DATA HUB Қазақша – Telegram
DATA HUB Қазақша
203 subscribers
718 photos
1 video
403 links
DATA HUB Powered by FCBK

Қаржылық, қаржыға жақын және әлеуметтік тақырыптар бойынша ең өзекті деректері бар аналитикалық арна.
Осында барлық нарықтық талдаулар бар.

Иесі – Бірінші кредиттік бюро.

Байланысу үшін - @DataHubFCBK_bot
Download Telegram
ҚР-да іс жүзінде өндірісі құлдырап бара жатқан қант туралы хикаямыздың жаңа эпизоды. Мамырдың қорытындысы бойынша өнім бағасы, ҚР СЖРА ҰСБ соңғы деректерінен көрініп тұрғандай, айдан айға өзгермеген деуге болады (+0,1%), ал жылдан жылға 4,6%-ға төмендеді.

Шыны керек, наурыз және сәуір айларында бағалары айдан айға белсенді түрде өсті, бірақ жыл басынан бері кезеңдегі орташа құны 2023 жылдың сол айларына қарағанда бәрібір де 9,8%-ға аз.

Жыл басында ҚР ішінде сату көлемі төмендеген болатын: I тоқсанда жылдан жылға жартысына жуық қысқарды. Ал шет елдерге сату қарқынды түрде, яғни сол 3 айда нөлден 33 мың тоннаға дейін өсті.

Сонымен қатар соңғы жылдары қазіргі ауқымдағыдай экспорт болған жоқ, десе де, көрсеткіштер әрқашан құбылмалы болды (кестені қараңыз). Бірақ сандар қалай болса да көзге түсерліктей: 2024 жылдың 3 айындағы деңгей соңғы толық (!) бес жылдағы көлемнің 57%-мен салыстыруға келеді.

Ал жақында Ауыл шаруашылығы министрлігін бұл үрдіс алаңдатып отырғаны белгілі болды: олар жаздың соңына дейін экспортқа тыйым салуды ұсынуда. Олардың айтуынша, қазіргі қор 2,5-3 айға жетеді, ал Ресей Федерациясынан келетін шектеулі жазғы жеткізілім тағы бір 2,5 айға жетіп қалады.

@DataHub_FCBK
👍21🥰1
👍1🥰1
Білмеген боларсыз, Қазақстан Аи-95 экспортын қайта жаңғыртуда. Маусымда жеткізілімдер 18,8 мың т құрайды деп жақында салалық БАҚ хабарлады.

Өткен жазда тапшы болып, РФ-дан қол ұшын сұрауға мәжбүр болғанымызды ескерсек, бұл бір күтпеген жайт болып тұр. Шынымен, ол кезде төтенше жағдай да орын алды - бір уақытта екі ірі МӨЗ-де апат болды.

Десе де, бәрі реттеліп келе жатқан сыңайлы. ҚР СЖРА ҰСБ деректері бойынша Аи-95 жанармайының өндірісі жыл сайын рекорд орнатуда. Нақтылап айтсақ, 2023 жылы өсім жылдан жылға 16%-ды құрап, 944,1 мың т жетті. Ал импорт, керісінше, төмендеп бара жатыр. Тек шет елдердің жеткізілімі 66 есе, 7,9 мың т дейін өскен 2023 жыл ғана ерекшеленеді. Мұндай үлкен өзгеріс төмен базамен байланысты: 2022 жылы тек 120 т әкелінген болатын.

Ал экспортқа келсек, соңғы екі жылда ол болмады. Ал статискада 2015 жылдан бері көрсетілген мәндер жарияланған көлемдерден айтарлықтай аз.

Айтпақшы, Энергетика министрлігі де бәрі реттеледі деп үміттенуде: жақында өндірілетін мұнай өнімдерінің 10%-на дейін экспорттау жоспарын ұсынды. Алайда мұндағы жұмыс көп уақытты алады.

@DataHub_KZ
1👍1🥰1
👍1🥰1
Бүгін жұма, жұмыс аптасы аяқталады, демек, мүлдем пайдасыз есептеулердің уақыты келді. Сандарды ТМД Статкомитетінің ұйым елдеріндегі баға жағдайы туралы жаңа жинағынан аламыз.

Материалдарда бір қызықты үзік бар. 2023 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша сегіз астанадағы негізгі азық-түлік өнімдерінің құны келтірілген – Астана, Баку, Бішкек, Душанбе, Ереван, Минск, Мәскеу, Ташкент. Бұл құнды салыстыру тек абсолютті мәнде ғана емес, сонымен қатар қалалардың әрқайсысында 1 кг сиыр етінің орташа бағасына қатысты ұсынылады.

Сонымен, ойша күлкілі эксперимент жасайық. Қазір өткен жылдың желтоқсан айы деп елестетіп көрейік, сізде мүлдем ақша жоқ, бірақ сол орташа статистикалық 1 келі ет (сүйегімен) бар.

Айырбастау үшін қай астанаға барған дұрыс болар еді? Міне, сізге шамамен сандарды ұсынамыз – жинақта олар ықшамдалған, бірақ саудаласуға болады деп санайық:

🧈Сары май алу үшін Бішкекке барған жақсы, 1,3 кг шығады. Мәскеу мен Душанбеге баруға кеңес бермейміз, ол жақта 600 г-нан аз шығады, ал Астанада сәл ғана көп.
🌻 Күнбағыс майын алу үшін Ереванға бару керек, 1 кг сиыр еті үшін бірден 5,6 л шығады. Астанада, айтпақшы, тек 3,8 л болады.
🥛 Ал сүтті өзімзіде айырбастауға болады - 7,7 л шығады, ең жақсы ұсыныстардың бірі. Ал ең нашар ұсыныс Бакуда - 4,8 л.
🥚 Жұмыртқаларға, керісінше, Әзірбайжан астанасында айырбастаған дұрыс, бірден жетпісін ала аласыз.
🍞Нанды Душанбеде немесе Ташкентте алсаңыз, шамамен 17 кг шығады. Ең тиімсіз нұсқа – Минск, барлығы 4 кг ғана болады.
🥔 Картоп алу үшін Астанаға немесе Мәскеуге бару керек. Статистика бойынша желтоқсанда, шамамен, 25 кг-дық қапты алуға болады. Ал Минск, Баку және Душанбеде тек жарты қап шығар еді.

Айтпақшы, қазір картоп бізді қымбаттап бара жатыр. ҚР СЖРА ҰСБ-ның 4 маусымдағы деректеріне сүйене отырып теңгемен орташа бағада есептесек, Астанада сиырдың бір келі жауырыны үшін 18 кг-нан аз шығады. Сондықтан өткенге оралып, картопқа сол жақта айырбастауды ұсынамыз 🙃

Әрине, әзіл өз алдына, десе де, ыңғайлы уақытта өмір сүреміз: азық-түлікті айырбастаудың қажеті жоқ, жай ғана ақшаға сатып алуға болады. Әрине, егер олар бар болса 😐

@DataHub_KZ
1🥰1
Мамырдағы жылжымайтын мүлік бағасы: Алматыда екінші нарықтағы үйлер сәуірдегі серпінін жоғалтты, Астанада пәтер жалдау бағасы көтерілді

ҚР СЖРА ҰСБ-ның тұрғын үй нарығы бойынша жаңа деректері пайда болды. Өткен айда пәтерлерді сату және жалға алудың бағасы қалай өзгергенін көрейік:

🔸Алматыда екінші нарықтағы үйлердің бағасы айдан айға 1,6%-ға төмендеді. Айлық төмендеу биыл 4-ші рет тіркеліп отыр, тек сәуіде ғана аздап өскен болатын. Жыл басынан бастап, 2023 жылдың желтоқсанына қарай, бағалар 4,3%-ға төмендеген.
🔸Алматыдағы бір айлық динамика ҚР бойынша екінші нарықтағы үйлердің нәтижелерін артқа тартты: жалпы көрсеткіш сәуірге қарай 0,2%-ды жоғалтты.
🔸Бірақ бір айда жаңа пәтерлер зерттелген қалалардың ешбірінде арзандамаған: екі ай қатарынан төмендегеннен кейін бүкіл ел бойынша +0,4%-ға қымбаттады.
🔸ҚР бойынша жалдау бағасы 1,3%-ға өсуде. Әсіресе, Астанада бағалар айтарлықтай көтерілді - плюс 3,3%, өткен жылдың күзінен бергі ең елеулі өсім. Айтпақшы, елордада 1 ш.м. жалдау ақысының өзі (4322 тг) 2022 жылдың шілдесінен бастап алғаш рет елдегі орташа деңгейден (4250 тг) аздап болса да асты.

@DataHub_KZ
1👍1🥰1
👍1🥰1
Тағы да жылжымайтын мүлік туралы: Алматыда бір бөлмелі пәтерлерге деген қызығушылықтың күрт өсуі байқалды

Мамырда қалада көппәтерлі үйлерден бір бөлмелі пәтерлерді сатып алу-сату бойынша 3983 мәміле тіркелді, бұл бір ай бұрынғыдан 87%-ға көп. ҚР СЖРА ҰСБ деректері бойынша мәмілелердің жалпы саны да көтерілген, бірақ аса көп емес - 30%-ға өсіп, 6427-ге жеткен.

Жалпы көрсеткіштегі бір бөлмелі пәтерлердің үлесі өскен. Мамырда ол 62%-ды құрап, өткен айға қарағанда бірден 19 п.т. өскен және 2022 жылдың ақпанынан бастап барлық қол жетімді статистикада рекордқа қол жеткізді.

Егер тек көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерін қарастырсақ, онда бір бөлменің үлесі, сәйкесінше, одан да жоғары болады және 67%-ға жетеді. Яғни өткен айда сатылған үш пәтердің екеуі бір бөлмелі болған.

Айтпақшы, Астанада жағдай мұндай емес. Мұндағы бір бөлмелі пәтерлердің үлесі тұрақты, мамырда сәуірдегі 39%-дан 37%-ға дейін төмендеді. Айтпақшы, абсолютті түрде мәмілелердің жалпы саны да, бір бөлмелі пәтерлерге жасалған мәмілелер саны да 2023 жылдың мамырынан бері ең төменгі деңгейге жеткен.

@DataHub_KZ
1👍1🥰1
👍2🥰1
Қазақстанда қонақ үй қызметтеріне сұраныс артып келеді

I тоқсанда қонақ үйлер 1,7 млн адамға қызмет көрсеткен. Бұл өткен жылғы деңгейден 9%-ға (140 мың) жоғары, сондай-ақ қаңтар-наурыз айларының кем дегенде 2015 жылдан бері есептегенде ең жоғары мәні.

Бір қызығы, жалпы өсімнің 42%-ын екі облыс қана қамтамасыз еткен - Батыс Қазақстан (+35 мың) және Алматы облысы (+23 мың). Қызмет көрсетілген келушілердің жартысынан көбі әлі де республикалық маңызы бар үш қалаға тиесілі:

🔸Алматы - 473 мың;
🔸Астана - 294 мың;
🔸Шымкент - 112 мың.

Қызмет көрсетілген келушілер арасында қазақстандықтар көп (87% немесе 1,5 млн). Солардың арқасында сұраныс артып келеді, жылдан жылға 11%. Шетелдіктер тарапынан сұраныс, керісінше, жылдан жылға 2%-ға, 223 мыңға дейін төмендеді. Төмендеуінің басты себебі - Ресей (-28%, 81 мыңға дейін).

Қонақ үйлердің кірісіне келетін болсақ, олар бір жылда 18% қосып, 50,7 млрд тг жетті. Бұл ретте бағаның 6,8%-ға өсуі де әсерін тигізді.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

Ескерту: қонақ үйлер деп барлық орналастыру орындары аталған

@DataHUB_KZ
🥰41
Ал бізде сүт тасып, ағып кеткен сыңайлы...

Өнімнің жан басына шаққандағы орташа тұтынуы төмендеуде: 2024 жылдың І тоқсанында шикі сүттің көрсеткіші жылдан жылға 10%-ға төмендеп, жалпы ел бойынша 2,8 л құрады. Қазіргі мәні, кем дегенде онжылдықта, кез келген тоқсан үшін ең төменгісі болды.

Сонымен қатар 2014 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда қазіргі көрсеткіш жартысына жуық төмен болып тұр. Бір қызығы, "қала – ауыл" деп бөліп қарастырғанда, осы уақыт ішінде, әдетте, қаладан 3-4 есе жоғары болатын ауылдық көрсеткіштер қатты төмендеген.

Сайып келгенде, екі жағдайда да сүттің тұтынылуы төмендегені анық көрініп тұр, бұл жалпы орташа көрсеткіш бойынша да байқалады (сонымен бірге маусымдық кезең көрсеткіштері де назар аударуды қажет етіп тұрған кестені қараңыз).

Бірақ сүт өнімдерін тұтынуда мұндай айқын тенденция туралы айтудың қажеті жоқ. 2024 жылдың І тоқсанында, жалпы алғанда, ел бойынша бір адамға 56,3 кг келеді, бұл бір жыл және он жыл бұрынғыдан біршама көп, бірақ ең жоғары мәннен әлдеқайда алыс: 2020 жылдың І тоқсанында 66,2 кг болған еді.

Үй шаруашылықтары бойынша деректерде қоғамдық тамақтану есепке алынбаған

@DataHUB_KZ
1🥰1
🥰1
Ішкі сауда төмендегеннен кейін қайта жандануда

Мамырда сектордағы тауарлар мен қызметтерді өткізу көлемі 4,8 трлн тг құрады, бұл салыстырмалы бағада 2023 жылдың сол айымен салыстырғанда 6,5%-ға артық.

Қазіргі өсімі жыл басынан бері үздік көрсеткіш болып тұр, бір ай бұрын көрсеткіштер мүлдем төмендеп кеткен еді.

Сәуірде сәтсіздікке ұшыраған көтерме сауда қайта жандануда: нақты мәнде +6,9%.

5 айдың қорытындысы бойынша бүкіл саладағы сауда көлемі 22 трлн тг құрап, нақты өсім 3,1% болды. Бір қызығы, жыл басынан бері ҚР-дағы барлық сауданың үштен екісін қамтамасыз еткен көшбасшы өңірлердің үштігінің ішінде, кезең қорытындысы бойынша, жыл сайынғы айтарлықтай өсімді тек Астана ғана көрсетіп отыр (+3,9%).

Алматыда сауданың нақты көлемі небәрі 0,1%-ға көбейген, ал Атырау облысында 8,8%-ға төмендеген. Айтпақшы, соңғы аймақта 2023 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша да көрсеткіш төмендеген, бірақ 2022 жылы мұнда күрт өсу болған еді.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHUB_KZ
🥰2
Доллар 450 теңгеден асты

ҚР Ұлттық банкі 13 маусымға белгілеген американдық валютаның ресми құны 451,77 тг құрайды, бұл бүгінгіден 0,4%-ға жоғары. Психологиялық деңгей болып есептелетін 450 тг бағамды наурыздың соңынан бері алғаш рет еңсерді.

Еуроның ертеңгі бағамы - 485,97 тг, бүгінгі деңгейден 0,6%-ға көп, десе де, осы аптаның басындағыдан төмен.

Рубль бағамы - 5,07 тг, 12 маусым деңгейіне +0,4% қосылған. Ресей валютасы соңғы рет, салыстырмалы түрде, қаңтардың соңында қымбатырақ болған еді.

Бағамның қазіргі динамикасына, басқа себептермен қатар, Ұлттық банк тарапынан мамырға қарағанда маусымдағы шетел валютасының нетто-сатылымы төмен болуы да әсер етуі мүмкін. Айтпақшы, болжам жасап жіберейік: Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының жаңа сауалнамасына қатысушылар осы фактордың әсерінен және базалық мөлшерлеменің төмендеуінен доллардың орташа бағамы шілденің басына қарай 450,4 тг құрайды деп есептейді. Әйтеуір ертеңгіден жақсы)

@DataHUB_KZ
🥰21
💦Су қауіпсіздігі туралы сөйлесейік

Жақында Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Камбаратинск ГЭС-1-ді бірігіп салуға келісті. Жоспар көп - 10 жыл ішінде биіктігі бесқабатты 17 үйдікіндей (256 м) бөгет, сондай-ақ Қапшағайдың пайдалы көлемінің жартысы (5,4 текше км) сыятын су қоймасын салмақшы.

ГЭС Қырғызстандағы ең ірі су электр станцияларының бірі Нарын өзенінде салынбақшы. Сонымен қатар Нарын Сырдария бастау алатын және оның жалпы ағынының үштен бірінен астамын құрайтынының арқасында белгілі. Бұл орайда Сырдария Орталық Азиядағы ең ірі өзендердің бірі екенін де айта кету керек шығар. Тәжікстан мен Өзбекстан арқылы ол суды Қазақстанға жеткізеді.

Қазақстан үшін қауіп бар ма?

📍Айтылғандарды ескере отырып, Камбаратинск ГЭС-1 құрылысы Арал-Сырдария су шаруашылығы бассейніне (СШБ) келетін трансшекаралық ағынның қысқаруын тудыруы мүмкін. Бұл бассейн аумағында Қазақстан халқының бестен бір бөлігі тұрады - 4,2 млн адам*. Бұл - Қызылорда мен Түркістан облыстарының және Шымкент қаласының халқы.

Бұл жердегі мәселе - Арал-Сырдария СШБ көршілес елдерге тәуелдірек болып табылатыны. География және су қауіпсіздігі институтының деректеріне сүйенсек, оның өзен ағынының 90%-ы шет елде қалыптасады. Сонымен қатар ол Қазақстанның ең ірі СШБ-ның бірі болып табылады, барлық өзен ағынының шамамен 20%-ын құрайды (19 текше км).

👉Біз Камбаратинск ГЭС-1 құрылысының ықпалынан Арал-Сырдария бассейніне келетін трансшекаралық ағынның қалай өзгеретінін бағалай алмаймыз. Мұны қажетті мәліметтерден толығымен хабардар ғалымдар жасай алады. Оның орнына өзектілігі бұдан кем емес басқа көкейкесті мәселені талдауды ұсынамыз.

Қазақстанда сумен қамтамасыз ету жағдайы қалай?

Жалпы, елде су тапшылығы әлі байқалмаған екен. География және су қауіпсіздігі институтының мәліметтері бойынша су ресурстарының жүктемесі 24%-ды құрайды - 102 текше км-ден 25 текше км қолданылады. Бұл ретте көрсеткіш 40% белгісінен асқан кезде су қорын табиғи түрде толтырып үлгермейтінін түсінген дұрыс.

Десе де, әр бассейнде жағдай әр түрлі. Су ресурстарының жүктемесі Арал-Сырдария (57%), Шу-Талас (57%) және Нұра-Сарысу (88%) бассейндерінде қауіпті деңгейден асады. Бұл орайда соңғы екі бассейн жалпы ағынның тек 5%-н құрайтынын (5 текше км) атап өткен жөн. Сондай-ақ олардың маңайында 2,6 млн адам тұрады. Бұл - Жамбыл, Қарағанды және Ұлытау облыстарының халқы.

❗️Жағдайдың бәрі Қазақстанда су тапшылығын тудыруға әкеліп соқтыратын сыңайлы. БҰҰ болжамдарына сенсек, климаттың өзгеруін ескере отырып, ол 2040 жылға қарай қажеттіліктің 50%-на жетуі мүмкін.

* осы жердегі және одан кейінгі деректер 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша
** орташа көпжылдық өзен ағынының қазіргі бағалауы бойынша


@DataHub_KZ
👍3🥰1
👍1🥰1
ҚТЖ-ға дефолт қауіп төндіруде🤯

Бұл мәлімдемені жақында жоғары аудиторлық палатаның басшысы Әлихан Смайылов жасады. Оның айтуынша, ұлттық тасымалдаушы несиелік қауіптің "қызыл аймағында" тұр. Оның қарызы - 2,9 трлн тг. Бұл соманың жартысына жуығы бұрын қабылданған міндеттемелерді қайта қаржыландыруға жұмсалады.

❗️Сәйкесінше, қарыздың ауқымын ұлттық тасымалдаушының есептерінен де байқауға болады. Сонымен, 2023 жылы оның қарызы EBITDA*-дан 4,52 есе асып түсті, ал бұл қатынас әдетте жоғары қарыз жүктемесінің дәлелі болып саналады. Алайда, қарыздар өтелуде, тіпті пайда да өсуде: өткен жылы ол 136,8 млрд тг жетіп, 2022 жылғы көрсеткішке 392% қосылды.

Мұндай үлкен қарыз қайдан пайда болды?

Ақша, негізінен, қолданыстағы теміржол инфрақұрылымын жаңарту және құру үшін қарызға алынған: жолдар, станциялар, локомотив шаруашылығы... Айтпақшы, бұл қаражаттың қаншалықты тиімді пайдаланылғанын толығымен түсіне алмаймыз.

Енді не болады?

Қазақстандықтарды ҚТЖ-мен несиелік ауыртпалықты бөліспейді деп бірден сендірді - жолаушылар пойыздарына билеттер қымбаттамайды. Қалай болғанда да, әзірге.

Жалпы алғанда, жолаушыларды тасымалдау ҚТЖ табысының тек 5%-ын (2023 жылы 101,7 млрд тг) құрайтынын түсіну маңызды. Сонымен қатар олар шығынды болып табылады және республикалық бюджеттен субсидияланады. Табыстың үлкен үлесін жүк тасымалы қалыптастырады – 87% немесе 2023 жылы 1,68 трлн тг. Негізінен, Қазақстан темір жолы арқылы көмір, металл кендері, мұнай өнімдері, астық, химиялық заттар мен тыңайтқыштар, құрылыс материалдары, қара металдар тасымалданады.

Міне, қарыздан шығудың жолы табылды - ұлттық тасымалдаушыға жүк жөнелтушілер, оның ішінде қазақстандық экспорттаушылар да бар, қарызды өтеуге көмектеседі. Оларға арналған тарифтер 2,3-2,7 есе көтеріледі. Осының арқасында негізгі қарыз 179,6 млрд тг қысқарады деп болжануда.

😤Экспорттаушылардың өздері мұндай идеяға разы емес: тарифтердің кезекті рет сату нарығының жоғалуына және өндірістердің тоқтап қалуына әкелуі мүмкін. Олардың пікірінше, тариф негізгі қарызды өтеуді ескермеуі тиіс, себебі ол ҚТЖ-ның нысаналы қызметімен байланысты емес. Алайда үкімет мұнымен келіспейді. Экспорттық, импорттық және республика ішіндегі бағыттардағы магистральдық теміржол желісінің қызметтерінің ҚР бірыңғай тарифі ЕАЭО мен ТМД кеңістігінде ең төмені болып табылады екен.

P. S. Егер мән-жайды таратып қарасаш, ҚТЖ-ның үлкен қарыздары туралы бұрын да белгілі болған. Шамасы, дәл осы себепті ҚТЖ IPO мерзімдерін үнемі ауыстырып отырады. Енді оны 2025 жылы өткізуді жоспарлауда. Бірақ бұл да дәл емес сияқты. 🤔

* компанияның қарызды өтеу үшін атқарылатын қызмет көрсету шығындары, табыс салығы, сондай-ақ негізгі қаражаттың құнын біртіндеп есептен шығаруға байланысты шығындары шегерілгенге дейінгі пайдасы

@DataHub_FCBK
1👍1🥰1
Қазақстандықтардың ақшалай табыстары ҚР барлық өңірлерінде нақты өсім көрсетті. Алайда бір ерекшелік бар

2024 жылдың I тоқсанындағы ақшалай табыс мөлшері халықты жан басына шаққанда, адамның өз табысы бар-жоғына қарамастан, 318,1 мың тг құрады. Бұл ретте ҚР СЖРА ҰСБ үй шаруашылықтарынан іріктеп алған сауалнамасы негізінде есептелінген көрсеткіш жайында сөз болып тұр.

Жалпы ҚР бойынша ақшалай табыстың номиналды жылдық өсімі 16,4%-ды, ал егер тұтынушылық инфляцияны қоссақ, онда 6,5%-ды құрады.

Ал аймақтар бойынша жағдай қалай?

Номиналды түрде өсім барлық жерде бар, бірақ айырмашылық үлкен: 7%-дан 31%-ға дейін. Ал нақты мәнде, жоғарыда айтылғандай, ерекшеленіп тұрғаны - Шымкент. Көрсетілген ең төменгі өсім 7% дәл осы жерде және инфляцияны ескерсек, минус 1,8%. Ақшалай 235,1 мың тг сомасында.

Ал +31%-бен алда тұрған кім? Түркістан облысы, айтпақшы, өткен тоқсанда да алда болған. Шын мәнінде, бұл жерде көрсеткіш 20%-ға өскен, бірақ мұндағы кірістің өзі әлі де елдегі ең төмені болып тұр - 227,2 мың тг.

@DataHub_KZ
👍1🥰1
👍1🥰1
Әлемнің ең бай адамы Илон Маск ондаған миллиард долларға байи түседі. Әрине, әлі нақты емес, бірақ ол басқаратын Tesla акционерлері кеше оған үлкен бонус төлеуді қолдап дауыс берді.

Қаншалықты көп екенін бірден айта алмаймыз. Жаңалықтардан $56 млрд деп көрген боларсыз, бірақ бұл тіпті олай емес. Сыйақы 2018 жылы келісілген болатын: белгілі бір мақсаттарға қол жеткізген кезде Маск көптеген Tesla акцияларын қазіргі жағдайда тиімді бағамен сатып алу құқығын беретін опциондарға ие болады.

Бір кездері Масктың әлеуетті пайдасы сол $56 млрд құрауы мүмкін еді. Алайда бір сәтсіз жағдай орын алды: осы жылдың басында сот төлемдерді мақұлдаудың барлық процесінің ашықтығына күмән келтіріп, сыйақыны алып тастауға шешім қабылдады.

Десе де, Маск бірден бас тартпады, кеше акционерлер оның сыйақы алуына тағы бір рет дауыс берді, бұл енді миллиардерге сотта қарсы тұруды жалғастыруға мүмкіндік береді. Егер Tesla акцияларының қазіргі бағасы бойынша есептесек, кәсіпкерге 48 млрд тг астам сома үшін күресуге тура келеді. Қазіргі бағам бойынша миллиардердің теңгемен есептегендегі бонусы шамамен 22 трлн тг құрайды.

Әрине, қалай болғанда да Маск миллиардтаған ақшаны қолма-қол алады демейміз, бұлай бағалаудың өзі - шарттылық. Десе де, осы сыйақы деңгейін немен салыстыруға болатынын елестетіп көрейік:

💸Сома қазақстандық өнеркәсіптің өткен жылғы барлық өнім құнының жартысына жуығына тең.
💸 Маск өзінің бонусымен 2024 жылдың 4 айындағы бүкіл қазақстандық экспорт үшін "есептесе" алар еді және де сол мерзімдегі біздің импортты төлей алады. Сондай-ақ артық ақша да қалатын еді.
💸 Барлық қазақстандықтардың ипотекасын, оның ішінде есептен шығарылған несиелерін осы ақшамен 3,5 рет өтеуге болады.
💸Осы жылға жоспарланған мемлекеттік бюджет шығындарын Маск бонусы 73%-ға жаба алады.
💰Миллиардер сыйақысының эквивалентін табу үшін қазіргі күнгі мөлшердегі орташа жалақысы бар қазақстандыққа 4,8 млн жыл жұмыс істеуге тура келеді. Мұндай уақыт ішінде, әрине, біздің жалақымыз өседі деп үміттенеміз, мүмкін сол кезде процесс тезірек жүрер…

ҚР бойынша статистикалық деректер ҚР СЖРА ҰСБ, ҚР Қаржы министрлігінен алынған

@DataHub_KZ
🥰3