақырыпта аздаған ақпараттарды дайындадық:

📈 ҚР депозиттердің барлық көлемінде теңгедегі салымдардың үлесі 2024 жылдың қазанына қарай кем дегенде 1997 жылдың соңынан бергі рекордтық деңгейге жетіп, 78,7%-ға жуықтады. Жеке тұлғалар бойынша бұл үлес 80,9%-ды құрап, осы уақыт ішіндегі ең жоғары көрсеткіш болып тұр.

👛 Ұлттық банк жүргізген сауалнамаларға сәйкес теңгенің қолма-қол жинақ түрінде сақталу көрсеткіші де артып келеді. Өткен айға қарай респонденттердің 93%-ның жинақ ақшасы ұлттық валютада сақталған. Бұл да 2016 жылдан бергі қолжетімді мәліметтердегі ең жоғары көрсеткіш. (Ескеретін маңызды жайт: дәл сол адамдардың шетел валютасында да қолма-қол жинақ ақшасы болуы мүмкін)

💳 Қолма-қол ақша жайлы сөз қозғалғандықтан, айта кетейік: соңғы жылдары қазақстандық төлем карталары иелері ақшаны сирек шешіп алатын болған. Жалпы транзакциялар арасындағы ақшаны шешіп алу операцияларының үлесі 2019 жылғы 23,9%-дан 2023 жылы 2,1%-ға дейін төмендеген. Ең үлкен өзгеріс пандемия кезінде, 2020 жылы, байқалды. Ал биылғы үш тоқсан қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 1,9%-ды құрады.

🏧 Айтпақшы, Қазақстанның өңірлері ішінде бір операция арқылы картадан шешілген ең үлкен орташа сома - Алматыда (шамамен 152 мың тг), ал ең төмені – Абай облысында (70 мың тг). Еліміз бойынша, орта есеппен алғанда, қаңтар-қыркүйек айларында бұл көрсеткіш, қазақстандық және шетелдік карталарды қоса алғанда, 103 мың тг шамасында болды.

ҚР Ұлттық банкі деректері

@DataHub_KZ
🥰2👍1