DATA HUB Қазақша – Telegram
DATA HUB Қазақша
201 subscribers
711 photos
1 video
396 links
DATA HUB Powered by FCBK

Қаржылық, қаржыға жақын және әлеуметтік тақырыптар бойынша ең өзекті деректері бар аналитикалық арна.
Осында барлық нарықтық талдаулар бар.

Иесі – Бірінші кредиттік бюро.

Байланысу үшін - @DataHubFCBK_bot
Download Telegram
🏘Ай қорытындысы бойынша пәтерлерді пайдалануға беру шамамен 60%-ға өсті

Наурызда 10,5 мың пәтер пайдалануға берілді. Бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 57%-ға (3,8 мың бір.) көп. ҚР СЖРА ҰСБ деректері бойынша кем дегенде 2019 ж. бері көктемнің басында мұндай көп болмаған.

☝️Жалпы өсімнің жартысынан астамы Алматыға тиесілі. Қалада дайын пәтерлердің саны 2023 ж. осы айына қарағанда үш есеге артып, 3 мың бірлікке жеткен. Осылайша Алматының жалпы дайын пәтерлер көлеміндегі үлесі 29%-ды құрады. Ақпанда 7% ғана болатын.

Астанада бұдан көп болды - 3,7 мың бір. Алайда жылдық көрсеткішке тек 11% қосылған. Жалпы елордаға барлық дайын пәтерлер көлемінің 35% тиесілі.

📍Пайдалануға берілген пәтерлердің жалпы саны I тоқсанның қорытындысы бойынша 20%-ға, 25,4 мың бір. дейін өскен (жылдан жылға). Ал Астана жиынтық өсімнің 70%-ын алып отыр. Қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша қалада 11,2 мың пәтер (+34%) пайдалануға берілген. Ал Алматының нәтижесі ойдан шықпады - 4,7 мың бір. (-7%).

@DataHUB_KZ
2👍1🥰1
😢Сәуір де аяқталуға жақын, алайда су тасқыны басылар емес. Соңғы күндері су тасқынының екінші толқыны Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарына жетті. Жыл басынан бері барлығы 118,2 мың адам құтқарылып, эвакуацияланды, 9,6 мың тұрғын үй, оның ішінде 17 көппәтерлі үйге зақым келді.

Иә, келтірілген зардапты бағалау әлі де ерте. Десе де, су тасқынының салдарынан қалыптасқан жағдайды ретке келтіру қомақты қаражатты қажет ететіні сөзсіз. Азаматтар мен бизнестің барлық шығындарын мемлекет өз мойнына алуға уәде берді. ТЖ салдарын жою үшін Үкіметтің резерві 7 млрд теңгені құрайды. Бюджетті нақтылау кезінде оны 8,4 есеге, 59,3 млрд теңгеге дейін көбейту жоспарлануда. Алдағы өсім соңғысы болмауы да мүмкін.

Бір жағынан, мемлекеттің көмектескені құба-құп. Екінші жағынан, мұның қаупі де бар. Бұл жерде тауарлар мен қызметтер бағасының өсуінің жеделдеуін меңзеп отырмыз. Бірінші кезекте - құрылыс материалдары. Себебі мемлекет қолдауының бірден-бір басты шарасы қираған тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіру немесе орнына жаңасын салу болып табылады.

🤔Құрылыс материалдарының бағасы қаншалықты қымбаттауы мүмкін?

Берік және мықты конструкцияларды жасау үшін негіз болып табылатын конструкциялық материалдармен Қазақстан өзін жеткілікті деңгейде қамтамасыз ете алатынын айта кетейік. Мысалға, бетон, цемент, құрылысқа қажетті ерітінділер, құрастырмалы темір-бетондармен толығымен дерлік, ал керамикалық кірпішпен 70%-ға қамтамасыз ете алады.

Алайда құрылыс материалдарының басқа түрлерінің (шатыр жабындары, жылу оқшаулау, әрлеу материалдары) өндірісі мәз емес. Жергілікті ресурстар есебінен бұл материалдарға ішкі сұраныстың жартысынан азы ғана жабылады. Сонымен табақ шынымен 44,3%-ға, еденге, қабырғалар мен төбеге арналған жабындармен 43,4%-ға, керамикалық плиткалармен 22%-ға, шыны талшықтармен 11,4%-ға, линолеуммен 8%-ға, шатырға арналған керек-жарақтармен 6,2%-ға қамтамасыз ете алады.

❗️Импортталатын құрылыс материалдары ішкі өндіріске қарағанда көбірек қымбаттайды деп кесіп айтуға болмайды.

Жалпы алғанда, құрылыс материалдарының бағасы айтарлықтай өзгеріске ұшырап тұрмайды. 2019 жылдың басынан бері ай қорытындысы бойынша олардың бағасы үш рет күрт көтерілген. 2021 жылдың мамырында 2,6%-ға, 2022 жылдың мамырында 3,1%-ға, 2022 жылдың шілдесінде 2,2%-ға өскен. Біріншісінде өсім азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алуға мүмкіндік бергеннен кейін байқалды. Екінші және үшінші жағдайда Украинадағы әскери қақтығыстың басталуына байланысты тауарларды жеткізуде логистикалық тізбектің бұзылуының әсерінен болды. Бір қызығы, 2020 жылы, COVID-19 пандемиясы белең алып тұрған кезде, құрылыс материалдарының бағасы өзгермеді. Десе де, сол кезең қорытындысы бойынша құрылыс саласы қарқынды өсім көрсетті - 11,2%.

☝️Осыдан бір-біріне қарама-қарсы екі қорытынды шығаруға болады. Құрылыс материалдарының бағасы бұл жолы да айтарлықтай көтеріледі деп күтудің қажеті жоқ немесе жай ғана ресми статистика мәліметтерінде қандай да бір шикілік бар.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHUB_KZ
👍3😨21🥰1
👍31🥰1
🍿🎬Мойыңдаңыздаршы, киноға жиі барасыздар ма? Солай болса, келесі фактілер сіз үшін қызық болады.

🔸2023 ж. кинотеатрларға рекордтық табыс әкелді - 37,3 млрд теңге. Иә, қиын кездер артта қалды. Номиналды түрде қазіргі деңгей пандемияға дейінгі деңгейден 75%-ға жоғары.

🔸Өткен жыл көрермендерді тарту жағынан да сәтті болды. Кино көруге келгендердің жалпы саны барлық уақыттағы ең жоғары деңгейге жетті - 21 млн. Көрсеткіш 2019 ж. асып түсті.

🔸Ал киносеанстардың саны 2022 ж. деңгейде қалды - 985,4 мың. Шыны керек, бұл алдыңғы тарихи рекорд.

🔸Көрсетілген әрбір үшінші фильм отандық туынды болғаны таңғалдырады. Мұндай жағдай бір жыл бұрын да болған еді. Жалпы өткен екі жылдың деңгейі - барлық уақыттағы ең жоғары деңгей. Салыстырыңыз: 2013 ж. тиісті үлес тек 6,2% құраған.

🔸Сонымен қатар отандық туындылар көрермендерді жақсы жинай бастады. 2023 ж. әр сеансқа орта есеппен 27 адам барған (жылдан жылға +35%).

Демалыс күндеріңіз жақсы өтсін! Мейлі кинода болсын, басқа жерде болсын🤗

@DataHub_KZ
6🥰1👏1
БЖЗҚ инвестициялық қызметтің нәтижелерімен бөлісті. Ең қызығы - төменде

🔸I тоқсандағы инвестициялық табыс 581,3 млрд теңге көлемінде болды. Нәтижесі жаман емес. Салыстырыңыз: 2023 жылы қаңтар-наурызда 345,7 млрд, 2022 жылы аталған айларда 304,9 млрд болды. Тек барлық мәндер қазіргі бағамен берілген.

🔸ҚР ҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің табысы жылдың басынан бері 3,15%-ды құрады. Бұл 2,6%-ға жеткен инфляция деңгейінен әлдеқайда жоғары. Айта кететіні, өткен екі жылда I тоқсанда табыс нашар болды.

🔸Тек екі басқарушы компания ғана инфляцияны басып оза алды. Сентрас Секьюритиздің кірістілігі 4,45%, ал Jusan Invest-тікі 3,07% болды.

🔸Нақты айтқанда, наурызда инвестициялық табыс 230,2 млрд теңгені құрады. Ол бағалы қағаздар бойынша сыйақы (177,8 млрд) мен сыртқы басқару (80,1 млрд) есебінен қалыптасты. Ал шетел валютасын қайта бағалау 26,9 млрд теңге мөлшерінде шығын әкелді. Дегенмен, теңгенің беріктігі әрдайым жақсылыққа апара бермейді.

@DataHUB_KZ
👍31🥰1
🤔🤰Қазақстандықтар қай жаста көбірек балалы болғысы келетіні жайлы ойланып көрдіңіз бе?

Жауабы сізді таңғалдыруы мүмкін - 25-29 жаста. 2023 жылдың қорытындысы бойынша бұл жас тобы ең жоғары туу коэффициентімен ерекшеленді (ТК) – 181,25. Яғни аталған жастағы әрбір мың әйел осынша баланы дүниеге әкелді.

Иә, заман өзгеруде. 20 жыл бұрын бала тууға қолайлы жас 20-24 жас аралығы деп саналды. Қалай болғанда да осы жас тобы ТК бойынша алдыңғы қатарда болды. Ал қазір әжептәуір артта қалып, екінші орында тұр - 147,9.

Ең қызығы не екенін білесіз бе? Әйелдер 30-34 жаста дәл 20-24 жастағыдай босанады. Бұл жас тобының ТК 136,24 тең. Сонымен қатар қазақстандық әйелдер 35-39 жаста да жақсы қарқынмен ана атанып жатыр (82,78). Бірақ жасы үлкендердің бірінші рет босанып жатпағанын ұмытпаған жөн.

Тағы бір қызықты ақпарат: репродуктивті түрде 40-44 жастағылар 15-19 жастағыларға қарағанда белсендірек - 24,16 және 17,59. Ең төмен ТК 45-49 жастағыларда - 1,68. Әрине, бұл таңғаларлық жайт емес.

Жекелеген аймақтарда жағдай әр түрлі болуы мүмкін. Мысал келтірейік:

🔸Тек Түркістан облысында 20-24 жастағылардың ТК (263,62) 25-28 жастағыларға (261,71) қарағанда жоғары.

🔸Алматыда 20-24 пен 35-39 жастағы әйелдер бірдей дерлік жиілікпен босанады - 68,2 және 62,42;

🔸Астанада, Атырау және Ақтөбе облыстарында 30-34 жастағы әйелдер 20-24 жастағыларға қарағанда жиірек босанады.

@DataHub_KZ
🥰31
📉Алтын арзандай бастады

Бүгін бекітілген бір грамм алтынның ресми құны 33 835,57 теңгені құрады. ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша өткен күнге қарағанда 1%-ға (355,14 теңге) төмен.

Бағалы металл үшінші күн қатарынан арзандап бара жатыр. Шыны керек, осыған дейін, 18 сәуірде, оның құны тарихи жоғары деңгейге көтерілген болатын - бір граммы 34 546,96 теңге болды. Осы деңгейге қарағанда 2,1%-ға (711,39 теңге) төмендеген.

Бұған дейін алтынның құны инвесторлардың инфляция мен геосаяси шиеленістің өсуіне, сондай-ақ әлемдік орталық банктердің жоғары сұранысына қатысты қауіптері аясында рекордты жаңартқаны жайлы жазған болатынбыз.

Қазіргі таңда жағдай біршама өзгерді. Кеше алтынның әлемдік бағасы апталық ең төменгі деңгейге дейін, 2%-дан көп төмендеді. Себебі Таяу Шығыстағы қақтығыс қаупі азайды. Бұл инвесторларды баспана активтерімен жасалған мәмілерді акциялар сияқты қауіпті активтерге ауыстыруға итермеледі.

@DataHub_KZ
3🥰1
Наурыз айындағы несиелеудің қорытындысын шығарар уақыт келген сияқты

Әдеттегідей, жекелеген несиелерден бастайық.

🔸Екі айлық құлдыраудан кейін автокөлік несиесі қайта жанданды. Бұл мақсатта берілген қаражат көлемі 138,7 млрд теңгені құрады. Алдыңғы деңгеймен салыстырғанда 14%-ға (17,2 млрд тг), өткен жылдағыдан 28%-ға жоғары (30,3 млрд тг). Ал берілген несие саны - 16,1 мың бірлік. Мойындау керек, соңғы жылдағы ең жақсы нәтижелердің бірі деуге келмейді. Десе де, 2024 жылдың ақпандағы нәтижесінен 15%-ға (2,1 мың бір.) және 2023 жылдың наурыздағы нәтижесінен 8%-ға (1,1 мың бір.) жоғары. Берілген несиенің орташа көлемі - 8,6 млн тг. Әрине, бұл көрсеткіш үнемі өсіп отырады.

🔸Ипотеканың динамикасы мұндай біркелкі емес. Қазіргі таңда берілген несие сомасы - 135,7 млрд тг. Бір айда 19%-ға (32,3 млрд тг) төмендесе, бір жылда 31%-ға (31,8 млрд тг) өсті. Берілген несие санының нәтижесі де осыған ұқсас: бір айда 15%-ға (1,6 мың бір.) төмендеп, бір жылда 19%-ға (1,4 мың бір.) өскен. Барлығы бір айда 8,8 мың ипотекалық қарыз берілген.

🔸Кепілсіз тұтынушылық несие азайған. Ай сайынғы берілетін сома 4%-ға (37,1 млрд тг), 812,5 млрд теңгеге дейін, берілетін несие саны 3%-ға (82,6 мың бір.), 2,8 млн бірлікке дейін төмендеген. Бірақ жылдық көрсеткіште берілген несие сомасы 23%-ға (150,6 млрд тг), оның саны 10%-ға (258,2 мың бір.) өскен.

🔸Кепілді тұтынушылық несие біршама төмендеген. Берілген несие саны 2020 жылдың шілдесінен бергі (11 мың бір.), ал сомасы 2023 жылдың қаңтарынан бергі (24,1 млрд тг) ең төменгі деңгейге түскен.

🔸Наурызда берілген жекелеген несиелердің сомасы 1,2 трлн теңгені (айдан айға -6%, жылдан жылға +22%), ал олардың саны 4,2 млн бірлікті (айдан айға -3%, жылдан жылға +11%) құрап отыр.

🔸1 сәуірде жеке тұлғалардың жиынтық портфелі 20,6 трлн теңге көлемінде болды.

Ал бизнесті несиелеу жайы қалай боп жатыр екен?

🔸Жалпы берілген сома өткен айдың деңгейінде тұр - 1,4 трлн тг. 2023 жылдың наурызына қарағанда 14%-ға, яғни 172,8 млрд теңгеге артқан. Алайда берілген несие саны айлық мәнде де (-6%, 2,8 мың бір.), жылдық мәнде де (-28%, 16,4 мың бір.) төмендеген. Қазіргі деңгейі - 42,1 мың бір. Берілген соманың орташа көлемі 34 млн теңгені құрады.

🔸1 сәуірде бизнестің портфелі 25 трлн теңгеге жетті. Оның ішінде ЖК үлесіне 11%-дай (2,7 трлн тг) тиесілі.

Қосымша мәліметтерді төмендегі суреттерден таба аласыздар.

Ақпарат көзі - Бірінші кредиттік бюро.

@DataHUB_KZ
4🥰1
Қазақстанда ұзақ өмір сүруге қай жерде туғандардың және кімдердің мүмкіндігі жоғары?

Жауабын көп созбай-ақ қояйық. 2023 жылы өмір сүру ұзақтығы бойынша Алматы мен Астанада туған қыздар көш бастады - сәйкесінше 81,43 және 81,28 жас деп көрсетілген ҚР СЖРА ҰСБ деректерінде.

❗️Екі мегаполистегі аса қолайлы емес экологиялық жағдайды ескере отырып, сізді бұл қалай деген сұрақ мазалап тұрған шығар. Жауап берейік: бұл есеп адамның тұрғылықты жері мен жынысына байланысты өзгеріп отыратын халықтың өлім-жітім деңгейін қамтиды. Бұдан Қазақстанның ірі қалаларында әйелдердің өлім-жітім деңгейі төмен деген қорытынды шығаруға болады.

Шығыс Қазақстан облысының ауылдық елді-мекендерінде дүниеге келген ұлдар “аутсайдерлер” болып тұр. Олардың көрсеткіші төмендеу - 66,67 жас. Бұл жерде де өлім-жітім деңгейімен байланысты екені белгілі.

Жалпы 2013 жылдан бері ештеңе өзгермеген. Тек 10 жыл бұрын ең аз өмір сүру мүмкіндігі ШҚО-ның ауылдық жерлерінде туған ұлдарға тиесілі болмағанын айтпасақ.

Ал орташа деңгей қандай?

Орташа көрсеткішке келетін болсақ, 75,09 жас болып тұр және бұл - кем дегенде 1999 жылдан бері (ол кезде 65,63 жас болды) ең жоғары деңгей. Қыздар ұлдарды күтілетін өмір сүру ұзақтығы бойынша 8 жасқа басып озады - 79,06 және 70,99 жас. Енді бұл жерде айтарлықтай жаңалық жоқ. Қызығы мынау - қала тұрғындары ауыл тұрғындарымен салыстырғанда әлдеқайда “өміршең” бола бастаған - 75,73 және 74,02 жас. Сондай-ақ қала тұрғындары соңғы екі жыл қатарынан алда келеді. Бір жағынан бұл - парадокс. Бірақ бұл көрсеткіштің қалай есептелетінін ұмытпаған жөн.

🌏Басқа мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстандағы жағдай қалай?

Ұлттың банктің деректеріне сәйкес 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан туған кездегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы бойынша (70,23 жас) 201 елдің ішінен 126-орында тұрған. Ирак (70,38), Өзбекстан (70,86) және КХДР (73,28) сияқты елдер басып озған. Рейтингтің басында Гонконг (85,49), ал соңында Чад (52,52) тұрған.

@DataHUB_KZ
3👍1🥰1
Графиктен 1999 жылы туғандардан бастап өмір сүру ұзақтығының қалай өзгергенін көруге болады.

@DataHub_KZ
3👍1🥰1
💼Қазақстанда заңды тұлғалар үшін несиелер тағы да арзандады

Наурыздың қорытындысы бойынша заңды тұлғаларға екінші деңгейдегі банктер берген теңгелік несие бойынша орташа алынған мөлшерлеме 17,8%-ды құрады. Бұл өткен айға қарағанда 0,3 п.т аз, сондай-ақ 17 айдың ішіндегі ең төменгі көрсеткіш. Ұлттық банктің деректері бойынша жетінші рет осылай төмендеп отыр.

Ал жеке тұлғаларға арналған (ЖК қосқанда) теңгелік несиенің шарттары тиімсіз болып бара жатыр. Бұл несие бойынша ЕДБ сыйақысының орташа алынған мөлшерлемесі бір айда 1,4 п.т., 20%-ға дейін өскен.

Ал депозит бойынша банктер заңды тұлғаларға қарағанда жеке тұлғаларға адал болып тұр. Жеке тұлғалардың қаражатын депозитке орташа алынған мөлшерлеме 13,8%-бен (ақпанға қарай +0,2 п.т.), ал екіншілерінікін 13,6%-бен (-0,4 п.т.) салғызған.


☝️Естеріңізге сала кетейік, 23 ақпанда базалық мөлшерлемені бесінші рет 14,75%-ға дейін төмендетті. Келесі шешім 12 сәуірде қабылданып, көрсеткішті сол деңгейде қалдырды.

@DataHUB_KZ
1👍1🥰1
💸Қолма-қол долларға таза сұраныс аздап өсіп келеді 

Наурызда айырбастау пункттерінде сатылған және сатып алынған қолма-қол доллар көлемінің арасындағы айырмашылық 158,5 млрд теңгені құрады. Ақпанға қарағанда нетто-сатылымға 5,5% немесе 8,3 млрд теңге қосылды.

Мұндай динамика - көбінесе Алматының “арқасында”. Көлемнің үштен бір бөлігі осы қалаға тиесілі - 55,3 млрд тг, алдыңғы айдан 28,5%-ға (12,3 млрд тг) көп. Ал қолма-қол валюта нарығындағы елеулі рөл атқаратын Астанада 42,4%-ға (5 млрл тг), 6,7 млрд тг дейін төмендеген.

Ал еуроға таза сұраныс, керісінше, азаюда. Алдыңғы айда - 21,2 млрд тг, ал осы айда - 19 млрд тг. Көбірек СҚО-да (-666,8 млн тг, 547,3 млн тг дейін) және Алматыда (-577,2 млн тг, 7,5 млрд тг дейін) төмендеген.

Ал рубльге таза сұраныс мүлдем жоқ. Оның нетто-сатылымы 4 айда алғаш рет кері нәтиже көрсетіп тұр - минус 1,7 млрд тг (ақпанда 3,4 млрд тг болды). Бұған Астана (-3,2 млрд тг) мен Алматы (-964,2 млн тг) әсерін тигізді.

ҚР Ұлттық банкінің деректері

@DataHUB_KZ
👍31🥰1
Қазақстанда жұмыртқа арзандап бара жатыр

16-23 сәуір аралығында бірінші санаттағы тауық жұмыртқаларының бағасы 1,8%-ға төмендеді. Бұл - ҚР СЖРА ҰСБ деректері бойынша базалық азық-түлік өнімінің тұтынушыларға қолжетімді бола бастаған төртінші аптасы.

Мұның алдында жұмыртқа бағасы 6,5 ай бойы тоқтаусыз өсті. Сондай-ақ қазаннан қаңтарға дейін барлығы 12 апта бойы қарқыны жоғары болды (орта есеппен – 1,3%). Бұл жағдайды, ең алдымен, маусыммен байланыстырды: күннің қысқалығы мен салқын ауа райы тауықтардың жұмыртқа өнімділігіне кері әсер етеді.

Алайда жұмыртқа барлық жерде арзандап жатқан жоқ. Зерттелген қалалардың жартысында ғана (барлығы 20 қала) бағасы түскен. Динамикасы да айтарлықтай емес - 0,1%-дан 0,2%-ға дейін. Тек Ақтөбеде (-1,7%) ғана елеулі қарқын байқалады. 7 қалада бағасы өзгеріссіз қалған, ал 3 қалада өскен - Астана, Шымкент, Атырау (барлығында 0,1%-ға).

Әрине, қуануға әлі ерте. Себебі жылдың басына қарағанда жұмыртқа қазір қымбаттау болып тұр. 4 айда бағасы 3,4%-ға өскен.

@DataHUB_KZ
4🥰2
Ұлттық банк күтпеген жерден халыққа сатылған алтын құймалар жайлы деректерді жариялады (жылдың басынан бері жарияланбаған еді). Аяқ асты, бәрін бірден, деректер - ӨТЕ қызықты.

I тоқсанда жалпы салмағы 816,4 кг құйма сатып алынды. Бұл өте көп: 2022 жыл бойы бұл көрсеткіш 1100 кг-ға, ал 2023 жылы 1600 кг-ға тең болған. Яғни 3 айдың ішінде халық жылдық көлемнің жартысынан көбін “сатып алды”.

Сонда I тоқсанда орта есеппен айына 272 кг алтын сатып алынған. 2023 жылдың орташа айлық көрсеткіші - 133,3 кг. Бұл 2023 жылдың аяғында басталған үрдістің жалғасы деуге болады (сол кезде рекордтар жаңартыла бастаған еді).

Алайда құйманың бәрі бірдей емес. Бұл да - маңызды нәрсе. 2017 жылдан (халыққа алтын сату бағдарламасының іске қосылған сәті) 2023 жылдың қарашасына дейін 100 граммдық 32 442 құйма сатылған. Яғни 6 жылдан астам уақыт ішінде. Ал соңғы 4 айда дәл осындай 7 562 құйма сатылды.

2024 жылдың I тоқсанында сатылған құймалардың жалпы саны - 18 969 бірлік. 2022 жыл бойы сатылғаны - 37,9 мың бірлік, 2023 жыл бойы - 38,7 мың бірлік. Бұл жерде де сандар сөйлеп тұр. Сәйкесінше, жалпы санының үштен екісін алматылықтар сатып алған - 12 456 бірлік. Ал 2023 жыл бойы 19,1 мың болған еді.

Әрине, алматылықтар алтынды сату жоспарын қарқынды түрде орындап жатыр. Десе де, қазіргі таңда сұраныстың жоғары қарқыны Жетісу облысында байқалады. Мұнда 3 айда халық 2023 жыл бойы сатып алынған (500) құймалардың екі есесін (983) сатып алды.

Мұнымен біткен жоқ. Халық белсенді түрде сатып алып қана қойған жоқ, сонымен қатар бұрын сатып алған алтынды белсенді түрде сатып жатыр. Тоқсан ішінде жалпы салмағы 200,7 кг болатын 6 413 құйма өткізілген. Салыстырмалы түрде тағы да 2023 жылдың деректерін мысалға келтірейік: жыл бойы салмағы 270 кг болатын 9 467 құйма өткізілген.

Жалпы алғанда, алтын бағасының рекордтық өсуі бүкіл нарықты дүр сілкіндірді. Сондықтан болар, валютаға аз көңіл бөлінуде.

@DataHUB_KZ
5🥰1