Ал мінеки, уәде бергеніміздей, қарашадағы жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларды несиелеу қорытындысы туралы толық мәлімет.
@DataHub_KZ
@DataHub_KZ
❤1🥰1
Қазақстанға жіберілетін ақша аударымдары шамамен үш жылда ең төменгі көрсеткішке дейін түсіп кетті
Қарашада шетелден ақша аударымдары жүйелері арқылы 17,8 млрд тг келіп түскен. Бұл, инфляцияны есептемегенде, өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 25%-ға, ал өткен айға қарағанда 6%-ға аз. Қазіргі көрсеткіштен төмен номиналды деңгей соңғы рет 2022 жылдың қаңтарында болған еді.
Бірден айта кетейік, Қазақстанға аударымдардың төмендеуі - айтарлықтай жаңа құбылыс емес. Украинадағы әскери қақтығыс аясында олардың көлемі 2022 жыл бойы дерлік қалыптан тыс жоғары мәнді ұстап тұрған еді. Ал келесі 12 айдың ішінде бұрынғы қалыпты деңгейіне ақырындап орала бастады. Сәйкесінше, 2024 жылы да төмендей берді. Алайда қазіргі төмендеуі қандай да бір “соғысқа дейінгі нормаға” оралу емес: қарашадағы деңгейі, тіпті, баға өзгерісін есептемегеннің өзінде тарихи тұрғыда ең төмен. Ал бағаның өзгеруін ескерсек, қазіргі деңгейі - кем дегенде соңғы төрт жылдағы ең төмені.
Соған қарағанда, Қазақстанға аударымдардың динамикасына басқа жаңа фактор немесе бірнеше факторлар жиынтығы ықпалын тигізе бастаған сыңайлы. Бұл орайда тамызда “Золотая коронаның” әзірлеушісі санкцияға ұшырағанын айта кеткен жөн. Нәтижесінде, қазақстандық банктер осы жүйе арқылы ақша аударымдарын уақытша тоқтатқан болатын, бірақ кейін олардың кейбірі қайта жұмыс істей бастады. Дегенмен, 2023 жылдың қарашасына қарағанда “Золотая корона" арқылы Қазақстанға жіберілген қаржы көлемі 31%-ға азайып, 8,7 млрд тг құрады. Десе де, жалпы аударымдар көлемінде бұл жүйенің үлесі аса қатты төмендемеді - 7 п.т., 49%-ға дейін.
Міне, тағы бір маңызды жайт: қарашада аударымдар барлық негізгі бағыттар бойынша төмендеді (жылдан жылға). Жалпы динамикаға ең үлкен ықпал еткен бағыт – РФ. Сол жақтан келген аударымдар номиналды түрде 44%-ға, 4 млрд тг дейін азайды. Осылайша Ресейдің Қазақстанға жалпы аударымдар көлеміндегі үлесі өткен жылғы 30%-дан 22%-ға дейін төмендеді. Ал төмендеу қарқыны бойынша екінші орында – Корея Республикасы (1,5 млрд тг, минус 42%), үшінші орында – Өзбекстан (1,8 млрд тг, минус 34%).

🥰1
🍽 Өздеріңіз бізсіз-ақ білетіндей, Жаңа жыл жақындап келеді, демек, мерекелік дастарқанды дайындау туралы ойланатын уақыт келді. Біз бұл дайындықты есептеулерден бастауды шештік: бұл жолы қазақстандықтар үшін кез келген мерекенің басты тағамдарының бірі қай қалада арзанырақ болуы керек.
Әңгіме, әрине, бешбармақ туралы — немесе ет, егер сіз осындай нұсқаны қаласаңыз.
Біз ҚР СЖРА ҰСБ ресми деректеріне сүйеніп есептейміз, сондықтан бағаларды статистикада қолжетімді өнімдерге негіздеп аламыз. Бірақ олардың арасында, мысалы, қазы жоқ, сондықтан оның орнына біз есептеулерімізде бір-бір килограмнан үш ет түрін ескереміз: сиыр еті, қой еті, жылқы еті (барлығы сүйектері бар).
Есептеулер үшін жайманы өзіміз жаямыз 😉. Сондай-ақ аздап картоп пен пияз қосамыз.
Қазысыз осындай қарапайым нұсқада ҚР бойынша орташа құны 9,1 мың теңгеге шығады. Алматыда (10,3 мың), Астанада және Қарағандыда (екі жағдайда да шамамен 10 мың) ең қымбат болады. Қызылорда мен Түркістанда (екі жерде де 8,2 мың) және әсіресе Орал қаласында (7,8 мың) ең арзан болады,
Айтпақшы, Оралға көшпес бұрын және жаңа жылдағы сүйікті тағамыңызды күн сайын жемес бұрын, тағы бір критерийді қарастырайық: оны қаладағы орташа жалақыға қанша рет дайындауға болады.
Мұнда көш басында орташа жалақы мөлшері жоғары болып табылатын Атырау тұр, онда көрсеткіш 67-ге жетеді. Астанада 50 рет, Алматыда 46 рет сатып алуға болады. Орал қаласында ақша 40 ретке дейін ғана жетеді, бірақ бұл да минимум емес: мәселен Талдықорған мен Қонаевта 30-ға жетеді.
Есептеулерде қараша айындағы бөлшек сауда бағалары бойынша және 2024 жылғы III тоқсандағы жалақы бойынша соңғы қолжетімді деректер пайдаланылды

Қазақстанда Жаңажыл есімді 13 адам тұрады
…және Сыйлық есімді 12, ал Шырша есімді бір адам бар. Мұндай жаңа жылдық деректерді ҚР СЖРА ҰСБ-дан, әртүрлі жазылу нұсқаларын ескере отырып, таптық.
Жаңажыл есімді азаматтардың туған күні 1 қаңтар деп топшылауға болады (алдын ала құттықтаймыз 😉). Қалай болғанда да, тематикалық есімдер - мұндай “мерекелік” балалар үшін сирек кездесетін таңдау.
Сонымен, 2024 жылдың 1 қаңтардағы статистикасына іліккен ең танымал үздік 3 есім:
Ұлдарда - Алихан, Мұхаммед, Арсен
Қыздарда - Айлин, Айша, Медина
Бұл есімдердің барлығы дерлік өткен жылы сәнде болды:
👦🏻 бір жылда Мұхаммед есімді 3616, Алихан есімді 2708, Арсен есімді 1356 ұл бала дүниеге келді
👧🏻2024 жылы туған 5547 қыз балаға Айлин есімі қойылды. Ал 5389 қызды Медина, 4472 қызды Айша деп атаған.
Сонымен, осылай 2024 жылдың есептеулерін аяқтаймыз. Келе жатқан 2025 жылы DataHub баршаңызға сенімді деректер, тұрақты даму мен позитивті трендтер тілейді! 🎆

🎄3🥰1
↘️Теңге алты жыл ішінде рекордтық қарқынмен арзандады
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін ұлттық валютаның ресми бағамы 15,5%-ға, 525,11 теңгеге дейін әлсіреді. Әлсіреудің бұдан да жоғары қарқыны соңғы рет 2019 жылдың қорытындысы бойынша тіркелді (15,6%).
Мұндай нәтижені алдын ала болжау қиын болды. Өйткені 2024 жылдың алғашқы үш айында теңге бағамы бір доллар үшін 450 теңге белгісінің айналасында ауытқып, айтарлықтай тұрақты болып қалды. Содан кейін ұлттық валюта айтарлықтай қымбаттай бастады және мамыр айының ортасына қарай бір жылдан астам уақыт ішіндегі максимумына жетті (439,4 теңге). Күрт нығаю ол кезде бірінші кезекте республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан валютаны сату көлемінің ұлғаюымен байланысты болды. Маусым айында сатылымның төмендеуімен бірге жағдай өзгере бастады - ұлттық валюта әлсіреуге көшті.
Жаздың ортасынан бастап «Қазатомөнеркәсіп» акцияларын сатып алу бойынша мәміле шеңберінде АВСҚ-дан валютаны сату теңгеге қосымша қолдау көрсете бастады (бұл схеманы мына жерде егжей-тегжейлі талдадық), ал Ұлттық қордан валютаны сату өсімге қайта оралды. Бірақ осының бәріне қарамастан, ол өз позициясын тез жоғалтуды жалғастырды. Қараша айында істің күрделене бастағаны соншалық, Ұлттық Банк ұзақ уақыт ішінде алғаш рет $1,05 млрд сомасына валюталық интервенциялар жүргізуге мәжбүр болды. Бұл шараның қажеттілігін ол сыртқы және ішкі факторлардың жиынтығынан, ең алдымен доллардың жалпы нығаюынан туындаған «валюта нарығындағы теңгерімсіздікпен» түсіндірді. Қалай болғанда да, күздің соңында ұлттық валюта бағамы жаңа тарихи минимумға жетті – бір доллар үшін 513 теңге.
Желтоқсан айында Ұлттық банк тағы да интервенция жүргізіп, $307,6 млн сатты. Теңгені сондай-ақ Ұлттық қордан $900 млн көлемінде валюта сату және БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін қолдау үшін валюта сатып алудың болмауы да қолдауға тиіс болды. Алайда, 2024 жылдың соңғы айының қорытындысы бойынша ұлттық валюта бағамы сонда да айтарлықтай әлсіреді – 2,7%-ға немесе 13,89 теңгеге.
Қаңтар айында Ұлттық қордан валютаны сату салыстырмалы түрде жоғары деңгейде – $750 млн-нан 8 850 млн-ға дейін болжанады, ал БЖЗҚ-да валютаны сатып алу жоспарланбайды. Бұл теңгеге көмектесер ме екен, көре жатармыз...
ҚР Ұлттық Банкінің деректері

👍1🥰1
Сервистік инфляция көпжылдық ең жоғары көрсеткішке жақын болды
2024 жылдың қорытындысы бойынша ақылы қызметтердің қымбаттау қарқыны өткен жылға қарағанда 0,9 п.т. жылдамдап, 13,3%-ға жетті. Қазіргі мәні 2022 жылы геосаяси жағдайдың шиеленісуінен кейін тауарлар мен қызметтердің бағасы күрт өскен кезде тіркелген экстремалды жоғары деңгейден (14,1%) сәл ғана төмен.
Бұған дейін жазып өткеніміздей, 2023 жылы, ақша-несие саясатының қатадатылуына қарамастан, ақылы қызметтердің бағасының өсу қарқынын аса бір қатты тежеу қолдан келмеді. Бұған негізгі себеп коммуналдық инфрақұрылымның жоғары деңгейдегі тозуын шешуге бағытталған "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасының іске қосылуы болды. Нәтижесінде, коммуналдық қызметтер тарифтерінің жылдық өсімі рекордтық мәнге жетті.
2024 жылы аталған бағдарламаның жүзеге асырылуы жалғасын тапты. Тарифтердің ең жоғары өсуі онсыз да қымбат болып тұрған суық суға әсер етті. Оның қымбаттау қарқыны бірден екі есеге жылдамдап, 43,1%-ға жетті. Қалған қызметтер бойынша өсу қарқыны шамамен төмендегідей: су бұру - 25,7% (-3,1 п.т.), орталық жылыту - 22,3% (-3,8 п.т.), ыстық су - 19,2% (-4,2 п.т.), электр энергиясы - 18,4% (-1,5 п.т.). Айтпақшы, тарифінің өсуі баяулаған жалғыз коммуналдық қызмет түрі - қоқыс шығару (33,2%-дан 10,3%-ға дейін).
Қорытындылай келгенде, коммуналдық қызметтер тағы да жалпы инфляцияға айтарлықтай үлесін қосты - 8,6%-дан 0,95 п.т. Салыстыра кетсек, бір жыл бұрын 9,8%-дан 1,07 п.т. болған еді. Осылайша жыл қорытындысы бойынша инфляцияның елеулі түрде баяулауына кедергі келтірген еді.
ҚР СЖРА ҰСБ деректері

👍2🥰1
Мінеки, графикте күнтізбелік жыл бойынша инфляция мен оның компоненттерінің динамикасы осындай көрініс тауып тұр.
@DataHub_KZ
@DataHub_KZ
👍1🥰1
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын алу белсенділігі одан әрі арта түсті
Желтоқсанда тұрғын үй жайын жақсартуға ниет білдірген БЖЗҚ салымшыларының арнайы шоттарына 69,5 млрд тг түскен. Қарашаға қарағанда көрсеткіш бірден 50%-ға артып тұр. Сонымен қатар орындалған өтініштер саны
да жақсы қарқынмен өсті - 58%-ға, 89,7 мың бірлікке дейін.
Басқа мақсатты төлемдер бойынша бұдан да көбірек өсім байқалды - емделу үшін. Мұндай мақсатта алынған қаражаттың жалпы сомасы өткен айға қарағанда 60%-ға, ал саны тіпті 75%-ға өскен. Сонда қазіргі көрсеткіш 32,9 млрд тг және 36,5 мың бірлікті құрап отыр.
Бұл орайда, тұрғын үй жағдайын жақсартуға, бірінші кезекте, тұрғын үй құрылыс жинағын толықтыру жататынын түсінген жөн. Желтоқсанда аталған бағыт жалпы соманың 35%-ын және орындалған өтініштердің 41%-ын қамтамасыз етті. Соған қарамастан, тұрғын үй сатып алу мақсатында зейнетақы қаражаты сирек қолданылады - тек 7% жағдайда. Алайда бұл тиісті мақсатта алынатын қаражаттың жалпы сомасының 26%-ын құрайды.
Емделу үшін алынған зейнетақы қаражаттарының ішінде басым бағыт стоматологиялық қызметтерді төлеу болып қалып тұр. Бұл мақсат бойынша орындалған өтініштердің барлығы дерлік, сәйкесінше, сомасы да осы бағытта болған.
Атап айтарлығы, желтоқсанда қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын алу бойынша онсыз да жоғары болып тұрған белсенділігін арттыруға әсер ететін айрықша оқиғалар болмады. Тек 2025 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін бұрынғы деңгейінде қалдырды. Бірақ бұл жағдай, керісінше, бұрынғы белсенділікті арттыруға емес, азайтуға әкеліп соқтыруы мүмкін еді.
Сонымен қатар қарашада жұмыс істейтін зейнеткерлерге бюджеттен төлемдер тоқтатылуы мүмкін екендігі жөнінде мәлімдеме жасалғанын ұмытпаған жөн. Ұсынылған мәлімдеме бойынша осындай жолмен үнемделген қаражат басқа азаматтарға зейнетке қалыптасқан мерзімнен бұрын шығуға мүмкіндік береді-міс (әрине, белгілі бір шарттарды сақтаған жағдайда). Алайда кейінірек, жұмыс істейтін зейнеткерлердің өз зейнетақы жинақтарын алу мүмкіндігі сол қалпында қалатыны және бұл бастама жақын арада жүзеге асырыла қоймайтыны жайлы түсініктемелер берілді. Десе де, мұндай мәлімдеме, кейінгі түсініктемелерге қарамастан, қазақстандықтарды біраз алаңдатқан сыңайлы.
Жалпы алғанда, 2024 жылдың қорытындысы бойынша БЖЗҚ-дан тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделу үшін алынған қаражаттың жалпы сомасы 565,5 млрд тг құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 2,1 есе көп болды. Мұндай үлкен айырмашылық салымшылар қаражаттарын тек 2024 жылдың соңында ғана емес, екінші жартыжылдық бойы алғандығынан қалыптасып тұр. Естеріңізге сала кетейік, дәл шілдеде зейнетақы жинақтарын алуды болашақта шектеу мәселесі бойынша қоғамдық талқылаулар басталған болатын.
БЖЗҚ деректері, есептеулер ЖТС қоспағандағы сомалар бойынша

❤1👍1🥰1
Соңғы уақытта қазақстандықтардың БЖЗҚ-дан қаражат алуды қалай арттырғанын графиктің көмегімен бағалай аласыздар.
@DataHub_KZ
@DataHub_KZ
👍1🥰1
Фастфуд соңғы екі жылда ең жоғары қарқынмен қымбаттады
Өткен айдың ішінде бағалар 2,9%-ға өскен – бұл 2022 жылдың желтоқсанынан бергі ең жоғары қарқын. Аймақтар бойынша ең көп қымбаттаушылық Маңғыстау облысында (10%) және Алматыда (7,7%) болып отыр. Төрт жылдың ішіндегі қолжетімді статистика бойынша мұндай серпіліс екі жағдайда да алғаш рет тіркеліп отыр.
Жылдық мәнде ҚР бойынша фастфуд 12,9%-ға қымбаттады. Өсімнің ең үлкен қарқыны Алматыда байқалды – жылдан жылға бірден 27,4%-ға.
Ал қоғамдық тамақтанудың басқа сегменттерінде жағдай қалай?
🍗Желтоқсанда асханадағы түскі ас бағасы да айтарлықтай өсті (+2,6%, 2022 жылдың қарашасынан бергі рекорд). Баға ең көп өскен өңір – тағы да Алматы (+7,8%). Жылдық мәнде ҚР бойынша өсім 12%-ды, ал Алматыда 24,9%-ды құрады.
🍽 Мейрамханадағы түскі ас айдан айға 1%-ға, ал жылдан жылға 8,7%-ға өскен. Бірақ бұл жалпы еліміз бойынша, ал аймақтардағы жағдай әртүрлі. Мысалға, Қарағанды облысында, 2024 жыл бойы бірнеше мәрте серпіліс болғандықтан, жылдан жылға 61,6%-ға өскен.
☕️ Кофеханалардағы шай мен кофе ҚР бойынша бір айда 1,1%-ға, бір жылда 6,9%-ға қымбаттады.

Астанада тұрғын үй нарығындағы белсенділік рекорд жаңартты
2024 жылдың желтоқсанында елордада 9911 тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілесі тіркелген, бұл қарашаға қарағанда бірден 42%-ға, ал 2023 жылдың желтоқсанына қарағанда 38%-ға көп. Қазіргі мәні - кем дегенде алты жылдағы ең жоғары көрсеткіш, яғни 2019 жылдың басынан бергі.
Айта кету керек, желтоқсанда белсенділіктің жалпы республика бойынша артқаны байқалды: мәмілелердің жалпы саны айдан айға 27% және жылдан жылға 32% өсімді көрсетіп, 50 мыңнан асып кетті. Алайда рекордтық көрсеткіш бола алмады: бұдан да жоғары көрсеткіш соңғы рет 2022 жылдың көктемінде болды. Айтпақшы, Алматыда да рекорд жаңартылмады. Бірақ алты жылдың ішінде қазіргі көрсеткіштен (8845 мәміле) жоғары мән тек бір рет, 2021 жылдың желтоқсанында, болған еді. Қазіргі мәннің өсімі айдан айға 17%-ды, жылдан жылға 16%-ды құрады.
Бір қызығы, тұрғын үйді сатып алу бағасының қандай да бір қалыптан тыс қымбаттауы жалпы ҚР бойынша да, Астана мен Алматыда да орын алмады. Ресми деректерге сүйенсек, елордада жаңа тұрғын үйдің бағасы бір айда өзгермеген (!). Ал Алматыда 0,1%-ға, еліміз бойынша 0,2%-ға өскен.
Екінші нарықтағы жағдай мынандай: Астанада баға 2,8%-ға қымбаттаса (әжептәуір, алайда осы жылы бұдан да жоғары өсім болды), Алматыда 1%-ға арзандаған. Ал ҚР бойынша +0,9%.

... Жылжымайтын мүлік туралы тағы бірнеше сөз: Астанада тұрғын үй сатып алу бағасы күрт өсімді көрсетпесе де, жалдамалы тұрғын үйдің құны болса бірден өсті
Желтоқсан айында елордада жалға алу қараша айымен салыстырғанда бірден 6,1%-ға қымбаттады. Бұл секіріс 2022 жылдың қыркүйегінен бері ең елеулі болды.
Енді Астанадағы жалдамалы пәтердің 1 шаршы метрі орта есеппен 5 мың теңгеге жуық тұрады, бұл ҚР бойынша орташа көрсеткіштен 9%-ға жоғары, бірақ әлі де Алматыға қарағанда 7%-ға төмен. Оңтүстік мегаполисте жалға алу екі жарым жылдан астам уақыт бойы қымбатырақ тұрады, бірақ қазір бұл алшақтық 2022 жылдың тамызынан бергі ең қарапайым болып шықты.
Алматыда желтоқсан айында жалдамалы тұрғын үйдің құны 0,9%-ға төмендеді, қатарынан екінші рет құлдырау. Жалпы, өткен жылы қалада жалға алу құны айдың қорытындысы бойынша бес рет арзандады, ал 2024 жылдың желтоқсанында оның құны 2023 жылдың желтоқсанына қарағанда 0,3%-ға аз болды.
Астанада бүкіл 2024-ші жылы жағдай басқаша болды: бағаның төмендеуі бір рет қана тіркелді, нәтижесінде желтоқсанға қарай құны өткен жылмен салыстырғанда 25,8%-ға жоғары болды.

Колледждерге тегін оқуға түсу жеңілдеп барады, десе де, жастардың колледждерге қызығушылығы бәрібір де артар емес
2024/2025 оқу жылында техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарына түскендердің жалпы санының 73%-ы бюджеттік бөлімге қабылданған. Бұл - кем дегенде 14 жылдағы ең жоғары көрсеткіш!
Сәйкесінше үлесі осы аталған уақыт аралығында үнемі өсіп отырған және нәтижесінде 30 п.т. артты. Басқаша айтқанда, 2011/2012 оқу жылынан бері колледжге ақысыз оқуға түсу мүмкіндігі 1,7 есеге өскен. Бұрын тек бес студенттің үшеуі ғана тегін оқуға түсе алса, қазір төртеуінен үшеуі осы мүмкіндікке ие бола алады.
Жалпы алғанда, байқалып отырған динамика мемлекеттік саясаттың сұранысқа ие техникалық және кәсіби мамандықтар бойынша жастарды тегін біліммен қамтуды арттыруға бағытталғанын растайды.
Алайда соңғы кездері жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру қажеттігі туралы көп айтылып жатса да (айтпақшы, 2025 жылды толығымен осы тақырыпқа арнау жоспарлануда), мемлекет өз тапсырысын бөлу кезінде бұл мәселеге толық назар аударады деп айтуға келмейді. Мысалға, 2024/2025 оқу жылында колледждерде бюджеттік бөлімге түскен студенттердің 43%-ы классикалық түсінікте болар-болмас мәнде ғана жұмысшы мамандықтарына жататын мамандықтарға түскен. Сөз төмендегі мамандықтар жайлы:
👩🏫 «Білім беру» (13%);
👨💻 «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» (12%);
👩⚕️ «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру» (8%);
👨⚖️ «Бизнес, басқару және құқық» (5%);
👩🎨 «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» (4%).
Алайда, мемлекет колледждерде тегін білім алуға қол жеткізуді жеңілдетуге қанша тырысса да, жастар арасында колледждерге деген қызығушылық артпай отыр. Бұған дәлел - ағымдағы оқу жылында 9-сыныпты бітірген мектеп түлектерінің 37%-ы, ал 11-сыныпты бітіргендердің 30%-ы колледжде оқуын жалғастыруға шешім қабылдағаны. 2016/2017 оқу жылымен салыстырғанда (оған дейінгі статистикалық деректер ашық дереккөздерде жоқ) көрсеткіштер, сәйкесінше, 3 п.т. және 15 п.т. төмендеген.
Дегенмен, бұл есептеулерде аздаған қателіктер болуы мүмкін екенін ескеру керек. Біріншіден, колледждерге 9-сынып пен 11-сыныптан кейін түскендердің жалпы саны өткен жылдардағы түлектерді де қамтиды. Екіншіден, 9-сынып және 11-сынып түлектері деп өткен оқу жылының басында осы сыныптарда оқыған оқушылар есептелінеді. Есептеулердің жуық мәні статистикалық деректерді ұсыну форматына байланысты.
Ал университеттерге деген қызығушылық, керісінше, артып келеді. 2016/2017 оқу жылынан бері 11-сынып түлектерінің университеттерге түсу үлесі 3 п.т. өсіп, 73%-ға жеткен (мұнда да есептеулер белгілі бір дәрежеде жуық мәнде). Бұл орайда, бюджеттік бөлімге түсу мүмкіндігі әлдеқайда төмен екендігін атап өткен жөн. Алайда, әділдік үшін айту керек, ол да артып келеді (төмендегі графикті қараңыз).