DATA HUB Қазақша – Telegram
DATA HUB Қазақша
203 subscribers
718 photos
1 video
403 links
DATA HUB Powered by FCBK

Қаржылық, қаржыға жақын және әлеуметтік тақырыптар бойынша ең өзекті деректері бар аналитикалық арна.
Осында барлық нарықтық талдаулар бар.

Иесі – Бірінші кредиттік бюро.

Байланысу үшін - @DataHubFCBK_bot
Download Telegram
Мінеки, өткен жылдың басынан бергі айырбастау пунктеріндегі валюта сұранысының динамикасы

@DataHub_KZ
👍3🥰1
Ертең бізді доллардың тарихи рекордтық ресми бағамы күтіп тұрғаны анық. Мәселен, KASE деректеріне сәйкес, 28 қарашада сағат 15:30-дағы жағдай бойынша биржада қалыптасқан американдық валютаның орташа өлшенген биржалық бағамы 513 теңгені құрады.

Қазіргі тәжірибеге сәйкес, Ұлттық Банк дәл осы мәнді келесі жұмыс күніне, яғни бұл жағдайда ертеңге, 29 қарашаға ресми бағам белгілеу үшін алады. Қазіргіден жоғары ресми курс болған емес. 2022 жылдың экстремалды наурызында өте жақын болды – 512,19.

Бүгінгі мәндерге біз Ұлттық Банк интервенциялар туралы шешім қабылдағанына қарамастан келдік, бұның мүмкіндігі екі апта бұрын да жоққа шығарылмаған. Ресми растауды реттеуші бүгін күндіз жариялап, ол кезде биржада бір доллар үшін 518-519 тг мәндер тіркелгенін атап өтті.

Теңгенің әлсіреуінің себептерін түсіндіре отырып, Ұлттық Банк доллардың жалпы нығаюына, «әлемдегі геосаяси жағдайдың шиеленісуіне» және мұнай бағасының төмендеуіне қатысты алаңдаушылыққа сілтеме жасап, рубльдің тез құлдырауын да атап өтті. Бұл сыртқы факторларға ішкі факторлар қосылды - «экономикалық агенттер тарапынан шетел валютасына сұраныстың артуы және ұсыныстың шектеулілігі, оның ішінде айырбас бағамының психологиялық деңгейін еңсеруі аясында». Қарашада сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемі жоғары болып шықты.

Мұның бәрі, Ұлттық Банктің бағалауы бойынша, «алыпсатарлық қысым үшін» және валюта нарығындағы теңгерімді бұзу үшін жағдай жасады, осыған байланысты интервенциялар жүргізу туралы шешім қабылданды. Өкінішке орай, олардың көлемі аталмайды, бірақ тағы да жаңа араласулар болуы мүмкін екендігі жоққа шығарылмайды – «әділ бағам белгілеуді қалпына келтіру үшін»...

@DataHUB_KZ
😱3🥰2😭1
Халықтың депозиттері бойынша мөлшерлемелер төмендеуді жалғастыруда, бірақ кредиттер де арзандады

Қазан айында банктер тартқан жеке тұлғалардың теңгедегі салымдары бойынша орташа өлшенген мөлшерлеме 13,3%-ды құрады. ҚР Ұлттық Банкінің деректеріне сәйкес екінші ай қатарынан ол біртіндеп 0,1 п.т. қадаммен төмендеуде.

Бұл ретте ең жоғары мөлшерлемелер 1 айдан 3 айға дейінгі депозиттер сегментінде сақталуда – орташа деңгей 15,4%, алдыңғы аймен салыстырғанда өзгеріс жоқ.

Заңды тұлғаларға келетін болсақ, депозиттер бойынша орташа өлшенген мөлшерлеме 13,1 п.т. құрады, қыркүйекте шамалы өскеннен кейін ол 0,1 п.т. жоғалтты және қайтадан тамыз деңгейіне оралды.

Кредиттердің жағдайы не болып жатыр?

Қазан айында жеке тұлғалар мен ЖК үшін көрсеткіш 20,5% құрады, бұл қыркүйектің деңгейімен салыстырғанда бірден минус 1,1 п.т. Өткен айда жалпы деңгейге жоғарыға 1 жылдан 5 жылға дейінгі және 5 жылдан астам сегменттердегі мөлшерлемелер көтерді, ал бұл жолы дәл солар төмендеді. Нақты 5 жылдан басталатын ұзақ кредиттер үшін қазан айындағы көрсеткіш 2022 жылдың желтоқсанынан бергі ең төменгі көрсеткіш болды.

Заңды тұлғалардың көрінісі келесідей: орташа өлшенген мөлшерлеме – 17,6%, бұл деңгейде ол үшінші ай қатарынан қалуда. Еске сала кету керек, базалық мөлшерлеме деңгейі де шілде айының ортасынан бері өзгерген жоқ, ал заңды тұлғалардың кредиттері бойынша мөлшерлемелер оның динамикасына айтарлықтай дәйекті түрде жауап беруде.

@DataHUB_KZ
👍2🥰1
Көрініс соңғы жылдары динамикада былайша көрінеді

@DataHUB_KZ
👍31🥰1
❗️❗️❗️15,25%

Ұлттық банк 2022 жылдан бері алғаш рет базалық мөлшерлемені көтерді

@DataHUB_KZ
👍3👎1🥰1🤡1
DATA HUB Қазақша
❗️❗️❗️15,25% Ұлттық банк 2022 жылдан бері алғаш рет базалық мөлшерлемені көтерді @DataHUB_KZ
Ал енді, әдеттегідей, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені не себепті көтергені жайлы бірге оқиық.

Қысқаша айтқанда, реттеуші ақша-несие жағдайының бірнеше фактор әсерінен жеңілдегенін атап өтті: айырбас бағамының әлсіреуі, инфляцияның өсуіне байланысты нақты мөлшерлемелердің төмендеуі және баға өсімі бойынша болжамдардың нашарлауы. Қаржы нарығындағы "жоғары құбылмалылықпен" бірге осы жағдайлар мөлшерлемені 14,25%-дан бірден 1 п.т. көтеруге түрткі болды.

Ұлттық банк ҚР-да жылдық инфляция қазан айының қорытындысы бойынша 8,5%-ға дейін жеделдегенін мәлімдеді. Реттеуші бұл үрдістің себептерінің бірі ретінде тарифтік реформалар аясында қызметтердің қымбаттауы, фискалдық ынталандыру және халықтың құбылмалы инфляциялық күтуін ғана атап қойған жоқ. Сондай-ақ, теңге бағамына да байланысты екенін айтты. Сыртқы қысым тұрғысынан жаһандық нарықтағы азық-түліктің қымбаттауы, сонымен қатар Ресейдегі жоғары инфляция мен рубльдің елеулі түрде ауытқуы ерекше аталды.

Инфляция бойынша болашақтағы болжамдар қайта қаралды. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша ҚР ҰБ базалық сценарийде инфляцияны 8-9% деңгейінде (соңғы рет 7,5-9,5% деп болжамдаған еді) күтеді, ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша6,5-8,5% (бұрын 5,5-7,5%). Тіпті, 2026 жылға қатысты болжамдарда да жалпы көрсеткіштің 5%-ға қайтатыны күтілмейді. Қазір Ұлттық банк 5,5-7,5% аралығында деп болжайды, бұған дейінгі болжамда 5-7% болған еді.

Реттеушінің хабарламасына сүйенсек, болашақта базалық мөлшерлеменің тағы да көтерілу мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Келесі шешім 2025 жылдың 17 қаңтарына жоспарланған.

P.S. Базалық мөлшерлеме деген не және Ұлттық банк оны не үшін белгілейді - осы жерден оқыңыз

@DataHUB_KZ
2🥰1👌1
Айдың қорытындысы бойынша теңгенің құлдырауы соңғы жылдардағы ең айқын құбылыстардың бірі болды

1 қарашадан 1 желтоқсанға дейінгі аралықта доллардың ресми бағамы 488,26 теңгеден 511,22 теңгеге дейін көтеріліп, 4,7%-ға өсті. Айта кету керек, биыл бұдан да жоғары қарқын болған еді - маусымның қорытындысы бойынша. Десе де, соңғы бес жылдағы, 2020 жылдың басынан бері, бір ай ішінде болған ұлттық валютаның ең айқын құлдырауларының бестігінде қазіргі нәтижесі де орын алды.

Қарашаның қорытындысы Ұлттық банк ай соңына қарай валюталық интервенциялар жүргізбегенде бұдан да нашар болар еді. 15-28 қараша аралығында осының арқасында $1,05 млрд сатылды, бұл номиналды түрде 2022 жылдың наурызындағы рекордтық көрсеткіштен жоғары.

Ұлттық банктің бұл белснеділігі әдеттегі валюталық нарықта да жалғасын тапты. Интервенциялардан бөлек трансферттер үшін Ұлттық қордан $1,26 млрд сатылып, «Қазатомөнеркәсіп» акцияларымен мәміле аясында тағы $0,13 млрд сатылды. Ал БЖЗҚ үшін бұл жолы ешқандай сатып алу болмағанды. Сонда реттеуші тарапынан таза сатылым $2,44 млрд жетті - ерекше сома. Бұл - айдың екінші жартысында валюта түсімдерінің жартысын сату міндетін қайта енгізген квазимемлекеттік сектордың келісімдерін қоспай есептегендегі нәтиже.

Желтоқсанда жаңа интервенциялар болмайтын болса, Ұлттық банктің операциялары теңгеге қарашамен салыстырғанда азырақ қолдау көрсетеді. Қазіргі уақытта тек бюджетке трансферттер үшін $800-900 млн көлемінде валюта сату жоспарланған. «Қазатомөнеркәсіп» бойынша мәміле толығымен аяқталды, ал БЖЗҚ үшін валюталық сатып алулар жоспарланбаған.

@DataHUB_KZ
🙊2🥰1
Суретте — соңғы 12 айдағы доллар бағамының динамикасы

@DataHUB_KZ
🙊2🥰1
Азық-түлік инфляциясы жанданып келеді, ал қызметтердің қымбаттауы бәсеңдеуде

Қарашаның қорытындысы бойынша азық-түлік тауарларының бағасы жылдық мәнде қазандағы 4,9%-дан кейін 5,4%-ға өскен. Айлық мәнде 0,4%-дан 1,1%-ға жеткен. Бұл - айтарлықтай жоғары көрсеткіш.

Салыстырмалы түрде қарастырсақ, 2023 жылдың қарашасында айлық инфляцияның көрсеткіші 0,7%-ды құраған еді. Өткен жылдың басынан бері қазіргімен тең немесе одан да жоғары айлық қарқын барлығы төрт рет болды - 2023 жылдың алғашқы үш айында және 2024 жылдың қаңтарында.

Есесіне азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы қарашада айлық мәнде қазанға қарағанда баяу өсті: тиісінше, 0,7%-ға қарсы 1% және 0,8%-ға қарсы 1,4%. Алайда жылдық мәнде азық-түлікке жатпайтын тауарлар жайы басқаша, (қазандағы 7,8%-дан кейін 8%-ға дейін жеделдеген), есесіне ақылы қызметтер рақымшылық көрсетіп бәсеңдеп, көрсеткіші 14,3%-дан 13,3%-ға төмендеді. Әрине, осының өзі әлі де аз емес (тарифтік реформа жайлы ұмытпау керек).


❗️Нәтижесі қандай? Қарашада тұтыну бағаларының жалпы өсім көрсеткіші айлық мәнде қазандағы 0,9% деңгейінде қалды.
Жылдық мәнде 8,5%-дан 8,4%-ға дейін аздап бәсеңдеді. Дегенмен, жылдық көрсеткіштер үтірден кейінгі бір таңбадан гөрі дәлірек белгілі болғандықтан, бұл бәсеңдеудің, топшыламай алғанда, өте аз екенін айта аламыз – бар болғаны 0,04 п.т. төмендеген...

Ал жылдық мәнде қандай тауарлар мен қызмет түрлері бағаның өсуіне үлкен үлесін қосып отырғанын төмендегі суреттерде көрсетеміз

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHUB_KZ
👌2🥰1
Соңғы жылдағы баға өсімінің жылдық көрсеткіші осылай қалыптасты

@DataHUB_KZ
👌2🥰1
2023 жылы жарты миллионға жуық қазақстандық жұмысшы зейнетақы жарналары төленетін ресми тұрақты жұмыс орнында он екі айдың ішінде ең көбі бір ай ғана жұмыс істеді. Орташа есеппен жұмысшылар жылдың үштен біріне дейін ресми жұмыспен қамтылмай өткізді.

ҚР СЖРА ҰСБ келтірген қызықты эксперименттік статистиканың жаңа бөлігінен кейбір ескертулермен осындай тұжырым жасауға болады. Біз стандартты емес әдістеме бойынша жиналған және іс жүзінде тест режимінде ұсынылған балама деректер туралы айтып отырмыз: болашақта мұндай көрсеткіштер әлі де жетілдіріліп, нақтылануы мүмкін.

👨🏽‍💻Бұл жолы бюро міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) негізінде жұмысшылардың белсенділігі туралы мәліметтерді жинақтады – оларды өздерінің ресми қызметкерлері үшін ұйымдардың және ЖК-нің барлық түрлері төлейді, сондықтан мұндай мәліметтер іріктеп бақылау нәтижелерінен әлдеқайда кең. Алайда мұнда басқа шектеулер бар: МЗЖ төлемейтін азаматтардың санаттары бар – мысалы, бұл әскери және жұмыс істейтін зейнеткерлер. Ешқандай ресімдеусіз жұмыс істейтіндер үшін жарналар жоқ екені түсінікті...

Алайда осы нюанстармен де деректер сонда да өте қызықты. Егжей-тегжейін қараймыз:

🔸 2023 жылы 474 мың адамда МЗЖ бір рет қана аударылған – бұл кем дегенде бір жарнасы бар жұмысшылардың жалпы санының шамамен 7%-ы
🔸Жылына бір МЗЖ аударылған әрбір бесінші қазақстандық жұмысқа орналасу кезінде сауда/авто жөндеу саласында жұмыс істеген
🔸Олардың әрбір үшіншісі Алматыда немесе Астанада ресімделген
🔸2023 жылы бір МЗЖ аударылған жұмысшылардың орташа жасы – 39 жас, олардың арасында әйелдер ер адамдарға қарағанда аз (46,5%).
🔸 Жалпы, МЗЖ бойынша статистикаға іліккен жұмысшылар 2023 жылы жұмыссыз және жарнасыз орта есеппен 3,8 ай өткізді деп бағалады ҰСБ. Яғни, жылдың үштен бір бөлігі дерлік. Егер есептеуден тұрақты жұмыспен қамтылғандарды – МЗЖ барлық 12 ай төлегендерді алып тастасақ -, көрсеткіш 5,2 айға дейін өседі
🔸Жұмыссыз өткізілген айлардың орташа саны 2020-шы пандемия жылын есептемегенде, 2019 жылдан бері барлық соңғы жылдары шамамен 4-деңгейде қалды. Ол кезде жұмысшылар орта есеппен МЗЖ-сыз алты айдан астам уақыт өткізді.

Егер МЗЖ аударылатын ресми жұмысшылардың салалар мен өңірлерді қалай ауыстыратыны туралы көбірек білгіңіз келсе, мынаны қараңыз. Бірақ деректердің көптеген әдістемелік шектеулері бар екенін ескеріңіз, олар дашбордқа түсініктемелерде сипатталған.

@DataHUB_KZ
2🥰1
🇶🇦🇰🇿Қазақстанға Катардан келген қонақтар жиілеп кетті

2023 жылдың III тоқсанында қазақстандық қонақүйлер Катар азаматтарының бұрын-соңды болмаған санына қызмет көрсетті – 1415. Алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда бұл үш есе дерлік көбірек, ал өткен жылдың сол тоқсанымен салыстырғанда – төрт есе көп.

Өсуді шынымен күтуге болатын еді: кем дегенде соңғы үш жылда көрсеткіш II және III тоқсандардың қорытындылары бойынша ең жоғары мәнге ие болды. Алайда, ескеру қажет, жоғары мәндер деп бұл жерде 200 адамнан асатын мәндерді айтып отырмыз, бұл іс жүзінде онша көп емес.

💰💼Дегенмен, маусымдылық – Катардан келген қонақүй қонақтарының санының өзгеруіне әсер ететін жалғыз фактор емес. Мәселен, 2022 жылдың II тоқсанында Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өту бойынша карантиндік шектеулер біржола жойылды. 2023 жылдың II тоқсанында Қазақстан мен Катар арасында визасыз режим жұмыс істей бастады. Ал 2024 жыл Катармен іскерлік қатынастарды нығайту белгісімен өтеді. Бұл елдің инвесторларын Қазақстанмен қаржы, газ өңдеу, телекоммуникация, құрылыс, девелопмент, ауыл шаруашылығы, медицина салаларындағы ынтымақтастық қызықтырады. Айтпақшы, олар қазірдің өзінде сөзден іске кірісіп жатыр: қазан айында отандық Bereke банкін сатып алу туралы мәміле аяқталды. Катар Қазақстан экономикасына барлығы $20 млрд инвестиция салуды жоспарлап отыр. Сол арада 2024 жылғы қаңтар-маусым қорытындысы бойынша осы елден тікелей инвестициялардың таза ағыны небәрі $2,9 млн құрады.

Іскерлік қатынастар тақырыбын қозғағандықтан, бес жағдайдың екеуінде 2024 жылдың қаңтар-қыркүйегінде қазақстандық қонақүйлерде жайласқан катарлықтардың сапарлары бизнес мақсаттарымен байланысты болғанын атап өтеміз. Олардың басым бөлігі бір ғана қалаға, Алматыға (2100 адамның 1803-і немесе 86%-ы) келіп, қонақүйлерде орташа есеппен бір тәуліктен сәл ұзағырақ уақыт өткізді.

🖇Айта кетейік, байқалған қарқынға қарамастан, Катар әлі де азаматтары Қазақстанның қонақ үйлерінде жиі тұратын тіпті жиырма елдің қатарына кірмейді. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша ол тиісті рейтингтің 44-ші орнын ғана иеленді. Алайда бұл бір жыл бұрынғыдан алты позицияға жоғары.

Деректер -ҚР СЖРА ҰСБ, ҚР ҰБ

@DataHub_KZ
👍2🥰1
Графикте соңғы жылдары қазақстандық қонақүйлер қызмет көрсеткен Катар азаматтарының саны қалай өзгергенін көруге болады.
🥰2
Құмар ойындар секторы халыққа көрсетілген қызметтердің көлемі бойынша барлық салаларды басып озды

2024 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша аталған саладағы қызмет көлемі 353,6 млрд тг жетті, бұл соманың барлығын жеке тұлғалар төлеген. Мұндай деректер ҚР СЖРА ҰСБ-ның орта және ірі кәсіпорындарды жаппай, ал шағын кәсіпорындар мен ЖК-ларды ішінара зерттеуі негізінде келтіріліп отыр.

Қызмет көрсету саласының басқа ешбір сегментінде азаматтардан түскен осындай көлемдегі кіріс тіркелмеген. Екінші орында үлкен айырмашылықпен тұрған сектор - халық 172,5 млрд тг төлеген жылжымайтын мүлікпен операциялар секторы. Үшінші орында «Спорт, демалыс және ойын-сауықты ұйымдастыру қызметі» секторы тұр - 151,9 млрд тг.

Айта кету керек, дәл осы спорттық ойын-сауық сегменті 2023 жылдың қорытындысы бойынша халыққа көрсетілген қызметтер арасында көш бастап тұрған еді. Алайда, қазір бұл сегменттің кірісі айтарлықтай төмендеп барады, үш тоқсанның қорытындысы бойынша номиналды түрде жылдан жылға -50%-ды құрады.

Ал құмар ойындар секторы, керісінше, рекорд орнатпаса да, өзінің кірісін номиналды түрде 24%-ға және салыстырмалы бағамен 11%-ға арттырды.

@DataHub_KZ
😱2🥰1
Қазақстандағы ер адамдарға алкогольдік бұзылу диагнозы әйелдерге қарағанда бес есе жиі қойылады

2023 жылы ерлер арасында алкогольді тұтыну нәтижесінде психикалық және мінез-құлық бұзылыстарының жиілігі халықтың 100 мың адамына шаққанда 95 анықталған жағдайды, әйелдер арасында халықтың 100 мың адамына шаққанда 18 анықталған жағдайды құрады. Нәтижесінде бірінші көрсеткіш екіншісінен 5,3 есе асып түсті. Мұндай деректер ҚР СЖРА ҰСБ-ның жақында жарияланған «Қазақстанның еркектері мен әйелдері» жинағында келтірілген.

Назар аударыңыз, өңірге байланысты аталған арақатынас айтарлықтай өзгереді, бірақ әрқашан ерлердің пайдасына болады. Ең айқын алшақтықты көбінесе ерлердің де, әйелдердің де арасында алкогольдік бұзылулардың жиілігі төмен деңгейдегі жерлерде байқауға болады. Жарқын мысал - Маңғыстау облысы. Мұнда халықтың 100 мың адамына 20 науқас ер адам және бір ғана науқас әйел адам келеді. Тиісінше, айырмашылық 20-ға тең.

Тағы бір қызығы, аурудың жиілік деңгейі ең жоғары өңірлерде жыныстар арасындағы алшақтық орташа республикалық белгіге жақын. Мәселен, аурудың жиілігі бойынша ең күрделі жағдай қалыптасқан Жетісу облысында (ерлер арасында халықтың 100 мың адамына 267 жағдай, әйелдер арасында 49 жағдай) ол 5,5-ті құрайды.

Айта кетейік, ерлер мен әйелдер арасында алкогольдік бұзылулармен сырқаттанушылық деңгейі арасындағы ең аз байқалатын айырмашылық Ұлытау облысында тіркеліп отыр. Мұнда біріншілері екіншілеріне қарағанда «небәрі» екі есе жиі ауырады – сәйкесінше 100 мың адамға шаққанда 27 жағдайға қарсы 51 жағдай.

@DataHub_KZ
😁2🥰1
Графикте алкогольді тұтынудан туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылыстарының жиілігі айқынырақ көрсетілген.
😁3🥰1
БЖЗҚ-дан қаражат алу болуы мүмкін зейнетақы реформасы туралы жақында жасалған мәлімдемелерден кейін қайтадан белсенді түрде өсіп келеді

Қарашада тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында зейнетақы жинақтарын біржолғы алу бойынша 56,6 мың өтініш орындалды, қазанға қарағанда төрттен біріне көп. Сәйкесінше, алынған қаражат көлемі 46,3 млрд тг жетті. Бұл да өткен айға қарағанда шамамен төрттен біріне өскен.

Емделу мақсатында орындалған өтініштердің саны 20,8 мың бірлікке жетті, қазанға қарағанда 58%-ға көп (!), қаражат көлемі 55%-ға, 20,5 млрд тг дейін өскен.

Естеріңізге сала кетейік, тұрғын үй мен емделу мақсатында қаражат алу шілдеден бастап белсенді жүре бастады. Дәл сол уақытта болашақта зейнетақы қорынан қаражат алуға шектеу қою мүмкіндігі туралы қоғамдық талқылау басталған еді. Сол кезде шілдедегі көрсеткіштер – өтініштер саны да, қаражат көлемі де – жылдың алғашқы жартысындағы орташа көрсеткіштерден екі есеге жоғары болды (келесі посттағы графиктен көре аласыз).

Кейінгі айларда тұрғын үй үшін қаражат алу белсенділігі аса қатты азая қойған жоқ. Ал «емдік» мақсатта алу алғашында айтарлықтай төмендеген еді. Алайда қазір, тіпті, өтініш саны бойынша шілдедегі белсенділікті басып озды. Қаражат көлемі жағынан да қуып жетіп қалды, шамамен 18%-ға ғана артта қалып тұр.

Қарашадағы белсенділіктің себебі зейнетақы жүйесіндегі ықтимал өзгерістер туралы жаңа мәлімдемелер болды. Айдың басында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жұмыс істеп жүрген зейнеткерлерге бюджеттен төленетін зейнетақы төлемдерін жұмыстан нақты шыққанша тоқтата тұру туралы идеяны ұсынды. Оның айтуынша, мұндай жағдайда үнемделген қаражатты зейнетке мерзімінен бұрын шыққысы келетіндерге (еңбек өтілі мен жарна көлемі сияқты белгілі бір шарттарды орындаған жағдайда) бағыттауға болады.

Айта кету керек, ведомство басшысы зейнеткерлікке шыққаннан кейін өз жинақтарын алу мүмкіндігімен мемлекеттік бюджеттік төлемдерді тоқтата тұру идеясы туралы айтқан болатын. Кейінірек ол журналистер ақпаратты баяндау кезінде оның сөздерін контексттен алып тастап, ақпаратты дұрыс емес жеткізгеніне қынжылды. Сонымен қатар Жақыпова бұл бастаманың жақын арада жүзеге асырылмайтынын және БЖЗҚ-дағы қаражатқа ешкімнің қол сұқпайтынын нақтылап өтті...

БЖЗҚ деректері (есептеулердегі сомада ЖТС есепке алынбаған)

@DataHub_KZ
🥰3
Өткен жылдың басынан бері тұрғын үй мен емделуге зейнетақы жинақтарын алу динамикасы - графикте

@DataHub_KZ
🥰3
Қазақстан бай елдер деңгейінде дәрігерлермен қамтамасыз етілген. Алайда жекелеген өңірлердің көрсеткіштері бірнеше есе ерекшеленеді

Жақында жарияланған ҚР СЖРА ҰСБ-ның «Қазақстан өңірлері» атты жылнамасына сүйенсек, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда халықтың 10 мың адамына 41 дәрігер келді. Бұл тіпті табысы жоғары елдерге қарағанда сәл жақсырақ. ДДҰ-ның соңғы қолжетімді деректері бойынша, онда қамтамасыз етілу халықтың 10 мың адамына 36 дәрігерді құрайды.

Жалпы жағдай жақсы болғанына қарамастан, өңірлер тұрғысынан көрсеткіштер айтарлықтай ерекшеленеді. Мәселен, ең үлкен айырмашылық Астана мен Алматы облысының арасында – 3,1 есе (халықтың 10 мың адамына 72 дәрігерге қарсы 23 дәрігер).

Сонымен қатар, жекелеген жағдайларда ғана өңірлердің көрсеткіштері ел бойынша орташа белгіге жақын. Біз Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары мен Шымкент туралы айтып отырмыз. Мұнда халықтың 10 мың адамына 41-ден 44-ке дейін дәрігер келеді.

Жалпы фонда тек үш өңірдің деңгейлері өте жоғары болып көрінеді. Жоғарыда аталған Астанадан басқа, бұған Алматы (халықтың 10 мың адамына 64 дәрігер) және Қарағанды облысы (халықтың 10 мың адамына 51 дәрігер) жатады. Сонымен қатар, Ақтөбе облысына топ-3-тің төменгі орнына аз ғана жетпеді: оның нәтижесі - халықтың 10 мың адамына 48 дәрігер.

Тиісінше, көптеген өңірлердің мәндері орташа республикалық белгіден төменжатыр - 20 өңірдің 12-сі. Бұл ретте көбінесе ондағы көрсеткіш халықтың 10 мың адамына шаққанда 30 дәрігердің деңгейінен асып түседі. «Аутсайдерлер» үштігін бұған дейін аталған Алматы облысы, сондай-ақ Жетісу және Ақмола облыстары құрайды – халықтың 10 мың адамына 26 дәрігерден.

@DataHub_KZ
👍2🥰2
Графикте дәрігерлермен қамтамасыз етілу жағдайы туралы алдыңғы жазбаның егжей-тегжейін таба аласыз.
👍2🥰1