DATA HUB Қазақша – Telegram
DATA HUB Қазақша
203 subscribers
718 photos
1 video
403 links
DATA HUB Powered by FCBK

Қаржылық, қаржыға жақын және әлеуметтік тақырыптар бойынша ең өзекті деректері бар аналитикалық арна.
Осында барлық нарықтық талдаулар бар.

Иесі – Бірінші кредиттік бюро.

Байланысу үшін - @DataHubFCBK_bot
Download Telegram
Соңғы жылдардағы трансакция санының динамикасы иллюстрациямен көрсетілген

@DataHub_KZ
2🥰1
Бүгін Бірінші кредиттік бюро жыл сайынғы Media Day баспасөз конференциясын өткізуде. Бұл шарада біз, әдеттегідей, өткен жылдың несие нарығындағы басты оқиғаларын баяндаймыз.

Сондықтан баспасөз конференциясы барысында сіздермен негізгі трендтер және қызықты деректермен бөлісіп отыратын боламыз.

Сонымен жекелеген несиелерден бастайық:

🧮Жеке тұлғалардың несиелерінің жалпы портфелі 2025 жылдың 1 қаңтарына қарай 24,1 трлн тг жетті, бір жылда 22,9%-ға өскен. Портфельдің 90%-дан астамы үш өнімге тиесілі - кепілсіз тұтынушылық несие, ипотека және автонесие.

🛍Кепілсіз тұтынушылық несие бойынша қалған қарыз көлемі 2025 жылдың басында 11,7 трлн тг жетті (бір жылда +22,9%). Ал келісімшарттар санының өсімі қалыпты - 15,7%-ға, 31,5 млн бірлікке дейін өскен.

👛Кепілсіз тұтынушылық несиенің берілуі өткен жылы 10,6 трлн тг жеткен. Көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 15,8%-ға артып отыр. Рәсімделген келісімшарттар саны 36,9 млн бірлікті құрады (жылдан жылға +14,3%). Келісімшарт бойынша орташа берілу көлемі, 287 мың тг, небәрі 1,3%-ға өскен. Бұл тұтынушылық бағалардың өсімінен (8,6%) әлдеқайда төмен.

🏠Ипотекалық портфель бір жылда 14,1%-ға өсіп, 2025 жылдың 1 қаңтарына қарай 6,7 трлн тг құрап отыр. Келісімшарттар саны 9,9%-ға, 627,6 мың бірлікке дейін артты. Ал қарыз алушылар саны 600 мыңға жуық адамға жетіп, жылдық өсім 10,3%-ды құрады.

🆕Ипотекалық несиенің өзекті портфелінің 60%-ға жуығын 2023 және 2024 жылдары алынған жаңа несиелер құрайды. Атап өтейік, өткен жылы бұл сегментте несиенің берілу белсенділігі едәуір артқан болатын. Рәсімделген келісімшарттардың жалпы көлемі жылдан жылға 27,8%-ға артып, 2,2 трлн тг жетті. Ал несие саны 18,9%-ға артып, 136,8 мың бірлікті құрады. Ипотека алған қарыз алушылар саны 2023 жылмен салыстырғанда 21%-ға өсіп, 134 мың адамға жеткен.

🚗Автонесиелеудің портфелі 2025 жылдың 1 қаңтарына қарай 3,6 трлн тг жетіп отыр. Бір жылда 44,8%-ға өскен. Келісімшарттар саны 591,2 мың бірлікті, ал қарыз алушылар саны 559,2 мың адамды құрады. Екі көрсеткіш те жылдан жылға шамамен үштен бірге артқан.

🚙2024 жылы берілу көлемі жылдық мәнде 13,2%-ға артып, 1,8 трлн тг жеткен. Қарыз алушылар саны 214 мың адамды (+10,2%), ал келісімшарттар саны 228,4 мың бірлікті (+5,7%) құрады.

Бірінші кредиттік бюро деректерi

@DataHub_KZ
1🥰1
DATA HUB Қазақша
Бүгін Бірінші кредиттік бюро жыл сайынғы Media Day баспасөз конференциясын өткізуде. Бұл шарада біз, әдеттегідей, өткен жылдың несие нарығындағы басты оқиғаларын баяндаймыз. Сондықтан баспасөз конференциясы барысында сіздермен негізгі трендтер және қызықты…
Ал енді кәсіпорындарды несиелеуге аздап тоқтала кетейік:

📁Заңды тұлғалар мен ЖК жалпы портфелі 1 қаңтарға қарай 29,6 трлн тг жетті. Жылдық динамика - шамамен +20%.

💪🏼Жеке кәсіпкерлердің несие портфелі қарқынды түрде өскен. Көлемі 3,5 трлн тг дейін (бір жылда +37,2%) артса, келісімшарттар саны 840,4 мың бірлікке жетіп отыр (бір жылда +20,4%).

🕴🏼Жеке кәсіпкерлерге несиенің берілуі, сомасы бойынша қарасақ, артқан (1,9 трлн тг, +9,2%). Алайда келісімшарттар мен қарыз алушылар саны азайған. Біріншісінің көрсеткіші 14,8%-ға азайып, 411,7 мың бірлікті құраса, екіншісінікі 6,2%-ға төмендеп, 306,8 мың бірлікті құрап отыр. 2024 жылдағы орташа есепшот, сәйкесінше, 2023 жылға қарағанда жоғары болды.

📈Шағын көлемдегі заңды тұлғалардың портфелі де өсіп келеді, бірақ ЖК қарағанда бәсеңірек: 2025 жылдың 1 қаңтарына қарай сомасы 15 трлн, ал бір жылдағы динамикасы 18,1% болды. Келісімшарттар саны 12,4%-ға артып, 144,3 мың бірлікке жетті.

💸Шағын кәсіпорындарға несиенің берілу көлемі 2024 жылы 8,4 трлн тг жетіп отыр, 2023 жылдағы деңгейден 15,4%-ға жоғары. Рәсімделген келісімшарттар саны 110,8 мың бірлікті құрады (+10,8%), бірақ несие алған қарыз алушылар саны аздап төмендеп, 18,1 мың бірлік болды (-2,4%).

💼Орташа көлемдегі қарыз алушы заңды тұлғалар сегментіндегі портфель өсімі бәсеңдеу - 5,4%. Қалған қарыздың қазіргі көлемі – 2,4 трлн. Бұл сома 1,2 мың субъектінің 18,8 мың келісімшартына тиесілі.

🆙Орташа кәсіпорындарға несиенің берілуі 2023 жылға қарағанда бірден 25,7%-ға жоғары болып, 2,9 трлн тг жеткен. Атап айтарлығы, несиенің берілу сомасының келісімшарттар мен (+10,9%, 22,4 мың бірлікке дейін) қарыз алушылар санының (+6,7% немесе 61 бірлік) біршама баяу өсуіне қарамастан, белсенді түрде артқаны байқалып отыр.

🏢Ірі кәсіпорындарға келетін болсақ, қалған қарыз сомасы 2025 жылдың 1 қаңтарына қарай 7,1 трлн тг құрады. Жылдық өсім – 21,1%. Келісімшарттар мен (14,4 мың бірлікке дейін) қарыз алушылар санының (568 бірлік) бәсең түрде, шамамен 3%-ға ғана, өскеніне қарамастан осы көрсеткішке жеткен.

📊Ірі кәсіпорындарған несиенің берілуі айтарлықтай өскен: 2023 жылға қарағанда +25,5%, 6,4 трлн тг дейін. Келісімшарттар саны мен өткен жылы несие рәсімдеген қарыз алушылар санының өсімі мұнда да аса көп емес - 3,9% және 4,4%-ға өскен, сәйкесінше, 13,9 мың және 450 бірлік.

Бірінші кредиттік бюро деректерi

@DataHub_KZ
2🥰1
Соңғы жылдарда алғаш рет қолма-қол рубльге деген таза сұраныс минусқа кетті

2024 жылы айырбастау пункттерінің қолма-қол рубльмен жүргізген нетто-сатылымы -9 млрд теңгені құрады. ҚРҰБ деректеріне сәйкес, теріс көрсеткіш кем дегенде соңғы бес жылда алғаш рет тіркеліп отыр.

Халық Ресей валютасының американдық валютаға қатысты 13,4% ж/ж әлсіреуі аясында оған деген қызығушылығын жоғалтуда (ең болмағанда қолма-қол ақша түрінде). Сарапшылардың пікірінше, мұндай динамикаға бірнеше негізгі оқиғалар әсер еткен болуы мүмкін, соның ішінде Ресейдегі доллармен және еуромен биржалық сауданың тоқтауы, сондай-ақ 50-ден астам ресейлік банктерге қарсы жаңа санкциялар пакеті.

Айта кетейік, 2023 жылы рубль бұрынғыдан да қатты әлсіреді, 30%-ға (тоғыз жылдағы рекорд). Қатты құлдырау Ресейге тән факторлар жиынтығымен байланыстырылды: капиталдың жылыстауы, жыл басындағы мұнай экспортының теріс динамикасы және импорттың өсуі. Сол арада, 68 есеге төмендегеніне қарамастан, қазақстандық айырбастау пункттерінде қолма-қол рубльдің нетто-сатылымы оң болды – 4,1 млрд теңге.

Бір қызығы, қорытынды мән минус болған шақта рубльге таза сұраныс 20 өңірдің 15-інде байқалады. Бұл ретте ең жоғарғы сұраныс – Шығыс Қазақстан (12 млрд теңге) және Қарағанды облыстарында (8,9 млрд теңге). Себебі, жалпы жағдайға небәрі екі өңірдің - Астана (-46 млрд тг) және Алматының (-14 млрд тг) көрсеткіштері әсер етуде.

Рубльге қарағанда доллар мен еуроның нетто-сатылымы айтарлықтай өзгере қоймағанын қосымша айта кетеміз. Бірінші жағдайда әңгіме 6,3%-ға, 1,9 трлн теңгеге дейін өсу туралы болып отыр. Екіншісінде – 3,5%-ға, 207,3 млрд теңгеге дейін төмендеу туралы.

@DataHub_KZ
🥰1
Графикте Қазақстанның айырбастау пункттеріндегі қолма-қол рубльге таза сұраныстың динамикасын көруге болады.

@DataHub_KZ
🥰1
Заңды тұлғалардың депозиттері бойынша мөлшерлемелер күрт көтерілді, бірақ жеке тұлғалар бойынша мөлшерлемелер бір орында тұр

ҚР Ұлттық Банкінің деректеріне сәйкес 2024 жылғы желтоқсанда банктердегі банктік емес заңды тұлғалардың тартылған теңгелік депозиттері бойынша орташа өлшенген мөлшерлеме 14%-ға дейін көтеріліп, қарашаның деңгейіне бірден 0,8 п.п. қосылды.

Бұл айтарлықтай елеулі секіріс 2 желтоқсаннан бері 1 п.п. қосып, 15,25%-ға жеткен базалық мөлшерлеменің өзгеруінен кейін орын алды. Қазіргі 14%-дық орташа көрсеткіш 2024 жылдың ақпанынан бергі ең жоғары көрсетікш болды, ол кезде де базалық мөлшерлеме айдың көп бөлігінде 15,25% құраған болатын.

Бұл заңды көрінеді, бірақ жеке тұлғалардың депозиттері бойынша орташа мөлшерлеме ақша-кредит саясатының қатаңдатылуынан кейін әлі өсуге асықпағанын айта кетеміз. Желтоқсан айында қарашамен салыстырғанда жалпы көрсеткіш өзгерген жоқ және салымдардың барлық түрлері бойынша жалпы 13,2%-ды құрады. Сегменттер бойынша өткен айда жеке тұлғалар үшін ең тиімдісі 1 айдан 3 айға дейінгі мерзімді депозиттер болды. Орташа көрсеткіш 15%-ды құрады, ол жалпы а/а 0,2 п.п. төмендеді.

Ал, ҚРҰБ мәліметтері бойынша, желтоқсан айында берілген кредиттер бойынша мөлшерлемелер қандай болды?

🔴 Заңды тұлғалар үшін орташа өлшенген көрсеткіш базалық мөлшерлеменің өсуін ескере отырып, өзін тағы да қисынды ұстады: +0,4 п.п., 17,8% деңгейіне дейін өсу. Бұл маусым айынан бергі ең жоғары көрсеткіш.

🔴Желтоқсан айында жеке тұлғалар мен ЖК үшін орташа өлшенген мөлшерлеме 18,8% деңгейінде болды. Қарашаға қарай ол 0,2 п.п. өсті, алайда бұл көрсеткіш, мысалы, қазан айындағы көрсеткіштен бәрібір төмен. Бұл жерде мәселенің мәні, сегменттегі мөлшерлемелердің ауытқуы жалпы қарыз берудегі пайызсыз бөліп төлеу үлесіне байланысты болуы мүмкін. Егер мұндай қарыздар көп болса, онда мөлшерлемелер де орташа есеппен төмен болады.

@DataHub_KZ
🥰1
Кеше біз сіздерге Бірінші кредиттік бюроның FCBK MediaDay баспасөз конференциясында баяндалған Қазақстанның несиелеу нарығындағы негізгі нәтижелер мен трендтер туралы айтқан болатынбыз.

Алдыңғы екі посттан кәсіпорындарды несиелеудегі барлық сегменттер және жеке тұлғаларды несиелеудегі басты өнімдер бойынша негізгі көрсеткіштерді көре аласыздар.

Бүгін біз кешегі презентациядағы жеке мәліметтермен бөлісетін боламыз. Осы және келесі посттарда иллюстрациямен беріледі. Алдымен, портфельдің жалпы бөлінуі мен басты жекелеген өнімдерге тоқталамыз: кепілсіз тұтынушылық несие, автонесие, ипотека.

@DataHub_KZ
🥰1
Мұнда жеке кәсіпкерлер мен шағын кәсіпорындарды несиелеу жайлы аздаған ақпарат берілген

@DataHub_KZ
🥰1
Ал бұл, орта және ірі кәсіпорындар сегменттерінің жағдайы туралы

@DataHub_KZ
🥰1