DATA HUB Қазақша – Telegram
DATA HUB Қазақша
203 subscribers
718 photos
1 video
403 links
DATA HUB Powered by FCBK

Қаржылық, қаржыға жақын және әлеуметтік тақырыптар бойынша ең өзекті деректері бар аналитикалық арна.
Осында барлық нарықтық талдаулар бар.

Иесі – Бірінші кредиттік бюро.

Байланысу үшін - @DataHubFCBK_bot
Download Telegram
Шұжықшаларды тұтыну соңғы жылдары осылай көрінді

@DataHUB_KZ
🥰1
Қазақстанда жезөкшелер үйлерімен күрес едәуір жандана түсті

11 айдың қорытындысы бойынша ҚР ӘҚБтК 450-бабы
“Көрінеу жезөкшелікпен айналысу, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсету немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну” бойынша құқық бұзушылықтарды тіркеу өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,2 есеге өскен – 508 жағдайдан 1 094 жағдайға дейін. Бұл көрсеткіш – кем дегенде соңғы үш жылдағы ең жоғары мән.

Барлығы 1 029 құқық бұзушыға айыппұл салынған (2023 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда +130%). Олардың барлығы жеке тұлғалар болып шықты, оның ішінде 43 шетелдік, 16 жеке кәсіпкер және 4 шенеунік. Айыппұлдардың жалпы сомасы 268,6 млн теңгені құрап, бір жылда екі еседен астам өскен.

Ерекше атап өтетін жайт – ҚР ӘҚБтК 450-бабы бойынша анықталған құқық бұзушылықтардың 40%-ы қыркүйек-қараша айларына тиесілі. Дәл сол кезде, яғни күз басталғанда, вебкам ресми түрде тыйым салынғаны белгілі. Нақтырақ айтқанда, сол кезде онлайн жезөкшелік ұйымдастырғаны үшін жауапкершілікті енгізетін түзетулер күшіне енді. Осылайша, ҚР ҚК 122, 134, 308, 309-баптарына және ӘҚБтК 450-бабына «сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтер» деген тұжырымдама қосылды. Мұндай қызметтердің ерекшелігі – олардың көрсетілу тәсілінде, яғни «қашықтан интернет арқылы нақты уақыт режимінде».

Бір қызығы, ҚР ҚК 309-бабыЖезөкшелiкпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық” бойынша құқық бұзушылықтарды тіркеу де өскен, бірақ аса көп емес. 11 айдағы қазіргі нәтижесі өткен жылғыдан “небәрі” 32%-ға жоғары – 111 жағдайға қарсы 147 жағдай. Өңірлер арасында ең жоғары көрсеткіштер Алматы, Шымкент және Астана қалаларына тиесілі, ал Ұлытау облысында тіркелу мүлдем жоқ.

ҚР БП ҚСжАЕК деректері

@DataHub_KZ
👍1🥰1😁1
Қазақстанның ең кедей өңіріндегі табыс өсімін инфляция жеп қойды

Әңгіме Түркістан облысы жайында – ресми статистика үй шаруашылықтарын ауқымды зерттеу негізінде анықтайтын халықтың ақшалай табыс деңгейі бойынша бұл өңір, әдетте, антилидер болып келеді.

ҚР СЖРА ҰСБ-ның жаңа деректеріне сүйенсек, 2024 жылдың үшінші тоқсанында да бұл үрдістен ерекшелене қоймаған. Бұл көрсеткіш бір адамға шаққанда тоқсанына 219 мың тг құрай отырып, ҚР бойынша орташа деңгейден 35%-ға артта қалып, елдегі ең төменгі көрсеткіш болып тұр.

Жылдық деңгейде өңір тұрғындарының ақшалай табысы номиналды түрде 3%-ға өсті, бұл да елдегі ең төменгі қарқындардың бірі. Өкінішке қарай, бұл өсім өңірдегі 7,4%-дық тұтынушылық баға өсімін еңсеруге жеткіліксіз болды.

Демек, нақты мәнде ақшалай табыс жылдан жылға шамамен 4%-ға төмендеді. Бұл облыс осындай динамика байқалған екі өңірдің бірі болып тұр. Қалғандарының барлығында, тек Маңғыстау облысынан басқа, табыс өсімі инфляциядан асып түсті. Жалпы, ҚР бойынша ақшалай табыс 4%-ға өсті.

Дегенмен, Түркістан облысындағы жалпы жағдайға маңызды бір бөлшекті қоса кету керек: алдыңғы төрт тоқсанда өңірдегі ақшалай табыстың өсуі өте жақсы болған. Нақты есептегенде, орта есеппен, жылдан жылға 20%-ға жуық болды, ал ҚР бойынша көрсеткіш 8%-дан төмен еді. Демек, қазіргі құлдырау – салыстырмалы түрде жоғары базадан, бұл келесі посттағы графикте айқын көрініп тұр.

@DataHub_KZ
2🥰1
Мінеки, Түркістан облысы тұрғындарының ақшалай табысы туралы деректерге иллюстрация

@DataHub_KZ
2🥰1
Астанада байлар мен кедейлердің табыстары арасындағы алшақтық күрт өсті

III тоқсанның қорытындысы бойынша ең жақсы қамтамасыз етілген елордалық үй шаруашылықтарының 10%-ының орташа айлық табысы мен ең аз қамтамасыз етілген 10%-ының табысы арасындағы айырмашылық 7,4 есе болды - тиісінше 64,3 млрд. теңге және 8,7 млрд. теңге. Салыстырыңыз: бір тоқсан бұрын көрсеткіштер онша ерекшеленбеді, 5,7 есе. Қазір байқалған алшақтық – 2008 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Қазақстанның ешбір өңірінде шартты байлар мен кедейлердің табысы арасындағы айырмашылық Астанадағыдай емес. Тіпті бұл көрсеткіш бойынша Астанаға ең жақын орналасқан Алматыда да алшақтық әлдеқайда аз байқалады – 6,5 есе. Орташа алғанда, ел бойынша ең жақсы қамтылған азаматтардың 10%-ының табысы мен ең аз қамтылған азаматтардың 10%-ының табысы арасындағы айырмашылық 6,3 есе. Ал минималды айырмашылықтар Шымкентте (3,2 есе) және Маңғыстау облысында (2,5 есе) байқалады.

Сонымен қатар, 2008 жылдан бері елордада Джини индексі максимумға жетті – 0,334, бұл да халық табысының жіктелуінің күшеюін көрсетеді. Индекстің мәні бірлікке неғұрлым жақын болса, теңсіздік соғұрлым күшті болады.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері


@DataHub_KZ
🥰1
🌴🌴🌴Қазақстандықтар Мальдив пен Таиландқа барудан рекорд жаңартты

Алда үш бірдей демалыс күні тұрғандықтан, сіздерге демалушылардың өмірінен жаңалықтар ұсынбақпыз.

Қазақстандықтар биыл, жазғы маусымның соңына қарай сіздермен талқылаған Түркияға сапарлардан бөлек, басқа да елдерге белсенді түрде қызығушылық танытты. Олардың кейбірі, мысалы, БАӘ мен Вьетнам бойынша, өкінішке қарай, тек ҚР-ға қатысты деректер жоқ: Дубай әлемдік аймақтарға бөлінген статистика ғана жариялайды.

Десе де, курорттары және көрікті жерлерімен танымал басқа да бағыттар туралы аздап жаңа мәліметтер бар:

🇲🇻2024 жылдың қаңтар-қазан айларында қазақстандықтар Мальдив аралдарына 22,3 мың рет барып, 2023 жылдың сол айларымен салыстырғанда 42%-ға көп сапар жасаған. Қазіргі көрсеткіші – 2009 жылдан бастап қолжетімді статистикадағы ең жоғары көрсеткіш. Айтпақшы, елдер бойынша келушілердің жалпы рейтінгісінде біз 1,3% үлеспен 18-орында тұрмыз.

🇹🇭2024 жылдың қаңтар-қазан айларында қазақстандықтар Таиландқа 144,3 мың рет кіріп, өткен жылға қарағанда 17%-ға көп сапар жасаған. Бұл да кем дегенде соңғы 15 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

🇬🇪2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында қазақстандықтар Грузияға 146,9 мың рет кірген. Өткен жылға қарағанда 13%-ға көп және бұл да - рекорд, кем дегенде 2011 жылдан бері. Бұрын, тіпті, бір жылдың өзінде мұндай көп сапар болмаған еді.

🇨🇳🏝2024 жылдың қаңтар-қазан айларында қазақстандықтар Хайнань аралындағы қонақүйлерге шамамен 35 мың рет тұрақтаған. Бұл өткен жылдың сол айларына қарағанда 1049%-ға көп. Мұның себебі – пандемия кезінде үзілген тікелей әуе қатынасының өткен күзде қайта жаңартылуында. Ескеріңіз, бұл жерде тек қонақүйлердегі тіркелу саны туралы айтылып тұр, елге кірулер саны жайлы ақпарат жоқ.

🇱🇰Қосымша - аса танымал емес бағыт Шри-Ланка туралы. Бұл бағыт бойынша қаңтар-қараша айларындағы ақпарат бар: қазақстандықтар 9,5 мың рет кірген, өткен жылға қарағанда 3,5 есе көп және кем дегенде 2018 жылдан бері ең жоғары көрсеткіш.

Деректер алынды: Мальдив Республикасының Туризм министрлігінен; Таиландтың Туризм басқармасынан; Грузияның Ұлттық туризм басқармасынан; Хайнань провинциясының туризм, мәдениет, радио, телевизия және спорт департаментінен; Шри-Ланканың Туризмді дамыту басқармасынан

@DataHub_KZ
1👍1🥰1
ҚР-дағы шетелдік компаниялардың саны 2022 жылдың басынан бері алғаш рет төмендеді

2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша елде шетелдік меншіктегі 59 350 заңды тұлға мен филиал тіркелген – бұл 1 қарашадағыдан 1 ұйымға аз.

Бұл азғантай ғана айлық құлдырау соңғы 33 айда – 2022 жылдың ақпанынан бері бірінші болып табылатындығымен ерекшеленеді. Осы уақыт ішінде өсім әдетте жүздеген ұйымдармен өлшенді, ал 2022 жыл ішінде өсім ресейлік тамырлары бар ұйымдар санының белсенді өсуіне байланысты 1000 белгісінен асып түсті.

Алайда осы жаздан бастап Ресей Федерациясынан тіркелген компаниялардың саны төмендей бастады және тренд бесінші ай қатарынан сақталуда: қараша айында -105 болды. Меншік иелері Түркиядағы (-81) және Қырғызстандағы (-66) компаниялардың саны да азайды, оның есесіне Өзбекстан (+183) және Қытай (+130) өсіп келуде.

Айтпақшы, дәл осы бес ел ҚР-да тіркелген шетелдік меншік иелері бар ұйымдардың саны бойынша үздік бестікті құрайды. Нақты көрсеткіштерді графиктен келесі посттан таба аласыз.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHub_KZ
🥰2
Қазақстандағы шетелдік кәсіпорындарға қатысты кішігірім көрнекі мәліметтер

@DataHub_KZ
🥰1
Депозиттердің долларлану деңгейі 2022 жылдың маусым айынан бері рекордтық өсім көрсетті

1 қазаннан 1 қарашаға дейін валюталық салымдардың үлесі ҚР-ның жиынтық депозиттік портфелінде 1,7 п.т., 23%-ға дейін өсті. Сәл елеулі өсім соңғы рет 2022 жылдың маусым айының қорытындысы бойынша тіркелген болатын — 1,9 п.т.

Айта кетейік, заңды тұлғалар сегментінде долларлану жағдайы (26,5%, +2,3 п.т.) жеке тұлғалар сегментіне қарағанда (20,3%, +1,2 п.т.) нашарлау болып тұр.

Долларлану деңгейінің өсуі шетел валютасындағы депозиттердің көлемінің артуы (10%-ға, 8,9 трлн тг дейін) және ұлттық валютадағы депозиттердің азаюы (0,4%-ға, 29,7 трлн тг дейін) есебінен орын алды. Валюталық салымдардың айтарлықтай өсуі, көбінесе, валюта бағамының қайта бағалануынан болды. Мысалы, доллар эквивалентімен алғанда, олардың көлемі екі есе аз өскен – 5%-ға ($17,4 млрд-қа қарсы $16,5 млрд).

Еске сала кетейік, дәл қарашада теңге долларға қатысты соңғы жылдардағы ең жоғары қарқынмен төмендеді — 4,7%-ға. Мұндай нәтижені ҚР ҰБ-нің рекордтық қолдау шараларының өзімен де, квазимемлекеттік сектордың араласуымен де алдын алу мүмкін болмады.

Айтпақшы, 2022 жылдың маусымында да ұқсас жағдай болған: валюталық салымдар қарқынды түрде өсіп, ал теңге айтарлықтай құнсызданған еді.

ҚР Ұлттық Банкі деректері

@DataHub_KZ
1👍1🥰1
👍1🥰1
Жаңа жылдық тауарлар импорты қазанда бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті

Қазанның қорытындысы бойынша Жаңа жылды* тойлауға арналған өнімдерді әкелу былтырғы жылдың дәл осы айына қарағанда шамамен төрт есеге өскен – 0,8 мың тоннадан 2,9 мың тоннаға дейін делінген ҚР СЖРА ҰСБ деректерінде.

Жалпылама түсіндіре кетсек: күзде мереке уақыты жақындай түсетіндіктен, мұндай тауарлардың импорты әрдайым жанданып отырады. Мысалы, 2023 жылы күздің үш айы жылдық көлемнің 67%-ын қамтамасыз етсе, 2022 жылы – 74%-ын, ал 2021 жылы – 65%-ын құраған. Сонымен қатар жеткізудің шарықтау кезеңі, көбінесе, қазан айына сәйкес келеді. Бірақ, осының өзінде де, биылғы көрсеткіш әдеттен тыс болып тұр: ол өткен жылдың жалпы нәтижесінен шамамен 20%-ға асып түсті.

🤔 Бұл ерекше өсім сатушылардың қазақстандықтар биылғы Жаңа жылды кең көлемде атап өтеді деп болжауына байланысты ма екен?

Нақты емес. Қазанда осы санаттағы тауарлардың тоннасы сатушыларға орта есеппен $1,9 мыңға түскен және күз мезгілінің қызған кезінде мұндай төмен бағалар кем дегенде 2015 жылдан бері болмаған еді (инфляцияны ескермегеннің өзінде). Осы жайттарды ескере отырып, бұл серпіліс, көбінесе, импорт құрылымының өзгеруімен байланысты болуы мүмкін деген болжам жасауға болады: жеткізушілер арзан тұратын салмағы ауыр тауарларды көбірек әкелген болуы мүмкін. Айта кетсек, жаңа жылдық тауарлардың басым бөлігі Қазақстанға Қытайдан жеткізіледі.

Айтпақшы, қыркүйектегі көлемдері де жоғары болды – 2,4 мың т (жылдан жылға +350%), бірақ қазанға қарағанда төмен. Жалпы алғанда, күздің екі айы 2024 жылдың барлық импортының 84%-ын құрады.

*Мұнда СЭҚ ТН 950510 коды бойынша елге әкелінетін "Жаңа жыл және рождество мерекелеріне арналған тауарлар" позициялары туралы айтылып тұр. Ашық қолжетімді декларациялар мысалдарына қарағанда, бұл санатқа шырша ойыншықтары, жасанды шыршалар, мишуралар, карнавалдық бетперделер, мүсіншелер және басқа да осыған ұқсас заттар кіреді.

@DataHub_KZ
1👍1🥰1
Жаңа жылдық тауарлардың импорты туралы постқа байланысты қосымша визуализация.

@DataHub_KZ
👍1🥰1
Сыртқы сауда туралы тағы бірнеше сөз: ет экспортында – көпжылдық рекордтар

2024 жылдың алғашқы 10 айында ҚР шетелге 13,3 мың тонна қой мен ешкі етін жеткізді, бұл 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. Ақшамен санағанда 64%-ға өсіп, $45,3 миллион болып шықты.

Қазіргі мәндер тоннамен санасақ та, доллармен санасақ та, кем дегенде 2015 жылдан бері максималды болды. Бұл жерде әңгіме жас және салқындатылған ет туралы да, мұздатылған ет туралы да болып отыр, негізінен, әрине, қой еті туралы (қазір жалпы салмақтағы ешкі етінің үлесі - 0,1%). Мұндағы негізгі нарық – Өзбекстан, онда физикалық көлемнің шамамен 80%-ы кетті, ал қалғандарының барлығы дерлік араб елдері мен Иранға кетті.

Қой етінен басқа, өсім қарапайым болғанымен, жаңа және салқындатылған ірі қара малдың экспорты да жақсы жүруде. Қаңтар-қазан айларында біз 17,4 мың тоннаны 72,8 миллион долларға саттық, бұл сәйкесінше +30% және +13% ж/ж, бірақ бұл да онжылдықтың максимумы. Бұл тауар үшін Өзбекстан нарығы одан да маңызды: биылғы жылы ІҚМ жас/салқындатылған етінің барлық экспортының 96%-ы сол жаққа кетті.

P.S. Иә, айтпақшы, көріністің толықтығы үшін: сауда статистикасында бөлек көрсетілетін ірі қара малдың мұздатылған еті бойынша рекорд жоқ, бірақ мұнда көлемдер де өте қарапайым: биыл 10 айда 300 тоннадан аз, соңғы онжылдықта 1,4 мың тоннадан артық болған жоқ.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHub_KZ
1🥰1
Міне, бұл ет экспорты динамикада осылай көрінеді

@DataHub_KZ
1🥰1
Тырнақ күтіміне арналған тауарлар импорты антирекордқа дейін құлдырады

Қаңтардан қазанға дейінгі аралықта Қазақстанға маникюр арналған 679,6 т жабдық жеткізілген. Өткен жылдың осы кездегі көрсеткішіне қарағанда бірден 2,2 есе аз.

Сонымен, екі есеге төмендеу қазіргі көрсеткіштің кем дегенде соңғы 10 жылдағы ең төменгі деңгейге жетуіне алып келді. Мұндай нәтиже біршама күтпеген жерден орын алып тұр: бұған дейінгі алты жылда импорт жақсы деңгейде болған еді. Тіпті, пандемия болған 2020 ж. өзінде тырнақ күтіміне арналған тауарлардың келуі жақсы деңгейді ұстап тұрды - 1,2 мың т. Ал 2021 ж., карантиндік шектеулерді біртіндеп алып тастай бастаған кезде, тіптен рекорд орнатты – 2,7 мың т.

Қалай болғанда да, нейл-қызметтер нарығының төмендеуі туралы тек сыртқы сауда деректеріне сүйене отырып қорытынды жасау ағаттық болар. Бірақ жалпы жағдай түсінікті болу үшін қоса кетейік: қазанда сұлулық салонында маникюр жасату бір жыл бұрынғыға қарағанда 13,2%-ға қымбат болды.

Дереккөз: ҚР СЖРА ҰСБ

@DataHub_KZ
👍1🥰1
Түркістанда тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция күрт өсті

11 айдың ішінде Түркістанда тұрғын үй құрылысына 115,5 млрд теңге салынған. Қазіргі бағамен бұл өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 60%-ға көп. Сонымен қатар кем дегенде жеті жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

Түркістан облыс орталығы болғаннан кейін көрсеткіш үш жыл қатарынан күрт өсті: 2019-да 156%-ға, 2020-да 108%-ға, ал 2021-де 62%-ға (қаңтар-қараша айларының қорытындысы бойынша, инфляцияны ескермегенде). Дегенмен, 2022 және 2023 жылдары бұрынғы қарқын бәсеңдей бастады: орташа өсу қарқыны 11,9%-ды құрады. Ал қазір, қалаға ерекше мәртебе беру туралы тақырып көтеріліп жатқандықтан, бәрі қайта өз орнына келе бастаған сыңайлы.

Қоса кетейік, Түркістанда тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемі басқа барлық облыс орталықтарынан жоғары болып шықты (өкшелеп қуып келе жатқан бәсекелесі - Ақтөбе, 96,6 млрд теңге). Ал осы көрсеткіштің өсу қарқыны бойынша барлық ірі қалаларды, оның ішінде үш мегаполисті де басып озды. Алматыда бұл көрсеткіш, керісінше, 10%-ға төмендегендіктен, мұндай нәтижеге жету қиынға соға қоймады.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHub_KZ
👍1🥰1
👍1🥰1
БЖЗҚ зейнетақы активтерінің портфелінде оның тарихында алғаш рет ЕДБ-ға салымдар қалмады

БЖЗҚ деректеріне сәйкес 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚРҰБ басқаруындағы инвестициялық портфельдегі қазақстандық банктердегі депозиттердің үлесі 0,0%-ға дейін төмендеді. Ай басындағы есепті күнге нөлдік көрсеткіш 2013 жылдан бергі қордың бүкіл жұмыс уақытында алғаш рет тіркелуде.

Дегенмен өткен айда ерекше ештеңе болған жоқ: 1 қарашадағы жағдай бойынша ЕДБ-дегі депозиттердің үлесі небәрі 0,1% құрады. Бұл соманың барлығы 10 жыл бұрын ашылған бір салымға түсті, сондықтан нөлдік белгіге жету үшін оны өтеу жеткілікті болып шықты.

Жалпы, зейнетақы активтері портфеліндегі ЕДБ депозиттерінің үлесі жылдың басында да (1,11%) айтарлықтай қарапайым болды және соңғы бес жылда бұл көрсеткіш 2,5%-ға дейін де жеткен жоқ. Шын мәнінде, қазақстандық банктердегі салымдарға қаражат осы уақыт бойы орналастырылған жоқ (мұндай соңғы эпизод 2018 жылы тіркелген).

Айтпақшы шетелдік банктердегі депозиттер бір жылдан астам үзілістен кейін 2024 жылы ашылды. Екінші жағынан, бұл салыстырмалы түрде қысқа мерзімді салымдар болды және қыркүйекке қарай олар да болмады. Сондықтан 1 желтоқсанға қарай депозиттерден портфельде Ұлттық Банкте үлесі 3,14% апталық депозиттер ғана қалды. Жалпы, құралдар арасында үлесі 41,29% құрайтын ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары басым.

@DataHub_KZ
🥰1
DATA HUB Қазақша
БЖЗҚ зейнетақы активтерінің портфелінде оның тарихында алғаш рет ЕДБ-ға салымдар қалмады БЖЗҚ деректеріне сәйкес 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚРҰБ басқаруындағы инвестициялық портфельдегі қазақстандық банктердегі депозиттердің үлесі 0,0%-ға дейін…
БЖЗҚ активтерінің портфелі туралы сөз қозғағандықтан, инвестициялық қызметтің нәтижелері бойынша жаңа деректерге көз жүгіртейік. Ұлттық Банктің басқарушы ретіндегі инвестициялық кірісінің жағдайы қалай болып жатыр?

Желтоқсан 421 млрд теңге әкелді. Жаман емес, бірақ айта кету керек, бұл соманың 184 млрд-ы шетел валютасын қайта бағалау, яғни теңгенің құнсыздануы есебінен келді.

Жалпы алғанда, 2024 жылдың 11 айында инвестициялық табыс 2,8 трлн теңгеге жетті, бұл 2023 жылдың 11 айындағы көрсеткіштен номиналды түрде 2,2 есе көп.

Жыл басынан бері кірістілік өте жақсы көрінеді: 14,85%, сол кезеңдегі инфляциядан 7,6%-ға жоғары.

@DataHub_KZ
🥰1