DATA HUB Қазақша – Telegram
DATA HUB Қазақша
202 subscribers
711 photos
1 video
396 links
DATA HUB Powered by FCBK

Қаржылық, қаржыға жақын және әлеуметтік тақырыптар бойынша ең өзекті деректері бар аналитикалық арна.
Осында барлық нарықтық талдаулар бар.

Иесі – Бірінші кредиттік бюро.

Байланысу үшін - @DataHubFCBK_bot
Download Telegram
📱Қытайлық автокөліктердің импорты өсіп жатса, смартфондардың импорты түсуде.

Екі айда Қазақстанға Қытайдан 457,2 мың смартфон әкелінді. 2023 ж. аталған уақытта импорт 6%-ға төмендеген болатын (29,6 мың бір.).

Смартфондардың Вьетнамнан импорты одан да көбірек төмендеген - 27%-ға (88,3 мың бір.). Бұл мемлекет - Қытайдан кейінгі, 33% үлесі бар (239,8 мың бәр.) екінші маңызды жеткізуші. Ал Қытайдың үлесі - 63%.

💰Бұл жағдай импортталған смартфондардың жалпы құнының төмендеуіне әкеліп соқтырды. Биылғы қаңтар-ақпандағы импорт көлемі ($186,8 млн) өткен жылдағыдан ($264,6 млн) 30%-ға төмен.

☝️Автокөліктермен қатар смартфондар да шетелден әкелінетін негізгі тауарлардың біріне жатады. Олардың үлесіне жалпы импорт көлемінің 2,3% тиесілі.

Тағы да бір жайт. Қазақстан смартфондарды импорттап қана қоймай, экспортқа да шығарады. Өндірістің өзімізде болмауы бұған кедергі емес. Көлемнің 43% Түркіменстанға (110,5 мың бір.) кетеді. Ал Тәжікстан мен Қырғызстанға - 36% (93,9 мың бір.).

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHUB_KZ
4👍1🥰1
🏭Өнеркәсіптің маңызды жаңалықтары туралы қысқаша

🔸Наурызда тауарлық газ өндірісі екі жыл ішінде ең жоғары деңгейге жетті - 1,02 млрд текше м. Алайда бұл көрсеткіштің тұрақты өсіп жатқанын білдірмейді. Ол үнемі ауытқып отырады. Ауытқу диапазоны жыл сайын өзгеруде: көбірек төмендеп, көтерілуі баяулауда. Елімізде қажеттіліктің өсіп келе жатқанын ескерсек, динамикасы мәз емес. Сонымен қатар Үкіметтің жоспары - 2030 жылға қарай қазақстандықтардың 65% көгілдір отынмен қамтамасыз ету. Әзірге деңгейі 60%-ға жетті.

🔸Өкінішке орай, қант өндірісінің жағдайы әлі де нашар. Екінші ай қатарынан кем дегенде 3,5 жылдағы ең төменгі деңгейде тұр. Наурызда 5,1 мың тонна болды (ақпанда 5,4 мың тонна). Ішкі өндірістің деңгейінің төмендігі бағаларға әсер етіп үлгерді. Наурыздың қорытындысы бойынша қант 3%-ға (өткен аймен салыстырғанда) қымбаттады. Қазақстан өзін қантпен шамамен 40%-ға қамтамасыз етіп отыр. Қажеттіліктің қалған бөлігі импорт есебінен толады.

🔸Қанттан кейін алкогольсіз сусындар өндірісі айтарлықтай төмендейді деп күтілген, бірақ олай болмады. 2022 жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі деңгейде коньяк болды – 656,1 мың литр шығарылды. Қазір тіпті төмен. 2023 жылдың орташа деңгейінен (2,2 миллион литр) 3,5 есе төмен. Бірақ Қазақстан коньякпен өзін қанттан көбірек қамтамасыз етеді - 75%-ға.

🔸Наурызда жеңіл автокөлік өндірісі де мәз болмады - 9,8 мың дана. Бұл - соңғы бір жарым жылдағы ең төменгі деңгейдің бірі. Жалпы мұндай құлдыраулар болып тұратынын ескеру керек. Енді әрі қарай не болатынын көреміз.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHUB_KZ
4🥰1🤔1
📉💸Жақында көтерме сауданың өсуі рекордты түрде баяулағанын айтқан болатынбыз. Міне, енді инвестициялар құлдырауда.

3 айдың ішінде негізгі капиталға 2,8 трлн теңге инвестицияланды. Нақты мәнде бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,8%-ға аз. Қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша көрсеткіш 2021 ж. бері алғаш рет төмендеп отыр.

Төмендеудің себебін іздеуде инвестициялардың жалпы көлемінде ең көп үлесі бар аймақтарға назар аударған жөн. Олар:

🔸Атырау облысы – 16,9% (476,7 млрд тг);
🔸Алматы - 10% (280,5 млрд тг);
🔸Астана - 9,8% (277,1 млрд тг).

Бір қызығы, көшбасшылар арасындағы жалпы теріс динамикаға тек біреуі "кінәлі" – Атырау облысы. Оның негізгі капиталына салынған инвестиция шамамен 30%-ға құлдырады. Мұндай қатты құлдырау осы аймақ мамандандырылған сала тау-кен өндірісінде болып отыр.

Сонымен қатар Алматы 11,4%-ға, Астана 30,8%-ға көп инвестиция тартты. Біріншісінің өсіміне көлік және қоймалау, екіншісіне ақпарат пен байланыс саласы айтарлықтай әсер етті.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHUB_KZ
1🥰1🤔1😢1
🏘Ай қорытындысы бойынша пәтерлерді пайдалануға беру шамамен 60%-ға өсті

Наурызда 10,5 мың пәтер пайдалануға берілді. Бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 57%-ға (3,8 мың бір.) көп. ҚР СЖРА ҰСБ деректері бойынша кем дегенде 2019 ж. бері көктемнің басында мұндай көп болмаған.

☝️Жалпы өсімнің жартысынан астамы Алматыға тиесілі. Қалада дайын пәтерлердің саны 2023 ж. осы айына қарағанда үш есеге артып, 3 мың бірлікке жеткен. Осылайша Алматының жалпы дайын пәтерлер көлеміндегі үлесі 29%-ды құрады. Ақпанда 7% ғана болатын.

Астанада бұдан көп болды - 3,7 мың бір. Алайда жылдық көрсеткішке тек 11% қосылған. Жалпы елордаға барлық дайын пәтерлер көлемінің 35% тиесілі.

📍Пайдалануға берілген пәтерлердің жалпы саны I тоқсанның қорытындысы бойынша 20%-ға, 25,4 мың бір. дейін өскен (жылдан жылға). Ал Астана жиынтық өсімнің 70%-ын алып отыр. Қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша қалада 11,2 мың пәтер (+34%) пайдалануға берілген. Ал Алматының нәтижесі ойдан шықпады - 4,7 мың бір. (-7%).

@DataHUB_KZ
2👍1🥰1
😢Сәуір де аяқталуға жақын, алайда су тасқыны басылар емес. Соңғы күндері су тасқынының екінші толқыны Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарына жетті. Жыл басынан бері барлығы 118,2 мың адам құтқарылып, эвакуацияланды, 9,6 мың тұрғын үй, оның ішінде 17 көппәтерлі үйге зақым келді.

Иә, келтірілген зардапты бағалау әлі де ерте. Десе де, су тасқынының салдарынан қалыптасқан жағдайды ретке келтіру қомақты қаражатты қажет ететіні сөзсіз. Азаматтар мен бизнестің барлық шығындарын мемлекет өз мойнына алуға уәде берді. ТЖ салдарын жою үшін Үкіметтің резерві 7 млрд теңгені құрайды. Бюджетті нақтылау кезінде оны 8,4 есеге, 59,3 млрд теңгеге дейін көбейту жоспарлануда. Алдағы өсім соңғысы болмауы да мүмкін.

Бір жағынан, мемлекеттің көмектескені құба-құп. Екінші жағынан, мұның қаупі де бар. Бұл жерде тауарлар мен қызметтер бағасының өсуінің жеделдеуін меңзеп отырмыз. Бірінші кезекте - құрылыс материалдары. Себебі мемлекет қолдауының бірден-бір басты шарасы қираған тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіру немесе орнына жаңасын салу болып табылады.

🤔Құрылыс материалдарының бағасы қаншалықты қымбаттауы мүмкін?

Берік және мықты конструкцияларды жасау үшін негіз болып табылатын конструкциялық материалдармен Қазақстан өзін жеткілікті деңгейде қамтамасыз ете алатынын айта кетейік. Мысалға, бетон, цемент, құрылысқа қажетті ерітінділер, құрастырмалы темір-бетондармен толығымен дерлік, ал керамикалық кірпішпен 70%-ға қамтамасыз ете алады.

Алайда құрылыс материалдарының басқа түрлерінің (шатыр жабындары, жылу оқшаулау, әрлеу материалдары) өндірісі мәз емес. Жергілікті ресурстар есебінен бұл материалдарға ішкі сұраныстың жартысынан азы ғана жабылады. Сонымен табақ шынымен 44,3%-ға, еденге, қабырғалар мен төбеге арналған жабындармен 43,4%-ға, керамикалық плиткалармен 22%-ға, шыны талшықтармен 11,4%-ға, линолеуммен 8%-ға, шатырға арналған керек-жарақтармен 6,2%-ға қамтамасыз ете алады.

❗️Импортталатын құрылыс материалдары ішкі өндіріске қарағанда көбірек қымбаттайды деп кесіп айтуға болмайды.

Жалпы алғанда, құрылыс материалдарының бағасы айтарлықтай өзгеріске ұшырап тұрмайды. 2019 жылдың басынан бері ай қорытындысы бойынша олардың бағасы үш рет күрт көтерілген. 2021 жылдың мамырында 2,6%-ға, 2022 жылдың мамырында 3,1%-ға, 2022 жылдың шілдесінде 2,2%-ға өскен. Біріншісінде өсім азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алуға мүмкіндік бергеннен кейін байқалды. Екінші және үшінші жағдайда Украинадағы әскери қақтығыстың басталуына байланысты тауарларды жеткізуде логистикалық тізбектің бұзылуының әсерінен болды. Бір қызығы, 2020 жылы, COVID-19 пандемиясы белең алып тұрған кезде, құрылыс материалдарының бағасы өзгермеді. Десе де, сол кезең қорытындысы бойынша құрылыс саласы қарқынды өсім көрсетті - 11,2%.

☝️Осыдан бір-біріне қарама-қарсы екі қорытынды шығаруға болады. Құрылыс материалдарының бағасы бұл жолы да айтарлықтай көтеріледі деп күтудің қажеті жоқ немесе жай ғана ресми статистика мәліметтерінде қандай да бір шикілік бар.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHUB_KZ
👍3😨21🥰1
👍31🥰1
🍿🎬Мойыңдаңыздаршы, киноға жиі барасыздар ма? Солай болса, келесі фактілер сіз үшін қызық болады.

🔸2023 ж. кинотеатрларға рекордтық табыс әкелді - 37,3 млрд теңге. Иә, қиын кездер артта қалды. Номиналды түрде қазіргі деңгей пандемияға дейінгі деңгейден 75%-ға жоғары.

🔸Өткен жыл көрермендерді тарту жағынан да сәтті болды. Кино көруге келгендердің жалпы саны барлық уақыттағы ең жоғары деңгейге жетті - 21 млн. Көрсеткіш 2019 ж. асып түсті.

🔸Ал киносеанстардың саны 2022 ж. деңгейде қалды - 985,4 мың. Шыны керек, бұл алдыңғы тарихи рекорд.

🔸Көрсетілген әрбір үшінші фильм отандық туынды болғаны таңғалдырады. Мұндай жағдай бір жыл бұрын да болған еді. Жалпы өткен екі жылдың деңгейі - барлық уақыттағы ең жоғары деңгей. Салыстырыңыз: 2013 ж. тиісті үлес тек 6,2% құраған.

🔸Сонымен қатар отандық туындылар көрермендерді жақсы жинай бастады. 2023 ж. әр сеансқа орта есеппен 27 адам барған (жылдан жылға +35%).

Демалыс күндеріңіз жақсы өтсін! Мейлі кинода болсын, басқа жерде болсын🤗

@DataHub_KZ
6🥰1👏1
БЖЗҚ инвестициялық қызметтің нәтижелерімен бөлісті. Ең қызығы - төменде

🔸I тоқсандағы инвестициялық табыс 581,3 млрд теңге көлемінде болды. Нәтижесі жаман емес. Салыстырыңыз: 2023 жылы қаңтар-наурызда 345,7 млрд, 2022 жылы аталған айларда 304,9 млрд болды. Тек барлық мәндер қазіргі бағамен берілген.

🔸ҚР ҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің табысы жылдың басынан бері 3,15%-ды құрады. Бұл 2,6%-ға жеткен инфляция деңгейінен әлдеқайда жоғары. Айта кететіні, өткен екі жылда I тоқсанда табыс нашар болды.

🔸Тек екі басқарушы компания ғана инфляцияны басып оза алды. Сентрас Секьюритиздің кірістілігі 4,45%, ал Jusan Invest-тікі 3,07% болды.

🔸Нақты айтқанда, наурызда инвестициялық табыс 230,2 млрд теңгені құрады. Ол бағалы қағаздар бойынша сыйақы (177,8 млрд) мен сыртқы басқару (80,1 млрд) есебінен қалыптасты. Ал шетел валютасын қайта бағалау 26,9 млрд теңге мөлшерінде шығын әкелді. Дегенмен, теңгенің беріктігі әрдайым жақсылыққа апара бермейді.

@DataHUB_KZ
👍31🥰1
🤔🤰Қазақстандықтар қай жаста көбірек балалы болғысы келетіні жайлы ойланып көрдіңіз бе?

Жауабы сізді таңғалдыруы мүмкін - 25-29 жаста. 2023 жылдың қорытындысы бойынша бұл жас тобы ең жоғары туу коэффициентімен ерекшеленді (ТК) – 181,25. Яғни аталған жастағы әрбір мың әйел осынша баланы дүниеге әкелді.

Иә, заман өзгеруде. 20 жыл бұрын бала тууға қолайлы жас 20-24 жас аралығы деп саналды. Қалай болғанда да осы жас тобы ТК бойынша алдыңғы қатарда болды. Ал қазір әжептәуір артта қалып, екінші орында тұр - 147,9.

Ең қызығы не екенін білесіз бе? Әйелдер 30-34 жаста дәл 20-24 жастағыдай босанады. Бұл жас тобының ТК 136,24 тең. Сонымен қатар қазақстандық әйелдер 35-39 жаста да жақсы қарқынмен ана атанып жатыр (82,78). Бірақ жасы үлкендердің бірінші рет босанып жатпағанын ұмытпаған жөн.

Тағы бір қызықты ақпарат: репродуктивті түрде 40-44 жастағылар 15-19 жастағыларға қарағанда белсендірек - 24,16 және 17,59. Ең төмен ТК 45-49 жастағыларда - 1,68. Әрине, бұл таңғаларлық жайт емес.

Жекелеген аймақтарда жағдай әр түрлі болуы мүмкін. Мысал келтірейік:

🔸Тек Түркістан облысында 20-24 жастағылардың ТК (263,62) 25-28 жастағыларға (261,71) қарағанда жоғары.

🔸Алматыда 20-24 пен 35-39 жастағы әйелдер бірдей дерлік жиілікпен босанады - 68,2 және 62,42;

🔸Астанада, Атырау және Ақтөбе облыстарында 30-34 жастағы әйелдер 20-24 жастағыларға қарағанда жиірек босанады.

@DataHub_KZ
🥰31
📉Алтын арзандай бастады

Бүгін бекітілген бір грамм алтынның ресми құны 33 835,57 теңгені құрады. ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша өткен күнге қарағанда 1%-ға (355,14 теңге) төмен.

Бағалы металл үшінші күн қатарынан арзандап бара жатыр. Шыны керек, осыған дейін, 18 сәуірде, оның құны тарихи жоғары деңгейге көтерілген болатын - бір граммы 34 546,96 теңге болды. Осы деңгейге қарағанда 2,1%-ға (711,39 теңге) төмендеген.

Бұған дейін алтынның құны инвесторлардың инфляция мен геосаяси шиеленістің өсуіне, сондай-ақ әлемдік орталық банктердің жоғары сұранысына қатысты қауіптері аясында рекордты жаңартқаны жайлы жазған болатынбыз.

Қазіргі таңда жағдай біршама өзгерді. Кеше алтынның әлемдік бағасы апталық ең төменгі деңгейге дейін, 2%-дан көп төмендеді. Себебі Таяу Шығыстағы қақтығыс қаупі азайды. Бұл инвесторларды баспана активтерімен жасалған мәмілерді акциялар сияқты қауіпті активтерге ауыстыруға итермеледі.

@DataHub_KZ
3🥰1
Наурыз айындағы несиелеудің қорытындысын шығарар уақыт келген сияқты

Әдеттегідей, жекелеген несиелерден бастайық.

🔸Екі айлық құлдыраудан кейін автокөлік несиесі қайта жанданды. Бұл мақсатта берілген қаражат көлемі 138,7 млрд теңгені құрады. Алдыңғы деңгеймен салыстырғанда 14%-ға (17,2 млрд тг), өткен жылдағыдан 28%-ға жоғары (30,3 млрд тг). Ал берілген несие саны - 16,1 мың бірлік. Мойындау керек, соңғы жылдағы ең жақсы нәтижелердің бірі деуге келмейді. Десе де, 2024 жылдың ақпандағы нәтижесінен 15%-ға (2,1 мың бір.) және 2023 жылдың наурыздағы нәтижесінен 8%-ға (1,1 мың бір.) жоғары. Берілген несиенің орташа көлемі - 8,6 млн тг. Әрине, бұл көрсеткіш үнемі өсіп отырады.

🔸Ипотеканың динамикасы мұндай біркелкі емес. Қазіргі таңда берілген несие сомасы - 135,7 млрд тг. Бір айда 19%-ға (32,3 млрд тг) төмендесе, бір жылда 31%-ға (31,8 млрд тг) өсті. Берілген несие санының нәтижесі де осыған ұқсас: бір айда 15%-ға (1,6 мың бір.) төмендеп, бір жылда 19%-ға (1,4 мың бір.) өскен. Барлығы бір айда 8,8 мың ипотекалық қарыз берілген.

🔸Кепілсіз тұтынушылық несие азайған. Ай сайынғы берілетін сома 4%-ға (37,1 млрд тг), 812,5 млрд теңгеге дейін, берілетін несие саны 3%-ға (82,6 мың бір.), 2,8 млн бірлікке дейін төмендеген. Бірақ жылдық көрсеткіште берілген несие сомасы 23%-ға (150,6 млрд тг), оның саны 10%-ға (258,2 мың бір.) өскен.

🔸Кепілді тұтынушылық несие біршама төмендеген. Берілген несие саны 2020 жылдың шілдесінен бергі (11 мың бір.), ал сомасы 2023 жылдың қаңтарынан бергі (24,1 млрд тг) ең төменгі деңгейге түскен.

🔸Наурызда берілген жекелеген несиелердің сомасы 1,2 трлн теңгені (айдан айға -6%, жылдан жылға +22%), ал олардың саны 4,2 млн бірлікті (айдан айға -3%, жылдан жылға +11%) құрап отыр.

🔸1 сәуірде жеке тұлғалардың жиынтық портфелі 20,6 трлн теңге көлемінде болды.

Ал бизнесті несиелеу жайы қалай боп жатыр екен?

🔸Жалпы берілген сома өткен айдың деңгейінде тұр - 1,4 трлн тг. 2023 жылдың наурызына қарағанда 14%-ға, яғни 172,8 млрд теңгеге артқан. Алайда берілген несие саны айлық мәнде де (-6%, 2,8 мың бір.), жылдық мәнде де (-28%, 16,4 мың бір.) төмендеген. Қазіргі деңгейі - 42,1 мың бір. Берілген соманың орташа көлемі 34 млн теңгені құрады.

🔸1 сәуірде бизнестің портфелі 25 трлн теңгеге жетті. Оның ішінде ЖК үлесіне 11%-дай (2,7 трлн тг) тиесілі.

Қосымша мәліметтерді төмендегі суреттерден таба аласыздар.

Ақпарат көзі - Бірінші кредиттік бюро.

@DataHUB_KZ
4🥰1
Қазақстанда ұзақ өмір сүруге қай жерде туғандардың және кімдердің мүмкіндігі жоғары?

Жауабын көп созбай-ақ қояйық. 2023 жылы өмір сүру ұзақтығы бойынша Алматы мен Астанада туған қыздар көш бастады - сәйкесінше 81,43 және 81,28 жас деп көрсетілген ҚР СЖРА ҰСБ деректерінде.

❗️Екі мегаполистегі аса қолайлы емес экологиялық жағдайды ескере отырып, сізді бұл қалай деген сұрақ мазалап тұрған шығар. Жауап берейік: бұл есеп адамның тұрғылықты жері мен жынысына байланысты өзгеріп отыратын халықтың өлім-жітім деңгейін қамтиды. Бұдан Қазақстанның ірі қалаларында әйелдердің өлім-жітім деңгейі төмен деген қорытынды шығаруға болады.

Шығыс Қазақстан облысының ауылдық елді-мекендерінде дүниеге келген ұлдар “аутсайдерлер” болып тұр. Олардың көрсеткіші төмендеу - 66,67 жас. Бұл жерде де өлім-жітім деңгейімен байланысты екені белгілі.

Жалпы 2013 жылдан бері ештеңе өзгермеген. Тек 10 жыл бұрын ең аз өмір сүру мүмкіндігі ШҚО-ның ауылдық жерлерінде туған ұлдарға тиесілі болмағанын айтпасақ.

Ал орташа деңгей қандай?

Орташа көрсеткішке келетін болсақ, 75,09 жас болып тұр және бұл - кем дегенде 1999 жылдан бері (ол кезде 65,63 жас болды) ең жоғары деңгей. Қыздар ұлдарды күтілетін өмір сүру ұзақтығы бойынша 8 жасқа басып озады - 79,06 және 70,99 жас. Енді бұл жерде айтарлықтай жаңалық жоқ. Қызығы мынау - қала тұрғындары ауыл тұрғындарымен салыстырғанда әлдеқайда “өміршең” бола бастаған - 75,73 және 74,02 жас. Сондай-ақ қала тұрғындары соңғы екі жыл қатарынан алда келеді. Бір жағынан бұл - парадокс. Бірақ бұл көрсеткіштің қалай есептелетінін ұмытпаған жөн.

🌏Басқа мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстандағы жағдай қалай?

Ұлттың банктің деректеріне сәйкес 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан туған кездегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы бойынша (70,23 жас) 201 елдің ішінен 126-орында тұрған. Ирак (70,38), Өзбекстан (70,86) және КХДР (73,28) сияқты елдер басып озған. Рейтингтің басында Гонконг (85,49), ал соңында Чад (52,52) тұрған.

@DataHUB_KZ
3👍1🥰1
Графиктен 1999 жылы туғандардан бастап өмір сүру ұзақтығының қалай өзгергенін көруге болады.

@DataHub_KZ
3👍1🥰1