Ras aitamyn – Telegram
Ras aitamyn
1.91K subscribers
111 photos
36 videos
2 files
251 links
Расследования, наблюдения.
Гиперссылка обязательна
Авторы:
Бағдат Асылбек, Елнұр Әлімова
Email:rasaitamyn@protonmail.com; bagdatasylbek22@gmail.com
Download Telegram
Миллиардтаған табыс пен плагиат. Salem Social Media Машкевичтерге не үшін қажет? (текст на русском внизу)

Жақында блогер Тимур Балымбетов Salem Social Media-ның “Филиал” сериалы NBC-дың The Office сериалдының эпизодтарын айна-қатесіз қайталайтынын әшкерелеп, ұрлық жайлы NBC-ге қарата видеомәлімдеме жариялады. Salem Social Media-ның бас директоры Александр Аксютиц Балымбетовке берген жауабында плагиатты мойындамай, ат-тонын ала қашқанымен, бірнеше күннен кейін “Филиал” сериалы Salem Social Media-ның бүкіл платформасынан жойылды. Ал А.Аксютиц аяқ астынан SSM плагиатқа қарсы екенін айтып, фильмді түсірген продакшн студияға айыппұл салатынын мәлімдеді.

Жеке продакшнге тапсырыс беріп, сериал түсіртсе де, ұрлығы ашылып, ұятқа қалған SSM-ның жақсы сценарист жалдап, мұндай сериалдың біреуін емес, жүзін топырлатын түсіріп тастауға ақшасы жетеді. Ашық деректерге қарағанда, компанияның жылдық табысы 2,5 миллиард теңге. Салықтарға қарағанда, компания табысы жылдан-жылға артып жатыр. SSM 2018 жылы 44,8 миллион, 2019 жылы 122,4 миллион, 2020 жылы әзірге 80,5 миллион теңге көлемінде салық төлеген.

Ал енді көл-көсір ақша қайдан ағылып келіп жатыр? SSM-ге Машкевич бастаған олигахтарға тиесілі ERG иелік ететінін бұған дейін жазылған. Расында да, Salem Social Media-ның құрылтайшысы - Eurasian Digital Ventures I Limited Partnership. Ал оның негізгі акционері - ERG тобындағы “Қазхром” трансұлттық компаниясы. Сондай-ақ Eurasian Digital Ventures I Limited Partnership құрылтайшыларының қатарында ERG тобындағы “Алюминий Казахстана” АҚ, “Еуразиялық энергетикалық корпорация” АҚ, “Шұбаркөл көмір” АҚ, “Соколов-Сарыбай тау-кен өндіріс бірлестігі” мен “Қазақстан электролиз зауыты” АҚ бар.

SSM мен еуразиялық үштіктің әмпей-жәмпейі бір екенін ERG-ге кіретін компаниялардың үлестес тұлғаларының тізімінен де байқауға болады. SSM-ның бас директоры Александр Аксютиц Eurasian Digital Ventures I Limited Partnership-ке иелік ететін ERG топтарына кіретін бүкіл компанияның үлестес тұлғаларының тізімінде жүр. Мысалы, оның есімі “Алюминий Казахстана” АҚ, “Еуразиялық өндіріс компаниясы” АҚ, “Шұбаркөл көмір” АҚ мен “Қазақстан электролиз зауыты” АҚ-ның үлестес тұлғалар тізімінде Шодиев, Машкевич пен Ибрагимовтермен қатар жүр. Сонымен қатар тізімде оның туыстары - анасы Галина Аксютиц пен әйелі, NS Радиосының жетекшісі Әсел Балгаеваның да аттары аталады.

А.Аксютиц кезінде президент пулына кірген, “Хабар” арнасының директоры, кейін “Нұр Отан” партиясының баспасөз қызметін атқарған журналист. SSM-ге келген А.Аксютиц қазақтілді аудиторияға арналған контент жасауға кірісті. Бірақ бұл жастардың рухын, саяси сауатын көтеретін сапалы контент емес. Бұл саясаттың иісі де шықпайтын, балағат, әдепсіз сөздерге толы арзан контент.

Сонда “биліктің әмияндары” аталып кеткен олигархтар SSM-ге не үшін қаржы құяды, SSM-нің негізгі миссиясы не? SSM жастар арасында аса танымал, қалың оқырманы бар блогер, вайнерлерге ұсынатын ақшадан әлгілердің басы айналып, жіпсіз байланатыны басқа жерлерде жазылған. SSM осындай блогер, резиденттер мен вайнерлерді пайдаланып, жеңіл желпі, тәрбиелік мәні жоқ, арзан күлкі шақыратын контентті ұсынып, жастардың назарын саясаттан басқа жаққа бұрады делінеді. Мысалы, балағат, бейәдеп, боқтық сөздерді көп қолданатын жастарға арналған “Қарапайым Қайрат” сериалына 1 миллионнан астам адам жазылып, алғашқы маусымдағы әр сериясын 3-5 миллион қаралым жинағанына қарағанда, SSM қазақтілді жастарды надан ету, деградациялау міндетін жақсы атқарып жатқандай.

Қазақстанның жер қойнауы арқасында байыған миллиардерлер - Машкевич, Шодиев пен Ибрагимовке SSM-ның түкке қажеті жоқ, бұлар еліміздің ақпараттық алаңы, идеологиясына араласатын ойыншылар емес. Бұл жерде еуразиялық үштік қазақ жерін теспей соруға мүмкіндік берген биліктің идеологиялық тапсырмасын орындаушы ғана екені түсінікті.

ERG-дың 40 пайызы Қазақстан үкіметіне, олай болса, қазақстандықтарға тиесілі. Міне, SSM сол ақшаның есебінен мән-мағынасы мен жастарға берері жоқ контент өндіріп, одан қалса басқа жақтан контент ұрлайтын продакшндарды жалдап, масқара болып жүр.
Миллиардная выручка и плагиат.
Как Salem social media связан с олигархами и чем
"отличился" в этот раз

Недавно телеведущий Тимур Балымбетов заметил, что Salem social media опубликовал веб-сериал под названием “Филиал”, эпизоды которого точь-в-точь похожи на сцены из популярного американского сериала “Офис”. Балымбетов уведомил NBC, сделав видеообращение.

Гендиректор Salem Social Media Александр Аксютиц сначала не признал плагиата, отметив, что “любые совпадения случайны”. Но через несколько дней “Филиал” был удален со всех платформ, и Аксютиц заявил, что “Salem Social Media категорически против плагиата”.

Нас удивило, что Salem Social Media не смог найти грамотного сценариста или субподрядчика, который отснял бы сериал с оригинальным сценарием. Деньги у компании есть.
Оценочная годовая выручка - 2 583 284 400 ₸ (по данным statsnet). Налоговые и другие отчисления - 342 924 196 ₸. Если брать чисто налоги, то в 2018 году они составили - 44,8 млн. ₸, в 2019 году - 122,4 млн. и в 2020 году, за неполный год уже 80,5 млн.тенге.

Откуда деньги у Salemа? Учредителем Salem social media является Eurasian Digital Ventures I Limited Partnership, связанная с Евразийской группой (ERG). А ERG владеет трио олигархов Александр Машкевич, Патох Шодиев и Алиджан Ибрагимов.

Кроме Salemа, под Евразийской группой и другие компании, нацеленные на внимание молодежи. К примеру, Eurasian Digital Ventures I Limited Partnership учредитель - ТОО AITU-SAUDA и AITU-DALA. В декабре 2019 года AITU-DALA запустила видеохостинг Aitube. Это аналог YouTube, но с цензурой, поскольку модерация Aitube будет подчиняться казахстанскому законодательству. Это предполагает, что видеохостинг будет заполнен развлекательным контентом, и контент про митинги и политику в отличие от платформы YouTube молодежь не увидит.

К EDVLP также относится компания BTS Digital, которая запустила мессенджер Aitu. Пользователи видят схожесть Aitu с китайским WeChat, передающим данные третьим лицам и отслеживающий пользователя в фоновом режиме. BTS Digital возглавляет Саясат Нурбек (член НСОД при президенте).

"Salem social media" зарегистрирован в январе 2018 года. Руководитель - Александр Аксютиц. Ему 38 лет. Бывший руководитель пресс-службы партии “Нур Отан” также был директором «Хабара», экспертом президентской пресс-службы. Большая часть его карьеры связана с госканалами и “Нур Отаном”.

Александр Аксютиц фигурирует с олигархами Машкевичем, Шодиевым, Ибрагимовым в документах многих компаний, связанных с ERG. Аксютиц с мамой и женой Асель Балгаевой (руководителем Радио NS), а также с Александром Машкевичем, Алиджаном Ибрагимовым и Патохом Шодиевым в списке аффилированных лиц АО "Алюминий Казахстана", "ЕВРАЗИЙСКАЯ ПРОИЗВОДСТВЕННАЯ КОМПАНИЯ", "Шубарколь комир", "Казахстанский электролизный завод".

Аксютиц с мамой и женой в числе аффилированных лиц АО “Казхром”. Акционеры “Казхрома” - Александр Машкевич, Патох Шодиев и Алиджан Ибрагимов.
Аксютиц также в списке аффилированных лиц Eurasian Bank. Александр Машкевич, Патох Шодиев и Алиджан Ибрагимов конечные бенефициары банка.

Зачем олигархам Salem social media? Трио олигархов разбогатело в том числе и на недрах Казахстана, которые им предоставили власти. В свою очередь олигархи могут спонсировать инициативы властей не только социально-экономического, но и идеологического характера. Еще не опровергнута версия, по которой Salem social media перетянул к себе вайнеров с целью отвлечь молодежь от политики и завлечь ее развлекательным контентом (Instagram уже завален вайнами и веб-сериалами Salemа). Эта цель достигается сотрудничеством с вайнерами, у которых большая аудитория, как правило, из молодежи.

Конечно, может быть аргумент, что частная компания сама знает, что снимать, кого и для чего привлекать. Но поскольку конечный инвестор Salem social media - ERG получает доходы благодаря тяжелому труду горняков, а 40% доли ERG принадлежит государству, то есть народу Казахстана, мы считаем, что общественность вправе оценивать контент Salemа и задавать вопросы.
Схема основных связей Salem social media (источник Adata.kz)
Как Болат Назарбаев был почетным гостем конкурса красавиц от Гульнур Назарбаевой

Недавно сразу несколько СМИ опубликовали новость “Общественным фондом Болата Назарбаева открыта новая мечеть "Тәубе" в Талдыкоргане”. Среди них Zakon.kz, Qamshy.kz, Azattyq Ruhy и даже Ратель, некогда считавшийся независимым изданием. Через несколько дней в “Информбюро” появился подробный пиар-материал “Что известно о Болате Назарбаева? Досье, личная жизнь, меценатство”. При этом “Информбюро” - единственное издание из всего списка, где материал про младшего брата экс-президента Казахстана помечен как рекламный. Первой эти детали заметила журналист Асем Жапишева.

Массовый интерес крупных республиканских СМИ к инфоповоду, связанному с младшим братом Нурсултана Назарбаева, напомнил то, как в марте 2016 года многие СМИ (и частные, и гос) освещали, казалось бы, рядовой конкурс красоты. Тот конкурс прошел в городе Есик Алматинской области. На первый взгляд может показаться странным, что локальный конкурс привлек внимание республиканских СМИ, которые обычно редко освещают такие мероприятия в населенных пунктах меньше Талдыкоргана.

Однако следующие факты указывают на то, что интересным мог быть не сам конкурс.
Зрителями конкурса юных красавиц “Бәрінен де сен сұлу” были Болат Назарбаев, аким Алматинской области Амандык Баталов, акимы районов и другие чиновники, а также народный артист Ескендир Хасангалиев. А звезды казахстанского шоу-бизнеса Кайрат Нуртас, Жанар Дугалова, группы - RIN’GO, АРНАУ и BN исполняли свои песни.

Цель самого конкурса – участие талантливых в искусстве девушек, отобранных из разных сел. 12 участниц показывали свое искусство: пели песни, играли на музыкальных инструментах, танцевали, показывали наряд, который сшили своими руками.

Как выяснил Ras aitamyn, для проведения конкурса проводился тендер. Его выиграло ИП "Назарбаева Гульнур Уахаповна". Дата рождения владелицы ИП Гульнур Назарбаевой совпадают с той Гульнур Назарбаевой, которая называла себя женой Болата Назарбаева и выкладывала в Instagram свои фото и видео в дорогих нарядах.

Мы не увидели связи между профессиональной деятельностью Гульнур Назарбаевой и проведением подобных конкурсов среди девушек. Является ли она экспертом в этом вопросе, осталось неясным.

Дело в том, что вид деятельности ее ИП: аренда и управление собственной недвижимостью, предоставление услуг парикмахерскими и салонами красоты и розничная торговля преимущественно продуктами питания, включая напитки и табачными изделиями в неспециализированных магазинах. То есть у ИП “Назарбаева Гульнур Уахаповна”, судя по порталу госзакупок, ранее не было опыта в проведении конкурсов среди талантливых девушек.

Но это не помешало выиграть тендер из одного источника путем прямого заключения договора. Заказчик тендера: управление по вопросам молодежной политики акимата Алматинской области, которое подчиняется акиму региона Баталову. Также интересно, что данное ИП ни до, ни после этого тендера больше не фигурировало в госзакупках.

Примечательно, что в почетных гостях конкурса, выигранного ИП “Назарбаева Гульнур Уахаповна” указаны: Болат Назарбаев, Гульнур Назарбаева и Амандық Баталов. Почему в качестве почетного гостя конкурса среди талантливых девушек был приглашен именно Болат Назарбаев, также осталось загадкой.

Отметим, что на проведение конкурса, который лицезрели Болат Назарбаев и акимы, из бюджета выделили 25,1 млн. тенге.
Болат Назарбаев бюджет есебінен өткізілген байқауда сұлуларды тамашалады

Ел арасында той жасағыш, әйелдерді үлде мен бүлдеге орап жүретін образы қалыптасып қойған Болат Назарбаев жайлы бірқатар басылым жақында жарнамалық материалдар жарияланды. Әріптесіміз Әсем Жапишева өзінің Telegram-арнасында бұл материалдардың сілтемелерін келтіріп, Болат Назарбаевты мақтаған мақалаға тек Informburo сайты ғана жарнама белгісін қойғанын жазыпты.

Елбасының кіші інісінің өмірбаяны, жеке өмірі мен меценаттығы жайлы сыр шерткен Informburo-дағы мақалаға қарағанда, оның сүйіп қосылған жалғыз заңды әйелі – Гүлжан Назарбаева. Мақалада Б.Назарбаевпен 50 жыл шаңырақ құрған әйелі жақында қайтыс болғаны жазылған.

Дей тұрғанмен бұған дейін бірқатар ақпарат құралы ашық дерек көздерге сүйене отырып, өзін Болат Назарбаевтың “әйелімін” дейтін қыз-келіншектер туралы жазған. Ал Азаттық әлеуметтік желіде өзін “Болат Назарбаевтың әйелімін” дейтін Гүлнұр Назарбаева жайлы зерттеу жасап, оның қымбат брендтердің киімін алып киюге қанша ақша жұмсайтынын анықтаған.

Ras Aitamyn Telegram-арнасы сәнқұмар Гүлнұр Назарбаеваның мемлекеттік бюджет ақшасының есебінен бойжеткен қыздар арасында “Бәрінен де сен сұлу” атты байқауды ұйымдастырғанын анықтады.

Мемлекеттік сатып алулар порталындағы мәліметке қарағанда, Алматы облысының жастар саясаты басқармасы 2016 жылы (“Өнерлі қыздар арасында “Бәрінен де сен сұлу” байқауын) мәдени іс-шараны өткізу бойынша 25 125 500 теңгеге тендер ойнатып, оны бір көзден Назарбаева Гульнур Уахаповна есімді жеке кәсіпкер ұтып алған. Бұл жеке кәсіпкердің туған күні мен айы Instagram-да өзін “Болат Назарбаевтың әйелімін” дейтін Гүлнұр Назарбаеваның туған күнімен сәйкес келеді.

Г.Назарбаева бюджет ақшасына Есік қаласында өткізген байқауға Алматы облысынан 12 қыз қатысқан. Бірақ бұл байқау сұлу қыздармен емес, оған қатысқан сыйлы қонақтарымен қызық болып тұр.

Тендердің техникалық ерекшелік құжатында осы байқаудың сыйлы қонақтарының қатарында Болат Назарбаев пен Гүлнұр Назарбаева және Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың есімдері аталады. Сондай-ақ құжат бойынша, әділ қазылар қатарында Жанар Айжанова, Аида Кауменова, Асхат Садырбай, Маржан Садуақсова, Сандуғаш Бексырға отыруы керек, ал кеште Қайрат Нұртас, RIN’CO тобы, Жанар Дұғалова, Арнау және BN топтары өнер көрсетуі тиіс болған.

Қандай сыйлы қонақтар қатысса да, “бірнеше ауыл мен шағын аудандардан іріктелетін қыздар қатысады” делінген облыстық сұлулар байқауына не себепті бюджеттен 60 мың доллар бөлінгені түсініксіз. Облыстық жастар саясаты басқармасы тендер келісімшартында сұлулар сайысын “басқа топтарға кірмейтін кәсіби, техникалық, коммерциялық және басқа қызметке” жатқызыпты.

Ал бұл тендерді Г.Назарбаеваның жалғыз көзден қалай ұтып алғаны тіпті түсініксіз. Ашық дерек көздерде Гүлнұр Назарбаеваның жеке кәсіпкерлігі “жеке кәсіпкерлік және жеке мүлікті жалға алу мен басқару, сән салондары мен шаштараз қызметі және азық-түлік өнімдерінің бөлшек саудасымен” айналысады деп көрсетілген. Бұл сипаттамаға қарағанда, жеке кәсіпкердің сән байқауларына қатысы жоқ әрі бұған дейін мұндай байқауларға тендер алмаған.

Тағы бір қызығы, әдетте жергілікті жердегі сұлулар байқауы туралы сюжет жасай бермейтін мемлекеттік “Хабар 24”, Qazaqstan арналары мен 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметі Есік қаласына шауып барып, бикештер байқауынан хабар жасаған.

Телеарналар ұйымдастырушы мен сыйлы қонақтардың атын атап, түсін түстемесе де, байқау өткен соң Еңбекшіқазақ ауданының “Мезет” газеті аудандық мәдениет үйінде өткен шараға байқаудың авторы Гүлнұр Назарбаева, Болат Назарбаев, Халық әртісі Ескендір Хасанғалиев, облыс әкімі Амандық Баталов, орынбасары Бақтияр Өнербаев пен облыстың бірқатар ауданының әкімдері қатысқанын жазған. Мақалаға қарағанда, сұлуларды техникалық ерекшелік құжатында аттары тізілген әділ қазылар бағалап, эстрада жұлдыздары өнер көрсеткен.

Осылайша Б.Назарбаев пен әкімдер Г.Назарбаеваның бюджет ақшасына өткізген арулар сайысындағы сұлу бойжеткендерді тамашалап қайтқан.
Sulpak виноват. Как вырубка деревьев омрачает успешный для Султангазина ковидный год

18 ноября Sulpak в своем Facebook`e с радостью сообщал, что их магазин по адресу Толе Би, 187 “открыт в новом формате” и предлагал “оценить новый дизайн”. Через несколько дней алматинцы увидели, что на Толе би, 187 перед Sulpak спилили 13 деревьев. В компании заявили, что это произошло не на их территории и добавили, что они “тут же обратились в правоохранительные органы”.

Следующие события показали, что Sulpak тогда пытался жаловаться на самих себя. Госорганы установили, что ИП “Сакура” и ИП “Бурибекова” заключили договора с ТОО Arena S (Sulpak) как подрядчики по благоустройству, демонтажу водоотводного лотка, тротуарной плитки, срезки плодородного слоя на этой территории. То есть не знать об этих работах Sulpak не мог.

Один из подрядчиков - ИП “Сакура” в марте этого года провел санитарную обрезку деревьев на 1 млн.тенге для гимназии № 27, в июле такую же работу, но на 1,2 млн.тенге для школы №128, а в августе обрезали и удалили “аварийные, сухостойные, перестойные деревья” на 1,2 млн. тенге для Научно-исследовательского института кардиологии и внутренних болезней.

По техспецификации договора одного из заказчиков ИП “Сакуры”, снос одного аварийного дерева высотой в 6 и более метров обходится в 30 000 тенге, а снос дерева ростом в 25 и более метров – 346 000 тенге. Ключевой момент: все работы производятся по согласованию с уполномоченными органами.

В случае с вырубкой деревьев перед зданием Sulpak пока наказали только подрядчиков. Хотя Sulpak, как выяснилось, виноват в том, что это допустил. Руководитель управления зеленой экономики Алматы Наталья Ливинская заявила, что Sulpak нарушил регламент проведения таких работ. “Представитель Sulpak, как заказчик мероприятий по облагораживанию территории возле магазина своей сети, обязан был присутствовать при выполнении этих ремонтных работ, но его не было. Это косвенно повлияло на печальный итог – вырубку деревьев”, - сказала Ливинская.

Это, по ее словам, не первый случай, когда незаконно сносили деревья возле здания бывшей ковровой фабрики (сейчас там Sulpak). Также в договоре между Sulpak и его подрядчиками прописан демонтаж водоотводного лотка, а это запрещено законом, то есть незаконные намерения были.

Специалист по кризисным коммуникациям Данияр Косназаров в комментарии ORDA.kz отметил, что Sulpak мог бы сразу все разъяснить и извиниться: “Sulpak мог бы также воспользоваться ситуацией и объявить, что посадит много деревьев, возведет сквер”. Но этого пока не было, хотя ресурсов у компании, чтобы посадить деревья и грамотно реагировать на форс-мажор, хватает.

В 2018 году выручка ТОО ARENA S выросла на 28,5%, до 237,53 млрд.тенге (в 2017 году было 184,8 млрд). А выплаченные налоги увеличились на 56% и составили 13,47 млрд тенге по сравнению с 8,62 млрд 2017 года. Налоговые отчисления в 2019 году составили 17,9 млрд.тенге, а за неполный 2020 год - 14,4 млрд., несмотря на карантинные ограничения.

Sulpak основали Алмас Султангазин и Андрей Пак. Сетью Sulpak владеет ТОО Arena S. Султангазин имеет мажоритарную долю в торговых сетях Sulpak и Alser и доли в ТОО Sulpak Cinema (казахстанское представительство Warner Bros., Universal и Paramount Pictures).

Как писал Ras aitamyn ранее, Алмас Султангазин числится совладельцем офшорной компании Balzar Limited. По данным Offshore leaks, Balzar Limited связан с Британскими Виргинскими островами.

Султангазин один из немногих казахстанских олигархов, которому в 2020 году удалось нарастить состояние, несмотря на ковидные последствия. Его состояние, по данным Forbes.kz, выросло до 165 млн.долларов. В 2019 году оно оценивалось в $130 миллиона, а в 2018 году - в $91 миллион. То есть 2020 год стал успешным для Султангазина в финансовом плане. Однако вырубка деревьев может отразиться не только на имидже Sulpak, но и на репутации его основателя. В этого году Султангазина больше всего упоминали, когда человека, очень похожего на него, видели танцующим на яхте с Даригой Назарбаевой.
Кто кошмарит наблюдателей. Что известно о свате Назарбаевой Имашеве и его семье

Недавно Центральная избирательная комиссия нанесла независимым наблюдателям три ощутимых удара, запретив публикацию фото/видео нарушений без разрешения нарушителей, а также прямые эфиры с участков. И еще НПО запретили наблюдать за выборами, если в уставе организации нет пункта о наблюдении.

ЦИК возглавляет Берик Имашев - тесть внуку Нурсултана Назарбаева Нурали, сват Дариги Назарбаевой. Имашев - дед четырех правнуков Назарбаева. И предстоящие парламентские выборы - первые выборы, когда организатор выборов (глава ЦИК) и участник выборов (глава “Нур Отана”) связаны родственными связями. Последние парламентские выборы были в марте 2016 года. Имашев стал главой ЦИК в сентябре того года. На выборах президента в 2019 году Назарбаев и его дочь Дарига не участвовали. Но в этот раз на выборы идет Дарига по партийному списку “Нур Отана”, а эту партию, которая участвует в “гонке”, возглавляет Назарбаев.

Берику Имашеву 60 лет. Когда-то был в оппозиционном движении “Демократический выбор Казахстана” и состоял в партии “Ак жол”.
До прихода в ЦИК Имашев особо и не светился на страницах СМИ. Запомнился он в 2009 году, когда отказался защищать арестованного на тот момент Мухтара Джакишева. Имашев называл его “самым любимым двоюродным братом”, но отказался быть его адвокатом, мотивируя тем, что у него не было “никаких процессуальных оснований”.

В 2016 году возглавил ЦИК. Центральная избирательная комиссия во главе с Бериком Имашевым расценила президентские выборы в июне 2019 года как справедливые. После выборов в стране были протесты, на которых задержали около 4000 человек.

Кроме ЦИК, Имашев возглавляет республиканскую федерацию конного спорта и является руководителем Казахстанской федерации современного пятиборья. У этой компании есть задолженность по налогам и таможенным платежам и высокая степень риска налогоплательщика.
Также Имашев указан руководителем двух уже бездействующих предприятий. По некоторым данным, Имашев - бывший руководитель АО "Фонда развития малого предпринимательства".

Теперь о семье Имашева. Его жена Лейла Адайбекова - руководитель ALTAIR CAPITAL. Также она, по данным СМИ, владеет долями в компаниях: НУР БАГДАР, Алби Пауэр, ADAT GROUP, и ей принадлежат LA Trade и Medeu Resort (гостиница).
Кроме этого, Лейла Адайбекова в числе учредителей в компаниях: СТАТУС CONSTRUCTION, MIRKUN, AKA TRANS и в ОО "Группе инновационных инициатив "Созвездие" и "JANYM". Всего Адайбекова аффилирована с 13 компаниями:

Сын Берика Имашева Альжан в 21 год стал директором ТОО “Алматы Терминал”. С 29 лет Альжан - заместитель гендиректора по корпоративному развитию в Павлодарском нефтехимическом заводе. Сейчас ему 33 года. Альжан Имашев указан учредителем ТОО "KLPE" (при “КазМунайГаз”).

В феврале 2003 года Берик Имашев выдал свою дочь Аиду за Нурали Алиева, сына Рахата Алиева и Дариги Назарбаевой. Аида Бериковна Алиева вместе с Нурали Алиевым - учредители ЧБФ “Жанарту”. Также есть ИП АЛИЕВА АИДА БЕРИКОВНА. Дата рождения владелицы ИП совпадает с днем рождения дочери Берика Имашева Аидой. ИП Аиды Бериковны привозит в Казахстан товары, в частности посуду, постельные принадлежности из Китая и Европы.

Аида Алиева показана руководителем компании AURORA PRIVATE OFFICE LTD, зарегистрированная в Лондоне. Ее данные совпадают с женой Нурали Алиева. До Аиды Алиевой эту компанию возглавлял некий Бехзад Нагиби. В посте Айсултана Назарбаева было написано, что бывший водитель матери Бехзад Нагиби выкрал у него паспорт, когда он собирался просить политубежище в Великобритании.

Сейчас ЦИК Берика Имашева предусмотрительно оградила себя забором перед выборами и избегает вопросов журналистов. К слову, ОБСЕ не признала честными ни одни выборы, проведенные ЦИК в Казахстане. И сейчас нет предпосылок к тому, что нынешние выборы станут исключением.
Қонақ үй, мейрамхана, ферма... Шөкеевтің туыстары шетінен бизнесмен екен

Жақында Protenge Telegram-арнасы парламенттің қамтамасыз ету басқармасы жаңа депутаттарды астанадағы Hampton by Hilton Astana Triumphal Arch қонақ үйіне тұрғызу үшін 31,2 миллион теңге жұмсағанын жазған. Ал malim.kz сайты бұл қонақ үйдің иелері Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің інісі Берік Естай мен қайын інісі Мұхаметжанов Серікқали екенін анықтаған. Ras Aitamyn Telegram-арнасы осы оқиғадан кейін Шөкеевтердің туыстарына не тиесілі екенін зерттеп көрді.

Өмірзақ Естайұлынан 16 жас кіші інісі Естай Берік Ө.Шөкеевтің әйелі Зәуре Мұхаметжанованың інісі Серікқали Мұхаметжановпен бірге бизнес жүргізеді. Олар "Hotel Stroi Invest" ЖШС-ның құрылтайшылары. Өз кезегінде "Hotel Stroi Invest" ЖШС мен Серікқали Мұхаметжанов "Hotel Service Astana" атты ЖШС-ның құрылтайшылары. Депутаттар қоныстанған Hampton by Hilton қонақ үйі дәл осы "Hotel Service Astana" ЖШС-ге тиесілі.

Естай Берік "Навои Тауэрс" ЖШС-ның да құрылтайшысы. Бұл компанияға Алматыдағы 7 қабатты Навои Тауэрс бизнес-орталығы тиесілі. "Навои Тауэрс" ЖШС былтыр бюджетке 3 424 044 теңге салық төлеген. Новои Тауэрстегі банктер, фитнес зал, дүкендер Естай Берік иелік ететін ЖШС-ға ай сайын жалға алу ақысын төлеп тұрады. Бизнес орталықта шаршы метрді жалға алу ақысы айына 4000-4500 теңге шамасында.

Естай Берік сондай-ақ "Stroi Invest Group" ЖШС-ның құрылтайшысы. Компания жекеменшік мүлікті басқару және жалға алумен айналысады. Осы "Stroi Invest Group" ЖШС Алматыда Bayzak бизнес орталығында орналасқан "Бизнес партнершип" ЖШС-ның құрылтайшыларының бірі. "Бизнес партнершип" коммерциялық қызмет және басқару бойынша кеңес береді. "Бизнес партнершиптің" Берік Естай иелік ететін компаниядан басқа 6 құрылтайшысы бар: "Алатау-құс", EAST "INDUSTRY COMPANY Ltd", "БИ - Агро -12", "West Universal Limited", " SәT-Oil" және "СЕТ-АГРО" ЖШС-лары.

Өмірзақ Естайұлынан 3 жас кіші інісі Серік Естай бизнесте Берік Естайды басып озыпты. Серік Естай Алматы облысы Қаратал ауданы Тастөбе ауылында ет-сүт өндіретін "ТастөбеАгроФуд" ЖШС-ның иесі. "ТастөбеАгроФудтың" 760 гектар жері, симментал тұқымына жататын 700-ден астам ірі қара малы бар. Сайттағы ақпаратқа қарағанда, ферма тәулігіне 6 тонна сүт береді.

"ТастөбеАгроФуд" "КормСнабТастөбе" ауылшаруашылығы өндіріс кооперативі құрылтайшыларының бірі. Кооператив Тастөбе ауылында малдың жем-шөбі, жем-шөп дақылдарын өсіреді.

"ТастөбеАгроФуд" салығына қарағанда, Серік Естай ет пен сүт және сүт өнімдерін сату, дәнді-дақылдар мен жем-шөп егуден табатын қомақты пайдасы жылдан-жылға артып келеді. 2016 жылы компания бюджетке 10 039 148 теңге, ал 2020 жылы 28 834 130 теңге салық төлеген.

"ТастөбеАгроФуд" сондай-ақ Алматыда орналасқан шағын несие ұйымы –"Самал Финанс" несие серіктестігі" ЖШС құрылтайшыларының бірі. Несие серіктестігінің төлейтін салығы жылдан-жылға еселеніп артқанына қарағанда, құрылтайшылары шағын несие ұйымынан қомақты табыс тауып отыр. 2019 жылы "Самал Финанс" 14, 94 миллион теңге салық төлесе, 2020 жылы салығы 20,86 теңгеге жеткен.

Естай Серік сондай-ақ "GGG-Agroexport" ЖШС құрылтайшыларының бірі. GGG абревиатурасының атақты спортшы Геннадий Головкинге еш қатысы жоқ. "GGG-Agroexport" жем-шөп дақылдарын сатады. Естай Серік "GGG-Agroexport" ЖШС арқылы астанада орналасқан "Fusion KZ" ЖШС-на иелік етеді. "Fusion KZ" ЖШС қызметінде "аумағы 2000 шаршы метрге жетпейтін сауда нысаны, арнайы дүкендерде сусын сату, жылжымайтын мүлікті басқару мен жалға берумен айналысады" деп көрсетілген.

"Fusion KZ" ЖШС мекенжайы деп көрсетілген астанадағы Бейімбет Майлин көшесі 4-үйде кезінде түнгі клуб пен Fusion ресторан кешені болған, ал қазір онда Good bar dance and grill бары орналасқан.

Шөкеевтің туған інілері ғана емес, басқа да етжақын туыстары шетінен бизнеске жақын. Жалғасы бар.
Гостиница, ферма, ресторан. Что принадлежит братьям Умирзака Шукеева

Недавно телеграм-канал Protenge писал о том, как управделами парламента потратило 31,2 млн.тенге на размещение депутатов в отеле Hampton by Hilton Astana Triumphal Arch в столице. После этого портал Malim.kz выяснил, что данная гостиница принадлежит родному брату акима Туркестанской области Умирзака Шукеева Берику Естаю и брату супруги Шукеева Сериккали Мухаметжанову.
Telegram-канал Ras Aitamyn узнавал, что еще принадлежит родственникам Умирзака Шукеева.

Младший брат Умирзака Шукеева Берик Естай ведет совместный бизнес вместе с Сериккали Мухаметжановым (младший брат супруги У.Шукеева). Оба - учредители Hotel Stroi Invest. Эта компания владеет Hotel Service Astana, то есть отелем Hampton by Hilton Astana Triumphal Arch, куда размещали депутатов.

Берик Естай также учредитель компании "Навои Тауэрс". Этой компании принадлежит 7-этажный бизнес-центр “Навои Тауэрс” в Алматы. В этом здании у компании Естая помещения арендуют банки, фитнес-центры, магазины. Средняя стоимость аренды одного квадратного метра в этом бизнес-центре 4000-4500 тенге в месяц.

У Берика Естая еще есть Stroi Invest Group. Эта компания занимается арендой, управлением частной собственности. Stroi Invest Group - один из учредителей компании "Бизнес партнершип", расположенной в бизнес-центре Bayzak в Алматы. "Бизнес партнершип" занимается консультированием по вопросам коммерческой деятельности и управления. Кроме компании, принадлежащей Естаю, у "Бизнес партнершип" есть еще 6 учредителей: "Алатау-құс", EAST "INDUSTRY COMPANY Ltd", "БИ - Агро -12", "West Universal Limited", " SәT-Oil" и "СЕТ-АГРО".

Еще один младший брат Умирзака Шукеева Серик Естай в бизнесе преуспел не хуже. У Серика Естая есть "ТастөбеАгроФуд" (мясо-молоко) в селе Тастобе Алматинской области. У "ТастөбеАгроФуд" 760 гектаров земли, более 700 КРС породы симментал. Ферма дает 6 тонн молока в сутки.
"ТастөбеАгроФуд" - один из учредителей сельскохозяйственного производственного кооператива "КормСнабТастөбе", который обеспечивает зерно и сено.
Судя по налоговым отчислениям (10 млн.в 2016 году и 28,8 млн.тенге в 2020 году) "ТастөбеАгроФуд", мясо-молочный бизнес дает хорошую прибыль.

Кроме того, Серик Естай - один из учредителей "GGG-Agroexport", расположенного в Алматы. К Головкину, мы уверены, никакого отношения это ТОО не имеет, так как в описании вида деятельности указано: “Оптовая торговля зерном, семенами и кормами для животных”. Но примечательно, что через GGG-Agroexport Серик Естай владеет компанией Fusion KZ, расположенного в Астане. Основной вид деятельности Fusion KZ - аренда и управление собственной недвижимостью. А дополнительным видом деятельности указана: розничная торговля напитками в специализированных магазинах. По адресу Fusion KZ (ул.Майлина,4) раньше располагался ночной клуб и ресторан Fusion. Сейчас там есть Good bar dance & grill.
Продолжение следует.
Forwarded from Malim Media
Ал сіз Қарағандыда Ресей вакцинасын шығарып жатқан фармацевтикалық кешен артында кімдер тұрғанын білесіз бе? Қазақстандықтарға "Спутник-V" вакцинасын салдыртудан Қайрат Боранбаев пен Ресей олигархтары ұшан теңіз пайда көрмек

https://malim.kz/11950/
За компаниями в истории с землями КазНУ стоит Кулибаев

Помните шум вокруг земель КазНУ им.Аль-Фараби? Хотя он утих после того, как вуз возглавил провалившийся со “100 школами” экс-министр образования Жансеит Туймебаев, но вопросы остались. Например: кто стоит за компаниями, которым акимат Алматы предоставил земли КазГУграда?

Ранее журналисты ORDA.kz выяснили, что в августа 2017 года участок площадью 0,7495 га акимат Алматы постановил предоставить во временное землепользование ТОО OMIREX, а имущество передал в уставной капитал ТОО ATLAS DEVELOPMENT для благоустройства и озеленения территории.

Телеграм-канал Ras aitamyn решил узнать, кто стоит за этими компаниями. Картина такая: учредители OMIREX - Уразаева Фатима Мустафаевна и компания Joint Technologies. Компания Joint Technologies, по данным кompra.kz, принадлежит Сагдиевой Раушан Махтаевне и ТОО “Кипрос”. А конечным бенефициаром ТОО “Кипрос” является Кулибаев Тимур Аскарович (зять бывшего президента Нурсултана Назарбаева).
Таким образом, через ТОО Joint Technologies Кулибаеву подконтрольна компания OMIREX, получившая от акимата участок близ КазНУ во временное землепользование.

На связь с Кулибаевым указывают и другие детали. Сын Фатимы Уразаевой Ерлан Упушев тесно работал с Кулибаевым. Он был гендиректором АО "Шұбаркөл Премиум", которое принадлежит Joint Resources (компания Кулибаева). Кроме этого, в одно время Упушев был гендиром угольной компании "Майкубен вест”. Эта компания подконтрольна фирме Кулибаева.
77-летняя пенсионерка Фатима Уразаева, судя по документам, также связана с компаниями Тимура Кулибаева. Уразаева - один из учредителей "Майкубен вест” и ТОО "ТБН” (другой учредитель кулибаевская компания Mercury Properties). На этом связь Фатимы Уразаевой с Кулибаевым на бумаге не заканчивается. Уразаева вместе с кулибаевской компанией "Кипрос" владеет ТОО Demir Delux. Уразаева и Joint Resources владеют компанией Premier Development Company. То есть все это показывает, что Кулибаев и Уразаева - бизнес-партнеры.

Так совпало, что и компания ATLAS DEVELOPMENT, которая фигурирует в постановлении акимата о предоставлении 0,7 га, тоже принадлежит кулибаевскому ТОО “Кипрос”. Еще одним учредителем ATLAS DEVELOPMENT указана Сагдиева Раушан Махтаевна - она также гендиректор ТОО “Кипрос”, то есть хорошо знакомый Кулибаеву человек. Раушан Сагдиева указана учредителем или руководителем нескольких компаний (подотчетных Кулибаеву), зарегистрированных по адресу: Алматы, ул. Азербаева, 58. Также Раушан Сагдиева и ТОО “Кипрос” - учредители фирмы “Росстройинвест”. По всей видимости, Кулибаев ценит заслуги Сагдиевой.

Теперь про ATLAS DEVELOPMENT. Эта фирма владеет землями ниже проспекта Аль-Фараби, западнее реки Есентай, рядом с КазНУ им. Аль-Фараби. Здесь хотят построить многоэтажный бизнес-центр с подземным паркингом. Право собственности на этот земельный участок закреплено договором купли-продажи от 9 ноября 2017 года.

При этом в ATLAS DEVELOPMENT заявляют, что “информация об отчуждении части земельного участка КазНУ им. Аль-Фараби в пользу третьих лиц, опубликованная в социальных сетях, не имеет отношения к участку, принадлежащему ТОО Atlas Development”. Правда акимат Алматы в ответе на запрос Orda.kz сообщал, что этой компании передано имущество (что именно, не уточнили), а компании OMIREX передана земля на временное пользование. Но ТОО OMIREX было учредителем Atlas Development в 2016-2019 годы.

По сообщению Orda.kz, в 0,6321 га земли, отданную (OMIREX) для благоустройства и озеленения территории, в августе 2019 года была изменена под строительство паркинга. Аренда действует до июня 2025 года. А площадь в 0,1174 га предоставлена (ATLAS DEVELOPMENT) под благоустройство и озеленение территории. Аренда до февраля 2025 года.

Таким образом, сразу два ТОО, указанные в постановлении акимата, подконтрольны Тимуру Кулибаеву. И с ним тесно связаны соучредители этих компаний. Остается вопрос: для чего одному из самых богатейших людей Казахстана нужны эти земли?
ҚазҰУ жерін алған компаниялар артында Құлыбаев тұр

ҚазҰУ-дың жекеге өтіп кеткен жері туралы шудан кейін оқу орнына "100 мектепте сүрінген" Жансейіт Түймебаев ректор болып барды. Шуды басу үшін жаңа ректор келгенімен, ұлттық университеттің жерін кім алды деген сұрақ жауапсыз қалды.

Бұған дейін ORDA.kz 2017 жылдың тамызында аумағы 0,7495 га жерді Алматы әкімдігі OMIREX ЖШС-ға уақытша пайдалануға бергенін, ал мүлікті ATLAS DEVELOPMENT ЖШС-ның жарғылық капиталына өткізіп жібергенін жазған.

Ras Aitamyn Telegram-арнасы бұл компаниялардың артында кімдер тұрғанын зерттеді.

2009 жылдың шілдесінде құрылған OMIREX компаниясының құрылтайшылары – Уразаева Фатима Мустафаевна мен Joint Technologies компаниясы. Ал Joint Technologies-тің құрылтайшылары – Сагдиева Раушан Михтаевна және "Кипрос" ЖШС. Ал "Кипрос" ЖШС-ның құрылтайшысы – елдегі ең дәулетті олигархтардың бірі, экс-президенттің күйеубаласы Тимур Құлыбаев. Яғни Құлыбаев "Joint Technologies" арқылы ҚазҰУ-дың жерін әкімшілік арқылы уақытша пайдалануға алған OMIREX компаниясына иелік етеді.

Раушан Сагдиева да, Фатима Уразаева да Тимур Асқарұлына жақын адамдар.

Фатима Уразаеваның ұлы Ерлан Упушев Тимур Асқарұлымен иық тіресіп жұмыс істеген. Ол "Шұбаркөл Премиум" АҚ-ның бас директоры қызметін атқарған. Ал “Шұбаркөл Премиум” АҚ-ның негізгі акционері - Тимур Құлыбаев иелік ететін “Joint Resources" АҚ. Сондай-ақ Упушев Құлыбаев пен өзінің анасы Фатима Уразаева иелік ететін көмір өндіруші "Майкубен вест" ЖШС-ның бас директоры болған. Тіпті "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы президиум төрағасы Тимур Құлыбаевтың қолынан "Парасат" орденін алған.

Упушевтің анасы, 77 жастағы зейнеткер Фатима Уразаеваның да Тимур Құлыбаев компанияларымен байланысы бар. Оның жеке немесе жалға алынатын мүлікті пайдалану және басқарумен айналысатын "ТБН” компаниясы бар. Осы “ТБН-ның” тағы бір құрылтайшысы - "Mercury Properties" ЖШС. Ал "Mercury Properties" ЖШС-ның құрылтайшылары - Тимур Құлыбаевтың "Кипрос" компаниясы мен Динара Құлыбаева.

Уразаева мен Құлыбаевтың бизнес байланысы мұнымен бітпейді. "Demir Delux" ЖШС-ның құрылтайшылары да - Ф.Уразаева мен Құлыбаевтың "Кипрос" компаниясы. Premier Development Company" ЖШС-на да Фатима Уразаева мен "Joint Resources" АҚ арқылы Құлыбаев иелік етеді. "Joint Resources" АҚ-ға "ҚазАзот" АҚ-ның 50 пайыз акциясы тиесілі, сондай-ақ "Joint Resources" "Шұбаркөл Премиум" АҚ-ның негізгі акционері.

ҚазҰУ жер дауы мен әкімдік қаулысында аты аталатын тағы бір компания – ATLAS DEVELOPMENT ЖШС-ның да Құлыбаевқа тікелей қатысы бар. Бұл компанияның құрылтайшылары: Құлыбаев иелік ететін "Кипрос" ЖШС мен Сагдиева Раушан.

Раушан Сагдиева да Құлыбаевтың сенімді адамдарының бірі. Ол Құлыбаев иелік ететін "Кипрос" ЖШС-ның жетекшісі. "Кипрос" компаниясы арқылы Тимур Құлыбаев пен Сагдиева Раушан Ресейдегі "Росстройинвестке" иелік етеді.

Әкімдік қаулысында аты аталатын ATLAS DEVELOPMENT Әл-Фараби даңғылынан төмен, Есентай өзенінің батысындағы ҚазҰУ-ға жақын жерге иелік етеді. Ол аумақта жерасты паркингі бар көпқабатты үй салынбақ. ATLAS DEVELOPMENT-тің жерге иелік ету құқығы 2017 жылдың 9 қарашасындағы сату-сатып алу келісімшартымен бекітілген.
ATLAS DEVELOPMENT ЖШС "ҚазҰУ жерлерінің үшінші тұлғаларға өтіп кеткені туралы жекелеген адамдардың таратқан ақпаратында айтылған жерге өздеріне тиесілі аумақтың қатысы жоғын" мәлімдеген. Бірақ әңгіме ATLAS DEVELOPMENT-ке әкімдік арқылы өтіп кеткен мүлікте болып отыр ғой. Әкімдік мүлік ATLAS DEVELOPMENT-ке, ал жерді уақытша пайдалану Omirex-ке берілгенін айтқан. Бірақ бұл екі компания бір-бірімен байланысты, kompra.kz мәліметінше, 2016-2019 жылдары Omirex ЖШС ATLAS DEVELOPMENT ЖШС-ның құрылтайшысы болған.

Қалай болғанда да жер дауындағы тізбектің бәрі Тимур Құлыбаевқа апарады. Forbes дәулетін 3,1 миллиард долларға бағалаған, онсыз да көл-көсір байлыққа ие миллиардерге ҚазҰУ-дың ұлтарақтай жері не үшін керек болды екен?
1
Сотқа тартылған агромиллионер және "Мир" арнасы: Қостанай облысы әкімдігінен қандай БАҚ тендер алып отыр?

Ras Aitamyn Telegram-арнасы бүгіннен бастап мемлекеттік органдардың ақпарат құралдарындағы жағымды имидж бен пропагандаға қанша ақша жұмсайтынын жаза бастайды. Біріншіден, салық төлеушілер әкімдіктер олардың ақшасын халықтан сұрамастан қайда жұмсап жатқанын білуі керек. Екіншіден, әкімдіктер пандемия кезінде пропагандадан бас тартып шығынды қысқарту бас тарту орнына, өздерінің насихатына жүздеген миллион шашып жатыр.

Олай болса, алдымен Қостанай облысының әкімдігінен бастайық.

Архимед Мұхамбетов басқаратын Қостанай облысының әкімдігі өз қызметін БАҚ-та көрсету үшін жылдың басынан бері ақпарат құралдарымен 528 774 530 теңгеге келісімшарт жасасқан.
Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы ең үлкен сомадағы тендерді әкімдікке қарасты "Қостанай таңы" газетіне берген. Басылымға жыл басынан бері 150 465 906 теңгеге мемлекеттік тапсырыс берілген.

"Қостанай таңы" газетінің тиражы небәрі 9108 дана, аптасына үш рет шығады. Тендер талаптары бойынша, "Қостанай таңы" газетінде жылдың аяғына дейін президент жолдауы, "Қазақстан-2050" стратегиясы, бес әлеуметтік бастама мен "Бақытты отбасы" бағдарламасы, "100 нақты қадам", білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу мен ұлтаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты, облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамыту саясатын насихаттау, т.б. тақырыптарда материалдар жарық көруі тиіс.

Қостанай облысы әкімдігінен тендер алған аймақтық БАҚ қатары мұнымен шектелмейді. Әкімдік орыс тілінде тарайтын аймақтық "Костанайские новости" басылымына 84 708 867 теңге, аймақтық "Караван Новостей" радиосына 4 177 200 теңге, "Алау-ТВ" теле-радио компаниясына 58 861 060 теңге бөлген. Бұл үш ақпарат құралының да иесі бір: 32 жастағы Анна Васильевна Розинова. Ол 2016 жылы Forbes.kz Қазақстандағы ең ықпалды және бай адамдардың тізіміне қосып, дәулетін 105 миллион долларға бағалаған бизнесмен, "Иволга Холдинг" агрохолдингінің иесі Василий Розиновтың қызы. 2020 жылдың наурызында Қостанай облысының соты Василий Розиновті "алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен мүліктік залал келтіру" бабы бойынша айыпты деп танып, бас бостандығын 2,5 жылға шектеген. Сот отырыстарының бірінде В.Розинов активтердің бір бөлігін, оның ішінде ақпарат құралдарын қасақана балаларының атына аударған деп топшыланды. Ал 2020 жылдың маусымында апелляциялық сот алдыңғы қылмыстың мерзімі өтіп кетуіне байланысты алдыңғы инстанция шығарған үкімнің күшін жойды.

Қостанай облысының әкімдігі бұдан бөлек "Зеленое яблоко" аймақтық балалар басылымына 13 487 200 теңге, "Қостанай-Агро" аграрлық қоғамдық-саяси газетіне 36 234 016 теңге көлемінде мемлекеттік тапсырыс берген.

Қостанай әкімдігі бірқатар республикалық БАҚ-қа да тендер бөліп үлгерді. 10 454 000 теңгеге мемтапсырыс алған "Егемен Қазақстан" жыл аяғына дейін газеттің 10 454 шаршы сантиметрін Қостанай әкімдігінің жағымды имиджіне арнайды.

Қостанай әкімдігі жыл басынан бері Qazaqstan ұлттық арнасымен 107 486 886 теңге, "Хабар" агенттігімен 15 750 000 теңге, 24 979 320 теңге, "Время" басылымымен 26 660 000 теңге, nur.kz порталымен 9 013 760 теңге, zakon.kz порталымен 4 049 235 теңге және Adyrna порталымен 950 400 теңге көлемінде мемлекеттік тапсырысқа келісімшарт жасасты.

Ал осыдан бірнеше күн бұрын Қостанай әкімдігі мемлекетаралық "Мир" телерадиокоманиясының Қазақстандағы филиалымен 6 480 000 теңгеге келісімшарт жасасты. Техникалық ерекшелік құжатына сәйкес, мемлекетаралық "Мир" арнасы" бұл сомаға Қостанай облысының имиджін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар жайлы 1,5 минуттық 8 телерепортаж, және 10 минуттық 2 телебағдарлама әзірлейді.
Российский "Мир" и агромиллионер. Какие СМИ получают деньги костанайских налогоплательщиков

Телеграм-канал Ras aitamyn начинает рассказывать о тратах госорганов на свои “позитивные дела” и “имидж”. Во-первых, тема очень важная, так как чиновники берут наши деньги и, не спрашивая у нас, отдают их СМИ на “пропаганду деятельности” акимата или другого госоргана - то есть на то, что должны чиновники делать и без этого. Во-вторых, большие траты все еще идут во время пандемии, когда, казалось бы, должны сокращать расходы и отказываться от необязательных вещей и услуг.

Начнем с акимата Костанайской области. Здесь самый крупный тендер управление внутренней политики Костанайской области отдало ТОО “Редакция газеты “Костанай таны”. Эта газета получила 150 465 906 млн.тенге на размещение госзаказа. При этом тираж газеты “Костанай таны”, выходящей три раза в неделю, всего лишь 9108.
Примечательно, что 4 договора с этим изданием акимат заключил без проведения тендера - напрямую из одного источника, а по одному тендеру на сумму 134 047 287 тенге провели конкурс 25 февраля. По этому тендеру нужно осветить: послание президента, стратегию ”Қазақстан-2050", пять социальных инициатив и программу "Бақытты отбасы", “100 конкретных шагов”, госпрограмму по развитию знаний и науки, а также празднование 30-летия Независимости и госполитику в сфере межнациональных отношений. Кроме этого, нужно освещать о развитии агропредприятий области. В прошлом году ”Костанай таны” получила тендер на 132,4 млн. тенге.

Также областной акимат выделили бюджетные средства по тендеру: газете "Костанайские новости" (84,7 млн.тг.), радио “Караван новостей” (4,1 млн.тг.), телерадиокомпании "Алау-ТВ" (58,8 млн.тг.). Эти три издания принадлежат 32-летней Анне Васильевне Розиновой. Это дочь Василия Розинова - владельца крупнейшего в Казахстане агрохолдинга "Иволга холдинг", который в 2016 году, по данным Forbes.kz, вошел в топ самых богатых и влиятельных людей Казахстана. Его состояние оценили в 105 млн.долларов.

В марте 2020 года Василий Розинов “был признан виновным в причинении имущественного ущерба собственнику путем обмана и злоупотребления доверием при отсутствии признаков хищения”. Его осудили к двум с половиной годам ограничения свободы. Фактом,подтверждающим злой умысел, по версии обвинения, в марте 2014 года Василий Розинов переоформил часть активов на своих детей - в их числе ТОО “Костанайские новости”, ТОО “Алау ТВ” и ТОО “Караван новостей”. В июне 2020 года Розинов был освобожден от уголовной ответственности за сроком давности.

Акимат Костанайской области, кроме розиновских СМИ, дал бюджетные деньги по госзаказу детскому изданию "Зеленое яблоко" (13,4 млн.тг.) и аграрной газете "Қостанай-Агро" (36,2 млн.тг.).
Власти Костанайской области также не обделили бюджетными миллионами и республиканские СМИ. Газета "Егемен Қазақстан" на 10,4 млн.тенге должна обеспечить “информационное сопровождение мероприятий, направленных н формирование имиджа Костанайской области как динамично развивающегося региона”. При этом 10 454 кв.см.площади газеты должна быть отведена пропаганде деятельности областного акимата.

Также акимат Костанайской области заключил договора и выделил деньги по тендеру: телеканалу Qazaqstan (107,4 млн.тг.), агентству "Хабар" (15,7 млн.тг. и 24,9 млн.тг.), газете “Время” (26,6 млн.тг.), порталам Nur.kz (9 млн.тг.) и zakon.kz (4 млн.тг.) и Adyrna (950 тыс.тг.).
И наконец совсем недавно костанайский облакимат заключил соглашение с международной телерадиокомпанией “Мир” на сумму 6,4 млн.тенге. По техспецификации, филиал российского ТВ будет повышать имидж Костанайской области, отсняв 8 полутораминутных репортажей и две 10-минутных телепередачи.

Всего акимат Костанайской области, который возглавляет Архимед Мухамбетов, чтобы показать свою работу в СМИ, заключил договоры на 528 774 530 тенге. Эти деньги пойдут региональным, республиканским СМИ. И это только за 2,5 месяца 2021 года.
Астана әкімдігі пропагандаға жүздеген миллион жұмсамақ

Астанада коронавирус індеті өршіп жатқан тұста Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мемлекеттік бағдарламалар пропагандасы мен вируспен қалай күресіп жатқанын БАҚ-та насихаттау үшін бюджеттің 287,5 миллион теңгесін жұмсамақ.

"Мемлекеттік саясаттың әлеуметтік маңызды және басым бағыттарын іске асыру, оның ішінде коронавирус инфекциясымен күрес жайлы газетте және басылым сайтында ақпараттық материалдар әзірлеу" атты тендерді Нұр-Сұлтан қаласының активтер мен мемлекеттік сатып алу басқармасы жариялап ұйымдастырып жатыр, ал тапсырыс беруші – Нұр-Сұлтан қаласы ішкі саясат басқармасы.

Тендер орыстілді және қазақтілді басылымдарға арналған екі лоттан тұрады. 287 510 428 теңге орыстілді және қазақтілді басылымға теңдей бөлінбек.

Тендерді ұтып алған басылым ең алдымен елбасы, президент, парламент, үкімет, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен мәслихаттың жұмысы және президент жолдауындағы міндеттердің іске асып жатқанын насихаттайды. Сонымен қатар "денсаулық сақтау саласындағы (дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуін жақсарту, медициналық білім беруді модернизациялау) мемлекеттік саясаттың әлеуметтік маңызды және басым бағыттарын іске асыру мен елордада короновирус инфекциясына қарсы қабылданып жатқан іс-шараларды, қоғамдық сақтық шараларды, халықты вакцинациялауға ақпараттық қолдау" көрсетеді.

Өнім беруші тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен әбден жауыр болып, тізесі шыққан бағдарламалар – "Еңбек", "Нұрлы жер", "Нұрлы көш", "Рухани жаңғыру", т.б. жайлы мақалалар жариялайды.

Астана әкімдігіне түнеген көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі балалары бар аналардың алдына шығуға жарамаған, уәждерін тыңдамаған Көлгіновтің әкімдігі "Халықтың әлеуметтік осал топтарын, ана мен баланы қорғауға арналған шаралар" мен Тыңдаушы мемлекет" тұжырымдамасы жайлы материалдарға да тапсырыс беріпті.

Сонымен қатар ақпарат құралы былтыр Қордай жанжалынан кейін басы дауға қалып, сынға алынған Қазақстан халқы ассамблеясының іс-шаралары мен "Мәңгілік Ел" ұлттық патриоттық идеясын және азаматтық ұстаным бойынша қазақстандық бірегейлік пен бірлікті насихаттайды.

Өнім беруші ішкі саясат басқармасының тапсырысымен маалалар негізінде 10-30 секундтық бейнероликтер әәзірлеп, Youtube платформасында жариялайды.

Тендерге қатысатын басылымның бір жолғы таралымы – 5 000 данадан кем емес, жиілігі – аптасына 3 реттен кем емес, апталық таралымы - 15 000-нан кем емес, 8 беттен кем емес, форматы – D2 болуы тиіс. Бұл талаптарға әкімдікке қарасты "Elorda Aqparat" ЖШС-ға кіретін "Астана ақшамы" мен "Вечерняя Астана" басылымдары сай келеді. Бұл тендерді осы екі басылым алады деп топшылаймыз. Көлгіновтің әкімдігі пандемия басталғалы бері бір жылдың ішінде "Elorda Aqparat" ЖШС-ға 506 миллион теңге көлемінде тендер бөлген.

Жалпы, астана әкімдігі пандемия басталғалы бері пропагандаға 1,3 миллиард теңге жұмсаған.

Осылайша астана әкімдігі коронавируспен күресу үшін бюджеттің 684 мың доллардан астам қаржысын денсаулық сақтау саласы, төсек орындар қорына бағыттау орнына пропагандаға жұмсамақ.
Акимат Кульгинова потратит сотни миллионов на пропаганду

Акимат столицы решил направить 287,5 млн. тенге на пропаганду борьбы с коронавирусом. Для этого чиновники заказали услугу по “разработке информационных материалов в газете и на сайте печатного издания на госязыке о реализации социально-важных и приоритетных направлений государственной политики, в том числе меры принимаемые в столице в период борьбы с короновирусной инфекцией”.

Судя по формулировке “в том числе”, большая часть того, на что выделяют деньги, не связано с пандемией. Сегодня на основе свежего тендера мы рассказываем о практике, когда актуальную тему привязывают к заезженным темам, по которым и без того выделяются огромные средства.

Тендер, предназначенный для СМИ, заказало столичное управление внутренней политики. Издание-победитель должен написать материалы, разъясняющие госполитику, проводимую первым президентом, действующим президентом, парламентом, правительством, акиматом и маслихатом столицы, а также разъяснить послание Токаева народу. Напомним, что на такие цели бюджетные деньги давали до пандемии, во время пандемии (без привязки к коронавирусу) и, уверены, дадут и после пандемии.

На этом знакомые формулировки не заканчиваются. Вот к примеру “информационное сопровождение и разъяснение хода реализации программы “Рухани жаңғыру”, "Концепцию “Слышащего государства". Кажется, знакомые словосочетания.

Кроме них, победитель тендера должен освещать национальные праздники, государственные праздники, профессиональные и иные праздники, юбилейные и памятные даты, в том числе 30-летие Независимости.
Еще, по техспецификации тендера, СМИ должно рассказывать о мероприятиях “по защите социально-уязвимых слоев населения, материнства и детства”, что особенно актуально в свете митингов многодетных матерей, часто приходивших к акимату столицы. Но аким Кульгинов не выходил к ним.

Получатель тендера на 287 млн.также должен вспомнить и деятельность Ассамблеи народа Казахстана, подвергшуюся критике за “Кордайский конфликт”. СМИ, которое получит госзаказ, должно написать, как АНК работает “по продвижению и популяризации казахстанской идентичности и единства на принципе гражданства и общенациональной патриотической идеи “Мәңгілік Ел”.

Также услугодателю нужно привязать к теме борьбы с ковидом госпрограммы долгосрочного характера на 2020 – 2025 годы: по языковой политике, программы развития образования и науки, а также развития продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017 – 2021 годы: “Еңбек”, “Нурлы жол”, “Нурлы жер”. Да, программы, стартовавшие в 2017 году, также подошли в борьбе с COVID-20.

И наконец госпрограмма развития здравоохранения на “2020 – 2025 годы”, а также “информационное сопровождение реализации социально-важных и приоритетных направлений государственной политики в сфере здравоохранения”. Из конкретных вещей в техспецификации газетам нужно написать про “совершенствование лекарственного обеспечения, модернизация медицинского образования и в том числе меры принимаемые в столице в период борьбы с коронавирусной инфекцией, меры предосторожности населения, вакцинация населения”. По сути только этот абзац и относится к мерам по борьбе с коронавирусом, но на это вряд ли выделили бы 287 млн.тенге.
Всего с начала пандемии акимат Кульгинова на пропаганду госполитики потратил 1,3 млрд.тенге.

Поставщику услуг для победы в тендере нужно иметь разовый тираж – не менее 5000 экземпляров, периодичность – 3 раза в неделю не менее 15 000 экземпляров. Отметим, что данные требования подходят к газетам “Вечерняя Астана” и “Астана ақшамы”. Полагаем, что победителем станет собственник этих газет ТОО Elorda Aqparat, о котором Ras aitamyn писал ранее.

В итоге акимат столицы под соусом борьбы с коронавирусом намерен потратить 684 тысяч долларов на освещение того, что и так освещается. Возможно, если эти 287 млн.тенге направить на обеспечение лекарствами и увеличение коечных мощностей в госпиталях, пользы было бы больше.
Бір сюжетке – 1,1 млн теңге. Алматы әкімдігінің пропагандасы қанша тұрады?

Алматы әкімдігі коронавирус індеті өршігенде "Хабар" арнасындағы 3 минуттық сюжетке қанша төлегенін білесіздер ме?

Алматы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы былтыр төтенше жағдай бастала бергенде "Хабар" агенттігімен 22 млн теңгеге келісімшарт жасасты. "Хабар" осы ақшаға дайындаған сюжеттердің дені Сағынтаевтың қызметін насихаттайды. Ал мұндай бір сюжеттің құны шамамен миллион теңгеден асады. Мысалы, "мемлекет басшысы жолдауындағы аумақтық даму" туралы 3 минуттық сюжет (1,5 минуты орысша, 1,5 минуты қазақша) үшін бюджеттен 1 100 000 теңге төленген. Ал былтыр маусымда, Алматыда төсек орын мен дәрі-дәрмек жетпей жатқан уақытта шыққан 12 минуттық сюжет 4 400 000 теңгеге түскен.

Сағынтаев басқаратын әкімдік өздеріне қарасты қалалық “Almaty” телеарнасына да ақша аямаған. Былтыр наурызда төтенше жағдай кезінде әкімдік телеарнаға бірден 2,3 миллиард теңгенің тендерін бір-ақ берді. Төлем актісіне қарағанда, телеарна ай сайын әкімдіктен шамамен 240 млн теңге алып отырды.

Ал биыл қаңтарда әкімдік " Almaty" телерадиокомпаниясы" АҚ-мен 437 907 000 теңгеге келісімшарт жасасты. Бұл ақшаға қалалық телеарна Назарбаев, Тоқаев, парламент, үкімет, Алматы әкімдігі мен мәслихат жұмысын және мемлекеттік бағдарламаларды насихаттайды.

"Almaty" арнасы осы уақытқа дейін алған тендер бойынша екі есеп берген. 245,6 млн теңгенің тендері бойынша берген есепке қарағанда, бір сюжетке телеарна 729 845 теңге алған.

Ал жалпы, пандемия басталғалы бері "Almaty" телеарнасы әкімдіктен 2,8 миллиард теңгеге тендер алған.

Әкімдік өзіне қарасты "Вечерний Алматы" мен "Алматы ақшамы" басылымдарына да қамқорлық жасап, биыл қаңтарда конкурс өткізбей-ақ осы басылымдарының меншік иесі – Alatay Aqparat ЖШС-мен 112,7 миллион теңгеге бір көзден келісімшарт жасасты. Алматы әкімдігі өзіне қарасты басылымдарға 112,7 миллион теңгені небәрі екі айға берген, келісімшарттың мерзімі 28 ақпанда аяқталған.

Әкімдік бұл басылымдарға президент бастамалары мен мемлекеттік бағдарламалардың насихатына, әкімдік пен мәслихат қаулыларын көшіріп басқанға, тіпті отандық телеарналардың телебағдарлама кестесін жариялағанға ақша төлеген.
Пандемия басталғалы Алматы әкімдігі "Алматы ақшамы" мен "Вечерний Алматы" басылымдарына 479,3 миллион теңге тендер берген.

Сондай-ақ әкімдік "Qazaqstan" ұлттық арнасына конкурссыз 23,9 млн теңгенің тендерін берді. Ұлттық арна бұл ақшаға маусым айында індет өршіп, төсек орын мен дәрі-дәрмек жетпей жатқан кезде Сағынтаев пен Алматы СЭС-інің вируспен қалай күресіп жатқанын насихаттады.

Алматы әкімдігінен тендер алған басқа БАҚ:
"Effective Media Liaison" ЖШС (Tengrinews порталы) 37,9 млн.теңге

"Internet Portal Nur" ЖШС 37,4 млн.теңге

"ТРК "31 арна" ЖШС 30 млн.теңге

"Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігі" қоғамдық қоры 20,5 млн.теңге

Qamshy Media ЖШС 15,6 млн.теңге

"Компания "ЮрИнфо" ЖШС (Zakon.kz порталы) 13,8 млн.теңге

"ИА "NewTimes.kz" ЖШС 13,5 млн.теңге

"Инфополис" ЖШС (“Информбюро" порталы) 9,9 млн.теңге

"Рысбай-ЕЛ" ЖШС (Skifnews ) 8,5 млн.теңге

Kazakhstan Today Media Group ЖШС (Kazakhstan
Today) 7,8 млн.теңге

"Издательство "Время" ЖШС 5 млн.теңге

"АЙҚЫН-ЛИТЕР" ЖШС 4,9 млн.теңге

"Қазақ газеттері" ЖШС 4,4 млн.теңге

"Bugin Media" ЖШС (Bugin.kz) 3,5 млн.теңге

"Baribar Media" ЖШС 2,8 млн.тенге.

Әкімдік пандемия басталғалы бері пропагандаға 3,5 миллиард теңге жұмсаған. Бұл ақшаға қанша отбасыға баспана алып беруге болатынын білесіз бе?

Алматыда жаңа тұрғын үйдегі аумағы 52 шаршы метр екі бөлмелі пәтер 25 млн, ал 85 шаршы метр пәтер 45 млн тұрады. Әкімдік пропагандаға жұмсаған 3 580 394 435 теңгеге 143 екібөлмелі немесе 79 үшбөлмелі пәтер алуға болады. Бүгінде Алматыда пәтер кезегінде 25 мыңнан астам адам тұр. Алайда әкімдік әлеуметтік мәселелерді шешу орнына миллиардтаған ақшаны өзіне қарасты және үкіметті мақтайтын ақпарат құралдарына беріп отыр.
Миллион за сюжет о Сагинтаеве. Каким СМИ и сколько миллионов дает акимат Алматы

Сегодня телеграм-канал Ras aitamyn расскажет о тратах акимата Алматы на пропаганду госполитики и своей деятельности во время пандемии. Подробнее остановимся на госСМИ.

Начнем с агентства "Хабар", с которым в марте 2020 года в первую неделю действия режима ЧС акимат Алматы заключил договор на 22 млн.тенге на “Освещение деятельности местных исполнительных органов в Алматы и организация выпуска сюжетов о деятельности акимата Алматы”.

При этом во многих сюжетах замечается акцент на акиме Алматы Сагинтаеве:

“Объезд и проверка акимом Б.Сагинтаевым хода исполнения городских программ в Алатауском районе”,
“Объезд и проверка акимом Б.Сагинтаевым работ по благоустройству городу Алматы”,
“В г. Алматы под председательством акима города Бакытжана Сагинтаева проведено онлайн-совещание по вопросам противодействия коррупции”
Аким города Б.Сагинтаев ознакомился с ходом реализации проектов в Индустриальной зоне”
Проверка Акимом готовности к старту нового учебного года”.

Каждый из этих сюжетов в эфире “Хабара” длился три минуты (по 1,5 минуты на каз.и рус.яз.) и обошелся налогоплательщикам в 1 100 000 тенге.

Таким образом, вышедшие в июне прошлого года 4 сюжета с общим хроно в 12 минут обошлись бюджету в 4 400 000 тенге, а майские 8 сюжетов (24 мин.) - 8 800 000 тенге.

Также деятельность акимата Алматы освещала телерадиокорпорация "Казахстан". К примеру, тендер на 23,9 млн.тенге без конкурса в апреле 2020. На эти деньги телеканал делал сюжеты о том, как акимат и СЭС борется с распространением коронавируса, выводя на передний план работу Сагинтаева.

К примеру, в эфирной справке за июль 2020 года рапортовали о выходе в эфир видеоматериала “Аким посетил больницы и увидел, как решился вопрос нехватки мест”.

Сотни миллионов из бюджета получают городские госСМИ. К примеру, по договору с акиматом Алматы на 112,7 млн.тенге газеты “Алматы ақшамы” и “Вечерний Алматы”, принадлежащие ТОО Alatay Aqparat, должны провести целенаправленную пропаганду: Стратегии “Казахстан-2050”, послания Токаева, программы первого президента, “Рухани жаңғыру”, публиковать рекламно-имиджевые материалы и программы телеканалов (зачем дублировать в газету то, что за наши деньги показывают по ТВ?)
112 млн.тенге даны на два месяца - с 1 января до 28 февраля. Всего с начала пандемии у акимата Алматы договоры с ТОО Alatay Aqparat на 479,3 млн. тенге.

Еще в январе акимат подписал соглашение с телерадиокомпанией Almaty тоже на “госполитику”. Сумма договора, по акту оплаты, составляет 437 907 000 тенге.
Что нужно снять? Сюжеты и передачи на те же темы: госполитика Назарбаева, Токаева, акимата Алматы, послание президента, стратегия “Казахстан-2050”, “Рухани жаңғыру”, а также праздники, юбилейные даты.

Как указано в документе, услуга госканала “Алматы” обойдется налогоплательщикам в “729 845 тенге за одну единицу”, как мы поняли - за один сюжет. Всего с начала пандемии телеканал получил 2 813 947 998 тенге.

Среди других СМИ, получивших от акимата Алматы деньги налогоплательщиков:

ТОО "Effective Media Liaison" (портал Tengrinews.kz) 37,9 млн.тенге
ТОО "Internet Portal Nur" 37,4 млн.тенге
ТОО "ТРК "31 канал" 30 млн.тенге.
ОФ "Национально-этнографическое объединение"Адырна" 20,5 млн.тенге.
ТОО Qamshy Media 15,6 млн.тенге
ТОО "Компания "ЮрИнфо" (портал Zakon.kz) 13,8 млн.тенге.
ТОО "ИА "NewTimes.kz" 13,5 млн.тенге.
ТОО "Инфополис" (портал “Информбюро) 9,9 млн.тенге.
ТОО "Рысбай-ЕЛ" (сайты Skifnews ) 8,5 млн.тенге
ТОО Kazakhstan Today Media Group (издание Kazakhstan Today) 7,8 млн.тенге.
ТОО "Издательство "Время" 5 млн.тенге.
ТОО "АЙҚЫН-ЛИТЕР" 4,9 млн.тенге.
ТОО "Қазақ газеттері" 4,4 млн.тенге.
ТОО "Bugin Media" (Bugin.kz) 3,5 млн.тенге.
ТОО "Baribar Media" 2,8 млн.тенге.

Всего с начала пандемии акимат Алматы потратил на освещение (пиар) своей деятельности 3 541 847 998 тенге. На эти деньги можно купить 143 двухкомнатные и 79 трехкомнатные квартиры в Алматы, где самое дорогое жилье в стране.
Ras aitamyn pinned «Миллион за сюжет о Сагинтаеве. Каким СМИ и сколько миллионов дает акимат Алматы Сегодня телеграм-канал Ras aitamyn расскажет о тратах акимата Алматы на пропаганду госполитики и своей деятельности во время пандемии. Подробнее остановимся на госСМИ. Начнем…»
Ras aitamyn pinned «Миллион за сюжет о Сагинтаеве. Каким СМИ и сколько миллионов дает акимат Алматы Сегодня телеграм-канал Ras aitamyn расскажет о тратах акимата Алматы на пропаганду госполитики и своей деятельности во время пандемии. Подробнее остановимся на госСМИ. Начнем…»
Алматы әкімдігінің пропагандасы: Tengrinews, Zakon мен Nur.kz порталдарындағы ақпарат қанша тұрады?

Алматы әкімдігінен ондаған миллион тендер алатын басылымдар бұл ақшаға не жазып жүр? Ras Aitamyn үш порталдың әкімдіктен алған тендерді қалай игергенін зерттеп көрді.

Әкімдіктен былтыр 17,4 миллион теңге алған Nur.kz-тің жариялаған материалдары негізінен Сағынтаевтың қайда барып, не істеп, не қойғанына арналады. Портал көп ретте тақырыпқа Сағынтаевты қосып, әкімге басымдық береді:

“В Алматы посадили 30 дубов возле магазина Sulpak, где были вырублены деревья”

“Сагинтаев
проверил ход инфраструктурного развития Наурызбайского района”

“О доступности социальных объектов
рассказал Сагинтаев”

По поручению Сагинтаева жителей Наурызбайского района обеспечат чистой питьевой водой”

“В Алматы набирает популярность акция
"Носите маски"

“Вопросы алматинцев решаются в прямом эфире”

“Аким Алматы
о Послании президента: Это масштабный пакет для стимулирования экономики”

Жоғарыдағы әр ақпарат үшін әкімдік Nur.kz порталына 318 161 теңге төлеген.

Пандемия басталғалы Nur.kz Алматы әкімдігінен 37,4 млн.теңгеге тендер алды.

Ал Tengrinews “Алматы қаласындағы іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу және қаланың өзекті мәселелерін орыс тілінде жариялау" үшін былтыр әкімдіктен 17,9 миллион теңгеге тендер алды. Tengrinews бұл сомаға 50 материал дайындауы тиіс болған. Жалпы, пандемия басталғалы әкімдік бұл порталға 37,9 миллион теңге тендер берді.

Tengrinews.kz порталына шыққан бірнеше абзац ақпараттың ақысы Nur.kz-тен асып түседі. Мысалы, былтыр желтоқсанда "Алматының сары аймаққа кірген аудандары аталды" деген бір ақпарат үшін әкімдік порталға 333 328 теңге төлеген. Төмендегі қысқа ақпараттардың құны да дәл сондай:

“Журналистам показали дезинфекцию ковидного госпиталя за 5 миллиардов тенге в Алматы”

“Названы
сроки завершения строительства развязок и пробивки улиц в Алматы”

“Алматинские
водители нарушили ПДД на 4,5 миллиарда тенге - Сагинтаев”

“Когда начнут
строить линию БРТ и проект LRT в Алматы, рассказал Сагинтаев”

Қызығы, әкімдік тендер берген басылымдар кейде тіпті бір-бірінің тақырыбын айна-қатесіз қайталайды:

Tengrinews.kz: “Сагинтаев проверил темпы благоустройства Медеуского района”
Nur.kz: Бакытжан Сагинтаев проверил темпы благоустройства Медеуского района

Nur.kz: Сагинтаев: Жилищное строительство показывает хорошую динамику
Tengrinews.kz: Сагинтаев: Жилищное строительство показывает хорошую динамику

Екі портал Сағынтаевтың Медеу ауданына барғанын жазу үшін әкімдік бюджеттің 651 489 теңгесін жұмсады.

Былтыр әкімдіктен 13,8 миллион теңге тендер алған Zakon.kz те материалдарында Сағынтаевтың қайда барып, не істеп, не қойғанын тізіп шыққан.

“Сагинтаев призвал акимов районов
пересаживаться в стеклянные кабинеты”

“Сагинтаев
о переходе ТЭЦ на газ: необходимо подождать”

“Сагинтаев
ознакомился с проектами по организации досуга для детей”

Қызығы, Zakon әкім орынбасары Ержан Бабақұмаровтың қызметін де насихаттаған:

Бабакумаров провел встречу с лидерами религиозных объединений Алматы”

Бабакумаров посетил Центр адаптации несовершеннолетних в Алматы”

Zakon-ға шыққан Сағынтаев пен әкімдік жайлы әр ақпараттың құны – 89 285 теңге.
Zakon, Tengrinews пен Nur былтыр жазда індет өршіп, дәрі-дәрмек пен ауруханада төсек орын жетпей жатқан уақытта мемтапсырысты белсенді орындап, әкімдіктің халықты тыныштандыруға арналған мәлімдемелерін көптеп жариялаған:

Nur.kz: “В Алматы поступило больше 1 млн парацетамола”
Zakon.kz: “Сагинтаев о лекарствах: Нет поводов для паники”

Nur.kz: “На средства акимата Алматы в стабфонд
доставили новую партию лекарств от COVID-19”

Zakon.kz: Сагинтаев рассказал о мерах по повышению доступности лекарств в аптеках.

Биыл әкімдік Nur.kz порталымен 19 999 980 теңгеге, Tengrinews.kz порталымен 19 999 700 теңгеге келісімшарт жасасты. Енді бұл порталдар тағы да бюджет ақшасына Сағынтаев пен әкімдік қызметін насихаттамақ.