DATA HUB Қазақша – Telegram
DATA HUB Қазақша
203 subscribers
718 photos
1 video
403 links
DATA HUB Powered by FCBK

Қаржылық, қаржыға жақын және әлеуметтік тақырыптар бойынша ең өзекті деректері бар аналитикалық арна.
Осында барлық нарықтық талдаулар бар.

Иесі – Бірінші кредиттік бюро.

Байланысу үшін - @DataHubFCBK_bot
Download Telegram
👡Қазақстан нарығына аяқ киімдердің жеткізілуі көпжылдық минимумға дейін қысқарды

2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ішкі нарықта 25,2 млн жұп аяқ киім сатылды (спорттық, қорғаныс және ортопедиялық аяқ киімдерді қоспағанда). 2023 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш екі есеге жуық төмендеген – 45%-ға. Сондай-ақ ҚР СЖРА ҰСБ деректеріне сүйенсек, 2011 жылдан бергі ең төменгі деңгейге жеткен.

«Ішкі нарықтағы сатылуы» деп ресми статистикада елімізде өндірілген және шетелден әкелінген көлемнен экспортты шегергендегі соманы айтады – яғни, жыл бойы елде «қалған» тауарлар саны.

Жалпы, Қазақстанда қолжетімді аяқ киімнің барлығы дерлік – импорттық өнім: өткен жылы да, 2023 жылы да ресурстардағы отандық өндірістің үлесі небәрі 4%-ды құрады. Сондықтан ішкі нарыққа жеткізілімдердің көлемі импорт пен экспорт арасындағы теңгеріммен анықталады.

Бұл жолы үрдісті импорт орнатты. Егер 2023 жылы Қазақстанға шамамен 44,4 млн жұп аяқ киім әкелінсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 24,9 млн-ды құрап, жылдан жылға 44%-ға төмендеген. Бұл қандай аяқ киім екенін шамамен болжауға болады: сыртқы сауда туралы егжей-тегжейлі статистика жоғарыда келтірілген деректерден сәл өзгеше жіктеуді қолданады.

Дегенмен, барлық аяқ киім топтары бойынша*, спорттық аяқ киімдерді қосқанда, бірақ ортопедиялықты қоспағанда, әкелінген жұп аяқ киімдер саны да күрт азайғанын білеміз: 2024 жылы 30,6 млн жұп әкелінсе, оның алдыңғы жылы 55 млн жұп әкелінген. Мұндағы ең кең таралған категория – табаны бар және үстіңгі бөлігі резеңкеден немесе пластмассадан жасалған (су өткізбейтіннен басқа) аяқ киімдер. Осы категория бойынша көрсеткіштерді айтарлықтай төмендеген: өткен жылы 16,5 млн импортталса, ал 2023 жылы 32,1 млн импортталған.

* СЭҚ ТН 6401-05

@DataHub_KZ
🥰1
Несиелеу нарығындағы жағдайды қарап шығатын уақыт келді. Қаңтар айында қандай қызық болды?

Міне, жеке тұлғалар бойынша бірнеше мәліметтер:

📉 Жеке тұлғаларға несие берудің жалпы көлемі желтоқсанмен салыстырғанда 15,8%-ға төмендеді.

🔑 Ипотека беру көлемі айтарлықтай азайған – желтоқсандағы жоғары деңгеймен салыстырғанда айлық мәнде минус 44%, қаңтардағы сомасы – 153,1 млрд тг. Алайда көрсеткіш жылдан жылға өсткен және жалпы алғанда 2024 жылдың екінші жартысында байқалған серпіліске дейінгі деңгейлерге жақын болып тұр. 1 ақпандағы жағдай бойынша ипотекалық портфельдің жалпы көлемі шамамен 6,7 трлн тг жетті, бұл сома 631 мың келісімшартқа және 603 мың қарыз алушыға тиесілі.

🚙 Автонесие де төмендеген - айдан айға -46%, 125,9 млрд тг дейін. Құлдыраудың ауқымын, бір жағынан, желтоқсандағы көрсеткіштердің 2024 жылдың басқа айларымен салыстырғанда жоғары болуымен түсіндіруге болады. Айтпақшы, жылдық мәнде несие беру көлемі де азайған, бірақ аса көп емес – номиналды түрде 4%-дан төмен.

🛍 Қаңтарда кепілсіз тұтынушылық несие беру көлемі 868,4 млрд тг құрады (желтоқсанмен салыстырғанда өзгеріссіз деуге болады). Алайда бір келісімшартқа шаққандағы орташа сома айдан айға 12%-ға төмендеген және номиналды түрде 2022 жылдың желтоқсанынан бергі ең төменгі көрсеткіш болды – ал инфляцияны ескерсек, тіпті 2022 жылдың басынан бергі ең төменгі деңгейде.

Ал кәсіпорындарға несие беру жайы қалай?

💼 Заңды тұлғалар мен ЖК несие беру көлемі 1,1 трлн тг құрады, бұл желтоқсанға қарағанда, яғни көлемі әдеттегідей жоғары болған уақытпен салыстырғанда 56%-ға төмен. Жылдық мәнде инфляцияны есептемегенде сомасы іс жүзінде өзгермеген деуге болады (+1%).

📊 Негізгі несие беру көлемі дәстүрлі түрде заңды тұлғаларға тиесілі: 1 трлн-нан сәл көп, номиналды түрде желтоқсанға қарағанда -57%, ал 2024 жылдың қаңтарымен салыстырғанда +2%. Жеке кәсіпкерлерде көлем шамамен 100 млрд тг құрады, бұл өткен айға қарағанда екі есе аз және өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 12%-ға төмен (тағы да инфляцияны есептемегенде)

Әдеттегідей, толық ақпаратты келесі посттағы суреттерде жариялаймыз

Бірінші кредиттік бюро деректері

@DataHub_KZ
🥰1
БЖЗҚ 9 айда алғаш рет инвестициялық шығын алды

Қаңтар айында БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқарудан түскен инвестициялық шығын -284,9 млрд теңгені құрады. Минус мәндер 2024 ж. сәуірінен бері тіркелген жоқ.

Шығын негізінен бағалы қағаздарды қайта бағалау (-252,1 млрд теңге) және сыртқы басқару (-120,2 млрд теңге) есебінен қалыптасты. Бұл нәтиже Трамптың тарифтерді енгіземін деп қорқытуы, сондай-ақ АҚШ-тағы жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі аясында байқалған нарықтағы құбылмалылықпен байланысты. Екінші жағынан, шығынға -52,9 млрд теңгені қамтамасыз еткен теңгенің нығаюы әкелді. Бағалы қағаздар бойынша сыйақы 139,9 млрд теңге көлемінде табыс әкелді. Бірақ жалпы көрініске бұл көп әсер еткен жоқ.

Пайыздық шамаларға келетін болсақ, ҚРҰБ басқаруындағы ЗА шығыны 1,1% инфляция кезінде -1,25% сәйкес келеді. Қалған сенімгер басқарушылар айды біршама жақсырақ аяқтады (-0,74%-дан +0,58%-ға дейін). Алайда олар әлдеқайда аз соманы басқарды – 22,3 трлн теңгемен салыстырғанда 63,8 млрд теңге.

БЖЗҚ деректері


@DataHub_KZ
🥰1
Астана су қоймасындағы су сапасы нашарлап кеткен

2024 жылдың қорытындысы бойынша Астана су қоймасындағы су сапасы төртінші класс деп бағаланған. Мұндай суларды тек суару және өндірістік қажеттіліктер үшін қолдануға болады. Бұл суды шаруашылыққа және ауыз су ретінде пайдалану үшін су алу орындарында жан-жақты дайындық жүргізу қажет делінген «Қазгидромет» РМК-нің қоршаған орта жағдайы бойынша бюллетенінде.

Астана су қоймасындағы судың төртінші класқа жатқызылуының себебі: онда 5,467 мг/д3 концентрациясында қалқыма заттар табылды. Қалқыма заттар деп табиғи және антропогендік шығу тегі бар қатты бөлшектерді айтады. Бір жағынан, бұл лай, құм, саз болуы мүмкін. Екінші жағынан, ағынды суларды тазарту кезінде пайда болатын металл гидроксидтерінің үлпектері, асбесттің, әйнек талшықтарының және базальттың бөлшектері. Қалқыма заттардың концентрациясы судың лайлану деңгейін де анықтауға мүмкіндік береді.

«Қазгидромет» РМК Қазақстандағы су объектілерін су сапасы бойынша бірегей классификацияға* сәйкес соңғы алты жыл бойы бағалап келеді. Осы уақыт аралығында Астана су қоймасының суы тек бір рет, 2019 жылы, екінші класқа жатқызылды (класс неғұрлым жоғары болса, сапасы соғұрлым жақсы). Қалған уақытта үшінші класс болды, әрине, 2024 жылдан басқасы. Бұл ретте 2020-2023 жылдар аралығында негізгі ластаушы зат ретінде магний тіркелді: оның концентрациясы 22,6-дан 28,9 мг/дм³ аралығында болды.

Астана су қоймасы елорданы ауыз сумен және техникалық сумен қамтамасыз ететін негізгі су көзі болып саналады. Гидротехникалық ғимараты 1970 жылы салынып қойған. Алғаш рет түбін тазалау жұмыстары 2023 жылы басталды. Сол кезде су қоймасының 30%-ын лай мен құм алып жатты. Тазалау жұмыстары он жылға созылуы мүмкін деп болжанды: климаттық жағдайларға байланысты мұндай жұмыстарды бір жылда тек бес ай бойы жүргізуге болады. Сонымен қатар Сәтпаев атындағы каналдан Есіл өзенінің арнасына су тарту арқылы су қоймасын қосымша толтыруға арналған құрылыстардың ЖСҚ-сы әзірленіп жатты.

*2024 жылы жаңартылған, бірақ «Қазгидромет» РМК оны тек 2025 жылдың басынан бастап қолданады

@DataHub_KZ
🥰1
Теңгенің нығаюы аясында қолма-қол долларға таза сұраныс төмендеді

Қаңтар айында айырбастау пункттері сатып алғаннан гөрі 120,4 млрд теңгеге көбірек қолма-қол доллар сатты. ҚРҰБ деректеріне сәйкес, таза сұраныс желтоқсанмен салыстырғанда 32%-ға, 2024 жылғы қаңтармен салыстырғанда 37%-ға (инфляцияға түзетусіз) қысқарды.

Желтоқсанға қарай төмендеу, әрине, күтілді: дәстүр бойынша жылдың максималды мәндері қараша мен желтоқсанда тіркеледі. Бір сөзбен айтқанда, жоғары базаның әсері. Алайда, айта кету керек, 2024 жылдың желтоқсан айын жекелей алғанда, оның жоғары базасы соншалықты жоғары болған жоқ – 176 млрд теңге (2020 жылдан бергі желтоқсан айларындағы ең төменгі мән).

Бөлек әңгіме – 2024 жылдың қаңтарына қарай төмендеу. Бір жыл бұрын таза сату көлемі соңғы бес жылда «маусымнан тыс» айларда тіркелген ең жоғары деңгейлердің біріне сәйкес келді (190,1 млрд теңге). Яғни, бұл жағдайда да біз жоғары базаның әсері туралы айтып отырмыз. Бірақ маусымдыққа байланысты емес жоғары базаның әсері туралы. Жалпы ақпарат үшін: 2024 жылғы қаңтарда таза сұраныстың өсуі теңгенің долларға 0,8%-ға айлық нығаюымен бір мезгілде тіркелді.

Бір қызығы, осы қаңтардың қорытындысы бойынша ұлттық валюта да долларға қатысты нығайды. Әрі одан да қаттырақ - 1,3%-ға, бір доллар үшін 525,11-ден 518,14 теңгеге дейін. Алайда бір ай бойы доллар бағамының ресми динамикасы айтарлықтай құбылмалы болды. Қаңтар айының ортасына дейін ол тарихи максимумның шыңына жетіп, қымбаттады, 530,24 теңге. Американдық валютаның ресми құнының төмендеу үрдісі айдың үшінші онкүндігінде ғана байқалды.

Ал басқа шетел валюталарына таза сұраныс қандай?

Қаңтар айында қолма-қол еуроның нетто-сатылымы 34,9 млрд теңгені құрады – желтоқсанға плюс 89% және 2024 жылғы қаңтарға плюс 62%. Ал қолма-қол рубльден халық құтылып отырды: нетто-сатылым минус 9,5 миллиард теңгеге кетті. Айта кетейік, бір ай бұрын олар да теріс болды – минус 4,4 млрд теңге, ал бір жыл бұрын оң болды – 4,8 млрд теңге.

@DataHub_KZ
🥰1
Одан да көрнекі түрде қолма-қол долларға деген таза сұраныстың динамикасын иллюстрацияларда келтірдік.

@DataHub_KZ
🥰1
Қазақстаннан ақша аударымдары пандемияның өршіген кезінен бергі ең төменгі деңгейге түсті

Қаңтарда халықаралық ақша аударымдары жүйесі (ХААЖ) арқылы шетелге 40,7 млрд тг жіберілді. ҚР ҰБ статистикасына сүйенсек, алдыңғы аймен салыстырғанда номиналды түрде төмендеуі 28%-ды немесе 16 млрд тг құраған.

Бұл көрсеткіштің өзгеруіне маусымдық фактор жыл сайын әсер етеді: ең төменгі деңгей, әдетте, жылдың басында тіркеледі, ал ең жоғарысы – жылдың екінші жартысында, әдетте, қараша және желтоқсан айларын қоспағанда.

Дегенмен, байқалған динамикада маусымдылық басты рөл атқара қоймаған сияқты. Ағымдағы бағамен алғанда, биылғы қаңтардағы көрсеткіш соңғы алты жылдағы, ал салыстырмалы бағамен алғанда, кемінде соңғы тоғыз жылдағы ең төменгі деңгей болып отыр. Инфляцияны ескерсек, бұл 2017 жылдан бергі барлық қолжетімді деректер бойынша ең төменгі деңгей болуы мүмкін еді, бірақ 2020 жылдың сәуірінде бұл көрсеткіш одан да төмен болды. Айтпақшы, инфляцияны есепке алмағанда да 2020 жылдың сәуірінен бергі ең төменгі деңгей жайлы сөз болып тұр.

Алдыңғы айға қарағанда көрсеткіштің төмендеуіне барлық ірі бағыттар үлкен әсерін тигізген. Атап айтқанда, Ресей (-5,7 млрд тг), Өзбекстан (-3,6 млрд тг), Түркия (-2,3 млрд тг) және Грузия (-1,3 млрд тг). Бұл орайда соңғы үш ел бойынша бірнеше айлық номиналды түрдегі ең төменгі деңгей туралы айтуға тура келеді.

Қоса кетейік, ХААЖ арқылы шетелден Қазақстанға жіберілетін ақша аударымдары да азайып бара жатыр. Қаңтарда олардың көлемі 15,8 млрд тг құрап, бағаның өсуін есепке алмағанда, 2022 жылдың қаңтарынан бергі ең төменгі деңгейге жетті.

@DataHub_KZ
🥰1
Шетелге ХААЖ арқылы жіберілген ақша аударымдарының динамикасын графиктен көруге болады.

@DataHub_KZ
🥰1
Жеке тұлғалардың депозиттері бойынша мөлшерлемелер өсті

2025 жылғы қаңтарда қазақстандық банктердегі жеке тұлғалардың теңгелік депозиттері бойынша орташа өлшенген мөлшерлеме 13,5%-ды құрады, бұл желтоқсанға қарағанда 0,3 п.т. артық.

Қазіргі деңгей – 2024 жылдың тамызынан бері ең тартымды, ол кезде дәл осындай мәндер тіркелді. Айтпақшы, қаңтардағы ең тиімді сегмент 1 айдан 3 айға дейінгі депозиттер болды, орташа мөлшерлемесі 15,2% (желтоқсанмен салыстырғанда +0,2 п.т.).

Қаңтар айында заңды тұлғалардың депозиттері бойынша мөлшерлемелер 2024 жылғы желтоқсанға қарағанда жоғары болды: +0,1 п.т., 14,1%-ға дейін. Бұл бір жылдағы ең жоғары көрсеткіш – соңғы рет бұдан жоғарырақ 2024 жылдың қаңтарында болды.

Ал өткен айда теңгемен берілетін кредиттердің жағдайы қандай болды?

👨🏻Жеке тұлғалар мен ЖК үшін өзекті деңгей – 21,8%, желтоқсандағы 18,8%-дан кейін. Мұнда айта кету керек, бұл сегментте төмендегі графикте көрінетін мөлшерлемелердің ауытқуы пайызсыз бөліп төлеу үлесімен де байланысты болуы мүмкін: олар неғұрлым көп болса, мөлшерлемелер орташа есеппен соғұрлым төмен болады.

💼Заңды тұлғалар үшін бұл көрсеткіш 0,1% қосты, 17,9% деңгейіне дейін.

ҚР Ұлттық банкі деректері

@DataHub_KZ
🥰1
Міне, графиктер: ЕДБ депозиттері мен кредиттері бойынша мөлшерлемелер динамикада былай көрінді. Контекст үшін еске салайық: 2024 жылдың 2 желтоқсанынан бастап базалық мөлшерлеме 1 п.т.-ға, 15,25%-ға дейін өсті, қаңтар айының соңында ол осы деңгейде сақталды.

@DataHub_KZ
1🥰1
Қызметтер шамамен 2,5 жылдағы ең жоғары айлық қарқынмен қымбаттады

Ақпанда ақылы қызметтердің бағасы қаңтармен салыстырғанда 2,1%-ға өсті. Осылайша айлық сервистік инфляция 1 п.т. жеделдеп, 2022 жылғы қыркүйектен бергі ең жоғары деңгейге жетті (ол кезде 2,7% болған).

Ақылы қызметтер бағасының негізгі өсім драйверлерінің бірі – суық су. Бір айда бір текше метр су құны бірден 29,2%-ға артты. Тарифтердің қымбаттауы тоғыз өңірде байқалды, оның төртеуінде өсім 50%-дан асып түсті. Атап айтқанда, Астана (+83,1%), Солтүстік Қазақстан (+63,5%), Батыс Қазақстан (+58,4%) және Қостанай (+55,5%) облыстары.

Айта кетейік, қалған коммуналдық қызмет тарифтері де өскен, бірақ әлдеқайда аз. Орталық жылыту жүйесінің бағасы 6,2%-ға, ыстық су 5,3%-ға, домофон қызметі 4,7%-ға, электр энергиясы 1,8%-ға қымбаттады. Бұған дейін жазғанымыздай, Қазақстанда ТКШ тарифтерінің өсуі 2023 жылдан бері жалғасуда. Мұндай үрдіс тозығы жеткен коммуналдық инфрақұрылым мәселесін шешуге бағытталған «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасының қайта іске қосылуымен байланысты.

Ақылы қызметтерден бөлек, инфляцияның басқа компоненттері де айтарлықтай айлық өсім көрсетті: азық-түлік тауарлары – 1,5%-ға (соңғы 26 айдағы ең жоғары мән), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 1%-ға (соңғы 22 айдағы ең жоғары мән). Нәтижесінде, жалпы баға өсімі алдыңғы аймен салыстырғанда 1,5%-ды құрап, 0,4 п.т. жеделдеді. Бұдан жоғары қарқын соңғы рет 2022 жылғы қазанда тіркелген еді.

Сонымен қатар жылдық деңгейде инфляция 2024 жылғы қаңтардан бергі ең жоғары деңгейге дейін жеделдеді – 9,4%. Өткен аймен салыстырғанда өсім 0,5 п.т. құрады.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHub_KZ
🥰1
Айлық инфляцияның жеделдеуі жайлы алдыңғы постқа қосымша мәліметтерді графиктен көре аласыз.

@DataHub_KZ
🥰1
Теңгенің долларға бір айдағы нығаюы 2022 жылдың мамыр айынан бері ең елеулі болып шықты

Өткен айдың қорытындысы бойынша доллардың ресми бағамы 3,7%-ға – 1 ақпандағы 518,4 теңгеден 1 наурыздағы 499,22 теңгеге дейін – төмендеді. Ұлттық валютаның нығаюының қарқыны теңге бір айда бірден 7,1% қосқан 2022 жылдың мамырынан бері (ол кезде, айтпақшы, қысқа уақытқа ғана) ең елеулі болды.

😔Қазір теңге бағамы қатарынан екінші айдың қорытындысы бойынша өсіп келеді, алайда, өкінішке орай, күздің аяғында күрт әлсіреу алдындағы қарашаның көп бөлігімен салыстырғанда әлі де тартымсыз болып қала беруде.

Қаңтар айының барысында, естеріңізге сала кетейік, бағам 530 теңгеден жоғары белгіге жетіп үлгерді, ал ақпан айының ортасында бір доллар үшін 500 теңгеден төмен деңгейге оралды. Ол кезде ҰЭМ бұл үрдіс Ресей Федерациясына қатысты санкциялардан кейінгі алдыңғы секірістен кейін «іргелі» мәндерге қайта оралу деп санайды деп түсіндірді. (Сонымен бірге, теңге қазір долларға қатысты рубль нығайғандай нығайғамағанын және нәтижесінде Ресей валютасының қазақстандық валютаға қатысты бағамы бір айда 1 ақпандағы 5,27 теңгеден 1 наурыздағы 5,64 теңгеге дейін өскенін атап өтуге болады).

Ақпан айындағы ауытқулардың фонын түсіну үшін Ұлттық Банктің валюта нарығындағы әрекеттері туралы тағы да мәлімет береміз. Кешкі хабарламада реттеуші ақпан айында Ұлттық қордан трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта сатылымы $600 млн-ға жетіп, қаңтардағы 850 млн-нан төмендегенін атап өтті. Қазақстандық алтын өндіруші кәсіпорындардан алтын сатып алуға теңге эмиссиясының баламасында валютаны сатуды көздейтін жаңа «тепе-теңдік тетігі» шеңберінде тағы 494 млн долларға жуық сатылды. Бұл мәнді біз шамалап атаймыз – мұндай сома орташа айлық бағамға сүйене отырып, реттеуші көрсеткен 250 миллиард теңгені стерилдеу үшін қажет болуы мүмкін еді.

БЖЗҚ үшін валюта сатып алынбаған сияқты: қалай болғанда да, Ұлттық банк мұны жоспарламады, ал қазір бұл тәжірибеге наурыз айында қайта оралатынын айтады. Осылайша, ақпан айында ҚР ҰБ тарапынан таза сатылым қаңтардағыдан біршама төмен болды: шамамен тиісінше $1,1 млрд және $1,3 млрд.

Алайда тағы бір гәп бар: осы айдан бастап реттеуші квазимемлекеттік сектор тарапынан валюталық түсімді сату туралы ақпаратты жариялауға оралды, әңгіме $274 млн мөлшеріндегі көлем туралы болып отыр. Бізде қаңтар айындағы ұқсас деректер жоқ, ал валюталық түсімнің жартысын міндетті түрде сату нормасының өзі қараша айында қайтарылды.

@DataHub_KZ
1🥰1
Айтпақшы, соңғы 12 айдағы теңге бағамының динамикасы графикте осылай көрінеді.

@DataHub_KZ
🥰1