DATA HUB Қазақша – Telegram
DATA HUB Қазақша
202 subscribers
711 photos
1 video
396 links
DATA HUB Powered by FCBK

Қаржылық, қаржыға жақын және әлеуметтік тақырыптар бойынша ең өзекті деректері бар аналитикалық арна.
Осында барлық нарықтық талдаулар бар.

Иесі – Бірінші кредиттік бюро.

Байланысу үшін - @DataHubFCBK_bot
Download Telegram
Міне, алтынға деген сұраныстың өсуінің көрнекті көрінісі☝️
3🥰1
Әлемде ЖЭК-технологияларының құнының төмендеуі белең алып бара жатқанын білген боларсыз. Нәтижесінде осы технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылатын жобалар инвесторлардың назарына көбірек ілінуде.

Қазақстандағы жағдай қалай болып жатқанын қарастырайық. Күн (КЭС) және жел (ЖЭС) электр станцияларын пайдалануға беру бойынша ҚР СЖРА ҰСБ деректерін негізге алайық.

Күн электр станциялары

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жалпы қуаты 1,1 мың МВт болатын 34 КЭС іске қосылды. 2019 жылдан 2022 жылға дейін процесс белсенді кезеңде болды – осы кезеңге барлық енгізілген қуаттардың 97%-ы тиесілі. Бірақ қазір тоқтап тұр. 2023 жыл бойы 6 МВт-қа екі КЭС ғана, ал 2024 жылдың I тоқсанында 20 МВт-қа тағы біреуі қосылды.

Егер инвесторлардың қуат бірлігін құруға жұмсаған шығындарын бір-бірімен салыстыратын болсақ, онда Қазақстанда КЭС салу тиімдірек екенін байқауға болады. Өзіңіз бағалаңыз: 2018 жылы 1 МВт енгізу ағымдағы бағамен 579,1 млн теңгені құрады, ал 2024 жылы – 155,1 млн теңге. Рас, құнының төмендеу үрдісін әлі де үздіксіз жүріп жатыр деп айтуға келмейді. Көрсетілген уақыт ішінде бағаның өсуі екі жыл қатарынан тіркелген – 2021 және 2022 жылдары.

Жел электр станциялары

Өткен алты жылдың ішінде Қазақстанда өндіріс қуаты 1,9 мың МВт сомасында болатын 64 жаңа ЖЭС пайда болды. Қуатын қалыптастыру процесі барлық уақытта белсенді болып тұрды. Қазір де тоқтаған жоқ: 2024 жылдың басында қосымша 100 МВт қуат беретін кезекті ЖЭС іске қосылды.

Ал енді бағасына көшейік. Онсыз да шығыны көп жел электр станцияларының құрылысы көз алдымызда қымбаттап бара жатыр. Егер 2018 жылы 1 МВт енгізу 253,7 млн теңгені құраса, 2024 жылы 572,2 млн теңгені құрады. Бірақ бұл жерде жалпы қатардан 2019 жылдың төмен көрсеткіші көзге түсетінін атап өткен жөн - 70,5 млн теңге.

Мұның бәрінен қандай қорытынды шығады?

ЖЭК-технологияларының бүкіләлемдік құнының төмендеу тренді Қазақстанға аздап қана әсерін тигізуде. Міне, парадокс: ЖЭС-ның қуат бірлігін енгізудің қымбаттауы инвесторларға үрей туғызып жатқан жоқ, ал КЭС-ның қуат бірлігін енгізудің арзандауы, керісінше, оларды қызықтырып жатқан жоқ. Мұндай тұжырымға келу кезінде кейбір нюанстардың ескерілмегені түсінікті. Мысалы, объектілерді салу мерзімі (объект неғұрлым ұзақ салынса, соғұрлым қымбатқа түседі). Алайда жағдайдың жалпы көрінісі - осындай.

Сонымен қатар ЖЭК объектілерін пайдалануға беру туралы балама деректер де бар екенін ескерген жөн. Ол ақпараттардың көзі - Энергетика министрлігі. Атап айтатын болсақ, 2023 жылдың деректері министрлік пен ресми статистикада бірдей емес.

@DataHUB_KZ
👍21
Қазақстандықтар екінші ай қатарынан Ирактан елеулі сома алуда

Наурызда халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы (ХААЖ) ҚР-ға 607,4 млн теңге түсті. ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша Әзірбайжан мен Грузиядан сәл ғана аз (680,7 млн тг).

Үлкен көлемдегі елдер бойынша статистикада Ирак екінші ай қатарынан көзге түсіп келеді. Ақпанмен салыстырғанда сомасы күрт өсті (ақпанда 245,3 млн болды). Жалпы соңғы жылдары, кем дегенде 2017 жылдың басынан бері, Ирак бойынша жеке деректер үшінші рет қана келтіріліп отыр. Ең алғашқысы 2023 жылдың қыркүйегінде болған.

Айтпақшы наурызда Ирактан аударылған орташа сома аталған елдердің ішіндегі ең жоғары сома болды - 934,5 мың тг. Салыстырмалы түрде Грузия 638,6 мың көрсеткішімен екінші орынға орналасты.

Жалпы жағдайды түсіну үшін ХААЖ арқылы жасалатын аударымдардың жайы қалай екенін қарастырайық. Ақпанмен салыстырғанда өзгеріс жоқ деуге болады: шетелден 20,1 млрд тг түсті, айдан айға +5%, ал жіберілгені 59,3 млрд тг, айдан айға бар болғаны +1%.

@DataHUB_KZ
1👍1🥰1
Қазақстандық ЕДБ наурыз айында қалай жұмыс істегенін көретін кез келді. Бұл жолы Ұлттық банктің 1 сәуірдегі статистикасында қандай қызықты ақпараттар бар екен?

🔸Барлық банктер пайда тауып жатыр, жүйеде шығынға ұшыраған ұйымдар жоқ. Тоқсанның соңына қарай жиынтық пайда 569,5 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда номиналды түрде 11,7%-ға артық.

🔸Заңды тұлғалардың салымдарының көлемі қатарынан 4-ші ай көбейіп бара жатыр. Наурыз айындағы өсім 457,3 млрд теңгені немесе 3,04%-ды құрады. Қазіргі деңгейі - 15,5 трлн теңге.

🔸Жеке тұлғалардың депозиттері 20,3 трлн-ға жақындап қалды. Наурыз айында бұл көрсеткішке 126,9 млрд теңге немесе 0,63% қосылды. Көлемі жалпы жүйе бойынша, қаңтарды қоспағанда, соңғы 13 айда үздіксіз өсіп келеді.

🔸Несие портфелі 0,38%-ға өсіп, 30,3 трлн теңгеге жетті.

Толық ақпарат, әдеттегідей, суреттерде.

@DataHUB_KZ
👍21🥰1
Бүгін Қазақстанда Халықтар бірлігі күні атап өтілуде. Атап өтетіндей реті де бар. Біздің еліміз бейбітшілік пен келісімде өмір сүретін 124 этностың отаны болып табылады. Мереке құрметіне халықтың ұлттық құрамы туралы қызықты фактілер жинағын жариялаймыз.

🔸Қазақтар мен орыстарды қоспағанда, барлық этностардың ішінен өзбектер - жарты миллионнан асатын жалғыз ұлт. 2024 жылғы 1 қаңтарда олардың саны 660,6 мың адамды құрады. Одан кейін украиндар (375,9 мың), ұйғырлар (301,6 мың), немістер (224,3 мың) және татарлар (219,2 мың) орналасқан. Басқалары жүздеген мыңға жетпейді.

🔸Ал әзірбайжандар кәрістерге қарағанда сәл ғана көп - 152,8 мың және 120,3 мың. Түріктер (90 мың), дүнгендер (83,9 мың) және белорустардың санында (75 мың) аса үлкен айырмашылық жоқ. Ал тәжіктер мен күрдтердің саны бірдей деуге болады - 55,9 мың және 50,3 мың адам. Ал шешендер (34,7 мың) мен поляктардың (34,6 мың) саны тең деуге келеді.

🔸Әрбір этноста әйелдердің біршама басым болуы - кең таралған құбылыс. Алайда әзербайжандар жалпы қатардан ерекшеленеді, басымдық ерлер жағында – 51,5% және 48,5%. Айтпақшы Қазақстандағы әрбір бесінші неке ұлтаралық неке екенін еске саламыз.

🔸Барлық негізгі этностардың өкілдері қаланы ауылдан артық көреді. Тек түріктер, дүнгендер, тәжіктер, күрдтер мен қарақалпақтар ғана басқаша санайды.

🔸Ұлттық құрамы бойынша Қызылорда, Атырау және Маңғыстау облыстары біршама біртекті болып табылады. Әрқайсысында қазақтар халықтың жалпы санының 90%-дан астамын құрайды. Ал жалпы елімізде орташа алғанда қазақтардың үлесі - 71%.

🔸Бір жылда қазақтардың саны 254,4 мың адамға артып, 14,2 млнға жетті. Осылайша олар халықтың жалпы өсіміне (267 мың адам) үлкен үлесін қосты. Қалған этностардың ішінен өзбектерді (+17,2 мың), ұйғырларды (+4,4 мың), әзірбайжандар (+2,4 мың) мен тәжіктерді (+2,4 мың) атап өтуге болады.

Міне, осымен аяқталады. Барлықтарыңызды құттықтай отырып, бірлігі жарасқан еліміздің игілігі үшін табыс тілейміз!

Дереккөзі - ҚР СЖРА ҰСБ

@DataHUB_KZ
👍4🥰21
Айдың қорытындысы бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы тұрақтанып келеді

Айдың қорытындысы бойынша доллардың ресми бағамы 4,73 теңгеге, яғни 442,05 теңгеге дейін төмендеген. Бұл – 2023 жылдың қазанынан бері алтыншы рет төмендеуі. Сондай-ақ сәуір айында кем дегенде 10 айдағы ең төмен деңгейі тіркелді – 441,44 тг.

Теңгенің долларға шаққандағы кезекті тұрақтануы Ұлттық Банктің валюта нарығындағы белсенділігінің рекордтық деңгейде емес, бірақ жоғарылауының аясында байқалады. Сәуір айында Ұлттық қордан $1,06 млрд валюта сатты, БЖЗҚ үшін $0,5 млрд сатып алды. Нәтижесінде нетто-сатылым $556 млнды құрады. Бұл көп болса да, ең жоғары көрсеткіш емес (ең жоғары көрсеткіш 2023 жылдың қазанында болды – $1,38 млрд). Айтпақшы 2024 жылдың басында қазіргіден жоғары болған – $850 млн.

Жалпы сәуір айында валюта нарығының өзі бұрынғыдан да жандана түсті. Ондағы сауда-саттықтың жалпы көлемі рекордтарды жаңартты - $5,1 млрд (айдан айға +34% немесе $1,3 млрд).

1 мамырдағы еуро бағамы 474,14 тг (1 сәуірге қарағанда -7,67 тг), рубль бағамы 4,74 тг (-0,1 тг) деңгейінде белгіленгенін айта кетейік.

ҚР Ұлттық банкінің деректері

@DataHub_KZ
1👍1🥰1
👍1🥰1
ҚР-да айлық инфляция баяулап бара жатыр

Сәуірде бағалар наурыздағы 0,7%-дан кейін 0,6%-ға өсті. ҚР СЖРА ҰСБ деректері бойынша инфляцияның айлық қарқынының төмендеуі қатарынан екінші рет болып жатыр.

Бір айда аса көп қымбаттамағаны - азық-түлік, +0,3% (бұл осымен деңгейлес 2023 жылдың қыркүйегінен бері ең төменгі көрсеткішпен есептегенде). Азық-түлік емес тауарлардың да, қызметтердің де бағасы сәуірде 0,7%-ға өсті.

Инфляцияның жылдық мәні туралы не деуге болады? Оның қарқыны қатарынан 14 рет төмендеген - наурыздағы 9,1%-дан кейін 8,7%-ға дейін және бұл баяулауы 2024 жылдағы ең елеулісі болды.

Азық-түлік жылдық деңгейде 6,3%-ға, азық-түлік емес өнімдер 7,6%-ға қымбаттады. Ақылы қызметтердің бағасы айтарлықтай өсуде, 13,5% және наурызбен салыстырғанда сектордағы инфляция тіпті жеделдей түскен (13,2% болды).

Коммуналдық қызметтердің қымбаттағаны көбірек сезіледі. Мысалы, бұл жолы суық судың тарифі 36,9%-ға, ыстық судың тарифі 31%-ға өскен.

@DataHub_KZ
👍21🥰1
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар көкөністер қымбаттауда

23-30 сәуір аралығында пияз, картоп, қырыққабат және сәбіздің бағалары көтерілді.

🔸Қымбаттау қарқыны бойынша пияз көш бастап тұр - +4,2%. Бұл - 2023 ж. ақпанынан бері ең жоғары көрсеткіш.

🔸Одан кейін 2,2%-ға қымбаттаған картоп тұр. Қазіргі қарқыны - 2023 ж. маусымының аяғынан бері ең жоғарысы.

🔸Салыстырмалы түрде қырыққабат бағасы бірқалыпты өсуде - 1,8%-ға.

🔸Өз кезегінде сәбіз тек 0,3%-ға қымбаттаған. Десе де, бұған дейін үш апта қатарынан бағасы орта есеппен 1,3%-ға көтерілген болатын.

Соған қарағанда бұл жағдайдың себебі - маусымаралық кезең. Қазақстан өзін жеткілікті түрде базалық көкөнсітермен қамтамасыз ете алады. Бірақ қажетті климаттық жабдықтармен жабдықталған көкөніс қоймаларының тапшылығынан зардап шегеді. Сол себепті күзде жиналған өнім күн жылығанда бұзыла бастайды. Сәйкесінше, ұсыныстар азайып, бағалары қымбаттай бастайды.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHUB_KZ
👎4🥰1😢1
Қоқыс көлемі көпжылдық рекордқа дейін жетті

2023 жылы ҚР-да жиналған коммуналдық қалдықтардың жалпы көлемі 4,1 млн тоннаға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,4%-ға артық. Бұл жерде ҚР СЖРА ҰСБ деректері бойынша кем дегенде 2010 жылдан бері ең жоғары деңгейі туралы айтып отырмыз.

Халық санының өсуін ескерсек, бұл таңқаларлық жайт емес. Десе де, 2022 жылмен салыстырғанда қалдықтардың пайда болуының жан басына шаққандағы орташа қарқындылығы өскен - 195-тен 208 кг-ға дейін. Жалпы бұл деңгей соңғы жылдары 200 кг шамасын айналшақтап жүр, бұл 2010 жылдардың басындағы нәтижелерден (230 кг-нан астам) жақсырақ.

Бізде қалдықтардың негізгі бөлігі, өкінішке орай, дәстүрлі түрде қоқыс үйіндісіне жіберіледі. 2023 жылы көмуге 2,9 млн тонна түскен және оның жартысынан көбі алдын ала сұрыптаусыз қабылданған коммуналдық қалдықтар болды. 2022 жылмен салыстырғанда қоқыс үйіндісіне кеткен қоқыстың жалпы салмағы 11,6%-ға өскен. 2023 жылдың аяғында көмілген қалдықтардың жалпы көлемі 48,5 миллион тоннаға жетті.

@DataHUB_KZ
3🥰1
Жақында ҚР СЖРА ҰСБ 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша жаңа қызықты мәліметтерді ұсынды: еліміздегі бірнеше ұлт бойынша бөлінген ең танымал есімдер туралы статистика. Қазақтарда еркектердің Азамат, Серик және Марат, әйелдердің Аружан, Динара, Мадина атты есімдері көш бастап тұр (барлығының жазылуы - тура осындай).

Ал біз есімі кең таралған қарыз алушылардың несиелерінің жағдайын білуді, сонымен бірге ең көп қарыз алушылардың аты-жөні қандай екенін білуді жөн көрдік. Сонымен Бірінші кредиттік бюро мәліметтері бойынша жағдай төмендегідей:

🔸Елімізде Азамат есімді қарыз алушылардың саны - 44,8 мың, Сериктесімділердікі – 42,1 мың, ал Марат есімділердікі – 41,4 мың. Қалған қарызының орташа сомасы Азаматтарда көбірек - 3 млн теңгеге жуық, ал Сериктер мен Мараттарда бұл көрсеткіш шамамен 2,5 млнды құрайды. Айтпақшы Сериктер мен Мараттар трендте болып тұр: орта есеппен барлық кредиттер бойынша қазақстандық қарыз алушы бүкіл еркектердің шамамен 2,5 млн тг қарызы бар😊
🔸ҚР-да Динара есімді қарыз алушылар саны - 52,2 мың, олар Мадина (39,7 мың) мен Аружандарды (21,2 мың) басып озады. Динаралардың бір адамға шаққандағы қарызы да орта есеппен көбірек - 2,8 млн. Мадиналардың көрсеткіші - 2,4 млн, ал Аружандардың көрсеткіші тіпті 1 млнға да жетпейді. Айтпақшы, кез келген есімді қарыз алушы әйелдердің орташа сомасы шамамен 2,2 млнға жетеді, сондықтан Аружандар ерекшеленіп тұр😉
🔸Енді барлық аттастардың ішінде қарызының жиынтық сомасы ең көп есімді атайық. Сонымен мұқият назар аударыңыздар! Жалпы сомасы 148,6 млрд болатын Русландар көш бастап тұр. Жалпы саны - 54,2 мың жәнк әрқайсысы орта есеппен 2,7 млн теңге қарыз.
🔸Ал барлық аттастардың ішінде ең көп келісімшарты бар қазақстандық үздік есімдердің басында Александр аты тұр. Күтпеген жайт, бірақ түсіндіруге болады: шартты түрде орысша есімдер көп түрлене бермейді, сәйкесінше аттастардың саны жоғары. Аталған санақ нәтижелерінде қазақтарда ер адамдардың есімдері саны 4 мыңнан асады, ал орыстарда 250-ге жуық. Сондықтан елімізде қарыз алушы Александрлар (кез келген ұлттан) көп – 102,6 мың адам. Олардың 325,8 мың келісімшарты бар, ал бір Александрдың барлық кредиттер бойынша қарызының орташа сомасы 1,3 млн теңгені құрайды.
🔸Жекелеген өнімдер бойынша екі қызықты жайтқа назар аударыңыз. Біріншісі: автокредиттерде аттастардың жиынтық қарызы бойынша рейтингтің басында ер адамдардың есімдері, ал ипотекада әйелдердің есімдері тұр. Екіншісі: кредиттер бойынша көбірек қарызы бар қарыз алушылардың алдыңғы қатарында барлығы 81 адамнан тұратын Есимжандар бар. Карта бойынша олардың әрқайсысына шаққандағы қарызының орташа сомасы 48,5 млн теңгені құрайды. Салыстырмалы түрде, орта есеппен кредиттік картасы бар бір қарыз алушының мұндай өнім бойынша 180 мың теңгеден аз қарызы бар. Есимжандардың өмірі қызық екен немесе олардың кем дегенде біреуі ерекше өмір сүреді. 🤔

Басқа да қызықты мәліметтер мен рейтингтерді төмендегі суреттерден қараңыздар. Оқырмандарымызды біздің орта есептегі статистикаларымыздан үзілді-кесілді қорытынды жасамауға және әріптесі Азаматтың қарызы келесі бөлімдегі Александрдан неге көбірек екенін сұрамауға шақырамыз😉

1 сәуірдегі БКБ деректері, есептен шығарылған келісімшарттарды ескере отырып, кредиттік ұйымдардың барлық түрлері бойынша, барлық өнімдері бойынша (егер басқаша көрсетілмесе) келтірілген. Есептеулерге негізгі қарыз бен аударылған сыйақы кіргізілген.

@DataHUB_KZ
😁31🥰1
☝️Сіз білмеген боларсыз, қазақстандық фермерлер сүтті сатуда үлкен мәселелерге тап болады. Қалай болғанда да, бұл туралы Мәжіліс депутаттары мәлімдеп жатыр. Олардың айтуынша, сүтті далаға төгуге тура келуде, себебі өңдеушілерден сұраныс жоқ. Мұның себебі – импорттың үлкен ағыны, әсіресе Ресей мен Беларусьтен. Екі елдің өнімдері Еуропада санкцияға ұшырады. Енді қазақстандық нарықты жаулап алу үшін олар демпингке оңай баруда. Нәтижесінде сүт өнеркәсібі шығынға ұшырап бара жатыр.

Депутаттардың ұсынысы қандай?

Халық қалаулылары қабылдауды сұрайтын қолдау шараларының үлкен тізімінде субсидиялардың көбеюі, ҚҚС төлеуден босату және импортқа шектеу қою бар.

Бірақ импорттаушылар жергілікті өндірушілердің жойылу қаупін төндіретіндей соншалықты басымдық танытып жатыр ма?

ҚР СЖРА ҰСБ деректері бойынша Қазақстан өзін сүтпен жақсы қамтамасыз етеді. Ресурстардағы өндіріс үлесі 95% деңгейін тұрақты түрде ұстап тұр. Өндіріс көлемі де тұрақты: айдың қорытындысы бойынша, әдетте, 45-50 мың тонна аралығында болады.

Көріп отырғаныңыздай, импорттаушылар нарықтың аз ғана үлесін алады – 5%. Бұл ретте 2020 жылдың басынан бастап әкелінген сүттің айлық көлемі 3,3 мың тоннадан аспаған. Қазір сүттің негізгі шетелдік жеткізушілері - Ресей (50%) және Қырғызстан (30%). Ал Беларуське Қазақстан импортының шамамен 10%-ы тиесілі.

💡Басқаша айтқанда, гипотетикалық тұрғыдан Ресей мен Беларусь Қазақстанның сүт нарығын басқара алмайды: олардың ресурстардағы импорт үлесі, сәйкесінше, біріншісінікі 1%-ға және екіншісінікі 3%-ға жетпейді. Бұл тұжырым сүт бағасының ай сайынғы өсуін тіркейтін баға статистикасымен де расталады (орташа деңгей 2023 ж. – 1,2%, 2024 ж. – 1,1%). Егер күшті демпинг орын алса, онда бұл бағаның төмендеуі түрінде статистикада көрініс табатыны сөзсіз.

❗️Фер️мерлерге қосымша субсидиялар немесе ҚҚС-тан босату нақты қажет пе, жоқ па, мұны шешетіндей біз көп нәрсе білмейтін шығармыз. Бірақ импорттық шектеулерді енгізу, жоғарыда айтылғандардың бәрін ескерсек, ақылға қонымсыз. Сонымен қатар мұның салдары жағымсыз болуы мүмкін. Ресей мен Беларусьтің сүті географиялық жағынан оларға жақын орналасқан Қазақстан аймақтарына жеткізілетіні анық. Импортқа шектеу қою сол аймақтарда бағаның өсуін жеделдетіп жіберуі мүмкін.

Дегенмен, сүттің өзін қамтымайтын сүт өнімдері де бар. Алайда мұнда да қамтамасыз ету жағдайы жақсы. Ресурстардағы өндіріс үлесі 85%-ды құрайды. Шыны керек, кейбір жағдайларда көрсеткіш әлі де орташа мәннен төмен. Балмұздақ (80%), май (75%), ірімшік және сүзбе (50%), қоюландырылған сүт (40%) туралы айтып отырмыз. Алайда соңғы жылдары көрініс іс жүзінде өзгерген жоқ. Яғни, бұл жағдайда импорттық экспансия қарқын алуда деп айту екіталай.

@DataHUB_KZ
1👍1🥰1