DATA HUB Қазақша – Telegram
DATA HUB Қазақша
203 subscribers
718 photos
1 video
403 links
DATA HUB Powered by FCBK

Қаржылық, қаржыға жақын және әлеуметтік тақырыптар бойынша ең өзекті деректері бар аналитикалық арна.
Осында барлық нарықтық талдаулар бар.

Иесі – Бірінші кредиттік бюро.

Байланысу үшін - @DataHubFCBK_bot
Download Telegram
❗️❗️❗️Ұлттық банк базалық мөлшерлемені бұрынғы деңгейде қалдырды (15,25%)

@DataHUB_KZ
🥰1👌1
DATA HUB Қазақша
❗️❗️❗️Ұлттық банк базалық мөлшерлемені бұрынғы деңгейде қалдырды (15,25%) @DataHUB_KZ
Ал енді Ұлттық банктің түсіндірме пікірін бірге оқиық

Қызықты деректер:

❗️Реттеуші экономиканың қызып кету белгілерін байқап отыр. ЖІӨ динамикасын шамамен бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіш – қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2024 жылдың қорытындысы бойынша жылдан жылға 6,2%-ға дейін жеделдеді. Ең жоғары қарқын ауыл шаруашылығы, құрылыс және сауда салаларында байқалады.

📈Желтоқсанда жылдық инфляция жеделдеді, әрі оның тұрақты бөлігінің өсуі сақталып отыр. Желтоқсандағы халықтың инфляциялық күтілімдері де қайтадан өсті.

🌍Сыртқы қысым ешқайда кетпеді: әлемдік азық-түлік бағалары жоғары деңгейде қалып отыр, ал біздің ірі сауда серіктесіміз Ресейде инфляция қайтадан жеделдеуде (қазіргі таңда біздің елдегі көрсеткіштен жоғары).

🔴Сыртқы инфляциялық факторлармен қатар ішкі факторлар да бар. ТКШ тарифтері бойынша реформа жалғасып жатыр, теңгенің әлсіреуі бағаға әсер етуі мүмкін, сұраныс жоғары деңгейде қалды, ал фискалдық ынталандыру тоқтаған жоқ.

Осы жағдайлардың барлығын ескере отырып Ұлттық Банк бүгін базалық мөлшерлемені көтермегенімен, болашақта осындай қадамға баруы мүмкін. Реттеуші келесі отырыс – 7 наурызға дейін «ақша-несие саясатын қосымша қатаңдатудың қажеттілігін бағалайтынын» мәлімдеді.

@DataHub_KZ
🥰1
🏘↘️ Алматыда тұрғын үйлерді пайдалануға беру 10%-дан астамға төмендеді

2024 жылы мегаполисте жалпы ауданы 2,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. ҚР СЖРА ҰСБА деректеріне сүйенсек, өткен жылмен салыстырғанда 10,3%-ға аз.

Атап айтарлығы, 2015 жылдан 2021 жылға дейін Алматыда пайдалануға берілген тұрғын үй ауданы тұрақты түрде өсіп отырды, орташа өсімі жылына 10,7% болған еді. Соңғы он жылдағы алғашқы төмендеу 2022 жылы тіркелді (жылдан жылға минус 27,3%). Бірақ ол кездегі теріс динамика жалпы еліміз бойынша байқалған үрдістің бір бөлігі еді: жалпы еліміз бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру 7,4%-ға азайды. Мұны, ең алдымен, құрылыс материалдарының қымбаттауымен түсіндірді. Ал қазіргі төмендеуі республикалық көрсеткіштің 6,4%-ға өсуі аясында тіркеліп отыр.

Қалай болғанда да, мегаполисте ежептәуір тұрғын үй пайдалануға берілген. Мысалы, 2015 жылы бұл көрсеткіш 1,4 млн шаршы метрді құрап, қазіргі деңгейден 43%-ға төмен болған.

Алматыда салынған тұрғын үйлердің 80%-дан астамын дәстүрлі түрде көппәтерлі үйлер құрайды. Бұл сегментте 2024 жылы 12,4%-ға төмендеу байқалды (қазіргі көрсеткіші – 1,97 млн шаршы метр). Сонымен қатар салынған жеке үйлердің ауданы сәл артқан – 1,9%-ға, 417 мың шаршы метрге дейін.

Бұған дейін Алматының билік өкілдері 2024 жылдың қорытындысы бойынша тұрғын үйді беру көлемі 20%-ға қысқарады деп болжаған еді. Мұндай күрт төмендеуге жаңа құрылыс нормалары, соның ішінде сейсмикалық қауіпсіздік талаптарына байланысты қабылданған нормалар, себеп болуы тиіс деп күтілген еді.

@DataHub_KZ
🥰1
Алматыда тұрғын үйлердің берілуінің төмендеу көрінісі графикте көрсетілген.

@DataHub_KZ
🥰1
👴👵60 жастағы қазақстандықтардың өмірі қаншалықты ұзақ болады?

2023 жылы 60 жастағы халықтың өмір сүру ұзақтығы 20,85 жылды құрады. Көрсеткіштің динамикасына ковид әлі де әсер етпеген 2019 жылмен салыстырғанда бір жарым жылға өсу байқалды. Мұндай деректерді ҚР СЖРА ҰСБ жақында жарияланған «Қазақстанның аға буыны» жинағында келтіреді.

Басқаша айтқанда, екі жыл бұрын 60 жаста болған орташа статистикалық қазақстандық 81 жасқа дейін өмір сүреді. Келісеміз, бұл жасқа дейін өмір сүретін адамдардың саны көп еместігін ескерсек, бұл ақпарат шындыққа онша жанаса қоймайтын сияқты. Мұнда статистика өзі-ақ айтып тұр: 2023 жылдың соңында 81 жастағы қазақстандықтар халықтың тек 0,2%-ын (34,1 мың адам) құрады, ал 60 жастағы азаматтар - 1% (196,8 мың адам).

☝️Алайда егер сіз оның не екенін түсінсеңіз, аталған сан шындыққа жақындау көрінеді. Ол 60 жастағы қазақстандықтардың өмірінің қалған кезеңінде әрбір келесі жаста өлім-жітім деңгейі көрсеткішті есептеу жылындағыдай болып қалатын шартпен алдағы өмір сүретін жылдар санын білдіреді. Демек, болжамдардың оптимистілігі тиісті коэффициенттердің мәндерімен тікелей байланысты.

‼️Мұның мәні мынада: Қазақстан егде жастағы адамдар арасындағы өлім-жітім деңгейінің төмендеуі бойынша жалпы әлемдік трендке ілесуде. Атап айтқанда, 2023 жылы 60 жастан асқан 1000 адамға шаққанда 34 адам қайтыс болды. Салыстыру үшін, төрт жыл бұрын, ковидке дейінгі 2019 жылы, әңгіме 41 қайтыс болған адам туралы болды. Сонымен қатар 60 жастағыларға орташа есеппен қанша жыл өмір сүру қалды деген болжамдар да заңды түрде жақсаруда.

Жағдайға байланысты көрсеткіштің мәні әртүрлі болады. Мәселен, 60 жастан кейінгі өмір сүрудің күтілетін ең үлкен ұзақтығы Алматы (22,66 жас) және Астана (22,35 жас) тұрғындары үшін есептелген. Ең азы – Ұлытау (19,33 жас) және Қызылорда облыстарының (19,85 жас) тұрғындары үшін. Әрине, жыныстар арасында айтарлықтай алшақтық бар. Ерлер жағдайында бұл көрсеткіш 18,27 жасты, әйелдер үшін – 22,92 жасты құрайды. Сонымен қатар, қала мен ауыл тұрғындары үшін есептелген көрсеткіштер арасында айырмашылық бар - сәйкесінше 21,29 жыл және 20,10 жыл.

@DataHub_KZ
1🥰1
60 жастағы халықтың өмір сүруінің күтілетін ұзақтығы динамикада былайша көрінеді.

@DataHub_KZ
1🥰1
Қазақстанның балмұздақ экспорты тарихи рекорд орнатты

2024 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында 9,8 мың т өнімді шетелге экспорттадық, бұл 2023 жылдың дәл осы айларына қарағанда бірден 70%-ға көп. Қазіргі көрсеткіші - 2002 жылдан бергі қолжетімді статистикадағы ең жоғары мән.

Экспорттың негізгі көлемі үш сатып алушыға тиесілі болды: Ресейдің үлесі - 69%, одан кейін Қырғызстан мен Өзбекстан (20% и 9%). Үшеуі де біздің балмұздағымызды сатып алуды көбейткен, бірақ көбірек өсім РФ-да байқалады - екі есеге жуық.

Айтпақшы, экспорт өндірістің аздап төмендегеніне қарамастан өсіп отыр. 2024 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында жалпы көлемі - 49,4 мың т, бұл бір жыл бұрын дәл осы айлардағы көрсеткішке қарағанда 3%-ға төмен. Сонымен қатар импорт көлемі де осындай қарқынмен шамалас мәнде төмендеген - 12,5 т дейін.

Нәтижесінде, ішкі нарықта аталған 11 айда бір жыл бұрынғыға қарағанда қалған балмұздақ көлемі 10%-ға аз. Сонда тәттіге деген тәбетіміз төмендеп бара жатқаны ма?🙃

«Балмұздақ және тағамдық мұз, балмұздақ дайындауға арналған қоспалар мен негіздерден басқа» позициясы бойынша ҚР СЖРА ҰСБ-ның деректері

@DataHub_KZ
🥰1
БЖЗҚ активтерін басқарудың 2024 жылғы қорытындылары: инвестициялық табыс рекордтарды жаңартуда, табыстылық инфляцияны екі еседен астам басып озды

Өткен жылы ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінен түскен инвестициялық табыс 3,4 трлн теңгеге жетті. Инфляцияға түзетусіз бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2,1 есе көп.

Көрсеткіш екінші жыл қатарынан көтерілуде. Өткен жолы, естеріңізге сала кетейік, өсім де елеулі болды – 76%. Бірақ ол геосаяси жағдайдың шиеленісуі аясында байқалған 2022 жылғы төмен базаға қатысты тіркелді. Тиісінше, қазір төмен база туралы айтудың қажеті жоқ. Ағымдағы деңгей – кем дегенде соңғы жеті жылдағы ең жоғары деңгей (бағаның өсуіне түзетілмеген).

Егер инвестициялық табыстың құрылымы туралы айтатын болсақ, жартысы бағалы қағаздар бойынша сыйақыға сәйкес келді – 1,6 трлн теңге. Тағы үштен бірі сыртқы басқару әкелді, немесе 1 трлн теңге. Өз кезегінде шетел валютасын қайта бағалау 17% (578,4 млрд теңге), бағалы қағаздарды қайта бағалау – 6% (200,6 млрд теңге) қамтамасыз етті.

Көрсеткіштің өсуінде теңгенің әлсіреуі де маңызды рөл атқарды деп болжауға болады: бір жыл бұрын шетел валютасын қайта бағалау 38 млрд теңгенің шығынына әкеп соқтырды. Айтпақшы, жалпы динамикада сыртқы басқару да маңызды рөл атқарды. Бір жыл ішінде одан түскен табыс 901,5 млрд теңгеге немесе 7,5 есеге секірді.

Сонымен қатар ҚР ҰБ басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы 2024 жылы инфляция деңгейі 8,6% болған кезде 17,84%-ды құрады. Көріп отырғандарыңыздай, бір көрсеткіш екіншісінен 2,1 есе асып түсті. Бір қызығы, қаңтардан мамырға дейін табыстылық та, инфляция да жыл басымен салыстырғанда бірдей өсті. Алайда теңгенің әлсіреу үрдісі басталған маусым айынан бастап олардың өсу траекториялары әртүрлі бола бастады (графикті қараңыз).

Қорытындылай келе, қазақстандық банктердің бағалы қағаздарына инвестициялардың өсуіне назар аударайық. Мәселен, 2024 жылы БЖЗҚ қаражатына жалпы сомасы 270,6 млрд теңгеге облигациялар сатып алынды. Бұл көлемнің жартысынан астамы «Халық банкіне» тиесілі болды - 140,2 млрд теңге. Қалғанын RBK (79,9 млрд теңге) және «Отбасы» (50,5 млрд теңге) өзара бөлісті. 2023 жылы тек RBK облигациялары сатып алынды. Олардың құны 10,6 млрд теңгені құрады.

БЖЗҚ деректері

@DataHub_KZ
1🥰1
Графиктерде БЖЗҚ активтерін басқарудың 2024 жылғы қорытындылары көрнекі түрде ұсынылған.

@DataHub_KZ
🥰1
Трансшекаралық онлайн сауда жарты есе өсті

Өткен аптада үкімет шетелдік маркетплейстердің қызметін реттеу мәселесіне назар аударуды жоспарлап отырғанын айтып өтті: оларға қатысты шағымдар саны артуда, себебі мұндай сауда-саттық, жалпы алғанда, кең таралып келе жатыр.

Шетелдік маркетплейстерге нақты қанша сома жұмсалғанын анықтау мүмкін емес. Бірақ трансшекаралық онлайн сауданың жалпы көлемін шамалап бағалауға болады. Статистика бойынша бұл көрсеткіш дәстүрлі түрде қазақстандық карточкалар көмегімен елден тыс жерде интернет арқылы жасалған тауарлар мен қызметтерге төленген төлемдер ретінде есептелінеді.

Сонымен, ҚР Ұлттық Банкі 2024 жылы аталған төлемдердің көлемі 1,8 трлн тг жақындады деп анықтап кетті. 2023 жылмен салыстырғанда* сомасы теңгемен есептегенде 49%-ға өскен. Операциялардың саны да осы шамалас қарқынмен артқан – 45%-ға, 152,3 млн бірлікке дейін. Айтпақшы, 2023 жылдың қорытындысы бойынша өсім одан да жоғары болған: төлем сомалары да, трансакциялардың саны да екі еседен астам өскен еді.

*Өткен жылдардағы Ұлттық Банк деректері ҚР СЖРА ҰСБ-да жарияланған

@DataHub_KZ
🥰1
Соңғы жылдардағы трансакция санының динамикасы иллюстрациямен көрсетілген

@DataHub_KZ
2🥰1
Бүгін Бірінші кредиттік бюро жыл сайынғы Media Day баспасөз конференциясын өткізуде. Бұл шарада біз, әдеттегідей, өткен жылдың несие нарығындағы басты оқиғаларын баяндаймыз.

Сондықтан баспасөз конференциясы барысында сіздермен негізгі трендтер және қызықты деректермен бөлісіп отыратын боламыз.

Сонымен жекелеген несиелерден бастайық:

🧮Жеке тұлғалардың несиелерінің жалпы портфелі 2025 жылдың 1 қаңтарына қарай 24,1 трлн тг жетті, бір жылда 22,9%-ға өскен. Портфельдің 90%-дан астамы үш өнімге тиесілі - кепілсіз тұтынушылық несие, ипотека және автонесие.

🛍Кепілсіз тұтынушылық несие бойынша қалған қарыз көлемі 2025 жылдың басында 11,7 трлн тг жетті (бір жылда +22,9%). Ал келісімшарттар санының өсімі қалыпты - 15,7%-ға, 31,5 млн бірлікке дейін өскен.

👛Кепілсіз тұтынушылық несиенің берілуі өткен жылы 10,6 трлн тг жеткен. Көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 15,8%-ға артып отыр. Рәсімделген келісімшарттар саны 36,9 млн бірлікті құрады (жылдан жылға +14,3%). Келісімшарт бойынша орташа берілу көлемі, 287 мың тг, небәрі 1,3%-ға өскен. Бұл тұтынушылық бағалардың өсімінен (8,6%) әлдеқайда төмен.

🏠Ипотекалық портфель бір жылда 14,1%-ға өсіп, 2025 жылдың 1 қаңтарына қарай 6,7 трлн тг құрап отыр. Келісімшарттар саны 9,9%-ға, 627,6 мың бірлікке дейін артты. Ал қарыз алушылар саны 600 мыңға жуық адамға жетіп, жылдық өсім 10,3%-ды құрады.

🆕Ипотекалық несиенің өзекті портфелінің 60%-ға жуығын 2023 және 2024 жылдары алынған жаңа несиелер құрайды. Атап өтейік, өткен жылы бұл сегментте несиенің берілу белсенділігі едәуір артқан болатын. Рәсімделген келісімшарттардың жалпы көлемі жылдан жылға 27,8%-ға артып, 2,2 трлн тг жетті. Ал несие саны 18,9%-ға артып, 136,8 мың бірлікті құрады. Ипотека алған қарыз алушылар саны 2023 жылмен салыстырғанда 21%-ға өсіп, 134 мың адамға жеткен.

🚗Автонесиелеудің портфелі 2025 жылдың 1 қаңтарына қарай 3,6 трлн тг жетіп отыр. Бір жылда 44,8%-ға өскен. Келісімшарттар саны 591,2 мың бірлікті, ал қарыз алушылар саны 559,2 мың адамды құрады. Екі көрсеткіш те жылдан жылға шамамен үштен бірге артқан.

🚙2024 жылы берілу көлемі жылдық мәнде 13,2%-ға артып, 1,8 трлн тг жеткен. Қарыз алушылар саны 214 мың адамды (+10,2%), ал келісімшарттар саны 228,4 мың бірлікті (+5,7%) құрады.

Бірінші кредиттік бюро деректерi

@DataHub_KZ
1🥰1
DATA HUB Қазақша
Бүгін Бірінші кредиттік бюро жыл сайынғы Media Day баспасөз конференциясын өткізуде. Бұл шарада біз, әдеттегідей, өткен жылдың несие нарығындағы басты оқиғаларын баяндаймыз. Сондықтан баспасөз конференциясы барысында сіздермен негізгі трендтер және қызықты…
Ал енді кәсіпорындарды несиелеуге аздап тоқтала кетейік:

📁Заңды тұлғалар мен ЖК жалпы портфелі 1 қаңтарға қарай 29,6 трлн тг жетті. Жылдық динамика - шамамен +20%.

💪🏼Жеке кәсіпкерлердің несие портфелі қарқынды түрде өскен. Көлемі 3,5 трлн тг дейін (бір жылда +37,2%) артса, келісімшарттар саны 840,4 мың бірлікке жетіп отыр (бір жылда +20,4%).

🕴🏼Жеке кәсіпкерлерге несиенің берілуі, сомасы бойынша қарасақ, артқан (1,9 трлн тг, +9,2%). Алайда келісімшарттар мен қарыз алушылар саны азайған. Біріншісінің көрсеткіші 14,8%-ға азайып, 411,7 мың бірлікті құраса, екіншісінікі 6,2%-ға төмендеп, 306,8 мың бірлікті құрап отыр. 2024 жылдағы орташа есепшот, сәйкесінше, 2023 жылға қарағанда жоғары болды.

📈Шағын көлемдегі заңды тұлғалардың портфелі де өсіп келеді, бірақ ЖК қарағанда бәсеңірек: 2025 жылдың 1 қаңтарына қарай сомасы 15 трлн, ал бір жылдағы динамикасы 18,1% болды. Келісімшарттар саны 12,4%-ға артып, 144,3 мың бірлікке жетті.

💸Шағын кәсіпорындарға несиенің берілу көлемі 2024 жылы 8,4 трлн тг жетіп отыр, 2023 жылдағы деңгейден 15,4%-ға жоғары. Рәсімделген келісімшарттар саны 110,8 мың бірлікті құрады (+10,8%), бірақ несие алған қарыз алушылар саны аздап төмендеп, 18,1 мың бірлік болды (-2,4%).

💼Орташа көлемдегі қарыз алушы заңды тұлғалар сегментіндегі портфель өсімі бәсеңдеу - 5,4%. Қалған қарыздың қазіргі көлемі – 2,4 трлн. Бұл сома 1,2 мың субъектінің 18,8 мың келісімшартына тиесілі.

🆙Орташа кәсіпорындарға несиенің берілуі 2023 жылға қарағанда бірден 25,7%-ға жоғары болып, 2,9 трлн тг жеткен. Атап айтарлығы, несиенің берілу сомасының келісімшарттар мен (+10,9%, 22,4 мың бірлікке дейін) қарыз алушылар санының (+6,7% немесе 61 бірлік) біршама баяу өсуіне қарамастан, белсенді түрде артқаны байқалып отыр.

🏢Ірі кәсіпорындарға келетін болсақ, қалған қарыз сомасы 2025 жылдың 1 қаңтарына қарай 7,1 трлн тг құрады. Жылдық өсім – 21,1%. Келісімшарттар мен (14,4 мың бірлікке дейін) қарыз алушылар санының (568 бірлік) бәсең түрде, шамамен 3%-ға ғана, өскеніне қарамастан осы көрсеткішке жеткен.

📊Ірі кәсіпорындарған несиенің берілуі айтарлықтай өскен: 2023 жылға қарағанда +25,5%, 6,4 трлн тг дейін. Келісімшарттар саны мен өткен жылы несие рәсімдеген қарыз алушылар санының өсімі мұнда да аса көп емес - 3,9% және 4,4%-ға өскен, сәйкесінше, 13,9 мың және 450 бірлік.

Бірінші кредиттік бюро деректерi

@DataHub_KZ
2🥰1
Соңғы жылдарда алғаш рет қолма-қол рубльге деген таза сұраныс минусқа кетті

2024 жылы айырбастау пункттерінің қолма-қол рубльмен жүргізген нетто-сатылымы -9 млрд теңгені құрады. ҚРҰБ деректеріне сәйкес, теріс көрсеткіш кем дегенде соңғы бес жылда алғаш рет тіркеліп отыр.

Халық Ресей валютасының американдық валютаға қатысты 13,4% ж/ж әлсіреуі аясында оған деген қызығушылығын жоғалтуда (ең болмағанда қолма-қол ақша түрінде). Сарапшылардың пікірінше, мұндай динамикаға бірнеше негізгі оқиғалар әсер еткен болуы мүмкін, соның ішінде Ресейдегі доллармен және еуромен биржалық сауданың тоқтауы, сондай-ақ 50-ден астам ресейлік банктерге қарсы жаңа санкциялар пакеті.

Айта кетейік, 2023 жылы рубль бұрынғыдан да қатты әлсіреді, 30%-ға (тоғыз жылдағы рекорд). Қатты құлдырау Ресейге тән факторлар жиынтығымен байланыстырылды: капиталдың жылыстауы, жыл басындағы мұнай экспортының теріс динамикасы және импорттың өсуі. Сол арада, 68 есеге төмендегеніне қарамастан, қазақстандық айырбастау пункттерінде қолма-қол рубльдің нетто-сатылымы оң болды – 4,1 млрд теңге.

Бір қызығы, қорытынды мән минус болған шақта рубльге таза сұраныс 20 өңірдің 15-інде байқалады. Бұл ретте ең жоғарғы сұраныс – Шығыс Қазақстан (12 млрд теңге) және Қарағанды облыстарында (8,9 млрд теңге). Себебі, жалпы жағдайға небәрі екі өңірдің - Астана (-46 млрд тг) және Алматының (-14 млрд тг) көрсеткіштері әсер етуде.

Рубльге қарағанда доллар мен еуроның нетто-сатылымы айтарлықтай өзгере қоймағанын қосымша айта кетеміз. Бірінші жағдайда әңгіме 6,3%-ға, 1,9 трлн теңгеге дейін өсу туралы болып отыр. Екіншісінде – 3,5%-ға, 207,3 млрд теңгеге дейін төмендеу туралы.

@DataHub_KZ
🥰1
Графикте Қазақстанның айырбастау пункттеріндегі қолма-қол рубльге таза сұраныстың динамикасын көруге болады.

@DataHub_KZ
🥰1
Заңды тұлғалардың депозиттері бойынша мөлшерлемелер күрт көтерілді, бірақ жеке тұлғалар бойынша мөлшерлемелер бір орында тұр

ҚР Ұлттық Банкінің деректеріне сәйкес 2024 жылғы желтоқсанда банктердегі банктік емес заңды тұлғалардың тартылған теңгелік депозиттері бойынша орташа өлшенген мөлшерлеме 14%-ға дейін көтеріліп, қарашаның деңгейіне бірден 0,8 п.п. қосылды.

Бұл айтарлықтай елеулі секіріс 2 желтоқсаннан бері 1 п.п. қосып, 15,25%-ға жеткен базалық мөлшерлеменің өзгеруінен кейін орын алды. Қазіргі 14%-дық орташа көрсеткіш 2024 жылдың ақпанынан бергі ең жоғары көрсетікш болды, ол кезде де базалық мөлшерлеме айдың көп бөлігінде 15,25% құраған болатын.

Бұл заңды көрінеді, бірақ жеке тұлғалардың депозиттері бойынша орташа мөлшерлеме ақша-кредит саясатының қатаңдатылуынан кейін әлі өсуге асықпағанын айта кетеміз. Желтоқсан айында қарашамен салыстырғанда жалпы көрсеткіш өзгерген жоқ және салымдардың барлық түрлері бойынша жалпы 13,2%-ды құрады. Сегменттер бойынша өткен айда жеке тұлғалар үшін ең тиімдісі 1 айдан 3 айға дейінгі мерзімді депозиттер болды. Орташа көрсеткіш 15%-ды құрады, ол жалпы а/а 0,2 п.п. төмендеді.

Ал, ҚРҰБ мәліметтері бойынша, желтоқсан айында берілген кредиттер бойынша мөлшерлемелер қандай болды?

🔴 Заңды тұлғалар үшін орташа өлшенген көрсеткіш базалық мөлшерлеменің өсуін ескере отырып, өзін тағы да қисынды ұстады: +0,4 п.п., 17,8% деңгейіне дейін өсу. Бұл маусым айынан бергі ең жоғары көрсеткіш.

🔴Желтоқсан айында жеке тұлғалар мен ЖК үшін орташа өлшенген мөлшерлеме 18,8% деңгейінде болды. Қарашаға қарай ол 0,2 п.п. өсті, алайда бұл көрсеткіш, мысалы, қазан айындағы көрсеткіштен бәрібір төмен. Бұл жерде мәселенің мәні, сегменттегі мөлшерлемелердің ауытқуы жалпы қарыз берудегі пайызсыз бөліп төлеу үлесіне байланысты болуы мүмкін. Егер мұндай қарыздар көп болса, онда мөлшерлемелер де орташа есеппен төмен болады.

@DataHub_KZ
🥰1
Кеше біз сіздерге Бірінші кредиттік бюроның FCBK MediaDay баспасөз конференциясында баяндалған Қазақстанның несиелеу нарығындағы негізгі нәтижелер мен трендтер туралы айтқан болатынбыз.

Алдыңғы екі посттан кәсіпорындарды несиелеудегі барлық сегменттер және жеке тұлғаларды несиелеудегі басты өнімдер бойынша негізгі көрсеткіштерді көре аласыздар.

Бүгін біз кешегі презентациядағы жеке мәліметтермен бөлісетін боламыз. Осы және келесі посттарда иллюстрациямен беріледі. Алдымен, портфельдің жалпы бөлінуі мен басты жекелеген өнімдерге тоқталамыз: кепілсіз тұтынушылық несие, автонесие, ипотека.

@DataHub_KZ
🥰1