Қуаныш ұзаққа созылмады... Теңге долларға қатысты бірнеше ай бойы нығайғаннан кейін әлсірей бастады
Мамырдың қорытындысы бойынша американдық валютаның ресми бағамы ұлттық валютаға қатысты 1,2%-ға немесе 5,2 тг, 447,25 тг дейін өсті. ҚР ҰБ деректері бойынша бұған дейінгі жеті айдың алтауында, яғни ақпаннан басқасында, қазаннан сәуірге дейін төмендей берген.
Алғашында теңгенің әлсіреуі ештеңені білдірмеді. 7 мамырда доллар 2023 жылдың 9 наурызынан бастап ең төменгі деңгейге түсіп, айдың ортасына дейін осы деңгейде қалды. Бірақ содан кейін өсу байқала бастады және соңғы күндері қарқыны күшейді. Нәтижесінде, американдық валюта 1,5 айдағы ең жоғары деңгейге жетті.
Жалпы теңге бағамына көптеген факторлар әсер етеді. Солардың бірі - Ұлттық қордан валюта сату. Мамырда ол 24%-ға, айдан айға $800 млн дейін төмендеді, ал БЖЗҚ үшін валютаны сатып алу сол деңгейде қалды - $500 млн. Сату көлемі бұдан былай да төмендейтін сияқты. Маусымда валютаны сату бойынша жоспар $350-450 млн құрайды, ал сатып алу - $250-350 млн. Мұның теңгеге қолдау көрсетуі екіталай. Алайда, қазір ол жыл басындағыға қарағанда нығайған.
@DataHUB_KZ

👍1🥰1
«Сенбейтін боларсыз» атты айдарымыздағы жаңалықпен бөлісейік. Қазақстанда - азық-түлік дефляциясы.
Мамырда сәуірмен салыстырғанда азық-түлік тауарлары 0,2%-ға арзандады. ҚР СЖРА ҰСБ деректеріне сүйенсек, 2020 жылдың тамызынан бері мұндай жағдай байқалмаған болатын.
Бағаның төмендеуін ішінара маусымдық кезеңмен байланыстыруға болады. Сонымен, қияр 29% –ға, қырыққабат 19,1%–ға, қызанақ 15,4%–ға, жұмыртқа 9,8%-ға қол жетімді болды. Сонымен қатар қарақұмық (-3,3%), күнбағыс майы (-2,1%) арзандады. Айтпақшы, өндірісі баяулап бара жатқан қант бағасының бір айлық өзгеруі туралы ресми статистика тіс жармай отыр.🤨
Азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер бағытында дефляция туралы сөз жоқ. Бір айда біріншісі 0,5%–ға (-0,2 п.т.), екіншісі 1%-ға (+0,3 п.т.) қымбаттады. Нәтижесінде, айлық инфляция 0,4% деңгейінде қалыптасып, сәуірге қарай 0,2 п.т. баяулады. Бағаның қазіргі өсу қарқыны 2020 жылдың қыркүйегінен бері ең төмені болып табылады.
Жылдық инфляция туралы айтпай қайда барамыз? Қазіргі мәні - 8,5%. Дәл осындай төмен деңгейде ол соңғы рет 2022 жылдың қаңтарында болған еді.

👍2🥰1
Ұлттық банктің қазақстандық ЕДБ сәуір айын қалай өткізгені туралы деректері келіп жетті. Сонымен, маңызды ақпараттарды қысқаша түрде атап өтейік:
🔸Барлық ЕДБ оң нәтижемен жұмыстарын жалғастыруда, жүйеде шығынға ұшыраған ұйымдар жоқ. 4 айдағы жалпы пайда 776,7 млрд тг құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға артық.
🔸Жиынтық активтер 2024 жылы екінші рет төмендеп тұр, алайда жүйедегі төмендеуі аса көп емес – 1%-дан аз. Қазіргі көрсеткіші - 52,4 трлн тг.
🔸 Бұл орайда несие портфелі бір айда +1,5%-ға өсті, қазіргі деңгейі 30,7 трлн тг жетіп тұр.
🔸 Жүйе бойынша жеке тұлғалардың салымдарының көлемі, жалпы алғанда, аздап өскен (+1%, 20,5 трлн-ға дейін), ал заңды тұлғалардікі 3,44%-ға, шамамен 15 трлн-ға дейін төмендеген. Бір қызығы, сәуірде бизнестің тартылатын депозиттері бойынша орташа алынған мөлшерлеме аз да болса өскен, ал жеке тұлғалар сегментінде төмендеген.
Банктер туралы толығырақ ақпарат - суреттерде.

❤2👍1🥰1
ҚР-да доллармен орташа жалақы 30 жыл ішінде ең жоғары деңгейге жетті (иә, әрине, нюанстары бар)
Бүгін ҚР СЖРА ҰСБ еңбекақы төлеу көрсеткіштері бойынша жылдық деректерді жариялады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша, жалпылама, орташа жалақы 364,3 мың тг деңгейінде болды. Доллармен есептегенде ол ресми түрде 798 долларға жетті - сегіз жүздік психологиялық межеге екі доллар ғана жетпей қалды.
Номиналды түрде қазіргі деңгейі статистикада көрсетілген 1993 жылдан бері барлық кезеңдегі ең жоғары деңгей болып табылады. Бұдан бұрын ең жоғары деңгей 2013 жылы, курс еркіне жіберілмеген кезде тіркелген еді. Ол кезде доллардағы жылдық көрсеткіш $717 болды, яғни қазіргі мән 11%-ға жоғары.
Бірақ содан бері доллар біршама құнсызданғанын ұмытпайық. Толық көрініс үшін түсіндіре кетейік: АҚШ-тың осы валютасындағы "өзінің туған" тұтынушылық инфляция бойынша қайта есептесек, 2013 жылдың желтоқсанындағы бұл $717, шамамен, 2023 жылдың желтоқсанындағы $944 тең болады.
Мұндай межеге дейін бізге әлі де алыс. Бірақ динамика 2022 жылмен салыстырғанда жақсырақ - плюс 19%. Бұл 2007 жылдан бері ең жақсы қарқын, бірақ жақында ғана, яғни 2021 жылы, нәтиже осы шамалас болды, +18%.

DATA HUB Қазақша
ҚР-да доллармен орташа жалақы 30 жыл ішінде ең жоғары деңгейге жетті (иә, әрине, нюанстары бар) Бүгін ҚР СЖРА ҰСБ еңбекақы төлеу көрсеткіштері бойынша жылдық деректерді жариялады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша, жалпылама, орташа жалақы 364,3 мың тг деңгейінде…
Тағы да жалақы туралы. Бізде бұл салада қай аймақ гендерлік теңдікке қол жеткізе бастағанын білесіз бе?
Жетісуда. ҚР СЖРА ҰСБ деректері бойынша 2023 жылы әйелдердің орташа жалақысы 269 мың тг, ерлердікі 270 мың тг құраған.
Тек жарты пайызға ғана артта қалған. Ал жалпы ҚР бойынша әйелдердің орташа жалақысы ерлердің жалақысының 74%-на тең.
Әсіресе, Атырау және Маңғыстау облыстарында әйелдердің көрсеткіштері ерлердікіне қарағанда екі есе төмен. Бұл аймақта жалақыны белгілі бір сектор көтеріп тұр - өндіруші өнеркәсіп, мұнда 10 қызметкердің 8-і ер адам.
Ал Жетісуда қалай? Мұндағы теңдіктің себебі, сірә, жалақының мүлдем төмен болуынан: жынысына қарамастан аймақтар рейтингінде 20-дан 18-орынды иеленіп тұр. Ерлердің көрсеткіштері бойынша облыс - соңғы орында, ал әйелдердікі бойынша - 16-орында.
Ерлер рейтингінде көшбасшылар қатарында Атырау облысы, әйелдер рейтингінде Астана тұр. Бұл орайда батыста ерлердің және Астанада әйелдердің орташа саны арасында үлкен айырмашылық бар екенін ескерген жөн.

Қытай жүктерінің Қазақстан арқылы ЕО-ға транзиті екі есеге жуық төмендеді
2023 жылы көлемі 975,5 мың тоннаны* құрады және 45%-ға төмендеді (жылдан жылға). ҚР ҚМ МКК деректеріне сүйенсек, қазіргі мәні төрт жылдағы ең төмені болып тұр.
Қытай екінші жыл қатарынан Қазақстан арқылы ЕО-ға жөнелтуді азайтқан. Ал осыдан бірнеше жыл бұрын ғана көрсеткіші қарқынды түрде өсіп отырған еді. 2014 жылдан 2021 жылға дейін жыл сайын, орта есеппен, 195% қосты...
Бұған қарамастан, Қытай Қазақстанның логистикалық мүмкіндіктеріне деген қызығушылығын мүлдем жоғалтып алды деп айтуға болмайды. Тіпті, бәрі керісінше. Бір жылда ол жақтан келетін транзиттік жүктердің жалпы көлемі үштен бір есе, 12,6 млн тоннаға дейін өсті. Бұл ретте өсімнің негізгі бөлігі екі межелі елге тиесілі болды – Ресей мен Өзбекстан. Олар бірге 60%-ды құрады, яғни 7,5 млн тонна.
Жалпы, Қытай Қазақстанның кедендік статистикасында көрініс табатын транзиттік жүктерді жөнелтетін жалғыз ел емес. Алайда, қалғандарының барлығы біріккеннің өзінде көрсеткіштері әлдеқайда аз - 6 млн тонна.
*барлық көлік түрлері, брутто

❤1👍1🥰1
DATA HUB Қазақша
Қытай жүктерінің Қазақстан арқылы ЕО-ға транзиті екі есеге жуық төмендеді 2023 жылы көлемі 975,5 мың тоннаны* құрады және 45%-ға төмендеді (жылдан жылға). ҚР ҚМ МКК деректеріне сүйенсек, қазіргі мәні төрт жылдағы ең төмені болып тұр. Қытай екінші жыл қатарынан…
Транзиттік жүк тасымалы тақырыбын жалғастырайық. Кеше біз жүктері Қазақстан шекарасын кесіп өтетін басты жөнелтуші Қытай екенін білдік. Нақтырақ айтсақ, ол, ЕАЭО-ны қоспағанда, барлық елдер көлемінің үштен екісін құрайды - 12,6 млн т.
📍Қытай Қазақстан арқылы нақты не тасымалдайтынын дәл айта алмаймыз, мұндай деректер жоқ. Алайда шамамен анықтауға жалпы көрініс көмектесе алады.
Сонымен біздегі ақпараттар қандай?
2023 жылы транзиттік жүктердің* жалпы көлеміндегі ең елеулі үлес көлік құралдарына** тиесілі болған - 20% немесе 3,7 млн т. Бір қызығы, ол бір жылда екі есеге өскен (2022 жылы 10% немесе 1,6 млн т болды). Көлік құралдары деп, ең алдымен, жүк автомобильдерін (1,3 млн т), жеңіл автомобильдерді (0,8 млн т), сондай-ақ тракторларды (0,6 млн т) атайтынын ескерген жөн.
👉Сонымен қатар келесі ірі тауар топтары өздеріне назар аудартады:
🔸бағалы емес металдар - 11% (2 млн т);
🔸көліктер – 11% (2 млн т);
🔸пластмасса - 10% (1,8 млн т);
🔸өсімдіктер мен жануарлардан алынатын өнімдер - 9% (1,7 млн т);
🔸текстиль - 8% (1,4 млн т);
🔸химиялық өнім - 7% (1,3 млн т).
Аталған сегменттер барлық транзиттің 75%-ын алып тұр. Тиісінше, қалғандары тағы 25%-ды құрайды. Таң қалуыңыз мүмкін, бірақ басқалармен қатар оларға қару-жарақ пен оқ-дәрілер (186 т) кіреді.
ҚР ҚМ МКК деректері
* Келтірілген есептеулер жүк жөнелтуші ретінде ЕАЭО елдері ескерілмеген деректер бойынша жасалған
** Осы жерде және әрі қарай ірі тауар топтарының атаулары қысқартылған немесе жеңілдетілген түрде берілген. СЭҚ ТН нақты кодтары тура тәртіппен аталған: 86-89, 72-83, 84-85, 39-40, 01-05, 06-15, 50-63, 28-38, 93.
@DataHub_KZ

🥰3❤1
Кеше әлемде Қоршаған орта күні атап өтілді. Бұл экология мәселелеріне көңіл аударуға арналған ерекше күн. Демек, қауіпті деректерді келтірудің орайы туды: 6,2 млн-ға жуық қазақстандық, еліміздегі халықтың шамамен 30%-ы осы жылдың басын ауа өте жоғары немесе жоғары деңгейде ластанған жағдайда өткізген.
Қазгидрометтің мониторинг* деректері бойынша I тоқсанда жалпы халқы 4,4 млн-ға жуық алты қала өте жоғары деңгейде, ал 1,8 млн-ға жуық халқы бар тағы да 14 елді мекен жоғары деңгейде ластанған аймаққа кірген. Бірінші тізімге Қарағанды, Алматы, Астана, Талғар, Сәтбаев, Лисаковск кірсе, екіншісіне Орал, Түркістан сияқты қалалар кірген.
Жалпы ауаның ластану дәрежесі белгілі бір жерде немесе басша жерде өзгеруі мүмкін, бірақ кейбір жағдайларда тұрақты да болады. Соңғы толық бес жылда ауаның тұрақты түрде жоғары деңгейде ластануы Алматы, Қарағанды, Астана, Жезқазған, Теміртауда байқалған. Онда 4,5 млн адам тұрады.
*2024 жылы 70 елді мекен өткізіледі
Халық саны — ҚР СЖРА ҰСБ деректерi

❤2😢2🥰1
Қазақстанда азық-түлік дефляциясы бар деп жазғанымыз естеріңізде ме? Бұл ретте мониторинг жасалған барлық азық-түлік өнімдерінің бағасының өзгеру қарқыны туралы айтып отырғанымызды ескергеніңіз жөн. Егер кейбірін бөлек қарастырсақ, онда көрініс аса қатты қуантпауы мүмкін.
Кем дегенде картопты қарастырайық. Оның бағасы алты апта бойы жоғары қарқынмен өсіп келеді. Атап айтқанда, 28 мамырдан 4 маусымға дейін көкөніс 4,4%-ға, ал мамыр айында 18%-ға қымбаттады. Әрине, бағаның өсуі маусымдық кезеңге байланысты: көктемнің соңында картоп әрдайым қолжетімді бола бермейді. Алайда, 18% — бұл факторды ескергеннің өзінде айтарлықтай көп. Салыстырыңыз: алдыңғы бес жылда картоп мамырдың қорытындысы бойынша, орта есеппен, 7,5%-ға қымбаттаған.
Қалаларды жекелеп зерттегенде картоп бағасы бір аптада Жезқазғанда (+19,9%), Астанада (+11,3%) және Ақтөбеде (+11,0%) ең көп өскенін атап өтейік. Бағаның төмендеуі тек үш қалада тіркелген - Көкшетауда (-0,6%), Павлодарда (-2,3%) және Қонаевта (-3,3%).
@DataHub_FCBK

❤1🥰1
ҚР-да іс жүзінде өндірісі құлдырап бара жатқан қант туралы хикаямыздың жаңа эпизоды. Мамырдың қорытындысы бойынша өнім бағасы, ҚР СЖРА ҰСБ соңғы деректерінен көрініп тұрғандай, айдан айға өзгермеген деуге болады (+0,1%), ал жылдан жылға 4,6%-ға төмендеді.
Шыны керек, наурыз және сәуір айларында бағалары айдан айға белсенді түрде өсті, бірақ жыл басынан бері кезеңдегі орташа құны 2023 жылдың сол айларына қарағанда бәрібір де 9,8%-ға аз.
Жыл басында ҚР ішінде сату көлемі төмендеген болатын: I тоқсанда жылдан жылға жартысына жуық қысқарды. Ал шет елдерге сату қарқынды түрде, яғни сол 3 айда нөлден 33 мың тоннаға дейін өсті.
Сонымен қатар соңғы жылдары қазіргі ауқымдағыдай экспорт болған жоқ, десе де, көрсеткіштер әрқашан құбылмалы болды (кестені қараңыз). Бірақ сандар қалай болса да көзге түсерліктей: 2024 жылдың 3 айындағы деңгей соңғы толық (!) бес жылдағы көлемнің 57%-мен салыстыруға келеді.
Ал жақында Ауыл шаруашылығы министрлігін бұл үрдіс алаңдатып отырғаны белгілі болды: олар жаздың соңына дейін экспортқа тыйым салуды ұсынуда. Олардың айтуынша, қазіргі қор 2,5-3 айға жетеді, ал Ресей Федерациясынан келетін шектеулі жазғы жеткізілім тағы бір 2,5 айға жетіп қалады.

👍2❤1🥰1