DATA HUB Қазақша – Telegram
DATA HUB Қазақша
197 subscribers
702 photos
1 video
392 links
DATA HUB Powered by FCBK

Қаржылық, қаржыға жақын және әлеуметтік тақырыптар бойынша ең өзекті деректері бар аналитикалық арна.
Осында барлық нарықтық талдаулар бар.

Иесі – Бірінші кредиттік бюро.

Байланысу үшін - @DataHubFCBK_bot
Download Telegram
❗️❗️❗️Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,50%-ға дейiн төмендеттi
🔥2🥰1
DATA HUB Қазақша
❗️❗️❗️Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,50%-ға дейiн төмендеттi
Әдеттегідей, Ұлттық банк мөлшерлеме бойынша өз шешіміне қандай түсініктеме бергенін көрейік:

🔸Бастысы: болжамға сәйкес, жылдық мәндегі бағаның өсуі баяулап барады, маусымдық факторлар ескерілмеген және базалық инфляция екінші ай қатарынан бәсеңдеп келеді.

🔸Ұлттық банк сыртқы инфляциялық жағдайды бейтарап күйде деп санайды: азық-түліктің әлемдік бағасы, негізінен, төмендеуде, ал шетелдік реттеушілердің ақша-кредит саясаты өте қатал болып қала береді.

🔸Екінші жағынан, қазақстандықтардың инфляциялық болжамдары өсімге көше бастады: адамдар су тасқыны мәселелерімен және коммуналдық тарифтердің өсуімен байланыстырады. Айтпақшы, Ұлттық банктің өзі фискалдық ынталандырумен және тұрақты ішкі сұраныспен қатар ТКҚ реформасын да проинфляциялық фактор деп санайды.

📚 БАЗАЛЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕ ДЕГЕН НЕ?

Жалпы, базалық мөлшерлемеге неге көп көңіл бөлінетінін еске салайық. Егер жеңілдететін болса, онда экономикадағы ақшаның құны, халық пен бизнес үшін несиелер мен депозиттер бойынша мөлшерлемелер деңгейі осы мәнге байланысты болады.

🏦Шамалап айтсақ, жалпы жоғары мөлшерлемемен несие алу - қымбат, ал сақтау - тиімді, яғни экономикалық және тұтынушылық белсенділік баяулайды, ал сұраныс төмендейді және бағаның өсуіне ықпал етпейді. Егер мөлшерлеме төмен болса, онда керісінше: көбірек тұтынуға дайын боламыз және бағамен бірге сұранысты арттырамыз.

⚖️Сондықтан орталық банктер базалық мөлшерлеме туралы шешім қабылдағанда экономикалық белсенділікті ынталандыру, соның ішінде бизнес үшін тым қымбат емес несиелер мен инфляцияны тежеу арасындағы тепе-теңдікті ұстануы тиіс.

🎯Сонымен бірге кейбір экономикаларда, соның ішінде бізде де, реттеуші бағаның өсу көрсеткішін белгілі бір деңгейге келтіру мақсатын ұстанады. Біздің жағдайда бұл деңгей 5%-ды құрайды. Қазір бұған дейін әлі біраз бар, сондықтан Ұлттық банк әзірге базалық мөлшерлемені салыстырмалы түрде жоғары деңгейде сақтайтынын айтады.

Екінші жағынан, жақын арадағы көріністе саясатты аздап жеңілдетуге де болады, тек инфляция өзінің тұрақты бөлігінде бірқалыпты баяулап отыруы қажет.

@DataHUB_KZ
👍21🥰1
Теңгенің доллар мен еуроға қатысты бағамы бір жарым айда ең төменгі деңгейге дейін түсіп бара жатыр

Ұлттық валюта бағамы бүгінгі базалық мөлшерлеменің төмендеуі аясында екі әлемдік бағамға қатысты түсуде. Ресми түрде Ұлттық банк демалыс күндеріне келесі мәндерді белгіледі:

🔸Доллар бағамы – 447,25 тг, бұл 19 сәуірден бері ең жоғары мән. Американдық валютаға өткен аптамен салыстырғанда 4,09 тг немесе 0,9% қосылады.
🔸 Еуро бағамы 485,18 тг болып белгіленді. Бұл бір апта бұрынғыға қарағанда 4,79 тг және 1%-ға жоғары. Қазіргі мәні - 11 сәуірден бері ең жоғары көрсеткіш.
🔸 Рубль - 4,96 тг, бұл өткен демалыс күндеріне қарағанда 0,02 тг және 0,4%-ға көп. Екінші жағынан, Ресей валютасы сейсенбіде болған 5 тг деңгейінен сәл алыстап кетті.

@DataHUB_KZ
👍1🥰1
Бүгін бүкіл әлемде балаларды қорғау күні атап өтілуде. Мерекеге орай кішкентай қазақстандықтар туралы қызықты деректер дайындадық👇

🔸Еліміздегі әрбір үшінші тұрғын - бала. Дәлірек айтсақ, 2024 жылдың 1 қаңтарында халықтың жалпы санындағы балалардың үлесі 34%-ға (6,8 млн адам) тең болды. Алайда әр аймақта көрсеткіш әр түрлі. Әсіресе, ұлттық құрамы біркелкі аймақтарда жоғарылау. Алдыңғы қатарда - Түркістан (43%), Маңғыстау (42%) облыстары мен Шымкент (41%).

🔸Ал жаңа туған ұл балалардың ата-аналарының арасында 2023 жылы түбірі араб-түркі тілдерінен шыққан Әлихан есімі танымал болды. Бірнеше аудармасы бар: "Құдайдың арыстаны", "Құдайдың билеушісі", "ұлы хан". Қыздарға, көбінесе, Медина деген арабша есім қойылды, бұл сөз “қала" деп аударылады.

🔸Қазақстанда туғандағы күтілетін өмір сүру ұзақтығы өсіп келеді. 2023 жылы ол кем дегенде 25 жыл ішінде ең жоғары деңгейге жетті – 75,09 жыл. Бұл ретте қыздар ұлдарды 8 жылға басып озды – сәйкесінше, 79,06 және 70,99 жас.

🔸2024 жылы 1 қаңтарда сәбилер, яғни бір жасқа дейінгі балалар, кішкентай қазақстандықтардың жалпы санының 6%-ын құрады - 384,8 мың адам. Мектепке дейінгі жастағы балалар (1 жастан 5 жасқа дейін) 30% тиесілі болды - 2,06 млн адам. Бастауыш сынып оқушыларының үлесі (6 жастан 9 жасқа дейін) 23% немесе 1,57 млн адамды, жасөспірімдердікі (10 жастан 14 жасқа дейін) 27% немесе 1,84 млн адамды құрады. Тиісінше, тағы 15%-ды 15 пен 17 жас аралығындағы қыздар мен ұлдар құрады - 0,96 млн адам.

🔸2021 жылғы санақ деректері бойынша қазақстандық отбасылардың жартысынан астамы балалы - 5,6 млннан 3,2 млн отбасы. Бір немесе екі балалы отбасылар (2,3 млн) 72%-ды, ал үш және одан да көп балалылары (0,9 млн) 28%-ды құрайды. Тек ата-ана мен балалардан тұратын отбасы саны - 1,8 млн. Оларда балалардың 60%-ы немесе 3,9 млн бала тұрады.

🔸Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жағдайы жақсарып келеді. Егер 2018 жылы 100 орынға 105,8 бала келсе, 2022 жылы 89,3 болды. Мектепке дейінгі ұйымдарда барлығы 1,1 млн орын болды.

🔸2022 жылы үш жастан алты жасқа дейінгі балаларды оқытумен қамту 88,3%-ды (1,7 млн адам), жетіден 17 жасқа дейінгі балаларды қамту 96%-ды (3,7 млн адам) құрады. Қосымша біліммен 1,1 млн бала қамтылды. Үйірмелер мен секциялар арасында бала саны жағынан спорттық бағыт көш бастады - 1,3 млн бала. Сондай-ақ 223 мың бала шахмат және дойбымен, 198 мың бала футболмен, 180 мың бала ұлттық ойындармен айналысқан.

@DataHUB_KZ
3🥰1
Тіс дәрігерлерінің тоқсандық табысы екі жыл ішінде рекордты жаңартты

I тоқсанда стоматологиялық қызмет көрсетуден түскен табыс 40 млрд тг құрады. Бұл бір жыл бұрынғыдан 31%-ға көп және екі жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткіш.

Көрсеткіш үнемі дерлік өсіп отыратынын ескерсек, қазіргі мән рекордтық ең жоғары деңгейге жетуі мүмкін еді. Бірақ неге олай болмады? 2021 жылы халыққа зейнетақы жинақтарын алуға рұқсат етілді, қаражатты алудың бір мақсаты емделу еді. Бастапқыда бұл стоматологиялық қызметтер нарығына септігін тигізбеді. Алайда жеткіліктілік шегі көтерілердің алдында сұраныс күрт артты. Нәтижесі - 2022 жылдың I тоқсанында тіс дәрігерлерінің табысы шарықтап кетті 65,2 млрд тг құрады.

Тіс дәрігерлерінің табысының тұрақты түрде өсуін стоматологиялық қызмет бағасының тез көтерілуімен де түсіндіруге болады. Сонымен 2023 жылы олар 11,4%-ға қымбаттады, бұл жалпы инфляциядан 1,6 п.т. жоғары.

Мемлекет халыққа стоматологиялық қызметті төлеуге сирек көмектесетінін қоса кетейік. Оның жалпы шығындардағы үлесі - 9% (3,5 млрд тг).

ҚР СЖРА ҰСБ деректері
👍21🥰1
👍1🥰1
Қуаныш ұзаққа созылмады... Теңге долларға қатысты бірнеше ай бойы нығайғаннан кейін әлсірей бастады

Мамырдың қорытындысы бойынша американдық валютаның ресми бағамы ұлттық валютаға қатысты 1,2%-ға немесе 5,2 тг, 447,25 тг дейін өсті. ҚР ҰБ деректері бойынша бұған дейінгі жеті айдың алтауында, яғни ақпаннан басқасында, қазаннан сәуірге дейін төмендей берген.

Алғашында теңгенің әлсіреуі ештеңені білдірмеді. 7 мамырда доллар 2023 жылдың 9 наурызынан бастап ең төменгі деңгейге түсіп, айдың ортасына дейін осы деңгейде қалды. Бірақ содан кейін өсу байқала бастады және соңғы күндері қарқыны күшейді. Нәтижесінде, американдық валюта 1,5 айдағы ең жоғары деңгейге жетті.

Жалпы теңге бағамына көптеген факторлар әсер етеді. Солардың бірі - Ұлттық қордан валюта сату. Мамырда ол 24%-ға, айдан айға $800 млн дейін төмендеді, ал БЖЗҚ үшін валютаны сатып алу сол деңгейде қалды - $500 млн. Сату көлемі бұдан былай да төмендейтін сияқты. Маусымда валютаны сату бойынша жоспар $350-450 млн құрайды, ал сатып алу - $250-350 млн. Мұның теңгеге қолдау көрсетуі екіталай. Алайда, қазір ол жыл басындағыға қарағанда нығайған.

@DataHUB_KZ
👍1🥰1
👍1🥰1
«Сенбейтін боларсыз» атты айдарымыздағы жаңалықпен бөлісейік. Қазақстанда - азық-түлік дефляциясы.

Мамырда сәуірмен салыстырғанда азық-түлік тауарлары 0,2%-ға арзандады. ҚР СЖРА ҰСБ деректеріне сүйенсек, 2020 жылдың тамызынан бері мұндай жағдай байқалмаған болатын.

Бағаның төмендеуін ішінара маусымдық кезеңмен байланыстыруға болады. Сонымен, қияр 29% –ға, қырыққабат 19,1%–ға, қызанақ 15,4%–ға, жұмыртқа 9,8%-ға қол жетімді болды. Сонымен қатар қарақұмық (-3,3%), күнбағыс майы (-2,1%) арзандады. Айтпақшы, өндірісі баяулап бара жатқан қант бағасының бір айлық өзгеруі туралы ресми статистика тіс жармай отыр.🤨

Азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер бағытында дефляция туралы сөз жоқ. Бір айда біріншісі 0,5%–ға (-0,2 п.т.), екіншісі 1%-ға (+0,3 п.т.) қымбаттады. Нәтижесінде, айлық инфляция 0,4% деңгейінде қалыптасып, сәуірге қарай 0,2 п.т. баяулады. Бағаның қазіргі өсу қарқыны 2020 жылдың қыркүйегінен бері ең төмені болып табылады.

Жылдық инфляция туралы айтпай қайда барамыз? Қазіргі мәні - 8,5%. Дәл осындай төмен деңгейде ол соңғы рет 2022 жылдың қаңтарында болған еді.

@DataHUB_KZ
👍2🥰1
👍1🥰1
Ұлттық банктің қазақстандық ЕДБ сәуір айын қалай өткізгені туралы деректері келіп жетті. Сонымен, маңызды ақпараттарды қысқаша түрде атап өтейік:

🔸Барлық ЕДБ оң нәтижемен жұмыстарын жалғастыруда, жүйеде шығынға ұшыраған ұйымдар жоқ. 4 айдағы жалпы пайда 776,7 млрд тг құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға артық.

🔸Жиынтық активтер 2024 жылы екінші рет төмендеп тұр, алайда жүйедегі төмендеуі аса көп емес – 1%-дан аз. Қазіргі көрсеткіші - 52,4 трлн тг.

🔸 Бұл орайда несие портфелі бір айда +1,5%-ға өсті, қазіргі деңгейі 30,7 трлн тг жетіп тұр.

🔸 Жүйе бойынша жеке тұлғалардың салымдарының көлемі, жалпы алғанда, аздап өскен (+1%, 20,5 трлн-ға дейін), ал заңды тұлғалардікі 3,44%-ға, шамамен 15 трлн-ға дейін төмендеген. Бір қызығы, сәуірде бизнестің тартылатын депозиттері бойынша орташа алынған мөлшерлеме аз да болса өскен, ал жеке тұлғалар сегментінде төмендеген.

Банктер туралы толығырақ ақпарат - суреттерде.

@DataHUB_KZ
2👍1🥰1
ҚР-да доллармен орташа жалақы 30 жыл ішінде ең жоғары деңгейге жетті (иә, әрине, нюанстары бар)

Бүгін ҚР СЖРА ҰСБ еңбекақы төлеу көрсеткіштері бойынша жылдық деректерді жариялады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша, жалпылама, орташа жалақы 364,3 мың тг деңгейінде болды. Доллармен есептегенде ол ресми түрде 798 долларға жетті - сегіз жүздік психологиялық межеге екі доллар ғана жетпей қалды.

Номиналды түрде қазіргі деңгейі статистикада көрсетілген 1993 жылдан бері барлық кезеңдегі ең жоғары деңгей болып табылады. Бұдан бұрын ең жоғары деңгей 2013 жылы, курс еркіне жіберілмеген кезде тіркелген еді. Ол кезде доллардағы жылдық көрсеткіш $717 болды, яғни қазіргі мән 11%-ға жоғары.

Бірақ содан бері доллар біршама құнсызданғанын ұмытпайық. Толық көрініс үшін түсіндіре кетейік: АҚШ-тың осы валютасындағы "өзінің туған" тұтынушылық инфляция бойынша қайта есептесек, 2013 жылдың желтоқсанындағы бұл $717, шамамен, 2023 жылдың желтоқсанындағы $944 тең болады.

Мұндай межеге дейін бізге әлі де алыс. Бірақ динамика 2022 жылмен салыстырғанда жақсырақ - плюс 19%. Бұл 2007 жылдан бері ең жақсы қарқын, бірақ жақында ғана, яғни 2021 жылы, нәтиже осы шамалас болды, +18%.

@DataHUB_KZ
2👍1🥰1
DATA HUB Қазақша
ҚР-да доллармен орташа жалақы 30 жыл ішінде ең жоғары деңгейге жетті (иә, әрине, нюанстары бар) Бүгін ҚР СЖРА ҰСБ еңбекақы төлеу көрсеткіштері бойынша жылдық деректерді жариялады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша, жалпылама, орташа жалақы 364,3 мың тг деңгейінде…
Тағы да жалақы туралы. Бізде бұл салада қай аймақ гендерлік теңдікке қол жеткізе бастағанын білесіз бе?

Жетісуда. ҚР СЖРА ҰСБ деректері бойынша 2023 жылы әйелдердің орташа жалақысы 269 мың тг, ерлердікі 270 мың тг құраған.

Тек жарты пайызға ғана артта қалған. Ал жалпы ҚР бойынша әйелдердің орташа жалақысы ерлердің жалақысының 74%-на тең.

Әсіресе, Атырау және Маңғыстау облыстарында әйелдердің көрсеткіштері ерлердікіне қарағанда екі есе төмен. Бұл аймақта жалақыны белгілі бір сектор көтеріп тұр - өндіруші өнеркәсіп, мұнда 10 қызметкердің 8-і ер адам.

Ал Жетісуда қалай? Мұндағы теңдіктің себебі, сірә, жалақының мүлдем төмен болуынан: жынысына қарамастан аймақтар рейтингінде 20-дан 18-орынды иеленіп тұр. Ерлердің көрсеткіштері бойынша облыс - соңғы орында, ал әйелдердікі бойынша - 16-орында.

Ерлер рейтингінде көшбасшылар қатарында Атырау облысы, әйелдер рейтингінде Астана тұр. Бұл орайда батыста ерлердің және Астанада әйелдердің орташа саны арасында үлкен айырмашылық бар екенін ескерген жөн.

@DataHUB_KZ
👍2🥰1
Қытай жүктерінің Қазақстан арқылы ЕО-ға транзиті екі есеге жуық төмендеді

2023 жылы көлемі 975,5 мың тоннаны* құрады және 45%-ға төмендеді (жылдан жылға). ҚР ҚМ МКК деректеріне сүйенсек, қазіргі мәні төрт жылдағы ең төмені болып тұр.

Қытай екінші жыл қатарынан Қазақстан арқылы ЕО-ға жөнелтуді азайтқан. Ал осыдан бірнеше жыл бұрын ғана көрсеткіші қарқынды түрде өсіп отырған еді. 2014 жылдан 2021 жылға дейін жыл сайын, орта есеппен, 195% қосты...

Бұған қарамастан, Қытай Қазақстанның логистикалық мүмкіндіктеріне деген қызығушылығын мүлдем жоғалтып алды деп айтуға болмайды. Тіпті, бәрі керісінше. Бір жылда ол жақтан келетін транзиттік жүктердің жалпы көлемі үштен бір есе, 12,6 млн тоннаға дейін өсті. Бұл ретте өсімнің негізгі бөлігі екі межелі елге тиесілі болды – Ресей мен Өзбекстан. Олар бірге 60%-ды құрады, яғни 7,5 млн тонна.

Жалпы, Қытай Қазақстанның кедендік статистикасында көрініс табатын транзиттік жүктерді жөнелтетін жалғыз ел емес. Алайда, қалғандарының барлығы біріккеннің өзінде көрсеткіштері әлдеқайда аз - 6 млн тонна.

*барлық көлік түрлері, брутто

@DataHUB_KZ
1👍1🥰1
👍2🥰1
DATA HUB Қазақша
Қытай жүктерінің Қазақстан арқылы ЕО-ға транзиті екі есеге жуық төмендеді 2023 жылы көлемі 975,5 мың тоннаны* құрады және 45%-ға төмендеді (жылдан жылға). ҚР ҚМ МКК деректеріне сүйенсек, қазіргі мәні төрт жылдағы ең төмені болып тұр. Қытай екінші жыл қатарынан…
Транзиттік жүк тасымалы тақырыбын жалғастырайық. Кеше біз жүктері Қазақстан шекарасын кесіп өтетін басты жөнелтуші Қытай екенін білдік. Нақтырақ айтсақ, ол, ЕАЭО-ны қоспағанда, барлық елдер көлемінің үштен екісін құрайды - 12,6 млн т.

📍Қытай Қазақстан арқылы нақты не тасымалдайтынын дәл айта алмаймыз, мұндай деректер жоқ. Алайда шамамен анықтауға жалпы көрініс көмектесе алады.

Сонымен біздегі ақпараттар қандай?

2023 жылы транзиттік жүктердің* жалпы көлеміндегі ең елеулі үлес көлік құралдарына** тиесілі болған - 20% немесе 3,7 млн т. Бір қызығы, ол бір жылда екі есеге өскен (2022 жылы 10% немесе 1,6 млн т болды). Көлік құралдары деп, ең алдымен, жүк автомобильдерін (1,3 млн т), жеңіл автомобильдерді (0,8 млн т), сондай-ақ тракторларды (0,6 млн т) атайтынын ескерген жөн.

👉Сонымен қатар келесі ірі тауар топтары өздеріне назар аудартады:

🔸бағалы емес металдар - 11% (2 млн т);
🔸көліктер – 11% (2 млн т);
🔸пластмасса - 10% (1,8 млн т);
🔸өсімдіктер мен жануарлардан алынатын өнімдер - 9% (1,7 млн т);
🔸текстиль - 8% (1,4 млн т);
🔸химиялық өнім - 7% (1,3 млн т).

Аталған сегменттер барлық транзиттің 75%-ын алып тұр. Тиісінше, қалғандары тағы 25%-ды құрайды. Таң қалуыңыз мүмкін, бірақ басқалармен қатар оларға қару-жарақ пен оқ-дәрілер (186 т) кіреді.

ҚР ҚМ МКК деректері

* Келтірілген есептеулер жүк жөнелтуші ретінде ЕАЭО елдері ескерілмеген деректер бойынша жасалған

** Осы жерде және әрі қарай ірі тауар топтарының атаулары қысқартылған немесе жеңілдетілген түрде берілген. СЭҚ ТН нақты кодтары тура тәртіппен аталған: 86-89, 72-83, 84-85, 39-40, 01-05, 06-15, 50-63, 28-38, 93.


@DataHub_KZ
🥰31