Әлемнің ең бай адамы Илон Маск ондаған миллиард долларға байи түседі. Әрине, әлі нақты емес, бірақ ол басқаратын Tesla акционерлері кеше оған үлкен бонус төлеуді қолдап дауыс берді.
Қаншалықты көп екенін бірден айта алмаймыз. Жаңалықтардан $56 млрд деп көрген боларсыз, бірақ бұл тіпті олай емес. Сыйақы 2018 жылы келісілген болатын: белгілі бір мақсаттарға қол жеткізген кезде Маск көптеген Tesla акцияларын қазіргі жағдайда тиімді бағамен сатып алу құқығын беретін опциондарға ие болады.
Бір кездері Масктың әлеуетті пайдасы сол $56 млрд құрауы мүмкін еді. Алайда бір сәтсіз жағдай орын алды: осы жылдың басында сот төлемдерді мақұлдаудың барлық процесінің ашықтығына күмән келтіріп, сыйақыны алып тастауға шешім қабылдады.
Десе де, Маск бірден бас тартпады, кеше акционерлер оның сыйақы алуына тағы бір рет дауыс берді, бұл енді миллиардерге сотта қарсы тұруды жалғастыруға мүмкіндік береді. Егер Tesla акцияларының қазіргі бағасы бойынша есептесек, кәсіпкерге 48 млрд тг астам сома үшін күресуге тура келеді. Қазіргі бағам бойынша миллиардердің теңгемен есептегендегі бонусы шамамен 22 трлн тг құрайды.
Әрине, қалай болғанда да Маск миллиардтаған ақшаны қолма-қол алады демейміз, бұлай бағалаудың өзі - шарттылық. Десе де, осы сыйақы деңгейін немен салыстыруға болатынын елестетіп көрейік:
💸Сома қазақстандық өнеркәсіптің өткен жылғы барлық өнім құнының жартысына жуығына тең.
💸 Маск өзінің бонусымен 2024 жылдың 4 айындағы бүкіл қазақстандық экспорт үшін "есептесе" алар еді және де сол мерзімдегі біздің импортты төлей алады. Сондай-ақ артық ақша да қалатын еді.
💸 Барлық қазақстандықтардың ипотекасын, оның ішінде есептен шығарылған несиелерін осы ақшамен 3,5 рет өтеуге болады.
💸Осы жылға жоспарланған мемлекеттік бюджет шығындарын Маск бонусы 73%-ға жаба алады.
💰Миллиардер сыйақысының эквивалентін табу үшін қазіргі күнгі мөлшердегі орташа жалақысы бар қазақстандыққа 4,8 млн жыл жұмыс істеуге тура келеді. Мұндай уақыт ішінде, әрине, біздің жалақымыз өседі деп үміттенеміз, мүмкін сол кезде процесс тезірек жүрер…
ҚР бойынша статистикалық деректер ҚР СЖРА ҰСБ, ҚР Қаржы министрлігінен алынған
@DataHub_KZ

🥰3
🦗Қазір бәрі бұрын-соңды болмаған шегіртке шабуылын талқылап жатыр. Не болып жатқаны туралы толық ақпаратқа ие болу үшін тақырып бойынша ең маңызды фактілерді жинастырдық👇
📌Ауқымы. Болжам бойынша 2024 жылы табын шегірткелерінің таралу аймағы 2,5 млн га құрайды. Бұл өткен жылдан бір жарым есеге асады және жалпы алғанда, барлық уақыттағы ең жоғары көрсеткіш.
2024 жылы жалпы егіс алқабы - 21 млн га. Демек, барлық егіс алқабының 12%-ы туралы сөз болмақ!
Осы уақытқа дейін қанша гектар өңделгенін жаңалықтардан түсіну қиын - ақпараттар үзік-үзік. Мысалы, нақтысы, Түркістан облысында 271 мың га алқап өңделген.
Айтпақшы, Түркістан облысы – қазіргі кезде жағдайы күрделірек болып тұрған облыстардың бірі. Ақтөбе мен Қостанай да соққыға ұшырауда. Жаппай таралу Павлодар және Ақмола облыстарына да қауіп төндіреді.
📌Себептері. Ғалымдардың пікірінше, шегірткелердің шамадан тыс көбеюі су тасқынымен байланысты емес. Олар оның жоғары белсенділігін былтырғы құрғақшылықпен байланыстырады.
Сонымен қатар қазіргі жағдай көрші елдердің өз аумағында шегірткелермен күреспеуімен байланысты болуы мүмкін.
📌Қауіптер. Қостанай және Ақтөбе облыстарында қазір итальяндық шегірткелер өршіп тұр. Қоныстанған аумақтардың ауқымы бойынша ол Қазақстанда кездесетін шегірткелердің басқа табын түрлерінен, марокко мен азиялық шегірткелерден, әлдеқайда асып түседі. Бір күнде итальяндық шегірткелердің үлкен тобы 200 км дейін жүріп өтіп, жерді бос қалдыра алады.
Бұл Қазақстан егіннің 12%-ын жоғалтады дегенді білдіре ме? Жоқ. Кем дегенде, бұған Серік Жұманғарин сенімді. Оның басты дәлелі – Үкімет өткен жылдардағы қателіктерден сабақ алып, қазір өз резервінен шегірткеге қарсы күреске уақытында ақша салды - алдымен 4,2 млрд, содан кейін тағы 3,9 млрд тг.
🍧Ал енді тіскебасарға - қызықты факт. Сіз әлемдегі ең қауіпті көшпелі зиянкестердің бірі шөл шегірткесі екенін білесіз бе? Бір шаршы шақырымды алатын топта күніне 35 мың адам сияқты тамақ тұтынуға қабілетті 80 млн дейін ересек шегіртке болуы мүмкін! Айтпақшы, қазақстандықтар бірнеше күн бойы шегірткені жеуге бола ма, жоқ па деп пікір таласып жатыр. Пікірталас вице-премьердің әзілінен басталған болатын.
@DataHUB_KZ

Бұған дейін вице-премьер Серік Жұманғарин: “Біз бұрын-соңды биылғыдай шегірткенің үлкен ауқымда таралуын кездестірген емеспіз", - деген болатын.
2024 жылы жалпы егіс алқабы - 21 млн га. Демек, барлық егіс алқабының 12%-ы туралы сөз болмақ!
Осы уақытқа дейін қанша гектар өңделгенін жаңалықтардан түсіну қиын - ақпараттар үзік-үзік. Мысалы, нақтысы, Түркістан облысында 271 мың га алқап өңделген.
Айтпақшы, Түркістан облысы – қазіргі кезде жағдайы күрделірек болып тұрған облыстардың бірі. Ақтөбе мен Қостанай да соққыға ұшырауда. Жаппай таралу Павлодар және Ақмола облыстарына да қауіп төндіреді.
📌Себептері. Ғалымдардың пікірінше, шегірткелердің шамадан тыс көбеюі су тасқынымен байланысты емес. Олар оның жоғары белсенділігін былтырғы құрғақшылықпен байланыстырады.
"Егер күз бен көктем жаңбырлы болса, белсенді дернәсілдердің саны азаюы мүмкін. Ал егер ылғал аз болса, бұл жұмыртқаның сақталуыра оң әсер етеді", - деп түсіндірді биология ғылымдарының докторы Қанат Ахметов.
Сонымен қатар қазіргі жағдай көрші елдердің өз аумағында шегірткелермен күреспеуімен байланысты болуы мүмкін.
📌Қауіптер. Қостанай және Ақтөбе облыстарында қазір итальяндық шегірткелер өршіп тұр. Қоныстанған аумақтардың ауқымы бойынша ол Қазақстанда кездесетін шегірткелердің басқа табын түрлерінен, марокко мен азиялық шегірткелерден, әлдеқайда асып түседі. Бір күнде итальяндық шегірткелердің үлкен тобы 200 км дейін жүріп өтіп, жерді бос қалдыра алады.
Бұл Қазақстан егіннің 12%-ын жоғалтады дегенді білдіре ме? Жоқ. Кем дегенде, бұған Серік Жұманғарин сенімді. Оның басты дәлелі – Үкімет өткен жылдардағы қателіктерден сабақ алып, қазір өз резервінен шегірткеге қарсы күреске уақытында ақша салды - алдымен 4,2 млрд, содан кейін тағы 3,9 млрд тг.
🍧Ал енді тіскебасарға - қызықты факт. Сіз әлемдегі ең қауіпті көшпелі зиянкестердің бірі шөл шегірткесі екенін білесіз бе? Бір шаршы шақырымды алатын топта күніне 35 мың адам сияқты тамақ тұтынуға қабілетті 80 млн дейін ересек шегіртке болуы мүмкін! Айтпақшы, қазақстандықтар бірнеше күн бойы шегірткені жеуге бола ма, жоқ па деп пікір таласып жатыр. Пікірталас вице-премьердің әзілінен басталған болатын.
@DataHUB_KZ
👍2🥰1
Қазақстан өңірлерінің жартысына жуығы шағын бизнесін жоғалтуда
1 маусымға қарай ЖК саны бір жыл бұрынғы сол күнге қарағанда 20 аймақтың тоғызында төмендеген.
Бұл ретте Қазақстанның батысы мен шығысында орналасқан барлық облыстар, оңтүстігіндегі екі (Қызылорда, Түркістан) және орталығындағы бір (Ұлытау) облыс туралы сөз болып тұр. Бұл облыстардың жиынтық көрсеткіші 30 мың бірлікке, яғни 608,6 мың бірлікке дейін қысқарған. Салыстырмалы түрде 5%-ға төмендеді.
Ең күшті соққыға келесі облыстар ұшырады:
🔸Қызылорда - минус 13% немесе 8,8 мың бірлік;
🔸Атырау - минус 8% немесе 4,9 мың бірлік.;
🔸Маңғыстау - минус 7% немесе 5,2 мың бірлік.
Бір қызығы, үшеуінде де тамызда төмендей бастап, желтоқсанда шарықтау шегіне жетті және әрі қарай да жалғаса берді.
Жалпы, елімізде ЖК саны бір жылда 24,4 мың бірлікке, 1,66 млн дейін өсті. Салыстырмалы түрдегі өсім – 1,5%. Сонда 11 аймақ қалған тоғызындағы құлдырауды артығымен жаба алған.
ҚР СЖРА ҰСБ деректері

👍1🥰1
Астанада жаңа пәтерлерді пайдалануға беру тоқтап қалды
Мамырдың қорытындысы бойынша елордада іске қосылған пәтерлердің жалпы саны 1,8 мың бірлікті құрады. Көрсеткіш айтарлықтай төмендеген: айлық мәнде - 55%–ға (2,2 мың бірлік), жылдық мәнде - 40%-ға (1,2 мың бірлік).
Астананың жалпы пәтерлерді пайдалануға берудегі үлесі де айтарлықтай төмендегені таңқалдыратын жайт па? Қазіргі деңгейі 25%-ға сәйкес келеді. Салыстырыңыз: бір ай бұрын 49%, бір жыл бұрын 46% болған.
Десе де, жағдай аса қатты жаман емес. 2024 ж. алғашқы төрт айында елордада пәтерлерді пайдалануға беру қарқынды түрде жүргізілді (айына орта есеппен 3,8 мың бірлік). Осының арқасында қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша жылдық өсім 19%-ға (2,7 мың бірлік), 17 мың бірлікке дейін өскені байқалды.
Алматыға келетін болсақ, өткен айда мұнда 2,6 мың пәтер пайдалануға берілді. Бұл сәуір айындағыдай. Бірақ 2023 ж. мамырына қарағанда бірден 6 есе өсу байқалады.
ҚР СЖРА ҰСБ деректері
@DataHub_FCBK

❤1👍1🥰1
Жол салуға кететін шығындар күрт өсті
Қаңтар-мамыр айларында жолдар мен автомагистральдар құрылысы бойынша орындалған жұмыстар көлемі 213,7 млрд тг құрады. Өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда номиналды өсім байқалады - 43%-ға немесе 64 млрд тг өскен.
Еске сала кетейік, бұл жерде құрылыстың мердігерлік шарттары бойынша орындалған жұмыстардың құны туралы айтылып тұр. Тиісінше, мердігер үшін бұл - кіріс, ал мемлекет үшін - шығын.
Жалпы, жолдар мен автомагистральдар құрылыс жұмыстарының жалпы көлеміндегі үлесі бойынша үздік үш объектіге кіреді - 13%. Алдыңғы екі қатарда тұрғынға арналмаған ғимараттар (24%) және тұрғын үйлер (15%) тұр.
Десе де, мердігерлердің кірісінің өсуі жол құрылысы жақсы дегенді білдірмейді. Көптеген ұзаққа созылатын құрылыстар қосымша қаржыландыратынын ұмытпау керек. Мысалға, 2018 ж. бері жаңғыртылып келе жатқан Атырау-Астрахань (277 км) трассасын алып қарауға болады.

Теңге жарты жыл ішінде ең төменгі деңгейге дейін түсіп кетті
19 маусымға белгіленген американдық валютаның ресми бағамы 457,98 тг құрады. 18 маусыммен салыстырғанда бірден 5,06 тг өсті, бұл 2023 жылдың қыркүйек айының соңынан бергі ең күшті күндізгі серпіліс болып тұр. Нәтижесінде, қазіргі мәні - алты ай ішінде ең жоғарғысы.
Ұлттық валюта мамырдың ортасынан, яғни бір айдан бері әлсіреп келеді. Жалпы осы кезеңде ол 18,58 тг арзандады. Айта кетейік, әлсіреу үрдісі Ұлттық банктің валютаны сатуының қысқаруы аясында байқалуда. Егер мамырда көрсеткіш айдан айға 24%-ға төмендесе, маусымның қорытындысы бойынша айдан айға 44%-дан 56%-ға төмендеуі тиіс.
Сонымен қатар теңге еуро мен рубльге қатысты деңгейін жоғалтуда. Біріншісінің кемінде үш айдағы (490,86 тг), екіншісінің бір жылдағы (5,26 тг) ең төменгі деңгейге жеткені байқалды.
ҚР Ұлттық банкі деректері

👍1🥰1🤯1😢1
Ресейдің электр энергиясын барған сайын қымбатқа сатып алуда
ҚР СЖРА ҰСБ деректеріне сүйенсек, 2024 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша РФ-дан 1,05 млрд кВт•сағ электр энергиясын импорттаппыз, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6%-ға артық, ал бағасы 54%-ға көп - шамамен $62,1 млн.
2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында 1 кВт•сағ орташа құны доллармен 2023 жылдың дәл осы айларындағыдан 45%-ға жоғары болды. Қымбаттағаны бірінші рет байқалып тұрған жоқ, десе де, I тоқсанның қорытындысы бойынша жағдай жақсырақ болған еді, айырмашылығы "бар болғаны" 30%-ды құрады.
Жағдайды сәуірдегі көрсеткіштер ушықтырды - бір жыл бұрынғыға қарағанда орта есеппен 2,3 есе қымбат болды.
Сонымен не болып жатыр?
2023 жылдың жазынан бастап сауда шарттары өзгерді. ҚР енді келесі күнгі жеткізілмнің әрбір сағатына сатып алуды жоспарлауға міндетті, ал жоспардан тыс нәрсенің барлығы қымбатырақ болады.
Ал бізде жоспарлау кезінде мәселелер туындайды: өнеркәсіптік тұтынушылар жүктеме кестесін дұрыс жасамайды, есептеу құралдары жетіспейді. Ресейдің есептеулері бойынша I тоқсанда барлық сатып алынған энергияның 62%-ы жоспардан тыс өткен.

🤬2🥰1
Кәрізге екі есе аз ақша жұмсалды. Бұл жақсылықтың нышаны емес
Қаңтар-мамыр айларында кәрізге салынған инвестиция көлемі 20,9 млрд тг құрады. Номиналды түрде өткен жылдың дәл осы кезеңіне қарай ол екі есеге азайып, үш жыл ішінде ең төменгі деңгейге жеткен болатын.
Құлдырауды жоғары базаның әсері деп түсіндіруге болады: бір жыл бұрын көрсеткіш рекордты деңгейде болды - 40,6 млрд тг. Бұған дейін, 2022 ж. қыркүйегінде, «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасын қайта іске асыру туралы шешім қабылданған еді. Бағдарламаның мақсаты - коммуналдық инфрақұрылымның тозу мәселесін шешу. Атап айтқанда, су тарту жүйесіндегі құрылыстардың тозу деңгейі сол кезде 60%-ды құрады. Ішінара тарифтердің қымбаттауымен қамтамасыз етілген инвестициялардың өсуіне байланысты бұл көрсеткішті орта мерзімді перспективада кем дегенде 15 п.т. дейін төмендеткісі келді.
Инвестициялар екі есе төмендесе де, кәріз қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша жылдан жылға 38,5%-ға қымбаттаған.
ҚР СЖРА ҰСБ деректері бойынша

❤1🥰1
💰 🚬 Темекі өнімдерін өндірушілерге ақша табу қиынға соғуда
Қаңтар-мамыр айларында темекі, сигара және папирос өндірісі 92,6 млрд тг құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда номиналды түрде 17%-ға (18,3 млрд тг) аз. Бес айдың қорытындысы бойынша көрсеткіш екінші жыл қатарынан төмендеп тұр, айтпақшы қазіргі төмендеу қарқыны - 2017 жылдан бергі ең жоғары қарқын.
Бір қызығы, 2020 жылдан 2022 жылға дейінгі кезең өндірістің құндық көлемінің әсерлі өсуімен аяқталды – жылдан жылға орта есеппен 55%.
Не болды? Неліктен көтеріліп тұрып, құлдырап кетті?
Жалғыз болжам - өндірілетін темекі өнімдерінің саны азайды. Бағаның төмендеуін қарастырмаймыз: мұндай өнімдер жыл сайын қымбаттап отырады, соның ішінде акциздердің өсуіне байланысты.
Сонымен, табиғи түрде темекі өнімдерінің өндірісі төмендеді, бірақ құнынан сәл ғана аз – 10%-ға, 5,9 млрд данаға дейін. Дежавю: үш жылдық өсу циклінен кейін екінші жыл қатарынан төмендеп келе жатыр (орташа қарқыны – 11%).
👉 Басқаша айтқанда, соңғы жылдары ақшалай шығару динамикасы даналап шығару динамикасымен тікелей байланысты болып тұр: біреуі өссе, екіншісі де өседі, біреуі төмендесе, екіншісі де төмендейді. Сонымен қатар өсім байқалған кезде ақша көлемі темекі өнімдерінің қымбаттауына байланысты данасына қарағанда әлдеқайда тез өседі.
Айтпақшы, бағаның өсімі қалай жүріп жатыр? Соңғы 10 жылдың қаңтар-мамыр айларының орташа қарқыны жылдан жылға 14,8%-ды құрайды. Нақты айтқанда, 2024 жылы 17,4% туралы сөз болып тұр.
Демек, қазақстандықтар темекі шегуді азайтты ма?
Қаңтар-наурыз айларында* темекі мен папиростың ішкі өндірісі барлық қолда бар ресурстардың жартысын ғана қамтыған - 3,2 млрд дана, бір жылда 11%-ға төмендеді. Осы уақытта импорт 3,7 есеге, 3,4 млрд данаға дейін өсті. Сайып келгенде, темекі мен папиросты ішкі нарықта сату 53%-ға артып, 5,7 млрд данаға жетті. Яғни қазақстандықтар, керісінше, көбірек темекі шеге бастаған.
Темекі өнеркәсібіндегі жағдайға вейптердің/электронды темекілердің, соның ішінде елге контрабандалық жолмен әкелінгендердің үстемдік орнатуы әсер етуі мүмкін екенін айта кету керек. Айтпақшы, мұндай құрылғыларды өндіруге, әкелуге және айналымына тыйым салу туралы заң бүгін, яғни 20 маусымда күшіне енеді. Мұндай шешім балалар мен жастарды никотинге тәуелділіктен қорғау үшін қабылданды.
* қазіргі уақытта статистикасы қол жетімді ең өзекті кезең

👍2❤1🥰1
Қазақстанда күріш сатылымы өсті
Төрт айда күрішті ішкі нарықта сату 48,1 мың т құрады. 2023 жылдың осы кезеңіне қарағанда 85%-ға өскен.
Мұндай үлкен серпілісте базаның төмен болуы маңызды рөл атқарғанын мойындау керек: бір жыл бұрын күріш сатылымы бірден үштен біріне, жылдан жылға 26 мың т дейін төмендеген. Қалай болғанда да, қазіргі өсім кем дегенде жеті жыл ішінде рекордты жаңартатындай жеткілікті түрде мықты болып тұр.
Жалпы, Қазақстан өзін күрішпен жақсы қамтамасыз етеді – 90%-дан астам. 2023 жылы осы дақылдың егіс алқабы 14%-ға өсіп, жылдан жылға 100,3 мың га жетті. Рас, 2024 жылы оларды азайту жоспарланған болатын. Мәселе мынада, күріш суды көп тұтынады. Ал негізгі дақылдар шоғырланған Қызылорда облысында су жетіспейді.
Тағы не айтайық? Сатылымның өсуі бағаның күрт өсуінің аясында байқалады. Қаңтар-сәуір айларында күріш жылдан жылға 24,8%-ға қымбаттады. Бір қуантарлығы - соңғы алты айда ай сайынғы қымбаттауы баяулап келеді (орташа қарқыны - айына 0,5%).

БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляцияны жоғалтуды жалғастыруда
БЖЗҚ деректеріне сүйенсек, 1 маусымға қарай Ұлттық банк басқармасындағы активтер үшін көрсеткіш жыл басынан бері 3,49%-ға жетті, сол кезеңде инфляция 3,50%-ға жеткен болатын.
Нақты кірістілік, тиісінше, теріс мәнде қалды, 1 мамырдағыдай, бірақ нәтижесі жақсырақ: -0,22% болған еді, қазір -0,1% болды. Шын мәнінде, инвестициялық кіріс сомасы тұрғысынан мамырдың өзі шығынға көп ұшыраған сәуірден жақсы болды, нәтижесі - 116,7 млрд тг.
Жыл басынан бері 5 айдың қорытындысы бойынша инвестициялық табыс 647 млрд тг жетті, бір жыл бұрынғыдан 27%-ға артық. Айтпақшы, кірістер мен шығындардың жекелеген түрлерінің бөлінуінің толық көрінісі ашылды, енді бағалы қағаздарды қайта бағалаудың қалай әсер еткенін білеміз - жыл басынан бергі шығын 57 млрд құрады.
Тағы бір шығынды санат - теңгенің нығаюын сақтап қалатын шетел валютасын қайта бағалау. Ол жыл басынан бастап 1 маусымға қарай минус 47 млрд тг шығынға ұшырады, дегенмен бұл шығын 1 мамырмен салыстырғанда аздау. Ал ұлттық валютаның соңғы күндері қаншалықты әлсіреп бара жатқанына қарап, 1 маусымға қарай басқа нәтижені көреміз.

Теңге қарқынды аптаны бастан өткерді және долларға қатысты 2023 жылдың күзінен бері есептегенде ең төменгі деңгейге түсті
Ұлттық банк белгілеген американдық валютаның демалыс күндеріндегі ресми бағамы 464,72 тг құрайды. Бұл - өткен жылдың қараша айының ортасынан бері есептегенде, яғни 7 айдан астам уақыттағы, ең жоғары көрсеткіш.
Алдыңғы демалыс күндерінің деңгейімен салыстырғанда доллар 3,1%-ға қымбаттады, ал 18 маусымдағы және бүгінгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша ерекше серпіліс болды: екі жағдайда да доллар алдыңғы күнге қарағанда 1,1%-ға өсті.
Демалыс күндеріндегі еуро бағамы – 496,32 тг, бұл қаңтардың ортасынан бері есептегенде ең жоғары мән, ал өткен аптаның деңгейіне +2,9% қосылған.
Рубль 5,4 тг болып тұр, бір апта бұрынғы деңгейімен салыстырғанда бірден +6,9% қосылған. Жақында, айтпақшы, одан да жоғары болған еді – 5,54 тг. Қазіргі таңда Ресей валютасының бағамының жағдайы қызық болып тұр: Мосбиржадағы доллар мен еуро сауда-саттығы санкцияларға байланысты тоқтады, ал РФ ОБ бағамды банктердің мәліметтері бойынша есептей бастады.
Ал теңге басты әлемдік валюталарға қатысты айтарлықтай төмендейтіндей не болып жатыр?
Бүгін Ұлттық банк басшысы айтқандай, теңге қазіргі таңда «бастапқы мәніне» оралуда. Соңғы айларда нығаюы Ұлттық қордан сатылымның артуына байланысты болды, ал қазір олар төмендеп жатыр (бұл туралы айтқан болатынбыз).
Сонымен қатар банк реттеушісінің басшысы журналистерге жыл соңына дейін бір доллардың құны 500 теңге болатынына сенбейтінін жеткізді. Ал сіз ше?

Бұл ай да аяқталып қалды, демек, несие беру бойынша аралық қорытындыларды шығаратын уақыт келді. Мамырда нарық қалай өзгерді?
📌Жеке тұлғалар
🔸Ипотека айтарлықтай төмендеді. Берілген несиелердің сомасы 14%-ға, ал саны айдан айған 16%-ға азайды. Осылайша, екі көрсеткіш те 2023 жылдың наурызынан бастап ең төменгі деңгейге түсті - 129,4 млрд тг және 8,5 мың бірлік. 1 маусымдағы жағдай бойынша 558 мың қазақстандықтың қолданыстағы ипотекалық несиесі болған. Олардың барлығының қарызы 6 трлн тг болды.
🔸Автокредит беру екінші ай қатарынан төмендеп барады. Сәуірге қарағанда берілген несиелердің сомасы 7%-ға, саны 10%-ға азайған. Абсолютті сандарда бұл 111,8 млрд тг және 14,5 мың бірлік, бұл 2023 жылдың наурыз бен ақпанынан бері ең төменгі көрсеткіштер.
🔸Жалақыға дейінгі несиелер немесе PDL-дің де жағдайы мәз емес. Мамырдың нәтижелері - бір жарым жылдай уақыттағы ең нашар көрсеткіштер. Дегенмен, сәуірге қарағанда төмендеу аса көп емес. Оның қарқыны берілген несиелер сомасы (49,8 млрд тг) және саны (739,5 мың бірлік) бойынша 4%-дан аспады. Жалпы сомасы 50 АЕК-тен және мерзімі 45 күннен аспайтын несиелер өзгерістерді күтіп тұр. Белгілі бір шарттарды, соның ішінде артық төлемді шектеуді сақтағанда, олардың жылдық тиімді мөлшерлемесі жалпы талаптардан өзгеше болуы мүмкін еді, ал енді мұны алып тастайды.
🔸Несие карталарымен жағдай да екіұшты. Бір жағынан, мамырда берілген несиелер сомасы 20 айдағы ең жоғары көрсеткішке жетті - 21,5 млрд тг. Екінші жағынан, берілген несиелер саны 2020 жылдың басынан бері ең төменгі көрсеткіштердің бірі болды - 103,6 мың бірлік. Дегенмен, несие карталары нарыққа айтарлықтай әсер етпейтінін түсіну керек: өткен айда берілген барлық жеке несиелердің жалпы сомасында олар 2%-дан аз үлесті алып тұр.
🔸Тұтынушылық кепілсіз несиеде де әртүрлі динамика байқалады. Айлық көрсеткіш бойынша берілген несиелердің сомасы 4%-ға өсті, ал саны 4%-ға азайды. Абсолюттік көрсеткіштер 855,5 млрд тг және 2,9 млн бірлікті құрайды. Айта кету керек, мұндай несиенің орташа сомасы басқа өнімдермен салыстырғанда әлі де көп емес - 290,9 мың тг.
📌Бизнес
🔸Заңды тұлғалар мен ЖК-ге берілетін несиелер жылдық мәнде қарқынды өсімді көрсетіп тұр. Десе де, әңгіме тек берілген несиелер сомасы туралы болып отыр. Мамырда ол 25%-ға, жылдан жылға 1,66 трлн тг дейін өсті. Осы уақытта жыл ішінде жасалған келісім-шарттар саны 15%-ға, 49,7 мың бірлікке дейін төмендеді. Айлық деңгейде екі жағдайда да өсу байқалады. Нақтырақ айтқанда, сәуірге қарағанда берілген несиелер сомасы 11%-ға, ал саны 4%-ға өсті.
🔸Мамырда берілген несиелердің шамамен 40%-ы сауда және автокөліктерді жөндеуге тиесілі болды - 620,7 млрд тг. Тағы екі сала салыстырмалы түрде жақсы несиеленді: көлік және қоймалау - 190,1 млрд тг (12%), қаржы және сақтандыру қызметі - 144,7 млрд тг (9%). Ал ең жоғары орташа несие сомасы металл кендерін өндіруде тіркелді - 2,75 млрд тг. Алдыңғы аймен салыстырғанда ол екі есе өскен.
🔸Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің несие портфелі 1 маусымда 25,5 трлн тг жетті, жылдың басынан бері өсім 4%-ды құрады.
Көбірек қызықты мәліметтерді төмендегі суреттерден таба аласыз👇