DATA HUB Қазақша – Telegram
DATA HUB Қазақша
203 subscribers
718 photos
1 video
403 links
DATA HUB Powered by FCBK

Қаржылық, қаржыға жақын және әлеуметтік тақырыптар бойынша ең өзекті деректері бар аналитикалық арна.
Осында барлық нарықтық талдаулар бар.

Иесі – Бірінші кредиттік бюро.

Байланысу үшін - @DataHubFCBK_bot
Download Telegram
DATA HUB Қазақша
БЖЗҚ зейнетақы активтерінің портфелінде оның тарихында алғаш рет ЕДБ-ға салымдар қалмады БЖЗҚ деректеріне сәйкес 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚРҰБ басқаруындағы инвестициялық портфельдегі қазақстандық банктердегі депозиттердің үлесі 0,0%-ға дейін…
БЖЗҚ активтерінің портфелі туралы сөз қозғағандықтан, инвестициялық қызметтің нәтижелері бойынша жаңа деректерге көз жүгіртейік. Ұлттық Банктің басқарушы ретіндегі инвестициялық кірісінің жағдайы қалай болып жатыр?

Желтоқсан 421 млрд теңге әкелді. Жаман емес, бірақ айта кету керек, бұл соманың 184 млрд-ы шетел валютасын қайта бағалау, яғни теңгенің құнсыздануы есебінен келді.

Жалпы алғанда, 2024 жылдың 11 айында инвестициялық табыс 2,8 трлн теңгеге жетті, бұл 2023 жылдың 11 айындағы көрсеткіштен номиналды түрде 2,2 есе көп.

Жыл басынан бері кірістілік өте жақсы көрінеді: 14,85%, сол кезеңдегі инфляциядан 7,6%-ға жоғары.

@DataHub_KZ
🥰1
Қытайлықтар ғылыми дәреже алу үшін Қазақстанға жиі келе бастады

2024/2025 оқу жылында 89 қытайлық азамат отандық докторантурада оқу дайындығын бастады. Бұл өткен жылға қарағанда бірден 2,2 есеге көп.

Қазақстанда ғылыми дәреже алуды шешкен шетелдіктер арасында қытайлықтар саны бәрінен көп екен (жалпы санының 65%-ы). Осыған байланысты шетелдік жаңа докторанттардың жалпы санының өсімінде қытайлықтардың үлесі көп болуы заңды: соңғы жылда олардың саны 1,5 есеге артып, 137 адамға жетті. Бұл — соңғы 15 жылдағы ең жоғары көрсеткіш, яғни Қазақстан Болон декларациясына қосылған сәттен бері.

Дегенмен, Қытай азаматтарының докторантураға қабылдануының екі есе артуы бұл елдің азаматтары ғылыми мансабын Қазақстанда докторлық дәреже алудан бастауға ниетті дегенді білдірмейді. Мәселен, ағымдағы оқу жылында қазақстандық докторантураға түскендердің бар болғаны 3%-ын қытайлықтар құрайды.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHub_KZ
1👍1🥰1
Ұлттық компаниялардың табыстылығы төрт жылдық минимумға дейін төмендеді

2024 ж. III тоқсанында кәсіпорындардың жұмыс тиімділігін көрсететін бұл көрсеткіш II тоқсандағы 27,7%-бен салыстырғанда 13,3%-ға дейін төмендеді. Қазіргі деңгей – 2020 жылдың III тоқсанынан бергі ең төменгі деңгей. Бірақ ҚР СЖРА ҰСБ деректеріне сәйкес ол кезде тіпті төмен рентабельділік емес, залалдылық (-8,3%) тіркелді.

Рентабельділіктің өзі салыққа дейінгі кірістің өзіндік құн мен өндірістік емес шығындар сомасына қатынасы ретінде есептеледі. Өрескел тілмен айтқанда, бұл көрсеткіш көбірек пайда мен төменірек шығындар кезінде өсетін болады, ал керісінше жағдайда – төмендейтін болады, соның ішінде егер бізде шығындар болса, теріс мәндерге дейін.

Бұл жолы шығындар туралы әңгіме жоқ, бірақ салық салуға дейінгі пайда қарапайым: 176,6 млрд теңге, бұл инфляцияға түзетусіз тоқ/тоқ мәнінде де, ж/ж мәнінде де шамамен 60%-ға төмен. Бұл ретте тоқсандық құлдырау кірістердің (-27%, 1,5 трлн теңгеге дейін), әсіресе қаржыландырудан түсетін кірістердің төмендеуінен, ал жылдық құлдырау – номиналды ұқсас кірістер кезінде шығыстардың (+20%, 1,3 трлн теңгеге дейін) өсуінен туындады.

@DataHub_KZ
👍1🥰1
DataHub бүгін таңертең Ақтау маңында Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Баку-Грозный бағытындағы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты қаза тапқандардың жақындарына қайғырып көңіл айтады. Зардап шеккендердің тез сауығып кетуіне тілектеспіз.

@DataHub_KZ
🙏4🥰1
Қазақстанда ұзақ уақыт ішінде алғаш рет жоғары оқу орындарының саны өсті

2024/2025 оқу жылының басында елімізде 113 жоғары оқу орны болды. Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш тек бірлікке артқанымен, оның жалпы өскеніне назар аударылады.

Өйткені қазіргі өсу - бес жылда бірінші рет орын алған өсім. Оның үстіне, екі бірлікке өсім туралы да әңгіме болуы мүмкін еді: Ақтөбе облысы мен Шымкентте бір-бір ЖОО қосылды. Алайда, сонымен бірге Атырау облысында бір ЖОО-ға азая түсті.

ЖОО санының төмендеу үрдісі 2006/2007 оқу жылынан-ақ байқалды. Жалпы, содан бері бұл көрсеткіш 63 бірлікке қысқарды. Бұл ретте Алматы бірден 25 жоғары оқу орнынан айырылып, ең көп «зардап шекті». Бірақ соған қарамастан, мегаполис өңірлер арасында көшбасшы болып қала беруде (37 бірлік).

Дегенмен жоғары оқу орындары санының азаюы халықты жоғары біліммен қамту жағдайы нашар дегенді білдірмейді. Мәселен, 2023 жылы студенттердің саны бойынша 1000 адамға шаққанда Қазақстан ЕО-ны басып озды – тиісінше 58 және 42 адам. 😏

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHub_KZ
🥰1
🌐«Google салығы» бойынша жоспар бірнеше рет артығымен орындалған

Биыл республикалық бюджетке түскен жалпы салық жақсы нәтиже көрсетпей тұр: ҚР Қаржы министрлігінің деректері бойынша 11 айға арналған жоспар тек 75,5%-ға ғана орындалған. Негізгі баптар, КТС (жоспар 70,3%-ға орындалған) және ҚҚС (72,1%-ға орындалған) ақсап тұр.

❗️ҚҚС бойынша салықтық түсімнің барлық бабының тармақшалары жоспардан қалып келеді, тек біреуінен басқасы - «Тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыру, жеке тұлғаларға электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде шетелдік компаниялардан түсетін ҚҚС». Бұл жоғарыда аталған, Қазақстанда 2022 жылдан бастап енгізілген "Google салығы".

Мұның енгізілуінің себебі – ҚР-дағы адамдарға өз тауарлары мен қызметтерін онлайн сататын шетелдік (шет елдерде тіркелген) компаниялар айналымның 12%-ын ҚҚС ретінде төлейді. Салық төлеушілердің қатарында тек Google ғана емес, сонымен қатар iHerb, Netflix, Temu сияқты компаниялар да бар. Төлемдер Қазақстанда тұратын, қазақстандық карталармен төлем жасайтын немесе қазақстандық телефон нөмірі арқылы тауарды ресімдейтін жеке тұлғалардың сатып алуларына байланысты есептеледі.

👀 Енді нақты көрсеткіштерге тоқталайық.
1 желтоқсандағы жағдай бойынша жыл басынан бері осы салықтардан түскен сома 34,9 млрд тг жеткен. Төлемдер әр тоқсанның қорытындысы бойынша келесі кезеңнің екінші айының 25-іне дейін төленуі тиіс болғандықтан, бұл 34,9 млрд тг - соңғы төрт тоқсандағы онлайн-сауданың нәтижесінде төленген салық.

Жылдың 11 айына арналған жоспардағы сомадан 2,6 есе, ал жылдық жоспардағыдан 2,2 есе асып түсті.
Десе де, бұл жерде бір ескеретін жайт бар: 2024 жылға арналған жоспар алдыңғы жылғы нәтижеге қараған көп болмады (15,5 млрд тг 24,4 млрд тг қарсы). Бірақ, қалай болса да, 11 айдың қорытындысы бойынша жылдан жылға айтарлықтай өскен, +46%.

Екінші жағынан, қазіргі 34,9 млрд тг сома жалпы ҚҚС бойынша барлық төлемдермен салыстырғанда бәрібір де төмен – 0,7%. Сондықтан біздің Netflix-ке жазылымдарымыз бен шетелдік маркетплейстерде жүргізген саудаларымыз республикалық бюджетті әзірге құтқара алмай отыр 😐

P.S. Бүгін, біз осы материалды дайындағанша, ҚР ҚМ МКК де "Google салығына" қатысты пікір білдірді. Олар норма күшіне енгеннен бері барлық төлемдердің жалпы сомасы 70 млрд тг жеткенін еске сала отырып, салық төлеу үшін тіркелмеген компаниялар Қазақстан аумағында бұғатталуы мүмкін екенін атап өтті. Бүгінгі таңда тіркелген ұйымдар саны жүзге жуық болып тұр.

@DataHub_KZ
🔥2👍1🥰1
Сонымен, несиелеу бойынша аралық қорытындыларды шығаратын уақыт та келіп жетті

Әдеттегідей, жекелеген несиеден бастайық.


📈Қарашада берілген несиенің жалпы сомасы 18%-ға өсіп, 1,6 трлн тг дейін жетті. Иә, әжептәуір өсіп-ақ тұр. Бірақ бір ай бұрын бұл көрсеткіштің 6%-ға төмендегенін ескерген жөн. Бұл ретте динамикадағы негізгі рөлді кепілсіз тұтынушылық несиелер атқарды. Аталған сегментте берілген несиелердің көлемі 998 млрд тг құрады.

🏠Ал ипотека жайы бұрынғыдай жақсы. Қазанға қарағанда несие беру көлемі 11%-ға өсіп, 245 млрд тг жетті. Десе де, рәсімделген несие саны аса көп өсе қоймаған - 5%-ға, 13,6 мың бірлікке дейін. Ал ипотекалық қарыз портфелі 1 желтоқсанға қарай 6,5 трлн тг құрады. Қолданыстағы келісімшарт 620 мың бірлік болса, оны 592 мың адам рәсімдеген.

🚘Автонесиені беру көлемі екі ай қатарынан жоғары деңгейде тұр. Сонымен қатар бұл нәтиже алдыңғыны 5%-ға басып озған - 194 млрд тг 185 млрд тг қарсы. Алайда бір айда берілген несие саны өзгеріссіз қалып тұр - 23,6 мың бірлік.

🛍 PDL-сегментінде аздап жандану байқалады. Қазанға қарағанда берілген несиелер көлемі 8%-ға, ал олардың саны 5%-ға өсіп, яғни 40 млрд тг дейін, 603 мың бірлікті құрады. Шыны керек, жағдай сонда да мәз емес: қазіргі көрсеткіші әлі де жыл басындағы деңгейден әлдеқайда төмен.

Ал бизнестің жайы қалай?

↗️ Жалпы берілген несие көлемі бір айда 8,3%-ға өсті. Қазіргі деңгейі – 1,8 трлн тг. Мұнда да ескеретін жайт бар: бір ай бұрын 10%-дық төмендеу тіркелген еді. Бұл орайда ЖК-ларға берілген несие көлемі заңды тұлғалармен салыстырғанда екі есе жоғары қарқынмен өскен - 16%-ға. Дегенмен, бұл жерде салыстыруға келмейтін абсолюттік көрсеткіштер туралы сөз болып тұр. Нақтырақ айтқанда, ЖК көрсеткіші 160 млрд тг, ал заңды тұлғалар көрсеткіші 1,66 трлн тг құрады.

💼Қарашада 47,8 мың келісімшарт жасалған. Бұл қазанға қарағанда 2%-ға көп. Бұл орайда өсім тек ЖК сегментінде байқалады (+2%, 34,9 мың бірлікке дейін). Ал заңды тұлғалар сегментінде өзгеріс жоқ (12,9 мың бірлік).

Қосымша мәліметтерді келесі посттағы суреттерден таба аласыздар

Бірінші кредитік бюро деректері


@DataHub_KZ
🥰1
Ал мінеки, уәде бергеніміздей, қарашадағы жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларды несиелеу қорытындысы туралы толық мәлімет.

@DataHub_KZ
1🥰1
Қазақстанға жіберілетін ақша аударымдары шамамен үш жылда ең төменгі көрсеткішке дейін түсіп кетті

Қарашада шетелден ақша аударымдары жүйелері арқылы 17,8 млрд тг келіп түскен. Бұл, инфляцияны есептемегенде, өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 25%-ға, ал өткен айға қарағанда 6%-ға аз. Қазіргі көрсеткіштен төмен номиналды деңгей соңғы рет 2022 жылдың қаңтарында болған еді.

Бірден айта кетейік, Қазақстанға аударымдардың төмендеуі - айтарлықтай жаңа құбылыс емес. Украинадағы әскери қақтығыс аясында олардың көлемі 2022 жыл бойы дерлік қалыптан тыс жоғары мәнді ұстап тұрған еді. Ал келесі 12 айдың ішінде бұрынғы қалыпты деңгейіне ақырындап орала бастады. Сәйкесінше, 2024 жылы да төмендей берді. Алайда қазіргі төмендеуі қандай да бір “соғысқа дейінгі нормаға” оралу емес: қарашадағы деңгейі, тіпті, баға өзгерісін есептемегеннің өзінде тарихи тұрғыда ең төмен. Ал бағаның өзгеруін ескерсек, қазіргі деңгейі - кем дегенде соңғы төрт жылдағы ең төмені.

Соған қарағанда, Қазақстанға аударымдардың динамикасына басқа жаңа фактор немесе бірнеше факторлар жиынтығы ықпалын тигізе бастаған сыңайлы. Бұл орайда тамызда “Золотая коронаның” әзірлеушісі санкцияға ұшырағанын айта кеткен жөн. Нәтижесінде, қазақстандық банктер осы жүйе арқылы ақша аударымдарын уақытша тоқтатқан болатын, бірақ кейін олардың кейбірі қайта жұмыс істей бастады. Дегенмен, 2023 жылдың қарашасына қарағанда “Золотая корона" арқылы Қазақстанға жіберілген қаржы көлемі 31%-ға азайып, 8,7 млрд тг құрады. Десе де, жалпы аударымдар көлемінде бұл жүйенің үлесі аса қатты төмендемеді - 7 п.т., 49%-ға дейін.

Міне, тағы бір маңызды жайт: қарашада аударымдар барлық негізгі бағыттар бойынша төмендеді (жылдан жылға). Жалпы динамикаға ең үлкен ықпал еткен бағыт – РФ. Сол жақтан келген аударымдар номиналды түрде 44%-ға, 4 млрд тг дейін азайды. Осылайша Ресейдің Қазақстанға жалпы аударымдар көлеміндегі үлесі өткен жылғы 30%-дан 22%-ға дейін төмендеді. Ал төмендеу қарқыны бойынша екінші орында – Корея Республикасы (1,5 млрд тг, минус 42%), үшінші орында – Өзбекстан (1,8 млрд тг, минус 34%).

@DataHub_KZ
🥰1
Шетелден жіберілетін ақша аударымдарының төмендеуінің көрінісі графикте берілген

@DataHub_KZ
1🥰1
🍽 Өздеріңіз бізсіз-ақ білетіндей, Жаңа жыл жақындап келеді, демек, мерекелік дастарқанды дайындау туралы ойланатын уақыт келді. Біз бұл дайындықты есептеулерден бастауды шештік: бұл жолы қазақстандықтар үшін кез келген мерекенің басты тағамдарының бірі қай қалада арзанырақ болуы керек.

Әңгіме, әрине, бешбармақ туралы — немесе ет, егер сіз осындай нұсқаны қаласаңыз.

Біз ҚР СЖРА ҰСБ ресми деректеріне сүйеніп есептейміз, сондықтан бағаларды статистикада қолжетімді өнімдерге негіздеп аламыз. Бірақ олардың арасында, мысалы, қазы жоқ, сондықтан оның орнына біз есептеулерімізде бір-бір килограмнан үш ет түрін ескереміз: сиыр еті, қой еті, жылқы еті (барлығы сүйектері бар).
Есептеулер үшін жайманы өзіміз жаямыз 😉. Сондай-ақ аздап картоп пен пияз қосамыз.

Қазысыз осындай қарапайым нұсқада ҚР бойынша орташа құны 9,1 мың теңгеге шығады. Алматыда (10,3 мың), Астанада және Қарағандыда (екі жағдайда да шамамен 10 мың) ең қымбат болады. Қызылорда мен Түркістанда (екі жерде де 8,2 мың) және әсіресе Орал қаласында (7,8 мың) ең арзан болады,

Айтпақшы, Оралға көшпес бұрын және жаңа жылдағы сүйікті тағамыңызды күн сайын жемес бұрын, тағы бір критерийді қарастырайық: оны қаладағы орташа жалақыға қанша рет дайындауға болады.

Мұнда көш басында орташа жалақы мөлшері жоғары болып табылатын Атырау тұр, онда көрсеткіш 67-ге жетеді. Астанада 50 рет, Алматыда 46 рет сатып алуға болады. Орал қаласында ақша 40 ретке дейін ғана жетеді, бірақ бұл да минимум емес: мәселен Талдықорған мен Қонаевта 30-ға жетеді.

Есептеулерде қараша айындағы бөлшек сауда бағалары бойынша және 2024 жылғы III тоқсандағы жалақы бойынша соңғы қолжетімді деректер пайдаланылды

@DataHub_KZ
1🥰1
Қазақстанда Жаңажыл есімді 13 адам тұрады

…және Сыйлық есімді 12, ал Шырша есімді бір адам бар. Мұндай жаңа жылдық деректерді ҚР СЖРА ҰСБ-дан, әртүрлі жазылу нұсқаларын ескере отырып, таптық.

Жаңажыл есімді азаматтардың туған күні 1 қаңтар деп топшылауға болады (алдын ала құттықтаймыз 😉). Қалай болғанда да, тематикалық есімдер - мұндай “мерекелік” балалар үшін сирек кездесетін таңдау.

Сонымен, 2024 жылдың 1 қаңтардағы статистикасына іліккен ең танымал үздік 3 есім:
Ұлдарда - Алихан, Мұхаммед, Арсен
Қыздарда - Айлин, Айша, Медина


Бұл есімдердің барлығы дерлік өткен жылы сәнде болды:

👦🏻 бір жылда Мұхаммед есімді 3616, Алихан есімді 2708, Арсен есімді 1356 ұл бала дүниеге келді

👧🏻2024 жылы туған 5547 қыз балаға Айлин есімі қойылды. Ал 5389 қызды Медина, 4472 қызды Айша деп атаған.

Сонымен, осылай 2024 жылдың есептеулерін аяқтаймыз. Келе жатқан 2025 жылы DataHub баршаңызға сенімді деректер, тұрақты даму мен позитивті трендтер тілейді! 🎆

@DataHub_KZ
🎄3🥰1
↘️Теңге алты жыл ішінде рекордтық қарқынмен арзандады

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін ұлттық валютаның ресми бағамы 15,5%-ға, 525,11 теңгеге дейін әлсіреді. Әлсіреудің бұдан да жоғары қарқыны соңғы рет 2019 жылдың қорытындысы бойынша тіркелді (15,6%).

Мұндай нәтижені алдын ала болжау қиын болды. Өйткені 2024 жылдың алғашқы үш айында теңге бағамы бір доллар үшін 450 теңге белгісінің айналасында ауытқып, айтарлықтай тұрақты болып қалды. Содан кейін ұлттық валюта айтарлықтай қымбаттай бастады және мамыр айының ортасына қарай бір жылдан астам уақыт ішіндегі максимумына жетті (439,4 теңге). Күрт нығаю ол кезде бірінші кезекте республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан валютаны сату көлемінің ұлғаюымен байланысты болды. Маусым айында сатылымның төмендеуімен бірге жағдай өзгере бастады - ұлттық валюта әлсіреуге көшті.

Жаздың ортасынан бастап «Қазатомөнеркәсіп» акцияларын сатып алу бойынша мәміле шеңберінде АВСҚ-дан валютаны сату теңгеге қосымша қолдау көрсете бастады (бұл схеманы мына жерде егжей-тегжейлі талдадық), ал Ұлттық қордан валютаны сату өсімге қайта оралды. Бірақ осының бәріне қарамастан, ол өз позициясын тез жоғалтуды жалғастырды. Қараша айында істің күрделене бастағаны соншалық, Ұлттық Банк ұзақ уақыт ішінде алғаш рет $1,05 млрд сомасына валюталық интервенциялар жүргізуге мәжбүр болды. Бұл шараның қажеттілігін ол сыртқы және ішкі факторлардың жиынтығынан, ең алдымен доллардың жалпы нығаюынан туындаған «валюта нарығындағы теңгерімсіздікпен» түсіндірді. Қалай болғанда да, күздің соңында ұлттық валюта бағамы жаңа тарихи минимумға жетті – бір доллар үшін 513 теңге.

Желтоқсан айында Ұлттық банк тағы да интервенция жүргізіп, $307,6 млн сатты. Теңгені сондай-ақ Ұлттық қордан $900 млн көлемінде валюта сату және БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін қолдау үшін валюта сатып алудың болмауы да қолдауға тиіс болды. Алайда, 2024 жылдың соңғы айының қорытындысы бойынша ұлттық валюта бағамы сонда да айтарлықтай әлсіреді – 2,7%-ға немесе 13,89 теңгеге.

Қаңтар айында Ұлттық қордан валютаны сату салыстырмалы түрде жоғары деңгейде – $750 млн-нан 8 850 млн-ға дейін болжанады, ал БЖЗҚ-да валютаны сатып алу жоспарланбайды. Бұл теңгеге көмектесер ме екен, көре жатармыз...

ҚР Ұлттық Банкінің деректері

@DataHub_KZ
👍1🥰1
Теңге 2024 жылды қалай өткізгенін графиктен егжей-тегжейлі көре аласыздар.

@DataHub_KZ
👍2🥰1
Сервистік инфляция көпжылдық ең жоғары көрсеткішке жақын болды

2024 жылдың қорытындысы бойынша ақылы қызметтердің қымбаттау қарқыны өткен жылға қарағанда 0,9 п.т. жылдамдап, 13,3%-ға жетті. Қазіргі мәні 2022 жылы геосаяси жағдайдың шиеленісуінен кейін тауарлар мен қызметтердің бағасы күрт өскен кезде тіркелген экстремалды жоғары деңгейден (14,1%) сәл ғана төмен.

Бұған дейін жазып өткеніміздей, 2023 жылы, ақша-несие саясатының қатадатылуына қарамастан, ақылы қызметтердің бағасының өсу қарқынын аса бір қатты тежеу қолдан келмеді. Бұған негізгі себеп коммуналдық инфрақұрылымның жоғары деңгейдегі тозуын шешуге бағытталған "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасының іске қосылуы болды. Нәтижесінде, коммуналдық қызметтер тарифтерінің жылдық өсімі рекордтық мәнге жетті.

2024 жылы аталған бағдарламаның жүзеге асырылуы жалғасын тапты. Тарифтердің ең жоғары өсуі онсыз да қымбат болып тұрған суық суға әсер етті. Оның қымбаттау қарқыны бірден екі есеге жылдамдап, 43,1%-ға жетті. Қалған қызметтер бойынша өсу қарқыны шамамен төмендегідей: су бұру - 25,7% (-3,1 п.т.), орталық жылыту - 22,3% (-3,8 п.т.), ыстық су - 19,2% (-4,2 п.т.), электр энергиясы - 18,4% (-1,5 п.т.). Айтпақшы, тарифінің өсуі баяулаған жалғыз коммуналдық қызмет түрі - қоқыс шығару (33,2%-дан 10,3%-ға дейін).

Қорытындылай келгенде, коммуналдық қызметтер тағы да жалпы инфляцияға айтарлықтай үлесін қосты - 8,6%-дан 0,95 п.т. Салыстыра кетсек, бір жыл бұрын 9,8%-дан 1,07 п.т. болған еді. Осылайша жыл қорытындысы бойынша инфляцияның елеулі түрде баяулауына кедергі келтірген еді.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHub_KZ
👍2🥰1
Мінеки, графикте күнтізбелік жыл бойынша инфляция мен оның компоненттерінің динамикасы осындай көрініс тауып тұр.

@DataHub_KZ
👍1🥰1